Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
1. Приветствие. Прощание
2. Знакомство
3. Сколько времени?
4. Просьба. Извинение
5. Телефон
6. В магазине
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 Елена Романенко (видео + текст)
1. Сен не ойлайсың?
2. Сен кітап оқығанды... ?
3. Саған не істеген ұнайды?
4. Сіз сонғы рет қашан... ?

5. Сен неге сонша... ?
6. Ол саған не дедi?
7. Сiз ашуланшақсыз ба?
8. РомаБанкке күзетшi...

5. Телефон

Телефон

Составитель: Рауль Керимбаев

1
Мен қазір сөйлесе алмаймын. Біраздан хабарласамын. – Я сейчас не могу говорить. Я перезвоню чуть попозже.
Енді менімен сөйлескенде телефонды ала тұрсаңшы. – Хотя бы телефон убрал, когда со мной разговариваешь.
Сенде оның телефон нөмірі бар ма? – У тебя есть её номер телефона?
Саған он бес рет қоңырау соқтым ғой. – Я же 15 раз звонил тебе.
Неге қоңырауыма жауап бермедің? – Почему не отвечал на мои телефонные звонки?
Кез-келген теңгерім жағдайында да, өмірлік маңызды нөмірлерге қоңырау шал. – Звони по жизненно важным номерам при любом балансе.
Кешке хабарласам. – Вечером позвоню.
Енді сөйле алмаймын. Адамдар күтіп қалды. – Я больше не могу говорить. Меня люди ждут.
Сізбен телефон бойынша қалай хабарласуға болады ? – Как можно связаться с Вами по телефону?
Мен оған қоңырау соқпаймын. – Я не буду ему звонить.
2
Жоқ, жоқ, кешірек қоңырау соғармын. – Нет, нет, я позже перезвоню.
Үнемі керек кезде телефон алмайсың. – Как всегда, когда нужно, ты не берешь трубку телефона.
Қоңырау шалуға уақытым болмады. – У меня не было времени позвонить.
Хабарласуға уақытым болмады. – У меня не было времени позвонить.
Звандауға уақытым болмады. – У меня не было времени позвонить.
Маған ешкім хабарласқан жоқ па? – Мне никто не звонил?
Маған ешкім қоңырау шалған жоқ па? – Мне никто не звонил?
Маған ешкім звандаған жоқ па? – Мне никто не звонил?
Келістік. Қоңырауыңызды күтемін. – Договорились. Буду ждать Вашего звонка.
Ал сен жиірек қоңырау соқ. – А ты почаще звони.
3
Мен қоңырау соқпайтындай. – Как будто я не звоню.
Одан да көп соқ. – Звони ещё больше.
Кешіріңіз, менің телефонымның қуаты таусылып қалды. Сіздікімен біреуге қоңырау соқсам бола ма? – Извините, у меня разрядился телефон. Могу я позвонить кое-кому с Вашего телефона?
Сенің телефон шылдырап жатқан. – Твой телефон звонил.
Кейін хабарласарсың. – Потом позвонишь.
Жасырын нөмірмен қалай қоңырау шалу болады? – Как позвонить скрытым номером?
Жасырын нөмірмен қалай звандайды? – Как позвонить скрытым номером?
#31#-ны тересiң, cосын нөмірдi тересiң болды. – Набираешь #31#, потом набираешь номер и всё.
Неге звандадың? – Зачем звонил?
Сен звандадың ба? – Ты звонил?
4
Саған бастық звандаған жоқ па? – Тебе шеф не звонил?
Үйде телефонымды жоғалтып алдым, ол дыбыссыз режимде тұрған. – Потеряла в доме телефон, а он стоял на беззвучном режиме.
Кім қоңырау шалды екен? – Кто, интересно, звонил?
Нөмірден шатасқан шығар? – Наверно, номером ошибся?
Қоңырау барып тұр. – Гудки идут.
Кіммен сөйлесіп жатыр едің? – С кем ты говорил?
Маған не үшін телефон соғайын деп едің? – Зачем ты хотел мне позвонить?
Саған қоңырау шалайын деп жатыр едім. – Я собирался тебе позвонить.
Вацапқа жібере аласыз ба? – Можете отправить на вацап?
Оның телефон кешеден бері өшірулі. – Её телефон выключен со вчерашнего дня.
5
Кешке хабарласамыз. – Созвонимся вечером.
Маған жарты сағат сайын қоңырау шала берме! – Не звони мне каждые полчаса!
Енді звондама маған. – Больше мне не звони.
Сосын, контактілерден нөмірімді де өшіріп таста. – Потом, удали мой номер из контактов.
Хабарласпа маған. – Не звони мне.
Жаным, саған қаншама қоңырау соқтым. Неге жауап бермедің? – Милая, я столько раз тебе звонил. Почему не отвечала?
Хабарлама да жібердім. – И сообщение отправлял.
Қуатты бітіп қалған шығар. – У него, наверное, телефон разряжен.
Оны қара тізімге жіберсенші. – Отправь его в черный список (телефона).
Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлесуге болмайды. – При вождении автомобиля разговаривать по телефону нельзя.
6
Көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесуге бола ма екен? Өшіріңіз! – Разве можно говорить по телефону во время вождения автомобиля? Выключайте!
Оның телефон өшіп тұр. – Его телефон отключен.
Бірдеңе біле алсам сізге хабарласам. – Если я что-нибудь узнаю, то Вам позвоню.
Мен сізге жарнама бойынша хабарласып тұрмын. – Я звоню Вам по поводу объявления.
Мен саған хабарласамын. – Я тебе позвоню.
Сәлеметсіз бе! Мен Павлодардан хабарласып тұрмын. – Здравствуйте, я звоню с Павлодара.
Анда-санда хабарласып тур. – Звони, хоть иногда.
Қоңырауға жауап бер. – Ответь на телефонный звонок.
Ол үйде жоқ, сәлден соң хабарласыңыз. – Его нет дома, попозже позвоните.
Мен ұялы телефонымды жоғалтып алдым. – Я потерял свой сотовый телефон.
7
Ол кісінің телефон нөмерін білесіз бе? – Вы знаете его номер телефона?
Оның телефон нөмерін білесіз бе? – Вы знаете его номер телефона?
Жиірек хабарласыңыз. – Почаще звоните.
Сіз маған қоңырау соқтыңыз ба? – Вы мне звонили?
Неге хабарласпай отыр? – Почему он не звонит?
Қайда болдың? Неге телефон соқпадың? – Ты где был? Почему не звонил?
Кім саған звандады? – Кто тебе звонил?
Саған кім қоңырау шалған? – Кто тебе звонил?
Саған звандап ала алмадық қой. Бәрі дұрыс па? – Сколько не звонили тебе, ты не брал трубку, все в порядке?
Мен сені күні-бойы звандап ала алмадым. – Я целый день не могла дозвониться до тебя.
8
Неге маған звандай бересің? – Почему ты мне звонишь и звонишь?
Не айтқыңыз келді? Не үшін звандадыңыз? – Что Вы хотели сказать? Для ченго звонили?
Хабарлама жібердің бе? – Ты отправил сообщение?
Оның нөмірің вацапқа жіберші. – Отправь его номер на вацап.
Сіз оның ұялы телефоның білесіз бе? – Вы знаете его сотовый телефон?
Телефон нөмірің жазып алайыншы. – Давай, я запишу твой номер телефона.
Ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады. – Пользоваться сотовыми телефонами запрещено.
Телефон соғып тұрыңыз. – Звоните.
Сөйлеп тұрған кім? – Кто это говорит?
Қай кезде хабарласайын? – Когда мне позвонить?
9
Келістік. Қоңырауыңызды күтемін. – Договорились. Буду ждать Вашего звонка.
Ол телефонды қасынан тастамайды. – Она не расстается с телефоном.
Үш күннен кейін хабарлас. – Позвони через три дня.
Кез келген уақытыңда хабарласа бер. – Звони в любое время.
Мен саған күнде қоңырау шалып тұрамын. – Я тебе буду звонить каждый день.
Менімен сөйлесуге уақыт тапқаныңыз үшін рақмет. – Спасибо, что нашли время поговорить со мной.
Үйге жеткенде хабарлас. – Позвони, когда доберешься до дому.
Телефон нөміріңізді бересіз бе? – Вы дадите свой номер телефона?
Кейінрек қоңырау шалам! – Попозже позвоню!
Кейінрек хабарласам. – Попозже позвоню.
10
Бірдеңе керек болса хабарлас. – Звони, если что понадобится.
Ұлым, телефоныма ақша салып берші. – Сынок, закинь деньги на мой телефон.
Саған хабарласқан жоқ па? – Тебе не звонили?
Бұл телефон арқылы сөйлесетін әңгіме емес. – Это не телефонный разговор.
Бұл телефон арқылы айтылатын әңгіме емес. – Это не телефонный разговор.
Бұл телефонмен айтылатын әңгіме емес. – Это не телефонный разговор.
Жай, жағдайыңды білейін деп хабарластым. – Я просто позвонил, узнать как у тебя дела.
Айналайын, қазір қолым бос емес. Кейін хабарласшы. – Дорогая, я сейчас занят. Позвони попозже.
Біреу телефон соқса «мені үйде жоқ деп айта салшы». – Если кто позвонит, скажи, что меня нет дома.
Кімге хабарласып жатырсың? – Кому звонишь?
11
Кімге қоңырау шалып жатырсың? – Кому звонишь?
Қоңырау шалғаныңызға рақмет. – Спасибо за звонок.
Сіздін хабарласуыңызды күтемін. – Буду ждать твоего звонка.
Мен бір неше рет хабарластым, байланысқа шықпадыңыз ғой. – Я несколько раз звонил Вам, но Вы на связь не выходили.
Маған он минуттан кейін хабарласшы. – Перезвони мне через 10 минут.
Жанға хабарлама жіберші. – Отправь Жану сообщение.
Естіген жоқпын. Телефоным дыбыссыз режимде тұрған. – Я не слышал. Мой телефон стоял на беззвучном режиме.
Шаруалар біткен соң хабарлас. – Позвони, когда закончишь дела.
Жаңа ғана хабарласайын деп жатыр едім саған. – Я только что собирался позвонить тебе.
Сол жерден шыққан соң бірден хабарлас. – Когда выйдешь оттуда сразу позвони.
12
Әрине, бірден телефон соғамын. – Конечно, сразу позвоню.
Хабарламаға да жауап бермейсің, телефон соқсам да алмайсың. – Не отвечаешь на сообщения, не берешь трубку, когда тебе звоню.
Себебі сен ынғайсыз уақытта қоңырау шаласың. – Потому что ты звонишь в неудобное время.
Менің қоңырауларыма неге жауап бермейсің? – Ты почему не отвечаешь на мои звонки?
Ертең хабарласамын. – Завтра позвоню.
Маған телефон соқпа. – Не звони мне.
Маған қоңырау соқтың ба? – Ты мне звонила?
Телефон соқпайсың, хабарлама жазбайсың. – Не звонишь, не пишешь сообщений.
Әрине, қалаған уақытында хабарлас. – Конечно, звони, когда пожелаешь.
Түсінбедім, сіз не дедіңіз? – Я не понял, что Вы сказали?
13
Даусың бір түрлі ғой. – У тебя голос странный.
Мен сізді нашар естіп тұрмын. – Я плохо Вас слышу.
Мен сізді тыңдап тұрмын. Айта беріңіз. – Я Вас слушаю. Говорите.
Телефонның қуаттағышы қайда? – Где зарядка от телефона?
Телефоным қуаттағышта тұр. – Мой телефон на зарядке.
Не үшін хабарласып тұрсың? – Зачем ты звонишь?
Телефоныңыз шырылдап жатыр. – У Вас телефон звонит.
Саған неге бөтен еркектер қоңырау шалады? – Почему тебе звонят посторонние мужчины?
Мен байланыста боламын. – Я буду на связи.
Хабарласқанша! – До связи!
14
Бір сағаттан соң хабарласыңыз. – Позвоните через час.
Сіз нөмірді дұрыс терген жоқсыз. – Вы неправильно набрали номер.
Сіз нөмірді қате тердіңіз. – Вы набрали неправильный номер.
Телефон сөндірулі. – Телефон отключен.
Сәлден соң хабарласыңыз. – Позвоните позже.
Жай звандап тұрсың ба? – Просто так звонишь?
Даусыңызды естігеніме қуаныштымын. – Я рад слышать Вас голос.
Алло, бұл кім? – Алло, кто это?
Абонент байланыс аясынан тыс жерде. – Абонент вне зоны доступа связи.
Ол сізден қоңырау күтеді. – Она ждёт Вашего звонка.
15
Телефон шалғаныңды естімей қалдым. – Я не слышал телефонного звонка.
Ол маған енді телефон соқпай-ақ қойсың. – Пусть он больше мне не звонит.
Қайта қоңырау соқшы, мен ештеңе естімей тұрмын. – Перезвони, пожалуйста, я ничего не слышу.
Ол сенің қоңырауыңды күтіп жүр! – Она ждёт твоего звонка!
Бір минуттан соң звондаймын. – Я перезвоню через минуту.
Бір минуттан соң хабарласамын. – Я перезвоню через минуту.
Мен сізге хабарландыру бойынша қоңырау шалып тұрмын. – Я звоню вам в связи с вашим объявлением.
Маған телефон нөміріңізді беріңізші. – Дайте мне ваш номер телефона, пожалуйста.
Телефон нөміріңізді алуыма рұқсат па? – Можно у Вас взять номер Вашего телефона?
Иә,салем,мен сенің қоңырауыңды күтіп жүр едім. – Да, привет, я ждал твоего телефонного звонка.
16
Ол маған телефон соқсыншы. – Пусть он мне позвонит.
Қашан хабарласуға болады? – Когда можно позвонить?
Маған телефон соғыңыз. – Позвоните мне.
Жарайды, қашан хабарласайын? – Ладно, когда позвонить?
Сіз менің телефонымды білесіз бе? – Вы знаете мой телефон?
Телефон нөмірін жазып алайыншы. – Давайте я запишу номер телефона.
Бүгін кешке телефон шалыңыз. – Позвоните сегодня вечером.
Мына нөмір бойынша хабарласыңыздар 82223332223. – Звоните по этому номеру 82223332223.
Мына нөмір бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз 82223332223. – Просим звонить по этому телефону 82223332223.
Телефон соғуға бола ма? – Можно позвонить?
17
Басқа бөлмеде болып едім, содан қоңырауыңызды естімей қалдым. – Я был в другой комнтае и, поэтому, не слышал Вашего звонка.
Бағана сізге телефон соққам, алмадыңыз. – Недавно я звонил Вам, Вы не брали трубку.
Саған кім оған телефон соқ деген? – Тебе кто сказал позвонить ему?
Ол кісі сізге звандаймын деген. – Он сказал, что позвонит Вам.
Ол хабарласам деген. – Он сказал, то позвонит.
Орналасқан соң хабарласамын. – Как устроюсь, позвоню.
Хабарласа алдмадым. – Я не дозвонился.
Мен бүгін оған көп рет қоңырау шалдым. – Я сегодня звонил ему много раз.
Бәріне қоңырау шалдым. – Я перезвонил всем.
Бүгін бірнеше рет сізге телефон соқтым. – Сегодня несколько раз звонил Вам.
Сіз қателестіңіз, басқа нөмерге түстіңіз. – Вы ошиблись, не туда попали.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Просьба, извинение Вернуться к началу Полезные фразы 01  >>