Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, П

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

П
Пакет документов. Құжаттар топтамасы.
Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а его владелец находится под защитой Республики Казахстан. Төлқұжат Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады, ал оның иесі Қазақстан Республикасының қорғауында болады.
Первый раз слышу. Бірінші рет естіп тұрмын.
Переговоры не дали никаких результатов. Келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді.
Перед Вами моя совесть чиста. Сіздің алдыңызда арым таза.
Перед законом и судом все люди равны. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Перед законом мы все равны. Заңның алдында бәріміз бірдейміз.
Перед нами поставлена большая цель. Біздің алдымызға үлкен мақсат қойылды.
Перед тобой неудобно получилось. Сенен ыңғайсыз болды ғой.
Передавайте от меня привет супруге. Жұбайыңызға менен сәлем айтыңыз.
Передайте это, пожалуйста. Мынаны беріп жіберіңізші.
Перейдём к делу. Іске кірісейік.
 2. Іске көшейік.
Перерыв с тринадцати до четырнадцати часов. Үзіліс сағат он үштен он төртке дейін.
Перестань дурачиться. Қылжақты қойсаңшы.
Перестань мне сказки рассказывать. Сен маған ертегі айтуды қой.
Переходим к следующему плану. Келесі жоспарға көшеміз.
Печатается на фирменном бланке. Фирмалық бланкілерде басылады.
Пишется с большой буквы. Бас әріппен жазылады.
План выполним. Жоспарды орындап шығамыз.
План на неделю. Апталық жоспар.
План работы на год. Жылдық жұмыс жоспары.
План работы не выполнен. Жұмыс жоспары орындалған жоқ.
План социального развития трудового коллектива. Еңбек ұжымының әлеуметтік даму жоспары.
Платная услуга. Ақылы қызмет.
Планов у нас много. Жоспарларымыз көп.
Плохая наследственность. Нашар тұқым қуалаушылық.
Плюс к тому. Оған қоса.
По-Вашему, на сколько минут можно опоздать на деловую встречу?
 - На деловую встречу опаздывать нельзя.
Сіздіңше, іскерлік кездесуге қанша минутқа кешігуге болады?
 - Іскерлік кездесуге кешігуге болмайды.
По Вашему поручению. Сіздің тапсырмаңыз бойынша.
По возможности. Ретіне қарай.
 2. Мүмкіншілігіне қарай.
По всей вероятности. Ықтимал.
 2. Мүмкін.
По всей стране. Бүкіл елде.
По всем правилам. Барлық тәртіпке сай.
По всем признакам. Барлық белгілері бойынша.
По всему свету. Бүкіл жер жүзінде.
По горизонтали.
 - По вертикали.
Көлденең бойынша.
 - Тігінен.
По договоренности. Келіскендік бойынша.
 2. Уағдаластық бойынша.
По данному вопросу. Осы мәселе бойынша.
По договору. Шарт бойынша.
По долгу службы. Қызметтік міндеті бойынша.
По дороге были пробки. Жол бойы кептеліс болды.
По-другому не скажешь. Басқаша айта алмайсың.
По его мнению. Оның ойынша.
По истечении срока. Мерзімнің аяқталуына.
По казахскому обычаю. Қазақ салты бойынша.
По какой причине? Не себепті?
По какому вопросу вызвали? Не шаруамен шақырып алдыңыз?
По какому поводу? Қандай себеппен?
По мере возможности. Мүмкіндігіне қарай.
 2. Шама-шарқы келгенше.
По мере требования. Қажет болған сәтте.
По-моему, должно быть так. Меніңше, осылай болу керек.
По-моему, можно считать вопрос решённым. Менімше, мәселе шешілді деуге болады.
По моему предположению. Менің болжауымша.
По моему скромному мнению. Менің қарапайым пікірім бойынша.
По моим подсчётам. Менің есебім бойынша.
По нашим предположениям (прогнозам). Біздің болжамымыз бойынша.
По неизвестным причинам. Белгісіз себептермен.
По необходимости. Қажетіне қарай.
По одному плохому поступку не говори, что человек плохой. Бір жаман қылығы үшін адам жаман деме.
По обязанности. Міндетті бойынша.
По окончании школы. Мектепті бітірісімен.
По официальным данным. Ресми деректер бойынша.
По очереди говорить можете? Кезекпен айтпайсыңдар ма?
По первоначальной версии. Алғашқы болжам бойынша.
По порядку. Рет бойынша.
 2. Ретімен.
По прогнозам синоптиков. Синоптиктердің болжауынша.
По семейным обстоятельствам. Отбасы жағдайымен.
По слухам. Естуі бойынша.
По старинке. Ескіше.
По старой привычке. Бұрынғы әдетінше.
По статистическим сведениям. Статистика мəліметтері бойынша.
По твоей вине мы здесь находимся. Біз сенің кесіріңнен осы жерде отырмыз.
По традиции. Дәстүр бойынша.
По указанию начальника управления. Басқарма бастығының нұсқауымен.
По этому поводу вечером устроим банкет. Осы оқиғаға орай кешке банкет ұйымдастырамыз.
По-другому не понимаешь! Басқаға түсінбейсің!
По-моему, ему нужна помощь специалистов. Меніңше, оған мамандардың көмегі керек.
По-разному. Түрліше.
По-твоему, это не грех? Сеніңше, бұл күнә емес пе?
По-твоему, я во всем виноват? Сеніңше, бәріне мен кінәлімін бе?
По-современному. Қазіргіше.
Победа будет за нами! Жеңіс біздікі болады!
Поверьте, я ничего не знал. Сөзіме сеніңіз, мен ештеңе білмедім.
Повтори, пожалуйста. Қайталап жіберші.
Повторите, пожалуйста. Қайталаңызшы.
Под Вашу ответственность. Сіздің жауапкершілігіңізге.
Подайте объявление в газету. Газетке хабарландыру беріңіз.
Подвиньтесь, пожалуйста. Жылжыңызшы.
Подводя итоги... Қорытындылай келе...
Подобная ситуация была три года назад. Осыған ұқсас жағдай үш жыл бұрын болған.
Подобные случаи были и раньше. Сол сияқты оқиғалар бұрын да болған еді.
Подожди. Тұра тұршы.
Подожди немного. Кішкене кідіре тұр.
Подождите его, он сейчас вернётся. Ол қазір келеді, күте тұрыңыз.
Подождите немножко. Кішкене күте тұрыңыз.
Подождите минутку. Бір минут күте тұрыңызшы.
Подозрительных вещей нет. Күдікті зат жоқ.
Подойди сюда. Бері таман кел.
Подойдите поближе. Это Ваша подпись? Бері жақындаңыз. Мына қол Сіздікі ме?
Подпись удостоверяю. Қолын куәландырамын.
Подпись составителя. Өтініш иесінің қолы.
Подписка о невыезде. Ешқайда кетпеу туралы тілхат.
Подпишите, пожалуйста, моё заявление. Арызыма қол қойыңызшы.
Подпишите, пожалуйста, этот протокол. Мына хаттамаға қол қойып беріңізші.
Подумай. Ойланып көр.
Подумай о себе. Өзіңді ойласаңшы.
Подумай об этом на досуге. Қолың бос кезде сол туралы ойлан.
Подумайте неспеша. Асықпай ойлап көріңіз.
Подумайте о здоровье. Денсаулығыңызды ойласаңызшы.
Подъезжайте сюда, потом вместе поедем. Осында келіңдер, сосын бірге барамыз
Подъём. (арм.) Ұйқыдан тұр.
Пожалуйста, Ваш заказ. Мінеки, бұл Сіздің тапсырысыңыз.
Пожалуйста, возьмите меня на работу. Я буду очень стараться. Өтінемін, мені жұмысқа алыңызшы. Мен қатты тырысатын боламын.
Поживём-увидим. Аман болсақ, көрерміз. 2. Тірі болсақ, көрерміз.
Пожмите друг другу руки. Қол алысыңдар.
Позвольте узнать? Білуге бола ма?
Позже обговорим, хорошо? Кейін талқылайық, жарай ма?
Поздно воспитывать меня. Маған тәрбие беруге тым кеш.
Позовёшь, если понадобится моя помощь! Көмегім керек болса, шақырарсың!
Пойдём, покажу. Жүр, көрсетейін.
Пойдём, поговорим. Жүрші, сөйлесіп қайтайық.
Пойдёмте со мной. Менімен бірге жүріңіз.
Пойду, попытаю счастья. Барып, бағымды сынап көрейін.
Пойду посмотрю. Барып қарап көрейін.
Пойду проверю. Барып тексерейін.
Пока не закончу работу, я никуда не пойду. Жұмысымды бітіргенше ешқайда бармаймын.
Пока не знаю. Әзірше білмеймін.
Пока ничего не известно Әлі ештеңе белгісіз.
Пока ничего не могу сказать. Әзірге ешнәрсе айта алмаймын.
Пока побудь здесь. Әзірше осында бола тұр.
Пока рано что-то говорить. Әзірге бірдеңе деуге ерте.
Пока тихо. Әзірге тыныш.
Пока то да сё. Әне-міне дегенше.
Полезные ископаемые. Пайдалы қазбалар.
Полная комплектация. Толық жабдықталған.
Полностью присоединяюсь. Толықтай қосыламын.
Полностью согласен с Вашим мнением. Пікіріңізге толықтай қосыламын.
Положение бедственное. Жағдай мүшкіл.
Положение осложнилось. Жағдай ушықты.
Получилось так, как ты говорил. Сен айтқандай болды.
Получишь в начале следующего месяца. Келесі айдың басында аласың.
Пользоваться словарём нельзя. Сөздікті пайдалануға болмайды.
Помогите, пожалуйста. Көмектесіп жіберіңізші.
Поможем всем, чем можем. Қолдан келгенше көмектесеміз.
Помолитесь за нас. Біз үшін дұға етіңіз.
Помяни моё слово. Осы сөзім есіңде болсын.
Пообещайте, а то не отпущу. Уәдеңізді беріңіз, әйтпесе жібермеймін.
Поправь волосы. Шашыңды дұрыстап жібер.
Попытайтесь вспомнить. Есіңізге түсіруге тырысыңыз.
Порученное дело взято под контроль. Тапсырылған жұмыс бақылауға алынды.
Порученные задания привыкайте выполнять своевременно. Берілген тапсырмаларды дер кезінде орындауға дағдыланыңыздар.
Порядок приёма граждан и рассмотрения их обращений. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау және олардың өтініштерін қарау тәртібі.
Посёлок городского типа. Қала үлгісіндегі ауыл.
Посидим, поговорим о делах. Отырып, шаруа жайлы әңгімелесейік.
Посигналь. Дабыл қағып көрші.
После трудного рабочего дня. Ауыр жұмыс күнінен соң.
Последний раз предупреждаю. Соңғы рет ескертемін.
Послушай. Құлақ салшы.
Посмотри вокруг. Маңайға қарашы.
Посмотри, до чего ты докатился! Жеткен жеріңе қарашы!
Посмотри мне в глаза, пожалуйста. Менің көзіме қарашы.
Посмотри на календарь. В каком веке мы живём? Күнтізбеге қара. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?
Посмотри на это с другой стороны. Бұған басқа жағынан қарап көрші.
Посмотрим. Көре жатармыз.
Посмотрим, кто есть кто. Кімнің кім екенін көреміз.
Посмотрите вот это. Мынаны қарап көріңіз.
Посмотрите назад. Артыңызға қараңызшы.
Постарайся. Тырысып көр.
Постарайся думать о хорошем. Жақсы нәрсе туралы ойлауға тырыс.
Постарайся её понять. Оны түсінуге тырыс.
Постараюсь изо всех сил. Қолымнан келгенше тырысамын.
Постараюсь не опоздать. Кешікпеуге тырысамын.
Посторонним вход воспрещён. Бөтен адамға кіруге болмайды.
Поставь перед собой цель! Алдыңа мақсат қой!
Потом будет очень поздно. Кейін тым кеш болады.
Потом всё поймёшь. Кейін бәрін түсінесің.
Потом скажу. Кейін айтамын.
Потом мы помирились. Кейін татуласып кеттік.
Потом поговорим. Кейін сөйлесерміз.
Потом посмотрим. Сосын көре жатармыз.
Потом сильно пожалеете. Кейін қатты өкініп жүресіз.
Потом спрошу. Содан кейін сұраймын.
Потом я тебе верну. Кейін саған қайтарып берермін.
Потому что мне не всё равно. Себебі маған бәрібір емес.
Потому что такие требования времени. Өйткені заман талабы солай.
Поторопись, а то опоздаем. Тездет, әйтпесе кешігеміз.
Потраченные расходы. Жұмсалған шығындар.
Потребуй. Пусть вернет долг. Талап ет. Қарызды қайтарсын.
Потуши, пожалуйста, свет. Шамды сөндіре қойшы.
Поторапливайтесь! Тездетіңдер!
Почасовая оплата. Сағаттық төлемақы.
Почему заходишь без разрешения? Неге рұқсатсыз кіресің?
Почему Вы замолчали? Неге үндемей қалдыңыз?
Почему Вы здесь курите? Сіз неге мына жерде темекі шегесіз?
Почему Вы опоздали? Сіз неге кешіктіңіз?
Почему вы нас не пускаете? Неге бізді кіргізбейсіңдер?
Почему Вы не выполнили задание? Сіз неге тапсырманы орындаған жоқсыз?
Почему Вы сразу смотрите подозрительно? Неге бірден күдіктене қарайсыз?
Почему вы так делаете? Неге олай істейсіңдер?
Почему Вы это не сделали? Сіз неге бұны істеген жоқсыз?
Почему вчера не пришёл? Кеше неге келмедің?
Почему люди возмущены? Жұрт неге ызалы?
Почему меня не убедил? Неге мені көндірмедің?
Почему меня никто не встречает? Неге мені ешкім қарсы алмай жатыр?
Почему молчат компетентные органы? Құзырлы органдар неге үнсіз?
Почему мы должны брать пример с них? Біз неге олардан үлгі алуымыз керек?
Почему не известил? Неге хабар бермедің?
Почему не можешь поставить себя на моё место? Өзінді менің орныма неге қойып көрмейсің?
Почему не спрашиваешь? Неге сұрамайсың?
Почему не хочешь понять? Неге түсінгің келмейді?
Почему он лезет в нашу жизнь? Ол неге біздің өмірімізге араласады?
Почему он не пожаловался в полицию? Ол неге полицияға шағымданбаған?
Почему среди нас нет такого человека? Біздің ортамызда мұндай кісі неге жоқ?
Почему так грязно? Неге сонша лас?
 2. Неге сонша кір?
Почему так долго? Неге сонша ұзақ?
Почему так рано уходишь? Неге ерте кетіп бара жатырсың?
Почему ты постоянно вмешиваешься? Неге араласа бересің?
Почему ты заходишь без спроса? Неге рұқсат сұрап кірмейсің?
Почему ты меня огорчаешь? Неге мені қынжылтасың?
Почему ты меня не жалеешь? Сен мені неге аямайсың?
Почему ты опоздал? Неге кешігіп келдің?
Почему опаздываешь? Неге кешігіп жатырсың?
Почему ты просишь прощения? Неге кешірім сұрайсың?
Почему ты раньше это не говорил? Неге осыны бұрын айтпай жүрдің?
Почему ты так быстро сдался? Неге сонша тез берілдің?
Почему ты так себя ведёшь? Неге өзінді солай ұстайсың?
Почему ты так упрямишься? Неге сонша қырсығасың?
Почему ты такой грубый? Неге сонша дөрекісің?
Почему ты такой непонятливый? Сен не деген түсінбейтін адамсың?
Почему у него не спросишь? Содан неге сұрамайсың?
Почему хулиганишь? Неге бұзақылық жасайсың?
Почему это так важно? Неге бұл сонша маңызды?
Почему этот вопрос мы не можем решить мирно? Бұл мәселені бейбіт түрде неге шешіп алмаймыз?
Почему я должен думать о Вас? Сізді не үшін ойлауым керек?
Почему я должен уходить? Неге кетуім керек?
Почему я не могу тебе отказать? Неге саған жоқ дей алмаймын?
Пошевеливайся давай! Қозғал енді!
Поэтому волнуюсь. Сол үшін қобалжып тұрмын.
Поэтому просим вас приступить к делу в ближайшее время. Сондықтан тез арада іске кірісулеріңізді сұраймыз.
Права и обязанности государственных служащих. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері.
Правила – закон для всех. Ереже бәріне заң.
Правила техники безопасности. Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Правильно вы сделали. Дұрыс істегенсіңдер.
Правильно оценить создавшееся положение. Туып отырған жағдайды дұрыс бағалау.
Правильно сделал, что согласился. Келіскенің дұрыс болды.
Правильно сказано! Дұрыс айтылған!
Правильное решение. Дұрыс шешім.
Правильный ответ. Дұрыс жауап.
Праздновать ещё рано. Той тойлауға әлі ерте.
Превышение служебных полномочий. Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану.
Предоплату гарантируем. Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз.
Предприятие признано банкротом. Кәсіпорын банкрот болып жарияланды.
Представьте мне отчёт. Маған есеп тапсырыңыз.
Представляюсь по случаю присвоения мне воинского звания. Әскери атақ берілуіне байланысты келіп тұрмын.
Предупреждение за безответственное отношение к порученному делу. Тапсырылған іске жауапсыз қарағаны үшін ескерту.
Предупреждение о не полном служебном соответствии. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту.
Предыдущий опыт работы. Бұрынғы жұмыс тәжірибесі.
Прежде, чем тебя ценили, ты должен ценить себя. Басқалар сені бағалау үшін алдымен өзіңді бағалауың керек.
Презумпция невиновности. Кінәсіздік презумпциясы.
Прекрати, тебе говорю. Қой деймін саған.
Прекратите иронизировать. Қойыңызшы тәлкекті.
Прекратите разговоры! Әңгімелерді доғарыңыз!
Прекратите шутить! Қалжыңды қойыңызшы!
Прекращай думать о плохом. Жаман ойлағанды доғар. 2. Жаман ойлағанды қой.
Прекращай плакать. Сен жылауыңды доғар.
Прекращайте пустые разговоры! Бос әңгімені қойыңдар!
Прекращайте смеяться. Күлкіні доғарыңдар.
Прекращайте такие разговоры. Мұндай әңгімені қойыңдар.
Премировать следующих сотрудников. Келесі қызметкерлерге сыйақы берілсін.
Премия будет? Сыйақы бола ма?
Претензий не имею. Талабым жоқ.
При возможности. Орайы келгенде.
При всём моём желании, я не смогу. Мен қанша істегім келсе де, қолымнан келмейді.
При исполнении служебных обязанностей. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде.
При необходимости. Қажет болғанда.
При чём здесь он? Оның не қатысы бар?
При чём здесь я? Менің қатысым қанша?
Приблизительно в 22 часа. Шамасы сағат жиырма екіде.
Приблизительно сколько времени нужно ждать? Шамамен қанша уақыт күту керек?
Прибыль и убыток. Пайда мен шығын.
Приватизация жилья. Тұрғын үйді жекешелендіру.
Приведите свои рабочие места в порядок. Жұмыс орындарыңызды ретке келтіріңіздер.
Приведу один только пример. Бір ғана мысал келтірейін.
Привет всем. Баршаңызға сәлем.
 2. Бәріңе сәлем.
Привет твой передам. Сәлеміңді жеткіземін.
Приглашаю Вас на обед. Сізді түскі асқа шақырамын.
Пригодится. Керек болып қалар.
Придёт время, я отомщу. Орайы келгенде өшімді алармын.
Придётся работать на выходные. Демалыста жұмыс істеуге тура келеді.
Придумаем что-нибудь. Бірдеңе ойластырамыз.
Придумайте что-нибудь. Бірдеңе ойлап табыңдар.
Приедет, значит, приедет, а не приедет – пусть сам знает. Келсе келер, келмесе өзі білсін.
Приеду послезавтра. Бүрсігүні келемін.
Приезжайте в гости. Қонақ болып келіп тұрыңыз.
Приезжайте к нам в офис. Встретим вас радостью. Біздің кеңсемізге келіңіздер. Қуана қарсы аламыз.
Приём по личным вопросам. Жеке мәселелер бойынша қабылдау.
Приём граждан по личным вопросам. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау.
Приёмная граждан акима области. Облыс әкімінің азаматтарды қабылдау бөлмесі.
Признаю свою вину. Кінәмді мойындаймын.
Приказ о назначении. Тағайындау туралы бұйрық.
Приказ по личному составу. Жеке құрам бойынша бұйрық.
Примерно вот так. Шамамен осылай.
Примите мои соболезнования. Қайғыңызға ортақпың.
Приняв во внимание Вашу критику, мы готовы внести изменения. Сіздің айтқан сыныңызды ескере отырып, өзгерістер енгізуге дайынбыз.
Приняты меры безопасности. Қауіпсіздік шаралары қабылданды.
Принять меры, предусмотренные законом. Заң жүзінде шара қолдану.
Присмотри здесь, пока я не приду. Мен келгенше, осында бас-көз бола тұр.
Присоединяйтесь к нам! Бізге қосылыңыз!
Пристегните ремень безопасности. Қауіпсіздік белдігін тағыңыз.
Пристегни ремень. Белбеуді тағып қой.
 2. Белдікті тақ.
Приходи в любое время. Кез келген уақытта келе бер.
Приходи завтра. Ертең кел.
Приходи побыстрее, а то ничего не успеем. Тезірек кел. Әйтпесе ештеңе үлгермейміз.
Приходите ещё. Тағы келіп тұрыңыз.
Пришло время тебе подумать о будущем. Болашағыңды ойлайтын кезің келді.
Пришлось встретиться. Кездесуге тура келді.
Пришлось ждать час. Бір сағат күтуге тура келді.
Пришлось поставить условие. Шарт қоюға тура келді.
Приятная новость. Жағымды жаңалық.
Приятное дело. Жағымды іс.
Приятного всем аппетита! Астарыңыз дәмді болсын.
Про кого ты говоришь? Кімді айтып жатырсың? 2. Кімді айтасың?
Про тебя многое слышал. Сен туралы көп естігенмін.
Про это мы, давай, потом поговорим. Бұл жайында кейін әңгімелесейік.
Про это у меня нет никакой информации. Бұл туралы ешқандай хабарым жоқ.
Пробка на дорогах. Кептеліс.
Пробка в «час пик». Қарбалас шақтағы кептеліс.
Провёл впустую время. Босқа уақыт өткіздім.
Проверяете меня что ли? Тексеріп отырсыз ба мені?
Проверьте. Тексеріп көріңіз.
Проверьте документы. Құжаттарды тексеріп алыңыз.
Провести мероприятия в установленные сроки. Шаралар белгіленген мерзімде жүргізілсін.
Проводите выходные с пользой для здоровья. Демалысты денсаулыққа пайдалы өткізіңіз.
Программа работы. Жұмыс бағдарламасы.
Продлить срок трудового соглашения. Еңбек келісімінің мерзімін ұзарту.
Продолжай, договаривай. Жалғастыр, сөзіңді аяқта.
Продолжайте без меня. Менсіз жалғастыра беріңдер.
Продолжайте наблюдение. Бақылауды жалғастырыңдар.
Продолжайте подготовку. Дайындықтарыңды жалғастыра беріңдер.
Продолжение обязательно будет. Жалғасы міндетті түрде болады.
Производственная практика. Өндірістік тəжірибе.
Производственная травма. Өндірістік жарақат.
Произошёл несчастный случай. Бір жазатайым оқиға болды.
Произошла техническая неисправность. Техникалық ақаулық орын алды.
Проинформируйте меня. Мені хабардар етіңізші.
Проспал. Ұйықтап қалыппын.
Проси прощения как следует. Кешірімді дұрыстап сұра.
Просим Вас представить информацию. Ақпарат ұсынуыңызды сұраймыз.
Просим выслать. Салып жіберуіңізді сұраймыз.
Просим подтвердить. Растауыңызды өтінеміз.
Простая вещь. Қарапайым нәрсе.
Прости меня, что тебе не поверил. Саған сенбегенім үшін кешірші мені.
Прости, не заметил, что ты пришел. Кешір, келгеніңді байқамадым.
Прости, что накричал. Айқалағаным үшін кешір.
Простите за моё плохое произношение по-казахски. Қазақша дұрыстап сөйлей алмағаным үшін кешіріңіз.
Простите, если сказал что-то лишнее. Артық кетсем, кешіріңіз.
Простите меня, если я Вас обидел. Сізді өкпелетіп алсам, кешіріңіз.
Простите меня на первый раз, пожалуйста. Мені бірінші ретке кешіріңізші.
 2. Мені бір жолға кешіріңізші.
Простите, что мы побеспокоили Вас. Алаңдатқанымыз үшін кешіріңіз.
Простите, я же не познакомил вас. Кешіріңдер, сіздерді таныстырмаппын ғой.
Простите, я не хотел Вас обидеть. Кешіріңіз, мен Сізді ренжіткім келген жоқ.
Просто сижу, отдыхаю. Жай тынығып отырмын.
Простой смертный. Кәдімгі пенде.
Просьба не шуметь. Шуламауыңызды сұраймыз.
Протестую.
 - Протест принят.
Наразылық білдіремін.
 - Наразылық қабылданды.
Проходи. Өте бер.
 2. Өте ғой.
Проходите (во внутрь помещения). Ішке кіріңіз.
Профессиональная ориентация. Кәсіптік бағдар.
Профсоюзная организация. Кәсіподақ ұйымы.
Прошла встреча с членами неправительственных организаций. Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесу өтті.
Прошло два часа, как я тебя жду. Екі сағат болды сені күткеніме.
Прошлое не вернётся. Өткен күндер қайта келмейді.
Прошу Вас, у меня срочное дело. Өтінемін, шұғыл шаруам бар.
Прошу Вас, у меня срочное дело. Өтінемін, шұғыл шаруам бар.
Прошу Вас выслушать. Тыңдауларыңызды сұраймын.
Прошу Вас предоставить мне неоплачиваемый отпуск. Маған ақысыз демалыс беруінізді сұраймын.
Прошу дать путевку на санаторно-курортное лечение. Шипажайлық-курорттық емделуге жолдама беруіңізді сұраймын.
Прошу обеспечить компьютером. Компьютермен қамтамасыз етуіңізші сұраймын.
Прошу освободить. Босатуыңызды сұраймын.
Прошу оформить. Рәсімдеуіңізді сұраймын.
Прошу предоставить мне отпуск без сохранения зарплаты. Жалақасы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын.
Прошу предоставить мне очередной отпуск с 1 по 30 июля. Маған бірінші шілдеден бастап отызыншы шілдеге дейін кезекті еңбек демалысын беруіңізді сұраймын.
Прошу поручить. Тапсыруыңызды сұраймын.
Прошу прощения за вчерашнее. Кешегі үшін кешірім сұраймын.
Прошу прощения за опоздание. Кешіккенім үшін кешірім сұраймын.
Прошу прощения, что не смог выполнить Вашу просьбу. Сіздің өтінішіңізді орындай алмағаныма кешірім сұраймын.
Прошу создать условия. Жағдай жасауыңызды сұраймын.
Прошу создать условия для работы. Жұмыс жағдайын жасауыңызды сұраймын.
Прошу разрешить. Рұқсат етуіңізді сұраймын.
Прошу уволить меня по собственному желанию. Өз еркімен жұмыстан босатуды сұраймын.
Прошу удовлетворить просьбу. Өтінішімді қанағаттандыруыңызды сұраймын.
Прошу утвердить. Бекітуіңізді сұраймын.
Прочие условия. Басқа да жағдайлары.
Прочие текущие затраты. Өзге де ағымдағы шығындар.
Прочие финансовые инвестиции. Өзге де қаржылық инвестициялар.
Прямое отношение. Тікелей қатысы.
Пусть будет по-твоему. Сенің айтқаның болсын.
Пусть валит, куда хочет!Қалаған жеріне кетсін!
Пусть всегда будет так! Әрқашан да солай болсын!
Пусть всё будет по плану. Бәрі жоспар бойынша болсын.
Пусть всё делает сам. Бәрін өзі істесін.
Пусть делает, что хочет. Не істегісі келсе, соны істесін.
 2. Не қылса, о қылсын.
Пусть изучение казахского языка будет нашей первоочередной целью. Қазақ тілін үйрену біздің бірінші мақсатымыз болсын.
Пусть каждый знает свое место! Әркім өз орнын білсін!
Пусть на этом все закончится. Осымен бәрі бітсін.
Пусть не говорит ерунды. Оттамасын.
Пусть немного успокоится. Аздап ашуы басылсын.
Пусть он прекратит ко мне придираться. Маған тиісуді доғарсын.
Пусть он приедет, тогда и поговорим. Ол келсін, сонда сөйлесерміз.
Пусть пеняет на себя. Өзінен көрсін.
 2. Өз обалы өзіне.
Пусть подождёт. Күте тұрсын.
 2. Кідіре тұрсын.
Пусть работает. Жұмыс істей берсін.
Пусть это будет маленьким секретом. Бұл кішігірім құпия болсын.
Пусть это послужит тебе уроком. Сен үшін бұл сабақ болсын.
Пусть этот разговор останется между нами. Өз арамызда қалсын бұл әңгіме.
 2. Бұл әңгіме екеуміздің ортамызда қалсын.
Пусть этот случай послужит вам уроком! Бұл оқиға сіздерге сабақ болсын!
Пустяки! Түкке тұрмайтын нәрсе!



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа, О Вернуться к началу Работа, Р-С  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга