Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 11

Составитель: Рауль Керимбаев

11-01
Ақша не істетпейді? – Что не делают деньги?
Солай емес пе еді? – Разве не так?
Сол кезде неге арызданбадыңыз? – Почему в то время не написали заявление?
Ханым, әйелім сізді алдап қайтеді? – Госпожа, зачем моей жене Вас обманывать?
Өткен-кеткенді қозғамай-ақ қой. – Не вороши старое.
Оны көру керек. – Это надо видеть.
Бәрі бірден сөйлемеңдер! – Не говорите всё сразу!
Біздікілер жеңді. – Наши победили.
Кімнің арқасы? – С чьей помощью?
Сенің арқаңнан, досым. – С твоей помощью друг.
11-02
Сен болмасаң мен қайтер едім? – Что бы я без тебя делал?
Оқиға таңертең сегіз жарымда шамасында болды. – Истрия случилась приблизительно в 8ч 30 мин.
Несіне жарамсақтанасың бұған? – Зачем ты заискивавешь перед ней?
Осыдан бір ай бұрын. – Месяц тому назад.
Ел қатарлы. – Как все.
Бұл өте ыңғайлы. – Это очень удобно.
Бекер олай ойлайсың. – Зря ты так думаешь.
Барып біліп кел. – Сходи, узнай.
Көрсем әрине айтамын. – Если увижу, конечно, скажу.
Ақшасыз бір қадам аттай алмайсың. – Без денег и шагу не ступишь.
11-03
Өзің маған айтшы, оны қалай үнемдеуге болады? – Ты мне скажи, как можно их съэкономить?
Содан кейін оны ешкім көрмеген. – После этого его никто не видел.
Өзіңді масқара қылма. – Не позорь себя.
Осы жазда үйге жөндеу жүргізгім келіп еді. – Хотел сделать дома ремонт этим летом.
Өкінішке орай сенің туған күніңе келе алмадым. – К сожаленью, не мог приехать к тебе на день рождения.
Айласын тауып, сұрақты шешіңдер. – Найдите выход и решите вопрос.
Ол айлаға салды. – Он схитрил.
Кешкісін серуендеп қайтайық. – Давай вечером прогуляемся?
Айта кету керек. – Нужно сказать (Необходимо сказать).
Онда тұрған не бар? – Что тут такого?
11-04
Сенімен дауласқым келмейді. – Я не хочу с тобой спорить.
Осы ма жауабың? – И это твой ответ?
Менің ойымша, бәрі де жөнге келетін сияқты. – По-моему, всё наладится.
Жарайды, іспен айналысайық. – Ладно, займемся делами.
Ал айт, қалай осы жағдайға жеттің? – Ну, говори, как ты докатился до этого.
Жолы болды деген осы. – Это и есть везение.
Айта берсеңші... – Ну говори же...
Енді міне, не істерімді білмей отырмын. – Теперь вот, сижу и не знаю, что делать.
Ол өзінің дегеніне жетті. – Он добился своего.
Жол ашықта кетіп үлгеру керек. – Надо успеть выехать, пока открыта дорога.
11-05
Қалада не болғанынан хабардарсыздар ма? – Вы в курсе, что произошло в городе?
Біздің саған арнайы тосын сыйымыз бар. – У нас специально для тебя есть сюрприз.
Адал адамға жұмыс табылады. – Честному человеку работа найдётся.
Кешеріңіз, адасып қалдым. – Извините, я заблудился.
Сенің сөздерің дұрыс деп санаймын. – Я считаю, твои слова правильные.
Жеткен жеріміз осы болды. – До чего мы дожили.
Не деген қалмайтын адам!? – Какая ты прилипчивая!?
Мен өзімді ақымақ сезініп тұрмын. – Я чувствую себя глупым.
Бірақ білсем де, айтпас едім. – Но если бы знал, то не сказал бы.
Мен бәрін реттеп қойдым. – Я всё уладил.
11-06
Мынаған не күлерімді не жыларымды білмей отырмын. – Я не знаю смеяться мне или плакать на это.
Саған сенбегенім үшін кешірші мені. – Прости меня, что тебе не поверил.
Сенен басқа кім кінәлі? – Кто, кроме тебя виноват?
Үйіңдегілер не дейді? – Что говорят домашние?
Міне, шайыңыз. – Вот Ваш чай.
Мына жерге қойып қойыңыз. – Поставьте вот сюда.
Білемін, сен сондайсың. – Знаю, ты такой.
Менімше, бойы да бар, ойы да бар жігіт. – По-моему, парень ростом вышел и умом.
Оған жаным ашып кетті. – Стало его жалко.
Бәрі дұрыс па? Бүгін біртүрлі жүрсің ғой. – У тебя все в порядке? Какая ты странная сегодня.
11-07
Ыңғайсыз болса да айтайын. – Хоть и неудобно, но скажу.
Отыра тұр. Жүйкең қозып тұр ғой. – Посиди. Ты вся на нервах.
Біз еш нәрсе істемейміз. – Мы ничего не будем делать.
Ол ұйықтап жатыр. – Он спит.
Мені іздемеңіздер. – Не ищите меня.
Оларға шақыру жіберіңіздер. – Отправьте им приглашение.
Бәрі жоспар бойынша болсын! – Пусть всё будет по плану.
Соны түсіндірші маған! – Объясни мне это!
Оған сол керек. – Поделом ему (так и надо ему).
Айтуыма рұқсат етіңізші. – Разрешите мне сказать.
11-08
Бұны осылай қалдыруға болмайды ғой. – Это же нельзя так оставить.
Біздің алдымызға үлкен мақсат қойылды. – Перед нами поставлена большая цель.
Лайықты өмір сүргім келеді, бірақ амал бар ма? – Хотел бы жить достойно, но разве есть выбор?
Біз қымбатты адамдарымыз үшін барлығын жасаймыз. – Мы всё сделаем для дорогих нам людей.
Бірақ, ақша жағы қиын болып тұр. – Но с деньгами туго.
Үйге қайтпайсың ба? – Домой не идёшь?
Ол жақта мені ешкім күтіп отырған жоқ. – Там меня никто не ждёт.
Отыр онда осы жерде, бәріні құрғалып. – Ну сиди тогда здесь, всех проклиная.
Сен сол туралы сұрайын деп едің ғой? – Ты же про это хотела спросить?
Сондай болсам, қайтем? – Ну что мне делать, если я такой?
11-09
Кімге түрме, кімге туған үй. – Кому тюрьма, а кому дом родной.
Білмеймін. Бұл туралы ешқандай хабарым жоқ. – Не знаю. Про это у меня нет никакой информации.
Білмеген соң не айтасың? Ештеңе айта алмаймын. – Что скажешь, если ничего не знаешь. Ничего сказать не могу.
Бұл да өтер де кетер... – И это пройдёт...
Аспаннан жерге түсші. – Спустись с неба на землю.
Соған да жететін күн бар екен ғой. – Оказывается, и такой день может наступить.
Саған не болған? Соңғы уақытта өзгеріп жүрсің. – Что с тобой случилось? В последнее время ты изменилась?
Біртүрлі екен. – Как-то странно.
Күйеумен татуласып қалды. – Она помирилась с мужем.
Шығарып саласың ба? – Ты проводишь меня?
11-10
Ал егер ештеңе шықпаса? – А если ничего не выйдет?
Осы жерде боласың ба? – Ты здесь будешь?
Мейірімді болып бара жатырсың. – Доброй становишься.
Әрбір бойжеткен ана болуды армандайды. Бұл табиғаттың заңы. – Любая девушка мечтает стать матерью. Это закон природы.
Бұл – соғыс. Соғыста барлық әрекет пайдалы. – Это война. А на войне все средства хороши.
Ол осындайға бара алады ма? – Он разве он способен на такое?
Бірдеңе десеңші. – Скажи что-нибудь.
Енді не болады деп ойлайсың? – И что же теперь будет, как ты думаешь?
Көріп тұрмын. – Я вижу.
Неге осыны бұрын айтпай жүрдің? – Почему ты раньше об этом не сказал?
11-11
Қазір оған аса мән бермеймін. – Этому я сейчас не придаю значение.
Жарайды, мен жүрейін. – Ладно, я пошёл.
Бұны әдейі жоспарланған. – Это специально спланировано.
Өз орныңды біл. – Знай своё место.
Тәртібі қандай жаман. – Как плохо он воспитан.
Саған осындай тәрбиені кім берді екен? – Кто тебя так воспитал, интересно?
Сендерге бір сырымды айтайын ба? – Рассказать вам один мой секрет?
Білмейтін кейіп танытпа. – Не делай вид, что не знаешь.
Ханшайым, не қалайсың? – Что ты желаешь, моя королева?
Сенің арқаңда керемет демалып отырмыз. – Хорошо сидим, благодаря тебе.
11-12
Барлығы сен сияқты емес қой. – Не все же такие, как ты.
Бір сағаттан кейін кездесе аламыз ба? – Мы можем встретиться через час?
Әрине, қалағаның болсын. Асықпа. – Конечно, как ты хочешь, пусть будет. Не торопись.
Үйге барған соң сөйлесеміз. – Дома поговорим.
Жұмыс қалай болып жатыр? – Как дела на работе?
Ұқыпты болыңыздар! – Будьте бережливы!
Бізге осы да жарайды. – Нам и это сгодится.
Қателесесің. Өмірде бәрі мүмкін. – Ошибаешься. В жизни всё возможно.
Бері кел дедім ғой мен саған. – Я же сказал тебе, подойди ко мне.
Бері кел, сөйлесетін әңгіме бар. – Иди сюда, есть разговор.
11-13
Ол мені бірден танып қойды. – Он меня сразу узнал.
Бала-шаға отыр ғой, ұялсаңдаршы. – Здесь же дети сидят, постесняйтесь.
Кез келген қыз гүлді жақсы көреді. – Любая девушка любит цветы.
Өзім қалағанша өмір сүрудемін. Ешкімді ұстамаймын, ешкімге мұқтаж емеспін. – Живу, как пожелаю. Никого не держу, ни в ком не нуждаюсь.
Біз әріптеспіз. – Мы коллеги.
Ауадай қажет. – Нужен, как воздух.
Дәл осы жерде, осы сәтте. – Здесь и сейчас.
Менің өміріме араласпа. – Не лезь в мою жизнь.
Жақсы күндерге әлі жетеміз. – Мы ещё доживем до лучших дней.
Ата-ананың үлесі осы, қуаныш пен қайғы қатар жүреді. – Таков доля родителей, радость и горе ходят вместе.
11-14
Ол туралы ойлауы әлі ерте. – Об этом думать ещё рано.
Мен үшін жауап беруге қажет емес. – За меня не надо отвечать.
Саған қиын емес пе? – Тебе не сложно?
Мұндайдан қалай бас тартуға болады? – Как можно отказаться от такого?
Олай деп ойламаймын. – Я так не думаю.
Мен айнып қалдым. – Я передумал.
Солай болар деп үміттенемін. – Я надеюсь, что будет так.
Сен бала емессің ғой. – Ты же не ребёнок.
Өзіңе абай бол. – Береги себя.
Бір минут уақытың бар ма? – У тебя есть минута времени?
11-15
Не жайлы ойлап жүрсің? – О чём ты думаешь?
Өмір қымбат болып кетті. – Жизнь подорожала.
Өмір деген осы. – Жизнь такова!
Мен қайдан білемін? – Мне откуда знать?
Нақты білмеймін. – Я точно не знаю.
Мен да солай ойлаймын. – Я тоже так думаю.
Маған десең бәрі бір. – Мне всё равно.
Ертегіні кімге айтып тұрсың? – Кому сказки рассказываешь?
Алаңдатқанымыз үшін кешіріңіз. – Простите за беспокойство.
Сен оны танымайсың. – Ты его не знаешь.
11-16
Тағы қандай сылтау айтасың? – Какую ещё отговорку скажешь?
Оны өзінен сұраңыз. – Это спросите у неё самой.
Біз араласпаймыз. – Мы не общаемся.
Оны қайдан білесің? – Откуда ты это знаешь?
Қандай дәрі керек сізге? – Какое Вам нуно лекарство?
Кеше керемет фильм көрдім. – Вчера посмотрел классный фильм.
Бұл – оқыс жағдай. – Это несчастный случай.
Ұзаққа кетесіз бе? – Далеко едете?
Мен оңтүстік жаққа жол тартамын. – Я еду на юг.
Cіз билеттің кезегінде тұрсыз ба? – Вы за билетом?
11-17
Жоқ, шұжықтың кезегінде тұрмын. – Нет, за колбасой.
Алысқа барасыз ба? – Далеко едете?
Жалғыз жүрсіз бе? – Вы один едете?
Немене, танымай қалдыңыз ба? – Вы что, не узнали?
Сіздерсіз біз алысқа бара алмаймыз. – Без вас мы далеко не уйдём.
Бізсіз қайда барасыңдар? – Без нас куда вы пойдёте?
Мен мұнда біреулермен ақылдасқан едім. – Я тут посоветовалась кое с кем.
Болар-болмас үміт бар. – Есть небольшой шанс.
Қатты уайымдап жүрмін. – Я сильно переживаю.
Сенде ес бар ма? – Ты в своём уме?
11-18
Сені директор шақырып жатыр. – Тебя директор вызывает.
Мен ештеңе жасаған жоқпын. – Я ничего не делал.
Осының бәрін қайдан білесің? – Откуда ты всё это знаешь?
Ересек баласың ғой. – Ты уже взрослый мальчик.
Болғанды болғандай айтып отырмын. – Как было, так и говорю.
Сен, шырағым, абайлап сөйле. – Ты, дорогой, говори, да не заговаривайся.
Құдай қаласа, кешікпей жетеміз. – Вовремя доберёмся, даст Бог.
Бұдан да жақсы болатынына үміттенейік. – Будем надеяться на лучшее.
Ол есін жиды ма? – Она пришла в себя?
Бұл тақырып баяғыда жабылған. – Эта тема давно закрыта.
11-19
Осыны сен анықтайсың. – Вот это ты и выяснишь.
Бұл сенің жұмысың. – Это твоя работа.
Біреуден күдіктенесің бе? – Ты кого-то подозреваешь?
Ең бастысы - жеңіс емес, ең бастысы – қатысу. – Главное не победа, а участие.
Басқа жолы барамыз. – Пойдём в другой раз.
Кейін бердеңе жермін. – Потом что-нибудь перекушу.
Біз мұндайға үйреніп алдық. – Мы к этому привыкли.
Өтінемін, ұрыспайықшы. – Прошу тебя, давай не будем ругаться.
Қалайсың, бүлдіргіш? – Как дела, шкодник?
Бәрі өте тез болып кетті. – Всё произошло очень быстро.
11-20
Мен ештеңе түсінбей қалдым. – Я ничего не понял.
Олар неге ұрысты? – Почему они поругались?
Сен бірдеңе естідің бе? – Ты что-нибудь слышала?
Жақсы, жақсы, бұдан былай қайталанбайды, ешқашан. – Хорошо, хорошо, больше никогда не повторится.
Ақымақ басымды кешіріңіз. – Простите дурную голову.
Шешімге табылмас дүние жоқ. – Безвыходных ситуаций не бывает.
Әзірше оның жағдайы қиын. – Пока её состояние тяжёлое.
Бұл ұзақ үдеріс. – Это долгий процес.
Барлығы жаман деуге болмайды. – Нельзя сказать, что всё так плохо.
Соған бармақсың ба? – Ты собрался к нему пойти?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 08 Вернуться к началу Полезные фразы 12  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв