Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

В магазине

Дүкенде

Составитель: Рауль Керимбаев

1
Сауда базарлы болсын. – Удачной торговли.
Саудаңыз сәтті болсын! – Удачной торговли!
Сатып жібердім. – Продал.
Сатып алдым. – Купил.
Сатып алушы. – Покупатель.
Сатушы. – Продавец.
Кезектің соңы кім? – Кто последний?
Кезектің соңы кім екен? – Кто же последний?
Кімнің кезегі? – Чья очередь?
Бағасы қанша? – Сколько стоит? (Какова цена?)
2
Бұл қымбат па? – Это дорого стоит?
Бұл дүкенде бәрі бар. – В этом магазине всё есть.
Дүкен қашан ашылады? – Когда открывается магазин?
Дүкен қашан жабылады? – Когда закрывается магазин?
Ол сағат сегізден жиырма екіге дейін ашық. – Он открыт с восьми до двадцати двух часов.
Сіздерде түскі үзіліс бар ма? – У вас есть обеденный перерыв?
Жоқ, біз үзіліссіз жұмыс істейміз. – Нет, мы работаем без перерыва.
Дүкен сағат сегізге дейін жұмыс істейді. – Магазин работает до восьми вечера.
Азық-түлік дүкеніне барасыз ба? – Вы пойдёте в продуктовый магазин?
Айналайын, дүкенге барып келші. – Дорогой, сходи в магазин.
Азық-түлік бағасы өсіп келеді. – Цены на продукты растут.
3
Азық-түлікті қайдан аласыз? – Где Вы покупаете продукты?
Сіз маған қандай кеңес бере аласыз? – Что вы можете мне посоветовать?
Кеңесіңіз үшін рақмет! – Спасибо за Ваш совет!
Мен дүкенге барып, шайға бірдеңе алып келейін. – Я схожу в магазин, куплю что-нибудь к чаю.
Даналап сатпайсыз ба? – Поштучно не продаёте?
Ақшаны қайда төлеуім керек? – Где мне надо заплатить?
Сүт өнімдері қайда сатылады? – Где продаются молочные продукты?
Бір литр сүт неше теңге тұрады? – Сколько стоит литр молока?
Айранды қайда сатып алуға болады? – Где можно купить кефир?
Кілегей бар ма? – Есть сливки?
4
Бір литр сүт жүз жиырма теңге тұрады. – Один литр молока стоит 120 тенге.
Маған екі шыны кілегей, бір пакет айран, бір килограмм сүзбе беріңізші. – Дайте пожалуйста две бутылки сливок, пакет кефира и килограмм творога.
Маған бір литр сүт, жарты келі май өлшеңізші. – Мне литр молока, полкилограмма масла взвесьте.
Қаймақ алмайсыз ба? – Сметану не возьмёте?
Жаңа піскен нан бар ма? – Есть свежий хлеб?
Нан қанша тұрады? – Сколько стоит хлеб?
Маған нан, май, сүт беріңізші. – Дайте мне, пожалуйста, хлеб, масло, молоко.
Бір бөлке қара нан беріңізші. – Дайте мне булку ржаного хлеба.
Қара нан берейін бе, әлде ақ нан берейін бе? – Вам дать белого или чёрного хлеба?
Маған бір нан беріңізші! – Мне булку хлеба!
5
Нан жаңа піскен бе? – Хлеб свежий?
Сізде ауыз суы бар ма? – У вас есть питьевая вода?
Күріш алайын деп едім. – Я хотел купить рис.
Бұл қай жердің ұны? – Это мука откуда?
Жеміс-көкөністер қай жерде сатылады? – Где продаются фрукты и овощи?
Қанша төлеуім керек? – Сколько я должен заплатить?
Сізде он мың теңгеге қайтарым болады ма? – У вас будет сдача с десяти тысячи тенге?
Мынаны майдалап бересіз бе? – Вы это не разменяете?
Қане, тез төлеңіз, мен асығыспын. – Давай поскорее платите, мне некогда.
Ақша таусылды. – Деньги закончились.
6
Арзандауы жоқ па? – Нет ли дешевле?
Артық жатқан ақшамыз жоқ. – Лишних денег у нас нет.
Міне, ақшаны алыңыз. Рақмет. – Вот, возьмите денежку. Спасибо.
Рақмет, қайтарымы керек емес. – Спасибо, сдачи не надо.
Менде қайтарым жоқ. – У меня нет сдачи.
Майда ақшамен беріңізші. – Дайте, пожалуйста, мелочью.
Қарындас, айтып жіберіңізші. – Девушка, подскажите, пожалуйста.
Ақшаны қайда ұсатуға болады? – Где можно разменять деньги?
Біз тек отандық өнімдерді сатып аламыз. – Мы покупаем только отечественную продукцию.
Он мың ұсатып беріңізші. – Разменяйте 10 000, пожалуйста.
7
Маған ақша ұсақтап бере аласыз ба? – Вы могли бы мне разменять деньги?
Айта беріңіз, не іздеп жүрсіз? – Говорите, что ищите?
Тетрақаптағы алма шырыны бар ма? – Есть ли яблочный сок в тетрапакетах?
Сіздерде алма шырыны бар ма? – Есть ли у вас яблочный сок?
Жүз теңге жетпей тұр. – Не хватает 100 тенге.
Ақшаны кассаға төлейсіз. – Оплатите на кассе.
Сізден сұрауға бола ма? – Можно у Вас спросить?
Кешіріңіз, сіз осы дүкен қызметкерісіз бе? – Извините, Вы здесь работаете?
Сіз не алайын деп едіңіз? – Что Вы хотели купить?
Кепкен өрік дәнімен бе әлде дәнсіз бе? – Курага с косточками или без косточек?
8
Қауынды қаншадан сатып жатырсыз? – Почём продаёте дыни?
Орташалау қарбыз қанша келі? – Сколько килограммов будет весить средний арбуз?
Бағасын түсіре алмаймын. – Я не могу снизить цену.
Алмасаң алма! – Не хочешь, не бери!
Жүз теңге сіздің мойныңызда. – За Вами 100 тенге.
Сізде өлшеп салынған жемісқақтар бар ма? – У вас есть фасованные сухофрукты?
Бізде өлшеп салынған мейіз бар. – У нас есть фасованный изюм.
Ақжелкеннің бір бумасы елу теңге тұрады. – Один пучок петрушки стоит пятьдесят тенге.
Аскөктің бір бумасы қанша тұрады? – Сколько стоит пучок укропа?
Маған үлкен қырыққабат беріңізші. – Дайте мне большой качан капусты.
9
Кәді беріңізші. – Дайте кабачки.
Маған орташа көлемді баклажандар салыңызшы. – Положите мне баклажаны средних размеров.
Қызанақ жаңадан әкелінген бе? – Помидоры свежие?
Сізге пиязды бөлек қалтаға салып берейін бе? – Вам лук положить в отдельный пакет?
Сіз сарымсақты қалай сатасыз? – Как вы продаёте чеснок?
Бір басы елу теңге тұрады? – Головка стоит пятьдесят тенге?
Сізде шалғам бар ма? – У вас есть редис?
Маған бір келі қызылша беріңізші. – Дайте мне килограмм свеклы.
Сізге тәтті бұрыш керек пе? – Вам нужен сладкий перец?
Бағасын түсірмейсіз бе? – Не уступите? (Цену не снизите?)
10
Түсіремін, алыңыз. Арзанға беремін. – Уступлю. Берите. Подешевле отдам.
Азамат! Менікін алыңыз. Мен арзандау берейін. Неше килограмм аласыз? – Гражданин! Возьмите у меня. Я дам дешевле. Сколько Вам килограмм.
Маған үш-төрт килограмм ет өлшеп жіберіңізші! – Взвесьте мне 3-4 кг мяса!
Кітап дүкенінде. – В книжном магазине.
Кітап дүкеніне қалай баруға болады? – Как пройти в книжный магазин?
Анау бір кітапты көрсетіңізші. – Покажите мне вон ту книгу.
Шетел әдебиеті бөлімі қайда? – Где отдел иностранной литературы?
Сіз маған қандай кеңес бересіз? – Что вы можете мне порекомендовать?
Мен қазақша-орысша сөздік сатып алайын деп едім. – Я хочу купить казахско-русский словарь.
Сіздерде қазақ тілінде балаларға арналған қандай кітаптар бар? – Какие книги для детей есть у вас на казахском языке?
11
Дүкен араладым. – Ходила по магазинам.
Сәлеметсіз бе! Маған гүл керек еді. – Здравствуйте, мне нужны цветы.
Сәлеметсіз бе! Таңдаңыз қандай гүл керек? – Здраствуйте! Выбирайте какие Вам нужны цветы?
Маған үш тал раушан гүлін беріңізші. – Дайте мне три розы, пожалуйста!
Гүл сататын дүкен қайда? – Где находится цветочный магазин?
Әдемі гүл алайық. – Давай купим красивые цветы.
Қызғалдақ қанша тұрады? – Сколько стоит тюльпан?
Маған көп нәрсе керек. – Мне много чего нужно.
Оны қайда сатып алуға болады. –Где это можно купить?
Сіз сөмкенің қай түсін қалайсыз? – Какого цвета сумку вы предпочитаете приобрести?
12
Мына арқа сөмкесін көрсетіп жібермейсіз бе? – Вы не могли бы показать этот ранец?
Сізде сурет салатын альбом бар ма? – У вас есть альбом для рисования?
Тығыздығы жоғары жазу қағазын беріңізші. – Дайте, пожалуйста, писчую бумагу высокой плотности.
Сізге бір бумасын берейін бе? – Вам дать одну пачку?
Бумада қанша қағаз бар? – А сколько бумаги в пачке?
Мен бояу қарындаштарын сатып алайын деп едім. – Я хочу купить цветные карандаши.
Мен қойын дәптер сатып алайын деп едім. – Я хочу купить записную книжку.
А-төрт қағазынан он бума беріп жіберіңізші. – Будьте добры дайте десять пачек бумаги А-4.
Кеңсе тауарлары. – Канцелярские товары.
Сізде дәл осындай, бірақ түсі басқа бар ма? – У Вас в точь такой же, но другого цвета есть?
13
Мен мына біреуін аламын. – Я возьму это.
Бұл маған керек емес. – Это мне не нужно.
Кешіріңіз, сіз не іздеп жүрсіз? – Извините, что Вы ищите?
Мынау жейдені киіп көруге бола ма? – Можно примерить эту рубашку?
Киіп көресіз бе? – Вы примерите?
Киіп көрейін. – Я примерю.
Киім өлшейтін бөлме оң жағыңызда. – Примерочная справа от Вас.
Киіп көруге бола ма? – Можно примерить?
Аяқ киіміңді шешіп, кілемшеге тұр. Киіп көр. – Сними обувь, стань на коврик. Примерь.
Көмектесе аласыз ба? – Вы можете помочь?
14
Көмегіңізге рақмет. – Спасибо Вам за помощь.
Кешіріңіз, сұрасам бола ма? – Извините, можно спросить?
Мына заттың ақауы бар. – У этой вещи есть брак.
Көруге бола ма? – Можно посмотреть?
Мен мынаны алам. – Я это беру.
Бұл өте қымбат. – Это очень дорого.
Маған бетіңмен тұр. Енді артыңмен бұрыл. – Повернись ко мне лицом. А теперь повернись спиной.
Маған қарап тұр. Енді теріс бұрылып тұр. – Повернись лицом. А теперь повернись спиной.
Саған спорттық костюм ұнай ма? Сен киесің бе? – Тебе нравится спортивный костюм? Ты будешь одевать?
Киім өлшеу бөлмесі қайда? – Где примерочная?
15
Бұл базар ғой, бағасын кемітіп беріңіз. – Это же базар, уступите.
Бағасын қаншаға түсіресіз? – Сколько уступите?
Бұл түпкілікті баға. – Цена окончательная.
Егер Сіз солай қалап тұрсаңыз бес жүз түсіремін. – Ну, если Вы так хотите, уступлю пятьсот.
Бізде арзан бағалар және сапалы тауарлар. Аласыз ба? – У нас низкие цены и качественный товар. Берёте?
Бұл маған кіші. – Это мне мало.
Бұл маған үлкен. – Это мне велико.
Бұл маған тура келеді. – Это мне подходит.
Мен мынаны киіп көрсем бола ма? – Могу ли я это примерить?
Бұл менің өлшемім емес. – Это не мой размер.
16
Менің бутикіме қарай салыңызшы, мен қазір қайта оралам. – Посмотрите за моим бутиком, я сейчас вернусь.
Ұзын жеңді жейдені қайда сатып алуға болады? – Где можно купить рубашку с длинным рукавом?
Сатушы қазір келеді. – Продавец сейчас подойдет.
Сізге тар емес пе? Мүмкін үлкенірек өлшемді беру керек? – Вам не тесно? Может дать побольше размер?
Өзіңізге айнаға қараңыз. Сізге өте жақсы. – Посмотрите на себя в зеркало. Вам очень хорошо.
Қанша тұрады? – Сколько стоит?
Егер ұзын болса, біраз қысқартуға болады. – Если длинное, можно чуть укоротить.
Үлкенірек беріңізші (өлшем). – Дайте побольше (размер).
Тағы барып көріп келейік. – Пойдём ещё посмотрим.
Қысқа (көйлек туралы). – Короткое (о платье).
Басқа түстер бар ма? – Есть другие цвета?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Телефон Вернуться к началу Пожелания  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв