Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 28

Составитель: Рауль Керимбаев

28-01
Немене? Барлығын ба? – Что? Всё что ли?
Иә, барлығын жұмсадым. Тек ұрыспашы! – Да, всё истратил. Только не ругайся.
Не алдың сонда? – И что ты купил?
Қанша айтуға болады? Ол түс ұнамайды маған! – Сколько можно говорить? Мне этот цвет не нравится.
Ал, енді асықпай отырып тамағыңды ішіп ал. – А теперь садись, не торопясь покушай.
Ұмытып қалдыңдар ма? – Вы забыли?
Сендер аты-жөндеріңді де ұмытып қаларсыңдар мына түрлеріңмен. – Таким образом вы забудете и как вас величают.
Біз сондаймыз, біз біріншіміз, жұрттың бәрі бізден үлгі алады. – Мы такие, мы первые, все с нас берут пример.
Тездетіңдер, «Жедел жәрдем» шақыртыңдар! – Быстрее, вызывайте «Скорую помощь»!
Болыңдар, естерің дұрыс па сендердің?! – Давайте быстрее, вы в своём уме?!
28-02
Заңды бұзбау керек. – Не нужно нарушать закон.
Сен оданда сөзді доғар да, жұмысты жақсылап істе. – Ты лучше прекращай разговоры, и работай хорошо.
Телефон соғуға болар ма екен? – Можно ли позвонить?
О, құрметті ханымның есімін білуге болар ма екен? – О, можно узнать имя уважаемой госпожи?
Тұсаукесерге дайындық қалай? – Как подготовка к презентации?
Мені ұятқа қалдырма. – Чтобы мне не было стыдно за тебя.
Қашып кетсек қайтеді? – А если нам сбежать?
Бір амалын тапсайшы енді. – Ну, найди какой-нибудь выход.
Сіз неге мына жерде темекі шегесіз? – Почему Вы здесь курите?
Бұрын - оны бiлмеушi едiм. – Раньше я его не знал.
28-03
Бiрдеңе айтып жiбер. – Скажи что-нибудь.
Бақыт үшін! – За счастье!
Ешқашан ауырып-сырқамайық! – Давай никогда не болеть!
Алдағы арман-мақсатымыз үшiн. – За наши будущие мечты и цели!
Біз бұлай келіскен жоқпыз. – Мы так не договаривались.
Енді барып дем алыңыздар. – А теперь идите отдыхать.
Сағат бес жарымда сізге өзім келіп, көлікпен алып кетемін. – Я заеду за Вами в половине шестого на машине.
Өзім де түсінбей тұрмын. – Я и сам понять не могу.
Оны кейін түсіндірем. – Это я потом объясню.
Сөйтсек сөйтейік. – Если так надо сделать, давайте так и сделаем.
28-04
Айналаға қараңдаршы, қандай тамаша! – Посмотрите вокруг, как прекрасно!
Көлікке мініңіздер. – Садитесь в машину.
Мен сіздерді Павлодарға дейін апарып тастайын. – Я вас довезу до Павлодара.
Күнді жер айналады. – Земля вращается вокруг Солнца.
Маған сенбейсің бе? – Ты мне не веришь?
Саған сенбей кімге сенемін? – Если тебе не верить, то кому можно?
Мен де соны айтайын деп едім. – Я тоже это хотел сказать.
Ал сонымен саған не керек? – Ну и что тебе надо?
Бүгін әке-шешем келе ме? – Сегодня что, мои родители приедут?
Құдай бұйырса келер. – Даст Бог, приедут.
28-05
Олармен бірге қайтқым келмейді, ата. – Деда, я не хочу с ними домой ехать.
Неге қайтпайсың? – Почему не хочешь возвращаться?
Неге сұрайсыз? Менен құтыла алмай жүрсіз бе? – Зачем спрашивайте? Вы что избавиться от меня не можете?
Мен омбылықпын. – Я омич.
Не тезірек өтіп кет, не жолдан былай тұр. – Либо быстрее пройди, либо отойди в сторону.
Думан болады. – Будет весело.
Келмесеңдер өздерің біліңдер. – Если не придете, сами знаете.
Дастарханға келіңіз. – Проходите к столу.
Үлкендерді дастарханға шақыр. – Зови старших к столу.
Шайыңыз суып қалмасын, ыстықтай iшiп алыңыз! – Ваш чай пусть не остынет, пейте, пока горячий!
28-06
Жалғызбасты әйелге келуші болма. Жұрт басқаша ойлап қалады. – Не ходи к одинокой женщине, а то люди не так поймут.
Қажет емес, керегі жоқ. – Не стоит, не надо.
Бас тартуыма тура келеді. – Я должен отказаться.
Бұл дәл емес. – Это не точно.
Сен осымен келісесің бе? – Ты с этим согласен?
Киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? – Ты заходил внутрь юрты?
Өзімді жаман сезініп тұрмын. – Я себя скверно чувствую.
Күлейін бе, жылайын ба? – Смеяться мне или плакать?
Шаршап тұрмын. – Я устал.
Сабағыңды оқымай далаға шықпайсың! – Пока не выучишь уроки, на улицу не выйдешь!
28-07
Астанаға бармағалы көп болды. – Давно я не был в Астане.
Қандай мәдениеттісің! – Какой ты культурный!
Сені ешкімге де, ештеңеге де айырбастамаймын. – Тебя ни на кого и ни на что не поменяю.
Қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасаймын. – Делаю переводы с казахского на русский, с русского на казахский язык.
Жылдам және сауатты. – Быстро и грамотно!
Мен орыс тілін еркін меңгеремін. – Я свободно владею русским языком.
Мен қазақ тілін таяуда үйрене бастадым. – Я недавно начал изучать казахский язык.
Ал таныс емес сөздер кездескенде не істейсің? – А что ты делаешь, если встречаешь незнакомые слова?
Ондай кезде түрлі сөздіктерді пайдаланамын. – В таком случае я пользуюсь различными словарями.
Бос әңгімені қойыңдар! – Прекращайте пустые разговоры!
28-08
Жаңбыр тамшылап жауа бастады. – Дождь начал накрапывать.
Қазір олар өтіп кетсін. – Сейчас, они пусть пройдут.
Телефон арқылы кім емдейді? – Кто лечит по телефону?
Жиі ұрысамыз. Бірақ бақыттымыз. – Часто ругаемся. Но счастливы.
Қаласаң, бәрін басынан бастайық. – Если хочешь, давай начнём всё с чистого листа.
Айтпақшы, мен сізге бір қызық айтайын. – Кстати, я расскажу Вам кое-что интересное.
Мереке қарсаңында. – Накануне праздника.
Қазір нарық заман. – Сейчас рыночное время.
Мен біліп едім...– Я знала...
Айтып едім ғой. – Я же говорила.
28-09
Немене, барғың келмей жатыр ма? – Что, ты что не хочешь ехать?
Әрине, бармаймын. – Конечно, не поеду.
Үйрене жүріп үйретіп жүрмін. – Учась учу других.
Сендер не әйел, не ер емессіңдер. Сендер мемлекеттік қызметкерсіңдер. – Вы не женщины, и не мужчины. Вы госслужащие.
Қаймықпаңдар, бәрі де жақсы болады! – Не бойтесь, всё будет хорошо!
Өткенде бір әйел «Байға ти де, үйде отыр!» деп еді. – Недавно одна женщина мне сказала: «Выходи замуж и сиди дома».
Дұрыс айтқан екен! – Правильно она говорила!
Ата-анам - ауқатты адамдар. – Мои родители - состоятельные люди.
Ешқашан қиындық көрмеген. – Никогда не видевшие трудностей.
Сен білімді жігітсің ғой. Сұрағыма жауап берші. – Ты же начитанный парень. Ответь на мой вопрос.
28-10
Көршіңізді алаңдатпаңыз. – Не отвлекайте Вашего соседа.
Өз бетіңізбен жұмыс істеңіз. – Работайте самостоятельно.
Егер сұрақтарыңыз болса маған қойыңыздар. – Пожалуйста, спрашивайте, если у вас есть какие-либо вопросы.
Тағы да сөйлеймін дегендеріңіз бар ма? – Кто ещё желает сказать?
Шайды қоя салшы, шөлдеп өліп бара жатырмын. – Поставь чаю, умираю от жажды.
Біздің болжамымыз бойынша. – По нашим предположениям.
Түсінбедім сізді... – Не понял Вас...
Сіздің кезегіңіз. – Ваша очередь.
Алайда қазір қоғамда парадигма өзгеріп бара жатыр. – Но сейчас в обществе меняется парадигма.
Алдымен өзің үйреніп ал. – Ты сначала сам научись.
28-11
Мен айтқанымды ұмытпа, жарай ма? – Не забудь то, что я сказала тебе, ладно?
Хат жазып тұр. – Пиши письма.
Неге рұқсат сұрап кірмейсің? – Почему ты заходишь без спроса?
Кешіріңіз, абайламай қалдым. – Извините, я не заметил.
Үйге қайқай жылдам! – Быстро иди домой!
Айттым - бітті. Болмайды. – Я сказал - всё. Нельзя.
Ту, мынауың қырсығың-ай! – Вот упрямец!
Эй, ол жерде не бар, а? – И что тебе там надо?
Өткен-кеткендерін қарап жатырсың ба, а? – Глядишь, кто куда пошёл? Да?
Орысша жақсы түсінеді. Орысша сөйлей беріңіз. – Он хорошо понимает по-русски. Говорите по-русски.
28-12
Күшті ғой! – Здорово же!
Құдайым-ау, сізді көргеніме соншалықты қуанып тұрмын! – Боже мой, я так рада видеть Вас.
Неге үй жинап жүрсің? – Ты почему убираешься в доме?
Әлде сен осы үйде тұрасың ба? – Или ты в этом доме живёшь?
Енді кім жинайды? – А кто будет убирать?
Білмеймін, бізде қонақтар үй жинамайды. – Не знаю, у нас гости не убирают.
Тәрбиесіздігіңді көрсетпе. – Не показывай свою невоспитанность.
Қайта-қайта звандай берме. – Не звони так часто.
Мен саған бәрін әкеліп беремін. – Я тебе всё принесу.
Одан артық ештеңе жоқ. – Лучше этого ничего нет.
28-13
Масқара болудан қорқамын. – Боюсь быть опозоренным.
Қанша десең, сонша береміз. – Сколько скажешь, столько и дадим.
Біз жақта тонды бәрі кие береді. Күн суық қой! – В наших краях все шубы носят. Холодно же ведь!
Сен неге кимейсің? – Ты почему не одевешь?
Жұп-жұқа жарғақпен бүрсеңдеп жүрсің. – Ходишь, съежившись в лёгкой верхней одежде.
Ол рас, менің тон алатын артық ақшам жоқ. – Это правда, на шубу у меня нет денег.
Артық ақшам болса да тон алмаспын. – Даже если бы были лишние деньги, я не взяла бы шубу.
Ол адамның талғамына байланысты емес пе? – Это же зависит от вкуса людей, так же?
Бар үміт Айшада. – Вся надежда на Айшу.
Неге мұңайып отырсың? – Ты чего печальная сидишь?
28-14
Жай, әншейін. Шаршап отырмын. – Так, просто. Устала.
Алғашында шошып кеттім. – Вначале я напугалась.
Сіз мұнда қайдан пайда болдыңыз? – Вы откуда здесь?
Өзің сұп-сұлу екенсің! – А ты очень красивая, оказывается!
Меніңше, мен өте ласпын. Суға түссем бола ма? – По-моему, я грязный. Можно мне искупаться?
Ыстық ваннадан артық ештеңе жоқ. – Ничего нет лучше горячей ванны.
Сен алдымен өзіңе қарап ал. – Ты сначала на себя посмотри.
Бақытымды тапқандай қуанып едім. – Обрадовался, словно счастье своё нашёл.
Ол балалардың денсаулығымен ант-су ішті. – Она поклялась здоровьем детей.
Аузым кеуіп қалды. – В горле пересохло.
28-15
Қайтып келгенсің бе? – Ты вернулся?
Әй, оттамашы өзің! – Эй, прекратити болтать вздор!
Барасың ба менімен? Жүр! – Пойдёшь со мной? Пошли!
Шақырсаң барамын. Бойдақ жігіттер бар ма? – Если зовёшь, пойду. Там холостые ребята будут?
Бар болғанда қандай! – Еще какие!
Қойшы-ей! Таныстырасың ба? – Да, ну! Познакомишь?
Таныстырайын. Ол саған ұнаса! – Познакомлю. Если тебе понравится!
Біз өсек айтқанды жақсы көреміз ғой. – Мы же любим посплетничать.
Ойнап айтамын, сен оған айтып қойып жүрме! – Я шучу, ты не проговорись.
Нем бар оған айтып? – Зачем мне ей говорить?
28-16
Тығыз шаруаңыз жоқ па? – Нет ли у Вас срочных дел?
Жоқ, дәл қазір асығатындай ештеңе жоқ. – Нет, именно сейчас ничего спешного нет.
Онда жүріңіз, бір жерге кіріп тамақтанып алайық. – Тогда идёмте, зайдем куда-нибудь, покушаем.
Үйдің еркесі. – Любимец всей семьи.
Көмектесуге рұқсат етіңіз. – Разрешите Вам помочь.
Аяқ киімді шеш. – Снимай обувь.
Мынау дауысы қайдан шығып жатыр? – Откуда раздаётся этот голос?
Құлыным-ау, сен неге тығылып отырсың? – Жеребёночек мой, ты чего прячешься?
Мен сені таң атқалы іздеп уайымдап жүрмін ғой. – Я же переживаю и ищу тебя с раннего утра.
Неге көңілсізсің, неге үндемейсің? – Почему не весёлая, почему молчишь?
28-17
Бір нәрседен қорықтың ба? – Ты чего-то испугалась?
Әлде қонақтардан ұялып тұрсың ба? – Или стесняешься гостей?
Келе ғой құлағыма айтшы. – Иди, скажи мне на ушко.
Бұл бәледен шығатын жол бар ма өзі? – Есть ли выход из этой ситуации?
Айттым ғой, сендер ақша ұстауды білмейсіңдер. – Я же говорил, вы не умеете тратить деньги.
Сізді бір минутқа болар ма екен? – Можно Вас на минуточку?
Әлде мен бәрін жаман болсын деп жасаймын ба? – Или я делаю всё для того, чтобы было плохо?
Жарайды, мен араласпайтын боламын. – Ладно, я не буду вмешиваться.
Ай, құрып қалсыншы! Бір жағы шығады әйтеуір. – Эй, пропади всё проподам! Что-нибудь да получится.
Баланы қанша уақытқа алып келдіңдер? – На какой срок привезли ребёнка?
28-18
Бір-екі апта қала тұрсын. Көп емес. – Пусть останется на пару недель. Ненадолго.
Қосшы мына теледидарды. – Включи телевизор.
Толқып тұрсың ба? – Нервничаешь?
Сөзіме тұрмаған кезім болды ма? – Я когда-нибудь не сдерживал обещания.
Кешіріңіз, жасыңыз қаншада? – Извините, сколько Вам лет?
Өзіңіздің жасыңыз қаншада? – А Вам сколько лет?
Дәлел болмаса, ол бізге сенбейді. – Если не будет доказательства, он нам не поверит.
Мен бұл жайлы естімеппін. – Я не слышал об этом.
Құдай одан сақтасын! – Боже, упаси от этого!
Бас киімің қайда? Неге кимейсің? – Где твой головной убор? Почему не одеваешь?
28-19
Басыңа суық тиеді, киіп жүрсеңші! – Одевай, пожалуйста, а то простудишь голову.
Баста ми жоқ қой, ми болса менингит болар еді! – В голове мозгов нет, если бы были, был бы менингит!
Людвиг Ван Бетховеннің «Айлы түнгі соната» тындап отырдым. – Я сидел и слушал «Лунную сонату» Людивга Ван Бетховена.
Сіз осында екенсіз ғой. – А Вы здесь, оказывается.
Қане, мә, мынаны ұстай тұр, мынаны мен алайын. – Вот, держи это, а я возьму это.
Бұл менің атқарған ісім. – Это моих рук дело.
Аяқ астынан қазақша сөйлеп адамды көрдіңіз бе? – Вы видели человека, который вдруг заговорил по-казахски?
Сізге арнап жасадым. – Сделал специально для Вас.
Қазір ештеңе айта алмаймын. – Сейчас ничего не могу сказать.
Мен жұмысқа асығып тұрмын, кешігіп қалсам ұят болады. – Я опаздываю на работу, стыдно будет, если опаздаю.
28-20
Ұят болады, бару керек. – Будет стыдно. Надо пойти.
Мен сені мүлдем түсінбеймін. – Я тебя совершенно не понимаю.
Сенен әдемі қыздар жоқ деп едің бе? – Думаешь, что кроме тебя нет красивых девушек?
Ер жеттің, есейдің. – Ты вырос, возмужал.
Менен де бір кәдесый болсын, қабыл ал. Ұста. – Пусть это будет подарком от меня. Держи.
Саған естелік болып қалсын. – Пусть тебе останется на память.
Осы сағатқа қарап уақыты біліп, мені есіне алып жүресің. – Глядя на эти часы будешь вспоминать меня.
Әне-міне дегенше қайтып келемін. – Пока то да сё, я уже вернусь.
Мен сені өмір бақи күтуге дайынмын. – Я готова тебя ждать всю жизнь.
Жаңалықты естідіңдер ме? – Слышали новость?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 27 Вернуться к началу Полезные фразы 29  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв