Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 3 
 4 
 5 
 6 

Полезные фразы

Сборник 20

Составитель: Рауль Керимбаев

20-01
Мен қалай да Парижге барамын. – Я в любом случае поеду в Париж.
Әй, қой енді, әйтпесе желкеңді қиям. – Эй, прекращай, а то я уничтожу тебя.
Андығаныңды қашан қоясың осы? – Вот, когда же ты прекратишь следить?
Бүгін уәделі жерде жолығайық – Давай сегодня встретимся в условленном месте.
Жай әншейін сені көргім кеп кетті. – Просто тебя хотел увидеть.
Беті-колыңды жу. – Помой лицо, руки.
Егер бірдеңе қажет болса, ұялмай өзіме кел. – Если что понадобится, не стесняйся, заходи ко мне.
Бәленің бәрі мына сенен шығады. – Вот все неприятности от тебя исходят.
Ол болмайтын ырым. – Такой приметы нет.
Қайтер екен енді? – Интернесно, как он поступит теперь?
20-02
Сол арманыма бүгін, міне, жетіп отырмын. – Эту свою мечту, вот, я сегодня достиг.
Сен мені пышақсыз кескілеп тұрсың ғой. – Ты же меня без ножа режешь.
Мен өзім білем не істейтінімді, аулақ жүріңіз. – Я сам знаю, что мне делать, идите прочь.
Жүре аласыз ба? – Вы можете идти?
Сол кісінің арқасында осы күнге жеттік қой – Благодаря этому человеку мы дожили до сегодняшних дней.
Не деп сыбырласып жатырсыңдар? – О чем вы шепчетесь?
Сіздерді сағынып кеттім де, амандықтарыңызды біліп қайтайын деп келдім. – Я соскучился по вам, поэтому пришел, чтобы узнать, что вы живы-здоровы.
Сен қарсымысың? – Ты против?
Иә, мен қарсымын. – Да, я против.
Бұл біздің жұмыс. – Это наша работа.
20-03
Арғарай не болмақ? (әрі қарай) – Что будет дальше?
Не болуші еді? – А что может быть?
Мүмкін бәріні өз қалпында қалтырармыз. – Может, всё оставим как есть.
Бұны қалай түсінуге болады? – Как это надо понимать?
Біреу телефон шалып жатыр. – Кто-то звонит.
Әзірге бірдеңе деуге ертерек. – Пока рано что-то говорить.
Екеуіне да рақмет! – Вам обоим спасибо!
Қалай, ішің пысқан жоқ па? – Как ты, не скучаешь?
Болашаққа бағдар. – Взгляд в будущее.
Сендерге не болды? – Что с вами случилось?
20-04
Көнбеймін! Өлтірсеңіз де көнбеймін! – Не повинуюсь! Убейте, но я не повинуюсь!
Тіліңді кесейін бе осы? – Отрезать тебе язык что ли?
Еңкейші бері, құлағына бірдеңе айтайын – Наклонись-ка, я скажу тебе кое-что на ушко.
Тәйт әрі! Күпір сөйлеме. – Цыц! Не говори неправоверно.
Шыдай аламай кеттім. – Я не выдержал.
Айтып ем ғой. – Я же говорил.
Сені есік алдында бір кісі шақырып тұр. – Тебя один человек зовёт, он у дверей.
О кім? – Кто это?
Шықсаң көресің ғой. – Выйдешь и увидишь.
Бар, бар! Шаруасы бар кісі шығар. – Иди, иди. Наверное, человек по делу пришёл.
20-05
Ой, о кім болды екен? – Ой, кто бы это мог быть?
Солай деңіз. – Вот так, значит.
Иә. Солай. – Да. Так.
Сөгіс алып шықтым. – Я выговор получил.
Сен отыра тұр, әңгіме бар. – Ты останься, есть разговор.
Өкіл ертіп жібереміз. – Мы отправим представителя.
Ойымыз да, бойымыз да ешкімнен кем емес. – Умом и ростом мы ничем не хуже других.
Сен өзің қызық екенсің. – Ты такой странный.
Біз не бүлдіріп қойдық сонша?! – Что мы такого натворили?!
Біздің жазығымыз не? – В чём наша вина?
20-06
Сендер неге көмектеспейсіңдер? – Вы почему не помогаете?
Мен кімге айтып тұрмын?! – Я кому говорю?!
Барлықтарыңызды күтеміз! – Ждём всех!
Әй, сен бірдеңе жоғалттың ба? Не іздеп жүрсің? – Эй, ты что-то потерял? Что ищешь?
Адамдарың көзіне қарауға ұяламын, түсінесің бе? – Людям стыдно смотреть в глаза, ты понимаешь?
Жалғыз сенің басыңнан өткендей. – Будто ты первая, с кем это произошло.
Бәрі бір-біріне опасыздық жасайды. – Все друг другу изменяют.
Содан кейін түк болмағандай жүре береді – После чего ходят, как ничего не бывало.
Мен бәрі емеспін. – Я не все.
Мен бұған шыдай алмаймын. – Я этого не выдержу.
20-07
Енді қайтемін? – И что мне теперь делать?
Ешкім ештеңе білмейді. Уайымдама – Никто ничего не знает. Не переживай.
Сендердің отбасыларың келіспей қалды, сонымен айырыласып кеттіңдер.– Ваши семьи не поладили и вы расстались.
Бар болғаны сол. – Вот и всё.
Біз күн сайын сені көріп сүйсініп отыруға ұйреніп қалыппыз – Мы привыкли каждый день любоваться тобой.
Мен жақсымын. – Я в порядке.
Сіз жоқта біз жұмыс істедік. – Пока Вас не было мы работали.
Мен айтып едім ғой деғіңіз келіп отыр ма? – Вы хотите сказать, что вы, мол, говорили?
Біздің өркендеуімізге мүмкіндік береді. – Это дает возможность нашему развитию.
Жобаның үйлестірушісі сен боласың. – Ты будешь координатором проекта.
20-08
Оған несіне танданасың? – Чему ты удивляешься?
Мен сені өлтіремін. – Я тебя убью.
Көшеге бір қадам жасап көрші, мен сені өлтіремін. – Попробуй сделать шаг на улицу и я тебя убью.
Маған қарсы келесің бе? – Ты смеешь мне перечить?
Жоқ дедім. Дәтің бармайды. – Нет, - я сказала. Ты не посмеешь.
Біз сені тым еркелетіп жібердік. – Мы тебя сильно избаловали.
Бұл менің соңғы сөзім. – Это мое последнее слово.
Сен өзінді кіммін деп отырсың? – Кем ты себя возомнила?
Төзімді тауспа. – Не испытывай мое терпение.
Қандай жәрдем керек? – Какая помощь нужна?
20-09
Шаруаңыз қалай жүріп жатыр? – Как идут Ваши дела?
Сен әдейі істедің бе? – Ты специально сделал?
Тағы сұрағың бар ма? –У тебя еще есть вопросы?
Барам десен бар. – Если ходишь сходить, сходи (съездить).
Енді сұрағым жок. – Теперь впросов нет.
Сен неге сенделіп жүрсің. – Ты что слоняешься (шатаешься) без дела?
Өтуге бола ма? – Можно пройти?
Сен не істейсің ол жақта? – Что ты там будешь делать?
Бір сұрақ бар. Жауап бере аласың ба? – Есть один вопрос. Сможешь ответить?
Тырысып көрем. Сұраңыз! – Постараюсь. Спрашивайте!
20-10
Осындай да адам болады екен. – И такие люди бывают.
Үйімізде тіске басатын бір үзім нан да жоқ – У нас в доме нет даже кусочка хлеба.
Науқас кісіге күлкі де көмек. – Больному человеку и смех помогает.
Сізге күш беретін не нәрсе? – Что Вам придает силы?
Сіздіңше, адам қандай болуы керек? – По Вашему, каким должен быть человек?
Заман не боп бара жатыр? – Куда катится мир?
Сіз болмасаңыз мен не істер едім? – Чтобы я делал, если не было бы Вас?
Мен оны баяғыдан бері көрмедім. – Я его давно не видел.
Мынауңыз дұрыс емес – Вот это неправильно с Вашей стороны.
Маңызды жұмысымен келдім – Я пришёл по важному делу.
20-11
Маған қояр сұрағыңыз бар ма? – У Вас есть ко мне вопросы?
Бүдан кейін мына мәселені жабайықшы – С этого момента давайте закроем эту тему.
Басқаларда қателеседі, өздерінен періште жасамасын – Другие тоже ошибаются, пусть не ставят из себя ангелов.
Ал өз қателегінді мойындайтын болсаң, жеңілдеп қаласың – А если ты признаешь свои ошибки, тебе будет легче.
Мен бұл өмірімде жағымпаздардың талайын көргемін, бірақ сен сияқты таба алмайсың – Я много в своей жизни видел подлиз, но таких, как ты не найти.
Егер жағымпаздардың әлем чемпионатын ұйымдастыратын болса, сен сөзсіз тұрақты чемпион боласын – Если будет организован чемпионат мира по подхалимству, то ты, без слов, будешь чемпионом.
Бәрі мырза болып алған. – Все стали господами.
Сен маған бұйырып сөйлеме – Ты со мной не говори в приказном тоне.
Әйтпесе, үйден қуып шығарамын – Иначе, я выгоню тебя из дома.
Қуып көр. – Попробуй выгнать.
20-12
Далада ұйықтасам да, сенің сөзіне ермеймін – Даже если я буду спать на улице, я тебе не подчинюсь.
Жаман ойлағанды доғар – Прекращай думать о плохом.
Бәрінің назары бізде – Все наблюдают за нами.
Қоғамыңа түкіргенім бар – Плевать я хотел на твое общество!
Неге ұйықтамағансың? Кеш болды. Жат – Почему не спишь, уже поздно, ложись.
Не болса, сол болсын – Будь, что будет.
Тараптар келісімге келді – Стороны пришли к соглашению (юр.)
Біз әлі ештеңе білмейміз – Мы ещё ничего не знаем.
Мен оны деңгейіне түсе алмаймын – Я не могу опуститься до её уровня.
Бұдан былай қинама өзінді – В дальнейшем не мучай себя.
20-13
Енді не болмақ? – И что теперь будет?
Ол маған не істей алады? – Что она мне может сделать?
Бақыттан басым айналып жүрді. – От счастья голова кружилась.
Сенің пікірің білгім келіп тұр. – Я хочу узнать твоё мнение.
Маған автограф бере аласың ба? – Ты дашь мне автограф?
Қайталап сұраймын. – Еще раз спрашиваю.
Неге ылғи қарға сияқты қарқылдайсың осы сен? – Почему ты каркаешь всё время, как ворона?
Олар бала емес пе? – Они разве не дети?
Бала емес, бәле – Не дети, а беда.
Сіз ең басы нәрсені түсінбейсіз – Вы не понимаете самого главного.
20-14
Мүмкің өз шешіміңізді өзгертерсіз? – Может быть вы измените своё решение?
Бұл болашақ үшін өте маңызды мәселе – Это очень важный вопрос для будущего.
Біз ештеңе алмаймыз. – Мы ничего не берём.
Онда не істедің? – Что ты там делал?
Сенің жұмысың қанша? – А твоё какое дело?
Баяндауға рұқсат етіңіз, жолдас лейтенант. – Разрешите доложить, товарищ лейтенант.
Совет Одағына қызмет етемін! – Служу Советскому Союзу.
Мен солдатпын. Мен бұйрыққа бағынамын. – Я солдат. Я подчиняюсь приказам.
Менен жауынгерлік сәлем айтып барыңыз. – Передавайте от меня боевой привет.
Неге шақырып жатыр? – Зачем вызывает?
20-15
Түсінікті ме саған? – Понятно тебе?
Сіздің бұйрығыңыз бойынша келдім, жолдас полковник. – Товарищ полковник, прибыл по Вашему приказанию.
Жүрегім дауаламайды. – Я не осмеливаюсь.
Сөйлесе беріңдер, мен бөгет болмаймын. – Разговаривайте, я не буду мешать.
Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз? – если такому человеку не верить, то кому верить?
Бір сөз айтсам ренжімейсің бе? – Если что скажу, не обидишься?
Енді дыбыстарыңды естісем менен жақсылық күтпеңдер. – Если ещё услышу, что шумите, не ждите от меня добра.
Мен сізден жауап күтіп отырмын – Я жду от Вас ответа.
Паналайтын жер бар ма? – Есть ли место, где можно укрыться?
Шаршаған жоқсыңдар ма? – Вы не устали?
20-16
Соншалықты өзіңді төмендетпесеңші. – Не унижай так себя.
Қалай, ішіңіз пыспай ма, бұл жерде? – Как, не скучно Вам здесь?
Ішім пысып мен еріккен адам дейсің бе? – Хочешь сказать, что я похож на избалованного, скучающего человека?
Неден қорқып жүрсің? – Чего ты боишься?
Тамақ сұрап тұрған жоқ қой, тұра берсін – Кушать же не просит, пусть стоит.
Қай жаққа кетіп барасыз? – Куда Вы идете (едете)?
Қалағандарыңды істей беріңдер – Делайте, что хотите.
Сенбе оған. – Не верь ему.
Сосын не болыпты? – Что было потом?
Көп боласың ба? – Ты надолго?
20-17
Ол өзіңізге байланысты. – Это звисит от Вас.
Сізгe бәрінeн дe бұрын қандай музыка ұнайды? – Какая же музыка вам больше всего нравится?
Әзірше ешнәрсе айта алмаймын – Пока ничего не могу сказать.
Мен келгенше, сен үйде отыр. – Пока я не приду, сиди дома.
Сiз алысқа барасыз ба? – Вы далеко едете?
Онша алысқа емес. – Не так далеко.
Кешіріңіз, сөзіңізді бөлейін – Извините, я Вас перебью.
Қалай ұйықтадыңыз? – Как спали?
Бізде көптен болмадыңыз ғой – Давно Вы у нас не бывали.
Қай әнді айтамыз? – Что мы будем петь?
20-18
Ә, айтпақшы, сіздерді таныстырып қояйыншы. – Ах, да, позовльте вас познакомить.
Бірде болмаса, бірде айтып берермін – Я расскажу как-нибудь.
Сағат үшке дейін боспын. – Я свободен до трех часов.
Ауа райы сондай керемет. Солай емес пе?! – Какая прекрасная погода! Не правда ли?
Отыр, әкірендемей! – Сиди, не заносись!
Мұнда көптен бері тұрасыз ба? – Давно здесь живёте?
Ол кісімен қарым-қатынастарыңыз қандай? – Какие у Вас отношения с этим человеком?
Мен тағдырға сенетін адаммын. – Я человек, верящий в судьбу.
Ой-бай, сіз екенсіз ғой – Ой, это Вы?
Неге кетуім керек? – Почему я должен уходить?
20-19
Кетпеймін дедім бе, кетпеймін! – Я сказал, не уйду, значит, не уйду!
Мен ешкіммен жарысып жүрген жоқпын. – Я ни с кем не соревнуюсь.
Е, келіп қалдың ба? – А, пришёл?
Бұл оқиға өте қызық. – Это очень интересный случай.
Бекер айтқан екем. – Зря я сказал.
Оны кімнен естідің? – Ты это от кого услышал?
Мен үйге бүгін кешігіп барамын. – Я сегодня приду домой поздно.
Сен неге қашып барасың? – Ты почему убегаешь?
Бүгін бір нәрсеге көз жеткіздім. – Сегодня я убедился в одной вещи.
Мен бәрін білемін. – Я всё знаю.
20-20
Дауыс шыққан жерге қарадым. – Я посмтрел откуда раздался голос.
Қашанғы солай болады? – До каких пор так будет?
Еңсенді түсірме. – Не падай духом.
Бүгін жаңбыр жауады. – Сегодня будет дождь.
Не істерімді білмей абдырап қалдым. – Я растерялся и не знал, что делать.
Егер кешіксем, сондағы ашық дәмханаға кіріп шай ішіп, тырп етпей отырыңыз. – Если опаздаю, зайдите там в кафе, и не сходя с места, сидите и пейте чай.
Келгеніңізге көп болды ма? – Давно ли Вы десь?
Мен келгелі көп болды. – Я давно пришёл (дословно: Прошло много времени с тех пор, как я пришёл).
Мен келгенде сен үйде жоқсың. – Когда я пришёл, тебя не было дома.
Содан бері осындамын. – С тех пор я здесь.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 19 Вернуться к началу Полезные фразы 21  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв