Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 3 
 4 
 5 
 6 

Полезные фразы

Сборник 23

Составитель: Рауль Керимбаев

23-01
Мен осы жерден ешқайда кетпес едім. – Я отсюда бы никуда не уезжал бы.
Солай болып шықты. – Так и вышло.
Ұйықтап қалғансыз ба? – Вы уснули что ли?
Шашым өсіп кетіпті. – Волосы мои обросли.
Өз көзіме сенбей қалдым. – Я не поверил своим глазам.
Мұрныңды бет қып жіберейін бе осы? – Размазать тебе что ли твой нос по лицу?
Осыға сен кінәлісің. – Этому ты виноват.
Алғашқы қадам жасадың. – Ты сделал первый шаг.
Енді екінші қадам жасауға тиісің. – Теперь ты должен сделать второй шаг.
Ұмытпа бізді, телефон соғып тұр. – Не забывай нас. Звони.
23-02
Бұл істі өз бақылауыңа ал. – Возьми это дело под свой контроль.
Мұнда неменеге келдіңіз? – Вы зачем сюда пришли?
Еңбекақыны не үшін алып жүрсіз? – За что получаете зарплату?
Шығып тұрыңыз! – Выйдете!
Мына жиіркенішті әрекетіңізді қалай ақтап алар екенсіз. – Интересно, как Вы оправдаете этот свой отвратительный поступок.
Баяндауға рұқсат етіңіз. – Разрешите доложить.
Бұл мәселені мен талқылай алмаймын. – Этот вопрос я не могу обсуждать.
Не қарап тұрсыңдар? – Что смотрите?
Ұзақ жолдан шаршап келдің. Үйге кірейік. – Ты устал с дороги. Давай зайдем домой.
Беті-қолымды жуып алайын. – Я схожу умоюсь.
23-03
Кане, тамақ алыңдар. Жеп ішіңдер. – Давайте, угощайтесь. Ешьте.
Мінезі қырсық – У нее упертый характер.
Бағын ашылсын! – Будь счастлива!
Сен - қаһармансың! – Ты герой!
Сіз өте қайырымды екенсіз! – Вы очень добры!
Мен қатты ыңғайсызданып тұрмын. – Мне очень неприятно.
Неге полицияға шағынбаған? – Почему она не пожаловалась в полицию?
Амал бар ма сүйтеміз. – Мы так поступим, другого выхода нет.
Қайда барады дейсің? – Куда он денется?
Менімен бірге жүріңіз. – Пойдемте со мной.
23-04
Қамқорлығыңызға рақмет. – Спасибо за заботу.
Екі сағат болды сені күткеніме. – Прошло два часа, как я тебя жду.
Мазаламаңдаршы мені. – Не беспокойте меня, пожалуйста.
Саған көп уақыт ренжіп жүре алмаймын. – Я не могу долго на тебя обижаться.
Сол жерге мен күнде барып жүрмін. – Я каждый день туда хожу.
Сен асығып тұрған жоқсың ба? – Ты не торопишься?
Ұялы телефоным қайда? – Где мой сотовый телефон?
Төсектің үстінде жатыр. – Он на кровати.
Асықпай ойлап көріңіз. – Подумайте, не спеша.
Қайда кете бересің? – Ты куда уходишь все время?
23-05
Міне, көрдіңіздер ме? – Вот, видите?
Ұйқыңнан оятып жібердім бе? – Я тебя разбудил?
Мен саған лайықты емеспін. – Я тебя не достоин.
Сәлеміңді жеткіземін. – Привет твой передам.
Көмегіңе көп рақмет. – Спасибо тебе за помощь.
Мұнда қашан келдіңіз? – Вы когда приехали сюда?
Бүгін келіп едім. – Я сегодня приехал.
Біз бәрін дайындап қойдық. – Мы все приготовили.
Қазір. Тексеріп көреміз. – Сейчас. Проверим.
Тапсырмаңыз мүлтіксіз орындалады. – Ваше задание будет выполненно беспрекословно.
23-06
Менiң бiр өтiнішiм бар, соны орындаймысың? – У меня есть одна просьба, ты выполнишь ее?
Қолдан келсе, орындайын. – Если смогу, выполню.
Жазықсыз жазаландым. Соған ренжіп едім. – Без вины наказан. На это обиделся.
Бұл жерде неғып жүрсің? – Что ты здесь делаешь?
Осылай кездесеміз деп кім ойлаған... – Кто думал, что вот так встретимся.
Болар іс болыпты, өкінгеннен пайда жоқ. – Что было, то было. Нет пользы от сожаления.
Өзің не істедің? – Сам что делал?
Мен сізді сыртай білемін. – Я Вас заочно знаю.
Сіз қалай десеңіз солай болады. – Вы как скажете, так и будет.
Көп сөйлеймей тамағыңды іш. – Ешь, много не разговаривая.
23-07
Білгісі келген адам - біліп алады ғой – Кто хочет узнать - узнает.
Өте жақсы ұсыныс. – Очень хорошее предложение.
Емтиханнан «екі» ап қалдың ба? – На экзамене «двойку» получил что ли?
Не деген жүйкесі мықты адам. – Какие у него крепкие нервы.
Қашан кездестіңіздер? – Когда вы встретились?
Не істерімді білмей, сізбен ақылдасуға келдім. – Не зная что мне делать, приехал к вам посоветоваться.
Қанша уақыт боламын дейді? – Он сказал сколько времени пробудет?
Білмеймін, өзі жағдай реттелгенше деген. – Он сказал, как уладятся его дела.
Қызбаланба! – Не горячись !
Жайырақ, балаларды оятып аларсың. – Потише, разбудишь детей.
23-08
Арамызда түсініспеушілік пайда болған сияқты – Кажется , между нами появилось непонимание.
Екеуі ит пен мысық сияқты. – Они вдвоем, как кошка с собакой.
Бір-біріне айтпайтын сөзі жоқ. – Что только не говорят друг другу.
Неге ажырасып кетпейсіз? – Почему вы не разойдетесь?
Сен кейін есейе келе түсінесің. – Ты потом, когда подрастешь поймешь.
Сырымды ешкімге айта алмаймын. – Свою тайну никому не могу рассказать.
Не істесем болады? Кеңес күтем... – Что же мне делать? Жду совета...
Бірақ мен мұндай қорлыққа шыдай алмайтын шығармын. – Но я, наверное, не выдержу такого унижения.
Әже, сіз тамағыңызды түсіргенше мен мызғып алайын. – Бабушка, пока вы готовите еду, я подремлю.
Тамағым не болып жатыр екен, барып көрейін. – Пойду посмотрю, что там с моей едой.
23-09
Сонша неге ұзақ? – Почему так долго?
Ол сенің туысың ба? – Он твой родственник?
Осы уақытқа дейін қайда жүрсің, сағат он жарым болды ғой. – Где ты ходишь до такого времени, уже половина одинадцатого.
Алдымен халықпен кеңесейік – Сперва посоветуемся с народом.
Ол осында тұратын бола ма? – Она что здесь будет жить?
Ертең тындырасың. – Завтра доделаешь.
Ол жақта не істейді. – Что он там будет делать?
Сол жаққа көшеді. – Она туда переезжает.
Оның кетуіне қалай жол бердің? – Как ты мог позволит ей уехать?
Оған қалай бөгет боламын? – Как я могу этому помешать?
23-10
Мен оған ештеңе деп уәде бере алмаймын. – Я не могу дать ему никаких обещаний.
Жоқ. Менің күтіп алудің қажеті жоқ. – Нет. Не нужно меня встречать.
Онсыз да жұмысын көп. – И без этого у тебя работы хватает.
Әруақ секілді жүрмін. – Как призрак хожу.
Күн шықты, бұлт кетті. – Солнце взошло, тучи разошлись.
Неге ұзак жоғалтып кеттің? – Почему надолго пропал?
Саған қанша рет уәде беруім керек? – Сколько раз я могу тебе обещать?
Осылай болып қалды – Вот так получилось.
Жұмыстарымды жасадым. – Я делал свою работу.
Мен кеттіп барамын. – Я уезжаю.
23-11
Бәрі бақытты болуға лайықты! – Все достойны быть счастливыми!
Оның дені сау емес. – Он не здоров.
Мынау не енді? – Ну вот что это было?
Ол әбден есінен адасқан сияқты. – Он как будто окончательно сошел с ума.
Әуре болмай-ақ қою керек еді. – Не стоило беспокоитиься.
Ауре болмаған жоқпыз. – Мы не беспокоились.
Тек бірге отырып тамақтанғымыз келді. – Только захотелось вместе покушать.
Сен әлі жылап жүрсің бе? – Ты до сих пор плачешь?
Мұнда іспен келдім дейсің, ал, құлағымыз сенде. – Говоришь, что сюда по делу пришел. Говори, мы тебя слушаем.
Зор үмітпен күтем сені. – С большой надеждой жду тебя.
23-12
Мына жерге қол қойыңыз. – Вот здесь распишитесь.
Мен біраздан келемін. –Я скоро вернусь.
Бір нәрсемен айналыс. – Займись чем-нибудь.
Көз алдымда көлбеңдемеші. – Не стой над душой.
Қойшы сөйле бермей. – Хватит болтать.
Сен нағыз ақымақсың. – Ты настоящий недоумок.
Бірақ бұл қалыпты жағдай ғой. – Но это же нормально.
Шаршатып жібердің мені. – Ты меня утомила.
Аузыңнан бір жақсы сөз шықпайды. – Ты никогда не скажешь хоть одного хорошего слова.
Сені тындасам жүрегім айниды. – Тебя послушать тошнит.
23-13
Дұшманым толып жатыр – Врагов у меня хватает.
Мен ешкім алдында есеп беруге міндетті емеспін – Я не перед кем не обязана отчитываться.
Не деген бір беткейсің! – Какая ты принципиальная!
Өкінішке орай, сондаймын. Өзгере алмаймын. – К сожаленью, я такая. Не могу измениться.
Өзгермей-ақ қой. – И не изменяйся.
Ол айтқанымды мүлде дұрыс түсінбеген. – Он совсем неправильно понял меня.
Оның бытшытын шығарамын. – Разобью ее вдребезги.
Ол әлі көресіні көреді. – Она еще помучается.
Бұрын мұндай емес едің. – Раньше ты не была такой.
Бұл әзіл емес, қылмыстық істер – Это криминальные дела, не шутки.
23-14
Жағдайдың маңыздылығын түсінбейсің – Ты не понимаешь всей серьезности.
Мен үшін сен ғана маңыздысың – Для меня важна только ты.
Қанша уақыт ұйықтадым? – Сколько часов я проспала?
Омлет әзірледің ба? – Ты приготовила омлет?
Өте ыстық, абайла – Будь осторожна, очень горячее.
Демалыс күні де тыныштық жоқ – Даже в выходные дни нет покоя.
Біз ешқайда бармаймыз – Мы никуда не пойдем.
Қалаған жеріңе бара беріңдер – Ежайте, куда хотите.
Әпке, көңіл-күйімізді түсірме – Сестра, не порть нам настроение.
Көңіл-күйлерінді түсіретін мен емеспін – Не я порчу вам настроение.
23-15
Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың? – Сынок, ты ведь знаешь, что кушать много конфет вредно для здоровья?
Не қарап жүрсің? – Что ищешь?
Сен қарсы алуға барасың ба? – Ты поедешь встречать?
Зауқым жоқ – Мне что-то не хочется.
Сен сырқаттанып қалған жоқсың ба? –Ты не заболел?
Саған міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. – Тебе нужно обязательно показаться врачу.
Бәрі де біледі, бәрі де сезіп қойыпты! – Все знают, все догадываются!
Күшінді жинап ал. – Соберись с силами.
Өткенді ұмыт. – Забудь о случившемся.
Ол менің туысым. – Он мой родственник.
23-16
Бұл сенің соңғы мүмкіндігің. – Это твой последний шанс.
Міндетті түрде кездесеміз. – Мы обязательно встретимся.
Біз қонаққа кетіп барамыз. – Мы идем гости.
Кешке қыдырайық. – Давай вечером погуляем.
Бәлкім келетін шығар. – Возможно он придёт.
Бұл өте күлкілі. – Это очень смешно.
Қандай ойларың-жоспарларың бар? – Какие у вас есть мысли, планы?
Бірдеңе десеңші. – Скажи что-нибудь, пожалуйста.
Ең бастысы - шанырақтың тыныштығы. – Самое главное - спокойствие в доме.
Кешірім сұрап қажет емес, ондай-ондай болады. – Не нужно просить прощения, такое случается.
23-17
Бек қуаныштымыз. – Мы очень рады.
Қырық жаста өмір енді басталады. – В сорок лет жизнь только начинается.
Сен тек өзіңді ғана ойлайсың. – Ты только о себе думаешь.
Бәрі де тек сенің ойлағаныңдай болуы керек. – Хочешь, чтобы все было только по-твоему.
Енді оның тағдыры сенің қолыңда, қаласаң - жар боласың, қаламасаң өлтіресің... – Так что теперь его судьба в твоем полном распоряжении: захочешь - помилуешь, не захочешь - на веки погубишь.
Қалжынды қой. – Прекрати шутить.
Кеткеннен келердің жеңілдігі жоқ! – Час от часу не легче!
Сағынып жүрсіз бе? – Вы тоскуете?
Әңгіме онда емес. – Дело не в этом.
Бүрсігүні келемін. – Буду послезавтра.
23-18
Ештеңе қажет емес, барыңыз! – Ничего не надо, идите!
Неге сен үндемейсің, маған айтарың жоқ па? – Что же ты молчишь, ничего не скажешь мне?
Оны маған несіне айтып отырсын? – Зачем ты мне это рассказываешь?
Сен мені неге аямайсың? – Почему ты меня не жалеешь?
Саған жаным ашиды – Жаль мне тебя от души.
Сен өзіңді-өзің ертерек жоғалттың. – Рано ты поставил крест на себе!
Сен бұған қалай қарайсың? – Как ты на это смотришь?
Бұл кісі әрдайым осындай. – Этот человек всегда такой.
Шулама. – Не шуми.
Мен сізге дән ризамын. – Я глубоко признатлен Вам.
23-19
Ең жақсы көретін тамағыңыз? – Ваша самая любимая еда?
Жалғасы міндетті түрде болады. – Продолжение обязательно будет.
Ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. – Никто никому ничего не должен.
Сен махаббатқа сенесің бе? – Ты веришь в любовь?
Мына түрің не? – Что это у тебя за вид?
Біз қалай ақталамыз? – Как мы будем опрадываться?
Біз ақтауымыз керек пе? – Разве мы должны оправдываться?
Сұраса, айтамыз. Сонымен бітті – Спросим, скажем. На этом все.
Бірдеңе айтшы. – Скажи что-нибудь.
Сені қалаған жеріңе апарамын – Я отвезу тебя куда пожелаешь.
23-20
Құр уәдеден шаршадым. – Я устал от пустых обещаний.
Мұны саған кім үйретті? – Кто тебя этому научил?
Мұны маған біреу үйретті дейсің бе? – Ты думаешь, что меня кто-то научил этому?
Тағы кiмде қандай ұсыныс бар? – У кого какие еще есть предложения?
Енді қайттік? – И что нам теперь делать?
Сіз жаңылысып тұрсыз! – Вы ошибаетесь!
Біз сізді сыйлаймыз, құрметтейміз, үлгі тұтамыз. – Мы Вас уважаем, почитаем, ставим в пример.
Жеп тойып ал, ол жакта бундай тамак кім береді саған? – Поешь досыта, кто тебе там так накормит?
Конақтарды қарсы алыңдар. – Встречайте гостей.
Келесі! – Следующий!



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 22 Вернуться к началу Цитаты, афоризмы и пр. 01  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв