Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 21

Составитель: Рауль Керимбаев

21-01
Әкең естісе, өлтіреді! Жап аузыңды! – Замолчи! Отец услышит, убьёт!
Екеуіне не жетпейді? – Что вам двоим не хватает?
Қашанға дейін шыдаймын. – До каких пор я могу терпеть.
Жол қаражатына ақша жіберемін. – Денег на дорогу вышлю.
Мұның кім екенін қалай анықтайсыз? – Как же Вы узнаете, кто это?
Тек ой кешу арқылы ғана. – Только путём размышлений.
Сен бірдеңе айтпайсың ба? – Ты разве ничего не скажешь?
Біздің ортамызда мұндай кісі неге жоқ? – Почему среди нас нет такого человека?
Жоспарың бар ма? – У тебя есть план?
Неге сұрамайсың? – Почему не спрашиваешь?
21-02
Әй, сен бір шақырғанда неге келмейсің? – Эй, ты почему, когда тебя зовут, с первого раза не идёшь?
Естімей қалдым. – Я не услышал.
Енді өлмеспіз. – Теперь мы не умрём.
Сағат алты жарым болыпты. – Уже полседьмого.
Түу, үлкен жігіт боп қапсың ғой. – У, ты уже взрослым парнем стал.
Ол мұны жасай алар ма екен? Қызық! – Интересно! Сможет ли он это сделать?
Жасай алады. Жасайды. – Он сможет сделать. Сделает.
Мен қолымнан келгенін жасауға тырысамын. – Я постараюсь сделать всё, что в моих силах.
Неге өтірік айтасың? – Ты почему обманываешь?
Соңғы кезде денсаулығым нашарлап барады. – В последнее время здоровье мое ухудшается.
21-03
Істей алмаймын деп қорқам. – Боюсь, что не смогу сделать.
Сен өйтіп айқайлама! – Ты так не кричи!
Өзім туралы өзім айтамын. – Про себя я сам скажу.
Қолымнан келгенді жасадым. – Я сделал всё, что мог.
Сеніңше бұл күнә емес пе? – По-твоему, это не грех?
Енді елестет. – А теперь представь.
Мен қазір полицияға хабарлассам, сені алып кетеді. – Если я сейчас позвоню в полицию, тебя заберут.
Колыңа кісен салады. – Наденут наручники.
Мен қылмыс туралы ақпарат берейін деп едім. – Я хотел сообщить о преступлении.
Міне, сен орындадың. Жақсы іс жасадың. – Вот, ты выполнила. Хорошее дело сделала.
21-04
Мен оны қабылдай алмаймын. – Я не могу её принять.
Мен бір сағаттан соң болам. – Через час я буду.
Сенімен әңгімемді аяқтаған жоқпын әлі. – Я еще не закончил разговор с тобой.
Мен саған түсіндіргім келіп еді. – Я хотел тебе объяснить.
Бірақ сен тыңдағың келмеді. – Но ты не захотел слушать.
Бәріне себеп - оның тәрбиесіздігі. – Всему причина - её невоспитанность.
Бұл туралы ұмытайық, өтінемін сені. – Забудем об этом, прошу тебя.
Қажет болса, бірден қабылдауға болады. – Если нужно, можно сразу принять.
Қалай сен уәде бердің? – Как ты могла обещать?
Ол қапаланып жылады. – Она плакала навзрыд.
21-05
Ол жағын көріп жатармыз. – Это мы посмотрим.
Ол күнімен ұйықтайды. – Он целыми днями спит.
Тағы сұрақ қойсам бола ма? – Ещё один вопрос задать можно?
Дерек, жұмысыңыз көңіліңізден шығады ғой. – Значит, Вы довольны своей работой.
Өте ризамын! – Очень доволен!
Үй қожайыны қатал әйел секілді. – Кажется хозяйка дома строгая женщина.
Ол сәл қаталдау, бірақ өте жақсы адам. – Она немного строгая, но очень хороший человек.
Ол адамдардың адалдығын бағалайды. – Она ценит в людях верность.
Жұмысыма байланысты оған уақытым жоқ. – Из-за работы на это нет времени.
Олар ажырасқан ба? – Они разведены?
21-06
Ол жағын білмеймін. – Этого я не знаю.
Бұл қайғылы хабарды оларға қалай естіртеміз? – Как мы им сообщим это горестную весть?
Отбасы құру өте қиын. – Создать семейный очаг очень трудно.
Мені түсінетін боларсыз. – Надеюсь, вы поймёте меня.
Отбасыдан артық ештеңе жоқ. – Нет ничего лучше семьи.
Айтқанымды орындадың ба? – Ты сделала, что я сказал?
Оны көргің келмеп едің ғой. – Ты же её видеть не хотела.
Жек көретін едің ғой. – Ты же её ненавидела.
Табан астынан неге бағалай қалдың? – С чего стала ценить?
Бұл үлкен зұлымдық. – Это большо зло.
21-07
Жалынамын, олай жасамашы. – Умоляю, не делай так.
Маған неге дауыс көтересің? – Ты чего повышаешь голос на меня?
Жәй қаңғырған бір ой. – Просто глупая идея.
Мен сіздің ойыңызды естігім келіп тұр. Айтыңыз. – Я хочу услышать Ваше мнение. Говорите.
Қаға бергенді қой. – Перестань стучать.
Тағы мені кінәлап отырсың? – Опять меня виноватым делаешь?
Мен бәрінен айырылдым. – Я потерял всё.
Өзімнің тәкаппарлығым, адалдығымды жоғалтым. – Я потерял гордость, своё честное имя.
Бір жағдай болып қалған шығар. – Что-то случилось, наверное?
Жағдай мүшкіл. – Положение бедственное.
21-08
Ол оны көргісі келмейді. – Она его видеть не хочет.
Мен шындықты айтып отырған жоқпын ба? – Разве я говорю неправду?
Артық сөйлеудің қажеті жоқ. – Сейчас не нужно говорить лишнее.
Ертең барсам қайтеді? – А можно завтра пойти?
Барған соң естіртеміз. – Как приедём, сообщим.
Ол адамның қандай екенін енді түсіндің бе? – Теперь ты поняла, что он за человек?
Әуре болдың, қажеті жоқ. – Зря беспокоился, не нужно было.
Өзімді күтемін деп уәде бер. – Пообещай, что будешь беречь себя.
Неге кешірім сұрайсың? – Почему ты просишь прощения?
Сен соған бола алаңдап отырсың? – Ты из-за этого беспокоишься?
21-09
Менің бар қалауым - сенің бақытты болғанын. – Все мои желания - чтобы ты была счастлива.
Сіз мені тәнті еттіңіз. – Вы меня покорили.
Не боп қалды екен? – Что же случилось?
Бұл жерде неғып жүрсің? – Что ты здесь делаешь?
Мен мұндамын! – Я здесь!
Олар мені іздеп жатыр. – Они меня ищут.
Сен маған әлі де жауабыңды бермедің. – Ты до сих пор не дала мне ответ.
Біреу зорлап аузыңа құйды ма сенің? – Кто-то насильно влил тебе в рот?
Демалыста да маза бермейді екенсіңдер! – И в выходные вы не даете покоя!
Шіркін, осындай да әйел болады екен ғой. – Эх, и такие женщины бывают, оказывается.
21-10
Бәрі кетіп қалды. – Все ушли.
Мен жас бала емеспін ғой. – Я же не мальчик.
Білмеймін, көрген жоқпын. – Не знаю, я не видел.
Сонша неғып үрпиісе қалдыңдар? – Что же вы так напугались?
Қашан қайтып келесің? – Когда вернёшься?
Соншалықты өзіңді төмендетпесеңші. – Не унижай так себя.
Жалқауланбаңдар. – Не ленитесь.
Жаман болмас еді. – Было бы неплохо.
Дөрекілік көрсетпе. – Не груби.
Жаман ауа райында ондай болып тұрады. – Такое бывает в непогоду.
21-11
Су жоқ па? Қобалжығаннан тамағым кеуіп кетті. – Нет ли воды? От волнения у меня пересохло в горле.
Жағымпазданба. – Не подлизывайся.
Кім телефон соқты? – Кто тебе звонил?
Бейтаныс нөмір. Қателесіп кеткен шығар. – Незнакомый номер. Наверное, ошиблись номером.
Үлгереміз бе? – Успеем?
Қайтесің оны! – Да ну его!
Бірақ, қолың бос болмаса... – Но, если ты занята...
Саған қаншада ыңғайлы болады? – Когда тебе будет удобно.
Ал сізге қашан ыңғайлы болады? – А когда Вам будет удобно?
Сен деп сөйлеші. – Обращайся ко мне на «ты».
21-12
Түстен кейін ше? – После обеда?
Қалай екен? – Ну, как?
Мұнда біреу бар ма? – Здесь кто-нибудь есть?
Маған не айтайын деп едің? – Что ты хотел мне сказать?
Мен айтарымды айттым. – Я всё сказал.
Қазір саған бере салатын ақша жоқ менде. – Сейчас, чтобы тебе отдать, у меня денег нет.
Әңгіме тарап кетеді. – Сплетни пойдут.
Үй-ішің аман ба? – Дома все живы-здоровы?
Қатар отырдық. – Сидели рядом.
Сенің көзіңде ешқандай құлық жоқ. Демек, саған сенуге болады. – В твоих глазах нет хитрости. Значит, тебе можно верить.
21-13
Саған сеніп тұрмын ғой. – Я же верю тебе.
Қолың тисе кел. – Будет время приходи.
Ол қанша уақытқа қалады? – Сколько он тут пробудет?
Өзі кеше түнде ғана келді. – Он вчера только ночью приехал.
Ол қалай тез сені ығыр қылып жіберді. – Как быстро он тебе надоел.
Есігіміз оған әрдайым ашық. – Двери наши всегда открыты для него.
Үлгілі болса, мәнгі тура берсін. – Пусть он вечно живёт, будь он примерным.
Бірақ, оған қалай жауапты боламыз? – Но как за него нести ответственность?
Баламызға әрең қарап жүрміз. – Мы с трудом справляемся с сыном.
Оны жолдан тайдырып жүрмесін. – Пусть не собьёт его с пути.
21-14
Ештеңе де болмайды, болмайды. – Ничего не будет, не будет.
Ол ұзақ уақытқа қалмайды. – Он надолго не останется.
Жақсы. Басымызға бәле туғызбаса болды. – Хорошо. Лишь бы не навлёк на нас беду.
Әй, әпкем-ай! Кандай қиындықтарды мойнымызға асып қойдың. – Ай, сестра! Какие проблемы ты взвалила на нас.
Отыр. Неге қарап тұрсың? – Присаживайся. Чего смотришь?
Сабағың нешеде бітеді? – Во сколько у тебя заканчиваются занятия?
Әдеттегідей, кешке. – Как обычно, вечером.
Жақсы. Телефоныңды сөндірме. Мүмкін мен хабарласып қалармын. – Хорошо. Не выключай телефон. Может, я позвоню.
Енді түсіндіріп айтсаңшы. – Ну, объясни толком, пожалуйста.
Мен ақымақтық жасадым. Кешір. – Я совершил глупость. Прости.
21-15
Сен үшін бәрін істеймін. – Я для тебя всё сделаю.
Зор бақытыма орай... – К моему великому счастью...
Әй, сендер неғып тұрсыңдар бұл жерде?! – Эй, что вы тут стоите?!
Көңіл бөлмеңіз! – Не обращайте внимания!
Оның бұлай істеуге қалай дәті барды? – Я не могу поверить! Как она могла так поступить?
Жетер енді, жетер! – Ну, хватит, хватит!
Неге мені қынжылтасың? – Почему меня огорчаешь?
Неге бұзақылық жасайсың? – Почему ты хулиганишь?
Ол мені түртті. – Он подкалывал меня.
Мені түртуге ешкімнің дәті бармайды. – Никто не смеет подкалывать меня.
21-16
Орныңнан тұр. – Поднимайся.
Доғар. Ол енді бұлай істемейді. – Перестань. Он больше так не сделает.
Отырсаңшы – Садись же.
Сендердің мазаларыңды алмаймын. – Не буду вас беспокоить.
Жесеңші. Май жағып же. Қымыздан ал. – Кушай. Намазывай масло. Пей кумыс.
Сен жақсы шығыпсың. – Ты хорошо вышла (на фотографии).
Демек, әпкең екеуің татуласқан екенсіңдер ғой. – Значит, вы помирились с сестрой?
Ұрсып қалып па едіңдер? – А вы были в ссоре?
Әпкеңмен неге ұрсып қалдың? – А почему ты поссорилась с сестрой?
Кейін татуласып кеттік. – А потом мы помирились.
21-17
Нені ойлап тұрсың? – О чём ты задумался?
Арманым орындалды. – Мечта моя сбылась.
Солай ма? Өте жақсы, өте жақсы! – Вот как? Очень хорошо, очень хорошо!
Әй, бұларын не? Неге маған айтпадыңдар? – Эй, что это вы? Почему мне не сказали?
Айтқанымды істе. – Делай, что тебе говорю.
Жейтін бір нәрсе бар ма? – Есть что-нибудь поесть?
Кет дедім саған! – Я сказала тебе: «Уходи!»
Қол жетпес болды. – Она стала недосягаемой.
Ешқандай қиындық болмайды. – Никаких проблем не будет.
Қайырлы таң, қалай ұйықтап шықтың? Ұйқың қанды ма? – Доброе утро, как поспал? Выспался?
21-18
Саған таңғы ас әзірледім. – Я приготовил тебе завтрак.
Мынаны да тамақ деп тұрсың ба? – И это ты считаешь едой?
Сөзімен жеткізе алмаймын. – Я не могу передать словами.
Күтпедің бе? – Не ждала?
Бұл саған жауынгерлік тапсырма. – Это тебе боевое задание.
Мен ондай құрбандыққа бара алмаймын. – Я не могу пойти на такую жертву.
Барлығы менің даналығымның арқасында. – Все благодаря моей мудрости.
Ешкім мазаламайды ма? – Никто не беспокоит?
Кейін звондаймын. Сөйлемейтін жерде отырмын. – Я попозже перезвоню. Я нахожусь, где говорить нельзя.
Осыға сен кінәлісің. – В этом ты виноват.
21-19
Сен мені танымай қалдың ба? – Ты меня не узнал?
Неге үндемейсің? – Почему молчишь?
Бір-бірімізді көрмегелі отыз жылға жуық болды. – Мы с тобой не виделись около тридцати лет.
Әй, азамат екенсің, мықты бол. – Ай, ты мужчина, оказывается. Будь сильным.
Бар, орында! – Иди, выполняй!
Ерке, тентек болған шығарсыз? – Вы, наверное, были балованной, озорницей?
Өте тұйық болдым. – Я была очень замкнутой.
Сондай жайбасар болатынмын. – Была такой медлительной.
Мен өзі асықпайтын жайбасармын. – Я вообще не торопящий, медлительный человек.
Ата-анаңыз қарсы болмады ма? – Ваши родители не были против?
21-20
Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз? – Как Вы познакомлись со своим мужем?
Бір ғана мысал келтірейін. – Приведу один только пример.
Мен өзі тез толып кететін адам. – Я, вообще, быстро полнеющий человек.
Сондықтан кешкі сағат алтыдан кейін тамақ жемеуге тырысамын. – Поэтому, после шести часов вечера стараюсь не кушать.
Ол кісінің қолынан бәрі келеді. – Этот человек может всё.
Әуелі етті пісіру керек. – Сначала нужно сварить мясо.
Бірін-бірі күндемейді. – Не завидуют друг другу.
Мен оның қол астында екі жыл қызмет істедім. – Я два года работал под его руководством.
Рухани жаңғыру. – Модернизация общественного сознания.
Неден бастасам екен. – С чего же мне начать?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 20 Вернуться к началу Полезные фразы 22  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв