Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 Работа
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 H 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
 В быту
 А-Б 
 B 
 Г-З 
 И-К 
 Л-М 
 Н 
 О 
 П 
 Р-С 
 Т 
 У-Ю 
 Я 
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
Вернуться
к другим
разговорникам

В быту, В

Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний


Авторы: Р. Керимбаев, А. Керимбаев

В
В будущем. Болашақта.
В будущем кем ты хотел бы быть? Болашақта кім болғың келеді?
В последнее время мы ни разу не собирались вместе. Соңғы кезде бастарымыз бір қосылмады.
В голове у него нет мозгов, только ветер. Оның басында ми жоқ, жел ғана.
В дороге я попал одну в неприятную ситуацию. Жолда бір бәлеге арандап қалдым.
В другой раз.Келесі жолы.
В его годы я тоже много чего вытворял. Оның жасында мен де істемегенді істедім.
В жизни, наверное, нет такого дурака, как я. Өмірде мендей ақымақ жоқ шығар.
В какое время Вам удобно? Сізге қай уақыт ыңғайлы?
В какое пожелаете время. Қалаған уақытыңызда.
В каком классе учишься? Нешінші сыныпта оқисың?
В каком ухе у меня зазвенело? Қай құлағым шыңылдады?
В какую сторону едем (идём)? Қалай қарай кеттік?
В кафе сидим. Дәмханада отырмыз.
В конце концов, вот так получилось. Ақыры осылай болды.
В любое место. Кез келген жерге.
В меру моих сил. Шамам келгенше.
В (моём) детстве. Бала кезімде.
В молодости. Жастық шақта.
В настоящее время я не работаю. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген жоқпын.
В нашем краю идёт снег. Біздің жақта қар жауып тұр.
В основном, я согласен. Негізінде, мен келісемін.
В первый раз. Алғашқы рет.
В повседневной жизни. Күнделікті өмірде.
В понедельник еду в Алматы. Дүйсенбі күні Алматыға кетемін.
В последнее время здоровье моё ухудшается. Соңғы кезде денсаулығым нашарлап барады.
В последнее время ты сильно изменился. Соңғы кезде қатты өзгеріп кеттің.
В прошлом году. Былтыр.
В самой глубине души. Жүрегінің терең түкпірінде.
В своё время зря я родителей не слушался.
 – Сейчас жалею об этом.
Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын.
 – Қазір соған өкініп жүрмін.
В связи с моей работой, на это нет времени. Жұмысыма байланысты оған уақытым жоқ.
В связи со срочным делом, я возвращаюсь в город. Мен асығыс шаруамен қалаға қайтып бара жатырмын.
В селе некогда скучать. Ауылда зерігуге уақыт жоқ.
В Семее у меня много родственников. Семейде менің ағайын-туыстарым өте көп.
В семь вечера буду ждать тебя здесь. Кешкі сағат жетіде сені осы жерде күтемін.
В следующий раз обязательно приду. Келесіде міндетті түрде келемін.
В случае невозможности. Мүмкін еместігі жағдайында.
В сущности, здесь с голоду не умрешь. Негізі бұл жерде аштан өлмейсің.
В таких делах торопиться нельзя. Мұндай істерде асығуға болмайды.
В таком случае, я не пойду. Ендеше, мен бармаймын.
В тихом омуте черти водятся. Үндемегеннен үйдей пәле шығады. 2. Сырты бүтін, іші түтін. 3. Тынық көлде сайтан жүрер. (калька)
В то время люди взрослели рано. Ол кезде адамдар ерте есейген.
В трудное время я всегда буду рядом. Қиын сәтте әрдайым қасында боламын.
В тысячу раз лучше. Мың есе артық.
В угол поставлю. Бұрышқа тұрғызып қоямын.
В честь чего? Нені құрметтіңе?
В чём загвоздка? Мәселе неге тірелді?
В чём причина? Себебі неде?
В чём причина, как Вы думаете? Себебі неде деп ойлайсыз?
В чём я виноват перед вами? Мен сендерге не жаздым?
В это никто и не верит. Бұған ешкім де сенбейді.
В этой жизни правда никого не интересует. Бұл өмірде шындық ешкімді қызықтырмайды.
В этом весь смысл! Мәселе сонда ғой!
В этом доме даже полежать спокойно не дают. Бұл үйде тыныш жатуға да болмайды.
В этом доме когда-нибудь будет покой? Бұл үйде бір тыныштық бола ма?
В этом я виноват?
 – А кто выходит виноват?
Осыған мен кінәлімін бе?
 – Ал енді кім кінәлі?
Вам было скучно? Ішіңіз пысты ма?
Вам какой этаж? Сізге қай қабат?
Вам, красавица, один человек передал привет. Сізге, сұлу бикеш, бір кісі сәлем жолдап еді.
Вам лишь бы смеяться. Сендерге күлкі қана керек.
Вам ничего нельзя говорить. Сендерге ештеңе айтуға болмайды.
Вам нравится? Сізге ұнай ма?
Вам повезло. Жолыңыз болды.
 Сіздердің жолдарыңыз болыпты. (во мн.числе)
Вам понравилось? Сізге ұнады ма?
Вас бросил парень? Не плачьте! Жігітіңіз тастап кетті ме? Жыламаңыз!
Вас всё устраивает? Есть у вас пожелания? Барлығына көңілдеріңіз толы ма? Қалауларыңыз бар ма?
Вас не будут ругать? Сізге ұрыспай ма?
Вас никто не держит. Сендерді ешкім ұстап тұрған жоқ.
Вас проводить? Сізді шығарып салайын ба?
Вас тоже можно понять. Сізді де түсінуге болады.
Ваш товарищ не будет против? Серіктесіңіз қарсы болмай ма?
Ваша очередь. Сіздің кезегіңіз.
Ваша помощь нужна, как воздух. Көмектеріңіз ауадай қажет.
Ваша просьба является для меня приказом. Сіздің өтінішіңіз мен үшін бұйрықпен бірдей.
Ваше право никто не нарушит. Сіздің құқығыңызды ешкім бұзбайды.
Ваше приказание выполнено, госпожа. Бұйрығыңыз орындалды, ханым.
Ваши родители не были против? Ата-анаңыз қарсы болмады ма?
Верну в начале следующего месяца. Келесі айдың басында қайтарып беремін.
Вертится у меня на языке. Тілімнің ұшында тұр.
Весна сменяет зиму. Қыс өткен соң, көктем келеді.
Вечером пойдём праздновать в ресторан. Кешке мейрамханаға барып тойлаймыз.
Вечером приходите. Кешке келіңіздер.
Взрослый парень, слоняется без дела. Ересек бала түк істемей, сенделіп жүр.
Видать, не судьба нам увидеться. Шамасы, тағдыр бізге көрісуді жазбаған.
Видимо так. Солай секілді.
Видит Бог, я готов броситься за Вас и в огонь. Бір Құдайдың өзі куә, мен Сіз үшін отқа түсуге де әзірмін.
Видишь, чем закончилось твоё пьянство? Сенің маскүнемдігіңнің немен аяқталғанын көріп тұрсың ба?
Включи, пожалуйста, телевизор. Қосшы теледидарды.
Вначале всё было хорошо. Басында бəрі жақсы болатын.
Вначале давай договоримся. Алдымен келісіп алайық.
Вначале я испугался. Алғашында шошып кеттім.
Внимательно слушай учителей. Оқытушыларды мұқият тыңда.
Во времена, когда я был студентом. Студент болып жүрген кездерімде.
Во всём виноват ты один.
 – Не только я один.
Бәріне кінәлі жалғыз сен.
 – Жалғыз мен ғана емес.
Во всём виновата погода. Бәріне ауа райы кінәлі.
Во всём виноваты мужчины. Бәріне еркектер кінәлі.
Во всём Вы сами виноваты. Бәріне өзіңіз кінәлісіз.
Во всём мы виноваты. Бәріне біз кінәліміз.
Во мне проснулись отцовские чувства. Әкелік сезімдерім оянды.
Во сколько у тебя заканчиваются занятия?
 – Как обычно, вечером.
Сабағын нешеде бітеді?
 – Әдеттегідей, кешке.
Во сне я Вас видел. Түсімде Сізді көрдім.
Во сне я нашёл один мешок золота. Түсімде бір қап алтын тауып алыппын.
Вода дорогая, газ дорогой, всё дорого! Су қымбат, газ қымбат, бәрі қымбат!
Водка развязывает язык. Арақ тілдің тиегін ағытар.
Возвращайтесь с победой! Жеңіспен қайтыңдар!
Возможна ли любовь с первого взгляда? Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Возможно ли это? Бұл мүмкін бе?
Возможно, ты прав. Сенікі жөн шығар.
Возьми из холодильника. Тоңазытқыштың ішінен ал.
Возьми микрофон и пой. Микрофонды ал да шырқа.
Возьми, пожалуйста, там в коридоре, на полке. Ана дәлізде, сөреде ала салшы
Вокруг меня полно врагов. Айналамда дұшпандарым толып жүр.
Вон стоит кривляется! Әне қиқаңдап тұр ғой!
Вон там... Анау жақта...
Вон, звезда упала! Әне, жұлдыз ағып түсті!
Вообще, мне всё равно. Жалпы, маған бәрі бір.
Вообще, он живёт хорошо. Жалпы, оның тұрмысы жақсы.
Вообщем, дела плохи. Жалпы, жағдай нашар.
Вот в чём дело, оказывается! Мінекей мәселе қайда жатыр!
Вот Ваши деньги. Міне ақшаңыз.
Вот и все новости. Бар жаңалық осы.
Вот и всё. Бар болғаны сол.
Вот и доехали до нашего дома. Міне, біздің үйге жетіп те қалдық.
Вот и они пришли. Міне, олар да келді.
Вот как вы запели? Ә, солай дедіңдер ме?
Вот как? Очень хорошо, очень хорошо! Солай ма? Өте жақсы, өте жақсы!
Вот так всегда и бывает в жизни! Өмір деген осы ғой!
Вот такого парня тебе найду! Мынау деген жігіт саған тауып беремін!
 2. Мынадай жігітті тауып беремін саған!
Вот такой мой совет, решай сам. Менің айтар ақылым осы, өзің шеш.
Вот ты всё испортишь. Осы сен бәрін құртасың.
Вот это да! Ал керек болса!
Вот это да, кого я вижу, это во сне или наяву? Мәссаған, кімді көріп тұрмын, өңім бе, түсім бе?
Вот это уже другой разговор. Бұл енді басқа әңгіме ғой.
Вот этот человек – виновник этого торжества. Бұл тойдың себепкері — осы кісі.
Вот, видите? Міне, көрдіңіздер ме?
Вот, держи это, а я возьму это. Қане, мә, мынаны ұстай тұр, ал мынаны мен алайын.
Вот, если бы не Вы! Осы Сіз болмасаңыз!
Вот, как и обещал Вам, я приехал в назначенное время. Міне, мен уәдемде тұрып, шақырған уақытыңызда келдім.
Вот, так. Міне, осылай
Вот, тебя только не хватало. Енді жетпеген сен ғана қалдың.
Вот, тебе что не хватает? Саған не жетпейді осы?
Вот, чего ты только не выдумаешь. Осы сенің шығармайтының жоқ.
Вот, чему тебя мать учила? Готовить не умеешь, дома убираться не умеешь, стирать не умеешь.
 - Дом вон гниёт, грязное бельё горой. Я что ли должен, работать в этом доме, а?
Осы саған шешең не үйреткен? Тамақ істеу білмейсің, үй жинау білмейсің, кір жуу білмейсің.
 -Үй анау шіріп жатыр, кір анау үйелеп жатыр. Не, мен істеймін бе осы үйде, а?
Вот это да! (Вот тебе раз! Вот тебе и на! Ничего себе!) Мәссаған!
Впереди много планов. Алда жоспар көп.
Впустую провёл время. Босқа уақыт өткіздім.
Времени нет, смотри под ноги, ходишь только спотыкаешься! Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің!
Времени осталось мало. Уақыт аз қалды.
Временные друзья. Амал достар.
Время берёт своё. Уақыт өзінікін алады.
Время же не будет тебя ждать. Уақыт сені күтіп тұрмайды ғой.
Время ещё есть. Уақыт әлі бар.
Время проходит быстро. Уақыт жылдам өтеді
Время с нами не считается. Проходит быстро. Уақыт бізбен санаспайды. Тез өтіп кетеді.
Все вы заодно. Сендердің ойларың бір жағадан. 2. Сендердің көздегендерің бір нәрсе.
Все вы одинаковые. Сендер бәрі бірдейсіңдер.
Все друг другу изменяют. После чего ходят, как ничего не бывало.
 - Я не все.
Бәрі бір-біріне опасыздық жасайды. Содан кейін түк болмағандай жүре береді.
 - Мен бәрі емеспін.
Все люди знают. Жұрттың бәрі біледі.
Все меня предали. - Я Вас не предавал. Бәрі мені сатып кетті.
 - Мен Сізді сатқан жоқпын.
Все мои желания – чтобы ты был счастлив. Менің бар қалауым – сенің бақытты болғанын.
Все неприятности исходят от тебя. Бәленің бәрі мына сенен шығады.
Все пришли? Бәрі келді ме?
Все проблемы не только кулаками решаются. Мәселенің бәрі тек жұдырықпен ғана шешілмейді.
Все свободны! Барлықтарыңыз боссыздар!
Все стали господами. Бәрі мырза болып алған.
Все твои дела – детские выходки. Істеген қылығын бәрін балаларын ісі.
Все тебя ждут. Бәрі сені күтіп тұр.
Все тобой восхищаются. Бәрі саған сүйсінуде.
Все умрут от зависти. Қызғаныштан бәрі өлетін болады.
Все ушли. Бәрі кетіп қалды.
Всегда делаем так, как ты скажешь. Үнемі сенің айтқаныңмен жүреміз.
Всего 12 человек соберёмся. Бар болғаны он екі адам болып жиналамыз.
Всем не хватит. Бәріңе жетпейді.
Всем оставаться на своих местах. Не двигаться. Бәрің орындарыңнан тапжылмаңдар. Қозғалмаңдар.
Всемогущество Аллаха бесконечно. Алланың құдіреті шексіз.
Всему причина – её невоспитанность. Бәріне себеп – оның тәрбиесіздігі.
Всё будет просто отлично! Бәрі керемет болады!
Всё будет так, как ты скажешь. Бәрі де сенің айтқандай болады.
Всё будет хорошо, но нужно немного подождать. Бәрі жақсы болады, бірақ біраз күте тұру керек.
Всё было бы по-другому. Бәрі басқаша болар еді.
Всё было зря. Бәрі бекер болған екен.
Всё встанет на свои места. Бәрі орнына келеді.
Всё выполнено. Бәрі орындалды.
Всё вышло удачно. Бәрі де көңілдегідей болды.
Всё делай не спеша. Бәрін асықпай жаса.
Всё для вас. Бәрі сендер үшін.
Всё ещё впереди! Бәрі әлі алда!
Всё зависит от пробок (автомобильных). Бәрі кептеліске байланысты.
Всё зависит от ситуации. Бәрі жағдайға байланысты.
Всё и так понятно. Бәрі онсыз да түсінікті.
Всё из-за меня. Бәрі өзімнен болды.
 2. Бәрі менің кесірінен.
Всё могло быть по-другому. Бәрі басқаша болуы мүмкін еді.
Всё. Иди в свою комнату. Болды. Бөлмеңе бар.
Всё на моих плечах. Барлығы менің мойнымда.
Всё наоборот. Бәрі керісінше.
Всё натворил ты, а мне расхлебывать? Бәрін қиратып алып, маған жөнде дейсің бе?
Всё не так, как Вы думаете. Бәрі Сіз ойлағандай емес.
Всё нормализуется. Бәрі дұрысталады.
Всё нормально? Бәрі дұрыс па?
Всё образуется. Бәрі де орнына келеді.
Всё осталось в прошлом. Барлығы арта қалды.
Всё очень просто. Бәрі өте оңай.
Всё помню, миленький. Бәрі есімде, айналайын.
Всё происходит по моей вине! Барлығы менің кесірімнен болып жатыр!
Всё равно не будет по-твоему. Бәрібір сенің айтқаның болмайды.
Всё равно не сможешь ударить. Ұрмайсың бәрібір.
Всё равно сделаешь, как я сказал. Бәрібір мен айтқанымды жасайсың.
Всё ради вашего блага, все ради вас. Бәрі сендердің қамдарың үшін, бәрі сендер үшін.
Всё с этого началось. Бәрі осыдан басталды.
Всё так и вышло. Бәрі солай болып шықты.
Всё хорошо. Скот есть не просит. Бәрі жақсы. Мал жем шөп сұрап тұрған жоқ.
Всё это его пустые фантазии. Бұл оның бос қиялы.
Всё это общие слова. Мұның бәрі жалпы сөз ғой.
Всё это явь или сон? Осының бәрі өң бе, әлде түс пе?
Всё. Иди в свою комнату. Болды. Бөлмеңе бар.
Всё, не продолжай. Болды, жалғастырма.
Всё, я пошёл. Болды, мен кеттім.
Вставай. Тұр-тұр.
Вставай, тебе говорю. Тұр деймін саған.
Встань с места. Орныңнан тұр.
Встретил, как родственника. Туысындай қарсы алды.
Встретимся в субботу. Сенбіде кездесерміз.
Встречайте гостей. Қонақтарды қарсы алыңдар.
Всю жизнь я виноват. Өмір бойы мен кінәлімін.
Всякая всячина. Түрлі нәрселер.
Входите, садитесь вот на этот стул. Кіріңіз, мына орындыққа отырыңыз.
Вчера какое число было? Кеше нешесі болды?
Вчера, когда встретились, поругались. Кеше кездескенімізде, ұрсысып қалдық.
Вчера мы купили стиральную машину. Кеше кіржуғыш машина сатып алдық.
Вчера неудобно получилось. Кеше ыңғайсыз болып қалды.
Вчера посмотрел классный фильм. Кеше керемет фильм көрдім.
Вчера праздновали день рождение Мурата. Кеше Мураттың туған күнін тойладық.
Вы в курсе, что произошло в городе? Қалада не болғанынан хабардарсыздар ма?
Вы, в сравнении со мной, моложе. Сіз маған қарағанда жассыз.
Вы в субботу свободны? Сіз сенбіде боссыз ба?
Вы верите в приметы? Ырымдарға сенесіз бе?
Вы видный мужчина. Сіз көз толтыратын азаматсыз. 2. Сіз көрнекті еркексіз.
Вы во сколько встаёте, проснувшись? Сіз ұйқыдан нешеде тұрасыз?
Вы вроде добрый человек. Сіз мейірімді адам сияқтысыз.
Вы всегда его защищаете. Қашан болса оны жақтап шыға келесіз.
Вы всё можете! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!
Вы говорите правду? Шын айтып тұрсыз ба?
Вы готовы? Сендер дайынсыңдар ма?
Вы даже не посмотрели.
 - Я смотреть не обязан. Я и без этого знаю.
Сіз қараған да жоқсыз.
 - Қарауға міндетті емеспін. Онсыз да білемін.
Вы дверь на ключ закрыли? Сіз есікті құлыптадыңыз ба?
Вы до сих пор ещё тут? Сіз әлі осындасыз ба?
Вы должны быть готовым. Сіз дайын болуыңыз керек.
Вы думаете мне легко? Маған оңай болып жүр дейсіз бе?
Вы ему кем приходитесь? Сіз оған кім болып келесіз?
Вы ему поверили или нет? Сіз оған сендіңіз бе, әлде сенбедіңіз бе?
Вы же всё знаете. Сендер бәрін білесіңдер ғой.
Вы же оставили ребёнка без присмотра. Баланы қараусыз қалдырып кетіпсіңдер ғой.
Вы же успеете к семи часам? Сағат жетіге дейін үлгересіз ғой?
Вы же хорошо знаете моё положение. Сендер менің жағдайым жақсы білесіңдер ғой.
Вы живете в этом доме? Сіз мына үйде тұрасыз ба?
Вы забыли?
 - Таким образом вы забудете, и как вас величают?
Сендер ұмытып қалдыңдар ма?
 - Сендер аты-жөндеріңді де ұмытып қаларсыңдар мына түрлеріңмен.
Вы закончили? Болдыңдар ма?
Вы зачем так пугаете? Неге олай шошытасыз?
Вы идите домой. Я сейчас приду. Сендер үйге бара беріңдер. Мен қазір келемін.
Вы идите, я позже присоединюсь. Сендер барыңдар, мен кейін қосылармын.
Вы, как пара, подходите друг другу. Сендер жарасымды жұпсыңдар.
Вы ко мне пришли? Сіз маған келдіңіз бе?
Вы когда приехали сюда? - Я сегодня приехал. Мұнда қашан келдіңіз? - Бүгін келіп едім.
Вы кого ищете? Сіз кімді іздеп жүрсіз?
Вы кого-то ждете? Біреуді күтіп тұрсыз ба?
Вы кого-то ищете? Біреуді іздеп жүрсіз бе?
Вы кто? Сіз кім боласыз?
Вы легко отделались. Оңай құтылдыңдар.
Вы меня ждёте до сих пор? Мені әлі тосып тұрсыз ба?
Вы меня забыли? Мені ұмытып кеттіңіз бе?
Вы меня знаете? Мені танисыз ба?
Вы меня не знаете. Сіз мені танымайсыз.
Вы меня не понимаете. И понять не хотите. Сіздер мені түсінбейсіздер. Түсінгілеріңіз де келмейді.
Вы меня неправильно поняли. Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз.
Вы меня никогда не любили. Мені ешқашан жақсы көрген жоқсыңдар.
Вы меня озадачили. Сіз мені ойландырып тастадыңыз.
Вы меня, оказывается, неправильно поняли. Сіз мені дұрыс түсінбепсіз.
Вы меня с кем-то путаете. Сіз мені біреумен шатастырып тұрсыз.
Вы меня слышите? Сіз мені естіп жатырсыз ба?
Вы мне говорите? Маған айтасыз ба?
Вы мне очень нравитесь. Сіз маған өте ұнайсыз.
Вы можете дать мне совет? Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба?
Вы можете идти? Жүре аласыз ба?
Вы можете мне помочь? Маған көмек бере аласыз ба?
Вы можете поделиться рецептом? Рецептпен бөлісесіз бе?
Вы молодые. В молодости все бывает. Мы тоже были молодые. Сендер жассыңдар. Жастық шақта бәрі болады. Біз де жас болғанбыз.
Вы моложе меня на два года.
 - Вы старше меня на три года.
Сіз менен екі жас кішісіз.
 - Сіз менен үш жас үлкенсіз.
Вы любите музыку? Сіз музыканы жақсы көресіз бе?
Вы на него не обижайтесь. Сіз оған ренжіп қалмаңыз.
Вы на свидание с кем-то собрались? Біреумен жүздесуге бара жатырсыз ба?
Вы, наверное, были балованным, озорником? Ерке, тентек болған шығарсыз?
Вы, наверное, помните... Сіздің есіңізде шығар....
Вы, наверное, не слышали. Сіз естімеген шығарсыз.
Вы, наверное, слышали Сіз естіген шығарсыз.
Вы, наверное, шутите. Қалжыңдайтын шығарсыз.
Вы начнёте. Мы чуть позже присоединимся. Сендер бастайсыңдар. Біз кейінірек қосыламыз.
Вы не будете возражаете? Сіз қарсы болмайсыз ба?
Вы не найдёте. Таба алмайсыңдар.
Вы не обидитесь? Өкпелеп қалмайсыз ба?
Вы не обидитесь, если я поцелую вас в щёчку? Бетіңізден сүйсем ренжімейсіз бе?
Вы не огорчайтесь. Сіз қынжылмаңыз.
Вы не против, если я закурю?
 - Я не переношу запах табака.
 - Было бы хорошо, если бы Вы не курили.
 - Прошу Вас, не курите, пожалуйста.
 - Ладно, потерплю.
Темекі тартсам, қарсы емессіз бе?
 - Мен темекінің иісін көтере алмаймын.
 - Шекпесеңіз, жақсы болар еді.
 - Темекі тартпаңызшы, өтінемін.
 - Жарайды, шыдайын.
Вы не удивляйтесь. Сіз таңғалмаңыз.
Вы не умеете врать. По глазам видно же... Өтірік айта алмайды екенсіз. Көзіңіз бәрін айтып тұр ғой…
Вы не устали? Шаршаған жоқсыз ба?
Вы не шутите? Қалжыңдап тұрған жоқсыз ба?
Вы немного опоздали. Аздап кешіктіңіз.
Вы неправы. Сіздікі дұрыс емес.
Вы никому ничего не говорите. Сендер ешкімге ештеңе айтпаңдар.
Вы обиделись?
 - Нет, что мне обижаться.
Ренжіп отырсыз ба?
 - Жоқ, ренжіп не істеймін.
Вы обо мне говорите?
 - Я же вижу, что вы говорите обо мне.
Мен жайлы сөйлесіп тұрсыңдар ма?
 - Мен жайлы сөйлесіп отырғандарыңды көріп тұрмын ғой
Вы, оказывается, его знаете. Сіз оны біледі екенсіз ғой.
Вы, оказывается, не забыли. Ұмытпапсыз ғой.
Вы отказываетесь? Бас тартасыз ба?
Вы откуда знаете? Сіз қайдан білесіз?
Вы очень добры. Сіз өте қайырымды екенсіз.
Вы очень красивая девушка.
 - Родителям такой красивой девушки не нужен зять? (шутливо)
Өте сұлу қыз екенсіз.
 - Осы сұлу қыздың ата-анасына күйеу бала керек жоқ па?
Вы ошиблись. Сіз қателестіңіз.
Вы поймите меня правильно. Сіз мені дұрыс түсініңіз.
Вы поймите мое состояние. Сіз менің жағдайымды түсініңіз.
Вы пока никому не говорите. Әзірше ешкімге айтпай-ақ қойыңыз.
Вы понимаете, что я говорю? Не айтып тұрғанымды түсінесіз бе?
Вы поставьте себя на наше место. Сіз біздің орныңызға өзіңізді қойып көріңізші.
Вы почему не помогаете? Сендер неге көмектеспейсіңдер?
Вы почему опаздываете? Сіз неге кешігесіз?
Вы правильно сделали. Дұрыс жасаған екенсіз.
Вы прекрасны! Сіз кереметсіз!
Вы просто спросили? Жай сұрадыңыз ба?
Вы просто чудо! Сіз ғажап адамсыз!
Вы простыли?
 – Нет, мучаюсь аллергией.
Салқын тигізіп алдыңыз ба?
 - Жоқ, аллергиядан азап шегіп жүрмін.
Вы разве не встречаетесь? Кездесіп тұрмайсыңдар ма?
Вы с неба спустились что ли? Сіз көктен түстіңіз бе?
Вы с ними не справитесь. Оларға шамаларын келмейді.
Вы сами каким себя человеком считаете? Өзіңізді қандай адаммын деп есептейсіз?
Вы сами себе противоречите. Сіз өзіңізге өзіңіз қайшы сөйлеп тұрсыз.
Вы себя недооцениваете. Сіз өзіңізді жете бағаламайсыз.
Вы сегодня прекрасно выглядите. Бүгін құлпырып тұрсыз.
Вы сидите. Мне нужно идти. Сендер отыра беріңдер. Менің кетуім керек.
Вы сказали прийти мне после обеда. Вот пришёл. Түстен кейін кел деп едіңіз. Міне келдім.
Вы слышали новость? Жаңалықты естідіңдер ме?
Вы суеверный? Сіз ырымшылсыз ба?
Вы счастливы? Сендер бақыттысыңдар ма?
 2. Сіздер бақыттысыздар ма?
Вы считаете меня хвастуном? Сіз мені мақтаншақ деп ойлайсыз ба?
Вы сюда когда приехали?
 - Сегодня приехал.
Мұнда қашан келдіңіз?
 - Бүгін келіп едім.
Вы такие интересные! Сендер қызықсыңдар-ай!
Вы только на словах сильные, а на деле трусы. Сендер сөзбен мықтысыңдар, ал іске келгенде қорқасыңдар.
Вы у меня спрашиваете? Менен сұрап тұрсыз ба?
Вы уверены, что никого нет дома? Үйде ешкімнің жоқ екенін анық білесіз бе?
Вы узнали, почему он опаздывает? Неге кешігіп жатыр екен, білдіңдер ме?
Вы уснули что ли? Ұйықтап қалғансыз ба?
Вы учите казахский язык? Сіз қазақша үйреніп жатырсыз ба?
Вы хотите поесть мороженого? Балмұздақ жегілерің келе ме?
Вы хотите меня убить? Сендер мені өлтіргілерің келе ме?
Вы хотите посмотреть? Көргіңіз келе ме?
Вы чего улыбаетесь? Сіз неге күлімдеп тұрсыз?
Вы что собираетесь сделать? Сіз не істегелі жатырсыз?
Вы что-то рано приехали. Сіздер ерте келдіңіздер ғой.
Вы что-то сказали? Сіз бірдеңе айттыңыз ба?
Вы это понимаете, но просто не хотите признавать. Сіз оны түсінесіз. Жай ғана мойындағыңыз келмейді.
Вы этому верите? Сіз соған сенесіз бе?
Вы эту новость от кого услышали? Сіз бұл жаңалықты кімнен естідіңіз?
Выбирай сам. Өзің таңда.
 2. Өзің таңдай бер.
Выбери сам. Өзің таңдап ал.
Выбора нет. Таңдау жоқ.
Выдать дочь замуж. Қыз ұзату.
Выздоравливайте! Сауығып кетіңіз!
Вызовите, пожалуйста, «Скорую помощь». «Жедел жәрдемді» шақырыңызшы.
Выключи, пожалуйста, свет. Жарық сөндірші.
 2. Шамды сөндіре қойшы.
Вынеси мусор, пожалуйста. Қоқысты шығаршы.
Выносливый, как верблюд. Нардай төзімді.
Выполняй, что я тебе сказал. Айтқанымды орында.
Выполняй, как велено. Бұлжытпай орында.
Выражая в двух словах. Тоқ етерін айтқанда.
Выслушай меня до конца, пожалуйста. Сөзімді аяғына дейін тыңдашы.
Вытри слёзы. Көз жасыңды сүрт.
Выходи замуж и сиди дома! Байға ти де, үйде отыр!
Вычеркни меня из своей жизни. Өміріңнен сызып таста мені.
Выше голову! Басыңды жоғары ұста!



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  В быту, А-Б Вернуться к началу В быту, Г-Д-Е-Ж-З  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга