Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

Работа, Т

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний.
Краткий русско-казахский сборник


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

Т
Тайное голосование. Құпия дауыс беру.
Тайный покупатель. Құпия сатып алушы.
Так что теперь его судьба в твоём полном распоряжении: захочешь - помилуешь, не захочешь - погубишь. Енді оның тағдыры сенің қолыңда: қаласаң – жар боласың, қаламасаң – өлтіресің.
Так будет лучше. Осылай істеген дұрыс болар.
Так бы и сказал. Сөйтіп айтпайсың ба.
Так бы сразу и сказали. Бірден солай айтпайсыз ба.
Так было до сегодняшнего дня. Осыған дейін солай болып еді.
Так далее. Тағы басқа.
Так делать нельзя. Олай етуге болмайды.
Так жить нельзя. Бұлай өмір сүруге болмайды.
Так и будем сидеть что ли? Осылай отыра береміз бе?
Так и бывает, если не слушаешь старших. Үлкенді тыңдамаса, осылай болады.
Так и вышло. Солай болып шықты.
Так и знал, что ты это скажешь. Осыны айтатыныңды біліп едім.
Так и надо ему. Оған сол керек.
Так не пойдёт! Бұлай болмайды!
Так повелевает мне долг. Менің борышым осыны бұйырады.
Так получилось. Солай болып қалды.
Так поступают только безответственные люди. Осылай тек жауапкершiлiгі жоқ адамдар ғана істейді.
Так поступить нам будет правильно. Сөйткеніміз жөн болар.
Так точно. (арм.) Дәл солай.
Так ты опоздаешь на работу. Мына түріңмен жұмыстан қаласың.
Так, приступим к делу. Ал, іске кірісейік.
Так, там позади стоящие, успокойтесь! Әй, артта тұрғандар, тынышталыңдар!
Такие условия нам подойдут. Мұндай шарттар бізге жарайды.
Таким образом, тайна раскрыта. Сөйтіп, құпия ашылды.
Такими вещами не шутят. Бұндай нәрсемен қалжыңдауға болмайды.
Таких как ты, в этом городе хватает. Осы қалада сен сияқтылар жетеді.
Такова жизнь, мой друг. Өмір сондай, досым.
Такого человека я ещё не встречал. Сондай адамды әлі кездестірген жоқпын.
Такое больше не повторится. Мұндай жағдай енді қайталанбайды.
 2. Бұл енді қайталанбайды.
Такое бывает. Ондай-ондай болады.
Такое мы видим только в кино! Ондайды тек кинодан көреміз ғой!
Такое не говорят, сглазишь. Ондайды айтпайды, көз тиеді.
Такое нужно прекращать. Ондайды қою керек.
Так-так! Е, солай де!
Там видно будет. Арғысын көре жатармыз.
 2. Ары қарай белгілі болады.
Там проводятся мероприятия. Сол жерде іс-шаралар жүргізіледі.
Там тебя никто не обязан любить. Ол жерде сені ешкім жақсы көруге міндетті емес.
Твёрд как камень. Қара тастай бекем.
Твоей никакой вины нет. Сенің еш кінәң жоқ.
Твои деньги мне не нужны. Сенің ақшаң маған керек емес.
Творческий работник. Шығармашыл қызметкер.
Творческое вдохновение. Шығармашылық шабыт.
Твоя же подлость тебя и погубит. Арамдығың түбіңе жетеді.
Твоя судьба в твоих руках. Тағдырың өз қолында.
Те времена прошли. Ол заман өтті-кетті.
Те, кто слышал, скажите тем, кто не слышал! Естігендерің, естімегендерге айтыңдар!
Тебе есть одно задание. Саған бір тапсырма бар.
Тебе же никто не будет возражать. Саған ешкім қарсы келмейді ғой.
Тебе идёт быть начальником. Саған бастық болған жарасады.
Тебе легко говорить. Саған айту оңай.
Тебе лучше не знать этого. Оны сен білмей-ақ қой.
Тебе лучше не показываться. Сенің көрінбегенің жөн.
Тебе лучше? Жақсардың ба?
Тебе надо лечиться. Саған емделу керек.
Тебе не всё равно? Саған бәрібір емес пе?
Тебе не понравилось? Саған ұнамай қалды ма?
Тебе не сбежать. Сен қашып құтылмайсың.
Тебе нельзя опаздывать. Саған кешігуге болмайды.
Тебе нет равных! Саған тең келер ешкім жоқ!
Тебе ничем не угодишь. Ештеңе жақпайды саған.
Тебе нужно обязательно показаться врачу. Саған міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.
Тебе нужны неприятности? Саған қиындықтар керек пе?
Тебе обязательно напоминать об этом? Саған осыны міндетті түрде еске салу керек пе?
Тебе пора уходить. Саған кететін уақыт болды.
Тебе придётся принять его. Оны қабылдауыңа тура келеді.
Тебе придётся смириться. Көнуіңе тура келеді.
Тебе так показалось. Саған солай көрінген ғой.
Тебе такие дела не идут. Саған ондай қылықтар жараспайды.
Тебе чего не хватает?! Саған не жетпей жүр?!
Тебя директор вызывает. Сені директор шақырып жатыр.
Тебя довезти? Сені жеткізіп салайын ба?
Тебя каким ветром сюда занесло? Сені қандай жел айдап әкелді мында?
Тебя куда отвезти? Сені қайда апарайын?
Тебя нет в списке. Тізімде сен жоқсың.
Тебя носим на руках. Сені мәпелеп жүрміз.
Тебя по-человечески спрашивают, и ты по-человечески ответь. Сені адам сияқты сұрап тұр, адам сияқты жауап бер!
Тебя приняли на работу? Сені жұмысқа қабылдады ма?
Текучесть кадров. Кадрлардың тұрақтамауы.
Текущие расходы. Ағымдағы шығындар.
Тема закрыта. Тақырып жабылды.
Теперь будем вместе работать. Енді бірге жұмыс істейміз.
Теперь будешь знать! Енді білетін боласың!
Теперь возвращайтесь к работе. Енді жұмысқа орала беріңдер.
Теперь всё в прошлом. Енді бәрі артта қалды.
Теперь Вы довольны? Енді ризамысыз?
Теперь говорите по порядку. Енді рет-ретімен айта беріңіз.
Теперь мне стало легче. Көңілім енді орнына түсті.
Теперь можно и не торопиться. Енді асықпасақ та болады.
Теперь мы не сможем ничего изменить. Енді ештеңе өзгерте алмаймыз.
Теперь ничего уже не сделаешь. Енді ештеңе істей алмайсың.
Теперь нужно перейти от слов к делу. Енді сөзден іске көшу керек.
Теперь отказываться неудобно. Енді бас тарту ыңғайсыз.
Теперь постарайся быть аккуратным. Енді ұқыпты болуға тырыс.
Теперь самое главное. Енді ең маңыздысы.
Теперь стало известно. Енді белгілі болды.
Теперь так не будет. Енді олай болмайды.
Теперь твоя очередь. Енді сенің кезегің.
Теперь только вперёд. Енді тек қана алға.
Теперь ты так заговорил? Енді солай сөйлейін дедің бе?
Теперь я тебя и знать не хочу. Енді сені білгім де келмейді.
Тёплое слово греет душу человека. Жылы сөз жан жылатады.
Техническая неисправность. Техникалық ақау.
Тихо! Тыныш! Тынышталыңдар!
То есть, это не считается, да? Яғни бұл есептелмейді ме?
То же мне большой начальник нашелся. Маған да үлкен басшы табылды ғой.
То, что Вы говорите – это просто отговорки, а не доказательства. Айтып отырғаныңыз жай сылтау, дәлел емес.
То, что вы делаете – ошибка. Сендердің істеп жатқандарың – қателік.
То, что Вы сказали, никому не интересно. Сіздің айтқаныңыз ешкімге қызық емес.
То, что ты сказал, пусть больше никто не услышит, кроме нас. Мына сөзіңді бізден басқа ешкім естімесін.
Тобой очень довольны. Саған өте риза.
Тогда возрази. Онда қарсылық білдір.
Тогда встретимся в четверг. Онда бейсенбіде кездесеміз.
Тогда другой разговор будет. Онда әңгіме басқаша болады.
Тогда можешь идти. Олай болса, бара бер.
Тогда нам не о чем говорить. Онда айтатын әңгімеміз жоқ.
Тогда не будем терять зря и минуты. Онда бір минутты да текке өткізбейік.
Тогда передайте это? Онда мынаны бере салыңызшы.
Тогда почему ты жалуешься? Онда неге шағынып тұрсың?
Тогда ситуация сложная. Жағдай қиын екен онда.
Только для персонала. Тек қана қызметшілерге арналған.
Только и всего?Осы-ақ па?
Только из-за уважения к тебе. Тек сені сыйлағандықтан ғана.
Только не забудь пригласить на той. Тек тойға шақыруды ұмытып кетпе.
Только скажите. Айтсаңыз болды.
Только что о тебе вспоминали, легок на помине. Кімді айтсаң сол келеді, жаңа ғана сені есімізге алдық.
Только что приехал. Жаңа ғана келдім.
 2. Келген бетім осы.
Только-только приходим в себя. Енді-енді есімізді жиып жатырмыз.
Торговая точка. Сауда орны.
Точка поставлена, дело закрыто. Нүкте қойылды, іс жабылды.
Точнее говоря. Дәлірек айтсақ.
 2. Атап айтқанда.
Точно, как в кино. Тура кинодағыдай.
Требования для всех одни. Талап бәріне бірдей.
Трудно передать словами. Сөзбен айтып жеткізу қиын.
Тут всё кругом рушится. Мұнда бәрі айнала қирап жатыр.
Тут одна неприятная ситуация произошла. Мында бір келеңсіз жағдай болды.
Тут что-то не так. Мұнда бір кілтипан бар.
Ты какого года рождения? Қай жылғысың?
Ты тоже нашёл того, кто может говорить. (Иронично) Айтатын адамды тапқан екенсің.
Ты боишься и завидуешь. Сен қорқасың және көре алмайсың.
Ты больше не трогай эту тему. Сен енді қозғамай-ақ қой бұл мәселені.
Ты будешь делать всё, что он скажет? Оның айтқанының бәрін істейсің бе?
Ты будешь доволен. Көңілің толады.
Ты будешь координатором проекта. Жобаның үйлестірушісі сен боласың.
Ты будешь мне перечить? Маған қасарысасың ба?
Ты бы видел его! Оның түрін көрсең ғой!
Ты в кого-то влюбился? Сен біреуге ғашық болдың ба?
Ты в своём уме? Сенің есің дұрыс па?
Ты веришь его словам? Сен оның айтқан сөзіне сенесің бе?
Ты вечно вот такой. Сен үнемі осындайсың.
Ты видел, что он сделал? Ол не істегенін көрдің бе?
Ты витаешь в облаках Аспанда қалықтап жүрсің ғой.
Ты вообще меня слушаешь? Сен өзі мені тыңдап отырсың ба?
Ты вроде хороший парень. Сен жақсы жігіт сияқтысың.
Ты всё делаешь правильно. Сен бәрін дұрыс жасап жатырсың.
Ты всё испортил. Сен бәрін бүлдірдің.
Ты всё не унимаешься. Сен де қоймайды екенсің.
Ты всё понял, что я сказал? Айтқанымның бәрін ұқтың ба?
Ты всё сделал правильно. Сен бәрін дұрыс жасадың.
Ты всё сделал? Барлығын жасадың ба?
Ты всё сказал? Бәрін айтып болдың ба?
Ты всегда ищешь плохую сторону. Сен әрдайым жаман жағын іздейсің.
Ты всегда прав. Әрдайым дұрыс айтасың.
Ты вспомнил?
 - Я вспомнил.
Есіңе түсті ме?
 - Есіме түсті.
Ты вынудил меня. Сен мені мәжбүрледің.
Ты выпил что ли? Ішіп алғансың ба?
Ты вышла замуж? Тұрмыс құрғансың ба?
Ты выяснил? Сен анықтадың ба?
Ты где работаешь? Далеко ли до работы? Қайда жұмыс істейсің? Жұмыс орның алыс па?
Ты где раньше работал? Бұрын қайда жұмыс істеп едің?
Ты где ходил? Я тебя искал повсюду. Сен қайда жүрдің? Мен сені барлық жерден іздедім.
Ты гений, оказывается! Сен данышпан екенсің ғой!
Ты герой! Сен – қаһармансың!
Ты готов? Әзірмісің?
Ты до сих пор не дал мне ответ. Сен маған әлі де жауабын бермедің.
Ты добился своего? Дегеніңе жеттің бе?
Ты должен вмешаться. Сен араласпасаң болмайды.
Ты должен так сделать. Сен солай істеуің керек.
Ты дослушай до конца. Аяғына дейін тыңдасаңшы.
Ты достиг чего хотел? Жетер жеріңе жеттің бе?
Ты думаешь они знают, что такое совесть? Бұлар ұят дегенді біледі дейсің бе?
Ты думаешь, что я глупый? Мені ақымақ деп ойлайсың ба?
Ты думаешь, что я ничего не знаю? Мен ештеңе білмейді деп ойлап отырсың ба?
Ты думаешь, что я поверил этому? Мен осыған сенеді деп ойлайсың ба?
Ты думай только о хорошем. Тогда всё будет хорошо. Сен тек жақсы нәрсені ғана ойла. Сонда бәрі жақсы болады.
Ты его, действительно, избил? Сен оны, шынымен де, ұрып тастадың ба?
Ты ещё долго будешь сидеть? Сен әлі ұзақ отырасың ба?
Ты ещё здесь? Сен әлі осындасың ба?
Ты ещё пожалеешь. Сен әлі өкінесің.
Ты ещё попросишь у меня. Тағы да өтініп сұрарсың әлі мені.
Ты же видишь мое состояние. Жағдайымды көріп тұрсың ғой.
Ты же меня без ножа режешь. Сен мені пышақсыз кескілеп тұрсың ғой.
Ты же мужчина. Сен еркексің ғой.
Ты же не был таким. Сен мұндай емес едің ғой.
Ты же не разрешаешь. Сен рұқсат бермейсің ғой.
Ты же обещал. Уәде бергенсің ғой.
Ты же хорошо знаешь мой характер. Менің мінезімді жақсы білесің ғой.
Ты за меня не беспокойся. Мен үшін уайымдама.
Ты за нас сильно не беспокойся. Біз үшін қатты уайымдама.
Ты за это ответишь. Сен бұл үшін жауап бересің.
Ты завтра сможешь выйти на работу? Сен ертең жұмысқа шыға аласың ба?
Ты закончил? Аяқтадың ба?
Ты запомнил? Есіңе сақтадың ба?
Ты зачем защищаешь этого дурака? Бұл ақымақты неге қорғаштап тұрсың?
Ты зачем сюда пришёл? Бұл жерге не үшін келдің?
Ты зашёл, не постучавшись в дверь. Есікті қақпай кірдің ғой.
Ты защищаешь его что ли? Сен оны жақтап отырсың ба?
Ты здесь будешь? Осы жерде боласың ба?
Ты здесь? Сен мұндамысың?
Ты знаешь кто он такой? Сен оның кім екенін білесің бе?
Ты знаешь по-английски?
 - Знаю. Но ещё многому учиться нужно.
Сен ағылшынша білесең бе?
 - Білемін. Бірақ әлі де үйренерім көп.
Ты знаешь, что это такое? Мұның не екенін білесің бе?
Ты знаешь, что я тебя уже целый час жду. Білесің бе, сені күтіп отырғаныма бір сағат болды.
Ты знаешь, что я хочу? Менің не қалайтынымды білесің бе?
Ты знал, но мне не сказал. Сен білдің, бірақ маған айтпадың.
Ты зря вмешался в это дело. Сен мына іске бекер араластың.
Ты и ногтя его не стоишь. Сен оның тырнағына да татымайсың.
Ты и этого не знаешь что ли? Осыны да білмейсің бе?
Ты идиот? Нақұрыссың ба не?
Ты издеваешься надо мной? Сен мені мазақ қылып тұрсың ба?
 2. Мені мазақтап тұрсың ба?
 3. Сен мені мазақ етіп тұрмысың?
Ты из-за этого беспокоишься? Сен соған бола алаңдап отырсың ба?
Ты ищешь проблемы? Басына бәле тілеп жүрмісің?
Ты какие иностранные языки знаешь? Сен қандай шетел тілдерін білесің?
Ты когда поумнеешь? Саған қашан ақыл кіреді?
Ты когда пришёл? Сен қашан келгенсің?
Ты кого-то ждёшь? Біреуді күтіп тұрсың ба?
Ты кого-то подозреваешь? Біреуден күдіктенесің бе?
Ты кто такой? Сен кім едің?
Ты кто? Ты шпион? Сен кімсің? Тыңшысың ба?
Ты куда идёшь с утра пораньше? Таң атпай қайда кетіп барасың?
Ты куда исчез? Сен қайда жоғалып кеттің?
 2. Сен қайда жоқ болып кеттің?
Ты куда смотришь? Сен қайда қарап тұрсың?
Ты куда собрался? Қайда жиналдың?
Ты куда спешишь? Қайда асығып барасың?
Ты куда-то собрался? Сен бір жерге жиналдың ба?
Ты лишнего не дал? Артық беріп қойған жоқсың ба?
Ты лишнего ничего не сказал? Сен артық ештеңе айтқан жоқсың ба?
Ты меня вообще не ценишь. Мені мүлдем бағаламайсың.
Ты меня допрашиваешь что ли? Мені тергеп тұрмысың?
Ты меня напугал. Зәремді алдың ғой.
Ты меня не обманул? Сен мені алдаған жоқсың ба?
Ты меня не обманывай. Маған өтірік айтпасаңшы.
Ты меня не торопи. Сен мені асықтырма.
Ты меня обидишь. Сен мені өкпелетесің.
Ты меня обижаешь. Сен мені ренжітіп отырсың.
Ты меня отпустишь? Мені жібересің бе?
Ты меня подозреваешь? Менен күдіктеніп тұрсың ба?
Ты меня послушайся, не торопись Менің тілімді ал, асықпа.
Ты меня слышишь? Сен мені естіп тұрсың ба?
 2. Мені естисің бе?
Ты меня утомил. Шаршатып жібердің мені.
Ты мне не веришь? Маған сенбейсің бе?
Ты мне не мешаешь. Сен маған бөгет жасап тұрған жоқсың.
Ты мне не приказывай! Сен маған бұйырма!
Ты мне ничего не обязан объяснять. Сен маған ештеңе түсіндіруге міндетті емессің.
Ты мне ответишь за это. Осы үшін жауап бересің.
Ты мне сказки не рассказывай! Сен маған ертегілерді айтпа!
Ты много не потерял. Сен көп жоғалтқан жоқсың.
Ты можешь всё! Сенің қолыңнан бәрі келеді!
Ты можешь занять деньги взаймы? 30 тысяч. Маған қарызға ақша бере тұрасың ба? Отыз мың.
Ты можешь мне уделить время сегодня? Бүгін маған уақытыңды бөле аласың ба?
Ты молодец! Жарайсың!
Ты на кого нас променял? Сен бізді кімге айырбастап кеттің.
Ты на меня не обиделся? Маған ренжіп қалған жоқсың ба?
Ты на работе? Жұмыстасың ба?
Ты на себя посмотри. Өзіңе қарап алсаңшы.
Ты на этой неделе едешь в командировку? Сен осы аптада іс-сапарға барасың ба?
Ты нам очень нужен. Сен бізге аса қажетсің.
Ты напрасно горячишься. Сен босқа ызаланасың.
Ты настоящий мужчина. Сказал - сделал. Сен нағыз жігіт екенсің. Айтқан сөзіңде тұрдың.
Ты не будешь против? Сен қарсы болмайсың ба?
Ты не вмешивайся! Сен араласпа!
Ты не заболел? Сен сырқаттанып қалған жоқсың ба?
Ты не забудешь?
 - Я когда забывал, скажи мне?
Сен ұмытып кетпейсің бе?
 - Мен қашан ұмытушы едім, айтшы маған?
Ты не знаешь себе цену. Сен өз бағаңды білмейсің.
Ты не изменился. Сен өзгермепсің.
Ты не можешь все бросить и уйти. Бәрін тастап кете салуыңа болмайды.
Ты не можешь меня понять. Сен мені түсіне алмай жүрсің.
Ты не можешь от меня избавиться что ли? Сен менен құтыла алмай отырсың ба?
Ты не оправдал наших надежд. Сен біздің үмітімізді ақтай алмадың.
Ты не ответил на мой вопрос. Сен менің сұрағыма жауап бермедің.
Ты не передумал? Айнып қалған жоқсың ба?
Ты не понимаешь что ли? Сен түсінбей тұрсың ба?
Ты не преувеличиваешь? Сен асыра айтып тұрған жоқсың ба?
Ты не против? Қарсы емессің бе?
Ты не пугай меня, пожалуйста. Сен мені қорқытпашы.
Ты не путаешь? Шатастырып тұрған жоқсың ба?
Ты не путай меня. Сен мені шатастырма.
Ты не рад меня видеть? Мені көргеніңе қуанышты емессің бе?
Ты не торопишься? Сен асығып тұрған жоқсың ба?
Ты не узнаешь меня что ли? Мені танымай тұрсың ба?
Ты не унижай его. Сен оны кемітпе.
Ты не устаешь удивлять меня каждый день. Күн сайын сен мені таң қалдырудан шаршамайсың.
Ты не устал унижать меня? Сен мені қорлаудан шаршаған жоқсың ба?
Ты не ходил на обед? Түстік ішуге бармадың ба?
Ты не чувствуешь себя виноватым? Өзіңді кінәлі сезінбейсің бе?
Ты неисправим. Саған дауа жоқ.
Ты немножко подожди, я закончу это свое дело. Сен кішкене тоса тұр, мен мына ісімді бітірейін.
Ты ненормальный! Сенің есің дұрыс емес!
Ты неправильно понял. Сен дұрыс түсінбегенсің.
Ты никак не успокоишься! Сен қоймадың ғой!
Ты никогда не изменишься. Сен ешқашан өзгермейсің.
Ты никогда не скажешь хоть одного хорошего слова. Аузыңнан бір жақсы сөз шықпайды.
Ты нисколько не изменился. Сен түк өзгермепсің.
Ты ничего не забыл? Ештеңе ұмытқан жоқсың ба?
Ты ничего не хочешь сказать? Ештеңе айтқың келмей ме?
Ты ничего от меня не скрываешь? Сен менен ештеңе жасырып тұрған жоқсың ба?
Ты ничем ни хуже других. Сен ешкімнен кем емессің.
Ты обещаешь? Уәде бересің бе?
Ты один? Жалғызсың ба?
Ты окончательно обнаглел! Сен әбден басынып біттің ғой!
Ты опоздал на час. Сен бір сағатқа кешігіп келдің.
Ты опять опоздал. Тағы кешіктің ғой. Сен тағы кешігіп келдің.
Ты опять погрузился в раздумье? Сен тағы ойға шомып кеттің бе?
Ты оставь свои барские замашки! Сен ондай төрелігіңді қой!
Ты останься, есть разговор. Сен отыра тұр, әңгіме бар.
Ты отказываешься что ли? Бас тартып тұрсың ба?
Ты откуда пришёл? Сен қайдан келдің?
Ты перестал контролировать себя. Өзінді басқара алмайтын болыпсың.
Ты переходишь все границы. Сен тым шектен шығып барасың.
Ты подстригся? Шашыңды қидырғансың ба?
Ты поедешь встречать? Сен қарсы алуға барасың ба?
Ты пока не думай об этом. Бұл жайлы әзірге ойлама.
Ты получил зарплату? Сен жалақыңды алдың ба?
Ты получил премию? Сен сыйақыңды алдың ба?
Ты получил стипендию? Сен шәкірт ақыңды алдың ба?
Ты помнишь, что мне говорил? Маған не дегенің есіңде ме?
Ты понимаешь, наверное, что всё это добром не кончится. Осының бәрі жақсылықпен аяқталмайтынын түсінетін шығарсың.
Ты понял о чём я говорю? Не айтып отырғанымды ұқтың ба?
 2. Айтқанымның түсіндің бе?
Ты посмотри вокруг. Жан жаққа қарашы.
Ты посмотри на него, обиделся он! Өкпелеген түріне қарашы!
Ты посмотри, разве так можно делать? Қарашы, осылай істеуге бола ма екен?
Ты постоянно так говоришь. Ылғи осылай дейсің.
Ты почему меня избегаешь? Сен неге менен қашқақтап жүрсің?
  2. Неге менен қашқақтайсың?
Ты почему нас не жалеешь? Бізді неге аямайсың?
Ты почему не делаешь, что тебе говорят, почему не слушаешься меня? Неге айтқанды істемейсің, неге тілімді алмайсың?
Ты почему не отвечаешь на мои вопросы? Неге менің сұрақтарыма жауап бермейсің?
Ты почему не пришёл? Сен неге келмедің?
Ты почему обманываешь? Неге өтірік айтасың?
Ты почему повышаешь на меня голос? Маған неге дауыс көтересің?
Ты почему постоянно материшься? Сен неге үнемі боқтай бересің?
Ты почему постоянно недоволен? Неге үнемі көңілің толмайды?
Ты почему постоянно опаздываешь? Сен неге ылғи кешігесің?
Ты почему пьёшь? Сен не үшін ішіп жүрсің?
Ты почему такой. Сен неге сондайсың?
Ты почему, когда тебя зовут, с первого раза не идёшь? Сен бір шақырғанда неге келмейсің?
Ты прав. Дұрыс айтасың.
 2. Сенікі дұрыс.
 3. Сенікі жөн.
Ты правильно сделал. Дұрыс жасағансың.
Ты предлагал деньги? Сен ақшаны ұсындың ба?
Ты прекрасно выглядишь. Құлпырып тұрсың.
Ты прекратишь или нет? Сен қоясың ба, жоқ па?
Ты преувеличиваешь. Асыра сілтеп отырсың.
Ты приступил к работе? Жұмысқа кірістің бе?
Ты пришёл как раз вовремя. Тап уақытында келдің .
Ты про кого говоришь? Кімді айтып тұрсың?
Ты про это в курсе? Сен бұл туралы хабардарсың ба?
Ты прости меня, я шутя сказал. Сен кешір мені, ойнап айта салып едім.
Ты рад? Ризасың ба?
Ты разве ничего не скажешь? Сен бірдеңе айтпайсың ба?
Ты разделяешь моё мнение? Пікірімді қолдайсың ба?
Ты с какой целью пришёл? Сен қандай мақсатпен келдің?
Ты с кем поедешь? Кіммен барасың?
Ты с кем? Кіммен жүрсің?
Ты с огнём играешь. Сен отпен ойнап жүрсің.
Ты с этим согласен? Сен осымен келісесің бе?
Ты сам веришь в это? Сен өзің бұған сенесің бе?
Ты сам подумай. Өзің ойлап қарашы.
Ты сам понимаешь, что ты делаешь? Сен не істеп тұрғаныңды өзің түсінесің бе?
Ты самый лучший сотрудник! Сен ең керемет қызметкерсің!
Ты сдал экзамен? Сен емтиханды тапсырдың ба?
Ты сделаешь, как я велел. Мен бұйырғандай жасайсың.
Ты сделал первый шаг. Теперь ты должен сделать второй. Алғашқы қадам жасадың. Енді екінші қадам жасауға тиіссің.
Ты сделал, что я сказал? Айтқанымды орындадың ба?
Ты себя очень высоко ценишь. Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың.
Ты сейчас кем работаешь? Сен қазір кім болып жұмыс істейсің?
Ты сейчас не в состоянии слушать. Сен қазір сөз тыңдайтын жағдайда емессің.
Ты сейчас у всех на устах. Қазір бәрінің аузындасың.
Ты серьезно думаешь, что я пойду на такую подлость? Сен шынымен мені сондай сұмдыққа барады деп ойлайсың ба?
Ты следишь за мной что ли? Сен мені аңдып жүрсің бе?
Ты сломал мою жизнь. Сен өміріме балта шаптың.
Ты слышишь? Естіп тұрмысың?
Ты сначала докажи. Сен әуелі дәлелде.
Ты сначала сам научись. Алдымен өзің үйреніп ал.
Ты снова начинаешь? Не устал? Қайта бастадың ба? Шаршаған жоқсың ба?
Ты со мной не заигрывай. Сен маған қылмыңдама.
Ты со мной не спорь. Ерегіспе менімен.
Ты собираешься идти на работу? Жұмысқа баратын ойың бар ма?
Ты совершаешь преступление. Сен қылмыс жасап отырсың.
Ты согласен? Келісесің бе?
Ты согласился бы, если предложили?
 - Я согласился бы.
Саған ұсынса келісім берер ме едің?
 - Келісер едім.
Ты создаешь много проблем. Сен көп қиындық тудырасың.
Ты стал ленивым. Сен еріншек болып кетіпсің.
 2. Сен жалқау болдың.
Ты странный человек. И понятия у тебя странные. Сен өзің біртүрлі адамсың. Түсініктерің де біртүрлі.
Ты сумасшедший. Сен есуассың.
Ты считаешь нас глупцами? Бізді ақымақ санайсың ба?
Ты так думаешь? Солай деп ойлайсың ба?
Ты так не умничай! Сен олай ақылгөйсіме!
Ты так не шути. Сен бүйтіп әзілдеме.
Ты таким образом далеко не уйдёшь. Сен мына түріңмен алысқа бармайсың.
Ты такой дотошный.
 - Нет, я не дотошный, а просто люблю порядок.
Сен сондай қазымырсың.
 - Жоқ, мен қазымыр емеспін, тек тәртіпті жақсы көремін.
Ты такой интересный. Сен өзің қызық екенсің.
Ты там садись, а я здесь сяду. Сен сонда отыр, мен осында отырайын.
Ты тоже много не засиживайся. Сен де көп отыра берме.
Ты тоже сможешь. Сенің де қолыңнан келер.
Ты только никому не говори. Не скажешь? Сен тек ешкімге айтпа. Айтпайсың ба?
Ты только о себе думаешь. Сен тек өзіңді ғана ойлайсың.
Ты только посмотри на него. Қарашы мынаған!
Ты только сейчас говорил по другому. Сен жаңа ғана басқаша сөйлеп отыр едің.
Ты тупой что ли? Сен топассың ба?
Ты тысячу раз обещал. Мың рет уәде бергенсің.
Ты у меня ещё попляшешь. Мен сені әлі безектетермін.
Ты у меня спрашиваешь? Менен сұрап тұрсың ба?
Ты убеди его.
 - Он не тот, кого можно убедить.
Сен оны көндір.
 - Ол көнетін адам емес қой.
Ты уверен в себе? Өз өзіңе сенімдісің бе?
Ты уверен? Сенімдісің бе?
Ты уезжаешь на неделю? Бір аптаға кететін болдың ба?
Ты уже получил зарплату? Сен жалақыңды алып қойдың ба?
Ты умеешь читать по-казахски?
 - Нет, особо хорошо читать по-казахски не умею.
Сен қазақша оқи аласың ба?
 - Жоқ, қазақша онша жақсы оқи алмаймын.
Ты упустил возможность. Сен мүмкіндікті жіберіп алдын.
Ты уходишь? Кетіп бара жатырсың ба?
Ты хорошо работаешь. Сен жұмысты жақсы атқарасың.
Ты хоть раз поддержи меня. Бір рет болса да, маған қолдау көрсетші.
Ты хочешь вернуться? Қайтқың келіп тұр ма?
Ты чего вмешиваешься? Сен немене араласып жатырсың?
Ты чего не видишь что ли? Көзіне қарамайсың ба?
Ты чего печальный сидишь? Неге мұңайып отырсың?
Ты чего пришёл? Случилось что-то? Неге келдің? Бірдеңе болды ма?
Ты чего хмурый такой? Неге қабағыңды түйіп тұрсың?
Ты что думал, я не догадаюсь сделать это? Осыған басым жетпейді деп ойладың ба?
Ты что ждёшь от меня? Менен не күтіп тұрсың?
Ты что здесь делаешь? Сен бұл жерде не істеп жүрсің?
 2. Мұнда не қылып жүрсің?
Ты что меня выгоняешь? Сен мені қуып жатырсың ба?
Ты что меня шантажируешь? Мені бопсалап отырмысың?
Ты что наглеешь? Сен неге басынып барасың?
Ты что нервируешь меня? Неге жүйкемді қоздыра бересің?
Ты что ответил? Сен не деп жауап бердің?
Ты что с ума сошёл? Ақылыңнан адастың ба?
Ты что следил? Андып тұрдың ба?
Ты что, на работу не пойдешь? Сен жұмысқа бармайсың ба?
Ты что, не слышал? Сен не, естімепсің бе?
 2. Сен не, естімедің бе?
Ты что, опьянел? Мас болып қалғансың ба?
Ты что, особенный что ли? Не, сен ерекшесің бе?
Ты что-нибудь понял? Сен бірдеңе түсіндің бе?
Ты что-то натворил? Сен бірдеңе бүлдірдің бе?
Ты что-то от меня скрываешь. Так? Сен менен бірдеңе жасырып отырсың. Солай ма?
Ты что-то сказал? Сен бірдеңе дедің бе?
Ты что-то хотел сказать? Сен бірдеме айтайын дедің бе?
Ты шутишь? Сен әзілдеп тұрмысың?
Ты это дело не решишь, у тебя недостаточно опыта. Бұл істі шеше алмайсың, тәжірибең жеткіліксіз.
Ты это мне предлагаешь? Маған осыны ұсынып тұрсың бе?
Ты это можешь доказать? Оны дәлелдей аласың ба?
Ты это от кого услышал? Оны кімнен естідің?
Ты это точно знаешь? Сен оны анық білесің бе?
Ты этого желаешь? Сен осыны қалайсың ба?
Ты этого хотел? Қалағаның осы ма еді?
Ты этому веришь? Сен соған сеніп тұрсың ба?
Ты этому поверил? Сен бұған сендің бе?
Ты присмотри за этим. Сен осыған бас-көз бол.
Ты, вроде, как не понял. Сен түсінбеген сияқтысың.
Ты, кажется, ошибаешься. Сен қателесіп отырған сияқтысың.
Ты, наверное, меня понимаешь? Сен мені түсінетін шығарсың?
Ты, оказывается, знаешь как меня зовут. Сен менің атымды біледі екенсің ғой.
Ты, оказывается, не слышал? Естімеген екенсің ғой.
Ты, оказывается, не уважаешь старших. Үлкенді сыйламайды екенсің.



©  Татьяна Валяева   2007–2020
http://kaz-tili.kz/
 <<  Работа, Р-С Вернуться к началу Работа, У-Ю  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Гостевая книга