Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 18

Составитель: Рауль Керимбаев

18-01
Қайдағы кіріс? Шығыстарды жаба алмаймыз. – Какие там доходы? Расходов не покрываем.
Есігі жабулы тұр. – Дверь там закрыта.
Мені кім деп ойлайсыз? – Вы за кого меня принимаете?
Сен осындасың ба? – Ты здесь?
Роза, бұл сенбісің? – Роза, это ты?
Кімге керек, сол біледі. – Кому надо, тот знает.
Кімге қажет болдым екен? – Кому это я понадобился?
Онда неге шағынып тұрсың? – Тогда почему ты жалуешься?
Сен не сарнап тұрсың? – Что ты ноешь?
Саған кететін уақыт болды. – Тебе пора уходить.
18-02
Мен саған не істедім? – Я что тебе сделал?
Бітпейтін жыр. – Нескончаемая песня.
Сіз мені қайдан білесіз? – Вы меня откуда знаете?
Сен тек ешкімге айтпа. Айтпайсың ба? – Ты только никому не говори. Не скажешь?
Сіз мен үшін ұлы іс істедіңіз. – Вы для меня сделали великое дело.
Енді солай сөйлейін дедің бе? – Теперь ты так заговорила?
Ол ешқайда кетпейді. – Никуда он не денется.
Сенімен ешкім сөйлесіп тұрған жоқ. – С тобой никто не разговаривает.
Сен не ойлап тұрсың? – О чём ты думаешь?
А, қолға түстің бе! – Ага, попалась!
18-03
Мен неге қолға түсем? – Почему я должна попасться?
Ертең кел. – Приходи завтра.
Сен мені өкпелетесің. – Ты меня обидишь.
Ол әлі бұртиып жатыр. – Она все ещё дуется.
Ұйықтауға қашан жатасың? – Скоро ты пойдёшь спать?
Бақыт енді келмес... – Счастья больше не будет…
Ал одан әрі? Менің есімде қалмапты. – А как дальше? Я что-то не помню.
Мен баққа шығып, жатар алдында таза ауа жұтамын. – Я выйду в сад, подышу свежим воздухом перед сном.
Аһ, мен саған айтуды ұмытып кетіппін. – Ах, я забыл тебе сказать.
Ол неге біздің өмірімізге араласады? – Почему она лезет в нашу жизнь?
18-04
Сіз кетіп барасыз ба? – Вы уже уходите?
Ертең құжаттарыңды алып кел. – Завтра принеси документы.
Сақтандыруды рәсімдейік. – Будем оформлять страховку.
Рәсімдейміз. Оған несіне асығамыз? – Оформим. Куда торопиться?
Сеніңше, бәріне мен кінәлімін? – По-твоему, я во всём виноват?
Шығарып салайын сені. – Я провожу тебя.
Сені кім сұрап жатыр? – Тебя кто спрашивает?
Кез келген ән орындап беремін. – Я спою любую песню.
Ренжіп қалмайсың ба? – Ты не обидишься?
Бұл мен үшін тым қымбат. – Это для меня слишком дорого.
18-05
Сіз бара беріңіз. – Вы идите.
Сені жұмысқа қабылдады ма? – Тебя приняли на работу?
Одан да мен кетейін. – Лучше я пойду.
Сен мені өлтіретін болдың. – Ты меня убьёшь.
Мен қанша ықыласты болсам да қолымнан келмейді. – При всём моём желании, я не смогу.
Мен таба алмай қойдым. – Я не смог найти.
Сен мені шатастырма. – Ты не путай меня.
Мен таба алмай қалдым. – Я не смог найти.
Бол, тез. – Давай скорее (быстрее).
Бізге Алматыға келіңіз. – Приезжайте к нам в Алматы.
18-06
Ай, кел мұнда! – Эй, иди сюда!
Қолыңыз бос емес пе? Бөгет жасаған жоқпын ба? – Вы заняты? Я Вам не мешаю?
Құдайдың да, елдің де алдында арым таза. – Перед Богом и людьми совесть моя чиста.
Не айтайын дедің осымен? – Что ты этим хотел сказать?
Өзің ойлап қарашы. – Ты сам подумай.
Қисалаңдамай тыныш жүр! – Ходи нормально, не кривляйся!
Көрінгенге сене берме. – Не верь всякому.
Айтатын адамды тапқан екенсің. – Ты нашёл того, кто может говорить. (Иронично)
Тыңдайтын адамға ұқсамайды. – Не похоже, что она прислушается.
Мен оған жүз рет ескерттім. – Я ему сто раз напоминал.
18-07
Мен сені әлі безектетермін. – Ты у меня ещё попляшешь.
Сен зиян тартпайсың. – Вреда тебе не будет.
Бірдеме айтайын дедің бе? – Ты что-то хотел сказать?
Ол жеке ақпарат. – Это личная информация.
Өз арамызда айтқанда, қымбаттым. – Между нами говоря, дорогая.
Сіз ғажайыпты жасадыңыз, нағыз ғажап! – Вы совершили чудо, настоящее чудо!
Басым айналып кетті. – У меня голова закружилась.
Сен маған ештеңемен көмектесе алмайсың! – Ничем ты мне помочь не можешь!
Және ешкім де жәрдем ете алмайды. – И никто не поможет.
Өлікті тірілте алмайсың. – Мёртвого не воскресишь.
18-08
Сен маған ренжіп жүрген жоқсың ба? – Ты на меня не обижаешься?
Қашан мен сендерге ондай сөз айттым? – Когда я говорил вам такое?
Мен саған қазір қызық бірдеме көрсетемін. – Я сейчас покажу тебе что-то интересное.
Келіп кетші, әңгіме бар. – Зайди, пожалуйста, есть разговор.
Мен сені аңсап жүрмін. – Я сильно скучаю по тебе.
Сен нешінші сыныпта оқисың? – В каком классе ты учишься?
Сен мен үшін ең маңызды адамсың! – Ты для меня самый важный человек!
Сіз жұмыстан кейін не істейсіз? – Что вы делаете после работы?
Мен де осылай істер едім. – Я бы тоже так поступил.
Келгендерің жақсы болды. – Хорошо, что вы пришли.
18-09
Не деп мыңқылдап тұрсың? – Что ты там бромочешь?
Енді бас тарту ыңғайсыз. – Теперь отказываться неудобно.
Мен сендерге көмектесемін. – Я вам помогу.
Жылжыңызшы. – Подвиньтесь, пожалуйста.
Сен не, есіңнен шатастың ба? – Ты что, с ума сошёл?
Мені тыңдар емес. – Он меня не послушает.
Мен кімге айтып тұрмын. – Я кому говорю.
Әкім бүгін қабылдай ма екен? – Аким сегодня будет принимать?
Сіз бізді біреумен шатастырдыңыз. – Вы нас с кем-то перепутали.
Шыдамды болуға тырыс. – Старайся быть терпеливым.
18-10
Бұл аузына бірдеме тисе қаңғырып кетеді. – Как выпьет, так начинает бегать.
Ең бастысы, жүрексінбесең болды. – Главное, не трусь.
Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз. – У Вас недостаточно суммы для проведения этой операции.
Егер біз асықпасақ, онда біз кешігеміз. – Если мы не поторопимся, то опоздаем.
Сұлу қыздар көп, ал сен мамаңның жалғызысың. – Красивых девочек много, а ты у мамы один.
Сізге ұнайтын белгілі тележүргізушы кім? – Кто из известных телеведущих Вам нравится?
Бұл, әрине, даулы мәселе. – Это, конечно, спорный вопрос.
Оған көз тиген. – Его сглазили.
Осының бәрі жүйкеден деп ойлаймын. – Я думаю, что все это от нервов.
Сіз мені отқа итермеңіз! – Вы меня в огонь не толкайте!
18-11
Мұнда тұрған қандай сұмдық бар? – Что позорного в этом?
Мен өзім де білмеймін. Егер білсем, саған айтар едім. – Я не знаю. Если знал бы сказал.
Мені неге қинайсыңдар? – Что вы меня мучаете?
Саған құпиялап айтайын. – Скажу тебе по секрету.
Ал бұл істе менің шаруам қанша? – А в этом деле я при чём?
Сен түсінбей тұрсың ба? – Ты не понимаешь что ли?
Сенде қандай жаңалықтар бар? – Какие у тебя новости?
Саған қашан ақыл кіреді, а? – Когда ты поумнеешь, а?
Кейін қатты өкініп жүресіз. – Потом сильно пожалеете.
Біз қазір кетеміз, саған кедергі жасамаймыз. – Мы сейчас уходим. Не будем тебе мешать.
18-12
Мен осында бола тұрам. – Я здесь побуду.
Рақмет сізге, сондай мейірбансыз. – Спасибо Вам, Вы так великодушны.
Мүмкін дәріңді ішерсің? – Может лекарство выпьешь?
Жақсылықты білмейтіндер! – Неблагодарные!
Неге менің көңілімді қалдыра бересіз? – Зачем Вы расстраиваете меня?
Сіздің ойыңызда тек қана ақша! – У Вас на уме только деньги.
Мен ешқандай да рақмет талап етпеймін. – Я и не требую никакой благодарности.
Мен оған ақылшы бола алмаспын. – Я не могу быть ему советчиком.
Мұнда бәрі айнала қирап жатыр. – Тут всё кругом рушится.
Оқасы жоқ, мен шымырмын. – Ничего, я выносливый.
18-13
Түрің не болып кеткен! – В каком ты виде!
Сен өзіңді тіптен күтпейсің. – Ты совсем не заботишься о себе.
Мен саған енді ұнамаймын ба? – Я тебе больше не нравлюсь?
Нені көксеп отырсың? – Чего ты добиваешься?
Сенің орныңда болғанда мен де осылай жауап берер едім. – Будь на твоем месте, я ответил бы так же.
Сізге не айтарымды да білмей тұрмын. – Не знаю, что и сказать Вам.
Қай жылғысыз? – Вы с какого года рождения?
Сабағыңды оқи бер. – Учи уроки.
Бүгін тағы кешіктіңіз бе? – Сегодня опять опоздали?
Сен кімсің? Тыңшысың ба? – Ты кто? Ты шпион?
18-14
Сені мұнда кім жіберді? – Кто тебя сюда пустил?
Алдыңа мақсат қой! – Поставь перед собой цель.
Бізді ақымақ санайсың ба? – Ты считаешь нас глупцами?
Кептелісте тұрып қалдым. – Я попал в пробку.
Бұл оңай нәрсе емес, бірақ сенің қолыңнан келеді. – Это нелегко сделать, но ты справишься.
Ол маған ұқсай ма? – Он похож на меня?
Мен оған ұқсаймын ба? – Я похож на него?
Әдемі шығып жатыр. – Красиво получается.
Мен Құдай емеспін ғой! – Я же не Бог!
Мен саған жаңа ғана не дедім? – Что я тебе только что сказал?
18-15
Біз жиі кездесіп тұрамыз. – Мы часто встречаемся.
Тақырыпты ауыстырайықшы. – Давайте помененяем тему.
Бұл жерде саған не ұнайды? – Что тебе здесь нравится?
Қайдан үйренгенсің? – Ты где научился?
Бері таман кел. – Подойди сюда.
Сен көптеген қиындықтар туғызасың. – Ты создаешь много проблем.
Мен басынан білгем. – Я знал с самого начала.
Сен қашып құтылмайсың. – Тебе не сбежать.
Менің қалайтынымды білесің бе? – Ты знаешь, что я хочу?
Біздің бақытты отбасы болғанымызды қалаймын. – Я хочу, чтобы мы были счастливой семьей.
18-16
Бір-бірімізге ор қазбай, өтірік алдамай бейбіт өмір сүрсек деймін. Бар болғаны сол. – Не копать друг другу ямы, не обманывать, мирно жить – вот о чём я говорю. Это всё.
Бірақ біздің жанұяда бұл мүмкін емес. – Но это в нашей семье невозможно.
Мен бар күшімді салып жатырмын. – Я прилагаю все усилия.
Бізде ондай ақша жоқ. – У нас таких денег нет.
Бұл істі мен шешім қойдым. – Это дело я решил.
Біздікі бізден ешқайда кетпейді. – Наше от нас никуда не уйдёт.
Бұл не өзі? Отырса опақ, тұрса сопақ. – Что это? И сядешь – не так, и встанешь – не так (досл. - сядешь – куб, встанешь – дуб).
«Адам есейген сайын сәби сияқты» деген рас екен. – Верно говорят, что чем дальше взрослеет человек, тем больше он становится похожим на ребёнка.
Саған не жетпей жүр?! – Тебе чего не хватает?!
Сізге қаншама рет қайталауға болады? – Сколько раз Вам нужно повторять?
18-17
Бізге бір ерекше қонақ келді! – К нам пришёл один особенный гость.
Мен де адаммын ғой, шатасуым мүмкін. – Я тоже человек, возможно, ошибаюсь.
Неге маған осылай қарайсыңдар? – Что вы на меня так смотрите?
Құдайға шүкір біз жақсымыз! – Слава Богу у нас всё хорошо!
Олар бір қалыптан шыққан. – Они из одного теста.
Сен үшін бұл сабақ болсын, ендігәрі бұлай істеме. – Это послужит тебе уроком, впредь не делай так.
Уәде бергенін орындайтын керек. – Обещанное надо выполнять.
Адам болған соң қателік те болады. – Так как он человек, и у него бывают ошибки.
Қане, тартып жібер. – Ну-ка, выпей.
Сізге барлығы жарасымды. – Вам всё идёт.
18-18
Сіздің бітіміңіз фотомодельдің бітіміндей. – У Вас фигура, как у фотомодели.
Туған күн кешінде мен ең керемет болуым керек. – На вечере дня рождения я должна быть лучше всех.
Не алатын болдыңыз? – Что вы решили выбрать?
Сен мені асықтырма. – Ты меня не торопи.
Енді кездесеміз пе жоқ па, кім біледі? – Кто знает, встретимся ещё или нет?
Өзіме шектеу қоюдан жалықтым. – Мне надоело себе во всем ограничивать.
Өте салиқалы әйел. – Очень разумная женщина.
Әр үйдің сыры басқа. – В каждом доме свои секреты.
Өмірдің заңдылықтарын өзгерте алмаймыз. – Законы жизни нам не изменить.
Жақсылық жасаңыз, ол сізге міндетті түрде қайтады! – Делайте добро, и он обязательно к вам вернётся!
18-19
Былай етсек қайтеді? – А что, если сделать так?
Менен жақсы хабар күтіңдер. – Ждите от меня хороших вестей.
Ресми түрде жұмыс істемеймін. – Официально я не работаю.
Бұл саған сабақ! Өзің кінәлісің! – Это тебе урок! Сам виноват!
Бекер олай айтасыз. – Зря Вы так говорите.
Ол не өзгелерден ерек пе? – Он что особеннее других?
Осы кезге дейін қайда жүрдіңдер? – Где вы ходили до этих пор?
Басқаларға ұқсамайды. – Он не похож на других.
Ақымақгершілікті сандырақтама. – Не болтай глупости.
Тез жөнел. – Быстро отправляйся.
18-20
Сізге қай телеарна ұнайды. – Какой телеканал Вам нравится?
Осындай болатынын сезгем. – Я чувствовал, что так будет.
Бұны өзім сезіп жүредім. – Это я сам чувствовал. (жүр едім)
Сіздің қандай шаруаңыз бар еді? – Что Вам угодно?
Жыныма тимеші. – Не зли меня.
Кім жыныңа тие береді? – Кто злит?
Егер мүмкіндігің болса, бізді кешір, балам. – Если у тебя есть возможность простить нас, прости, сынок.
Не десеңдер о деңдер, маған бәрібір. Ешкімнен қорықпаймын. – Что хотите говорить говорите. Никого я не боюсь.
Тыныш, ол естіп қояды. – Тихо, он может услышать.
Тіпті жақсы! Ести берсін! – Ещё лучше! Пусть слышит.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 17 Вернуться к началу Полезные фразы 19  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв