Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 

Пожелания

Тілектер

Составитель: Рауль Керимбаев

1
Ал баршаңызға, әр отбасына бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – А всем здесь присутствующим, каждой семье желаю счастья и добра. Спокойствия и процветания нашему народу!
Айтылған сөзге қосыламын. – Присоединяюсь к раннее сказанным поздравлениям.
Бүгінгі күн – сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. “Үйлену оңай, үй болу қиын”, - дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. – Сегодня самый счастливый день в вашей жизни. В народе говорят: «Женится легко, семью создать трудно». Я хочу пожелать вам взаимопонимания, любви и согласия!
Үйлену той құтты болсын! Қол ұстасып ұзақ өмір сүріңіздер! Балаларыңыз көп болсын! Жолдарыңыз ашық, отбасыларыңыз тату болсын! Бақытты болыңыздар! – Поздравляю со свадьбой! Рука об руку живите долгую жизнь! Пусть у вас будут много детей! Пусть для вас будет открыты все дороги, а семья ваша жила в согласии! Будьте счастливы!
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймын! – Дорогие молодожены! Поздравляю вас с законным бракосочетанием!
(Тұсау кесу). Балапанның тұсау кесіліп, басқан қадамы болашаққа бастар жол болсын! Өмірде сүрінбесін. Барған жері мерекелі, ғұмыры берекелі болсын! – После обрезания пут ребёнку, пусть первые шаги будут началом удачи будущей жизни! В жизни пусть не спотыкается. Пусть его жизнь будет праздничной и богатой!
Мереке құтты болсын! – С праздником!
Кәсіби мейрамымен құттықтаймын! – Поздравляю с профессиональным праздником!
Сіздерге әрдайым жеңіс пен табыс тілеймін! – Желаю Вам всегда побед и успехов!
Баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық тілеймін! – Желаю всем новых достижений, достатка и согласия!
2
Тезірек сауығып кетіңіз! – Быстрее выздоравливайте!
Дертіңізге шипа берсін! – Пусть Бог даст исцеление!
Дертке дауа берсін! – Пусть Бог даст способ исцеления!
Сауығып кетіңіз, ауырмаңыз. – Выздоравливайте, не болейте.
Асқақ арман, талмас қанат тілеймін. – Желаю Вам иметь высокую мечту, неутомимые крылья (энергию).
Күндеріңіз жағымды жаңалықтарға толы болсын! – Пусть день будет полон хорошими новостями!
Бүгінгі күн сіз үшін тек сәттілік әкелсін! – Пусть этот день принесёт Вам только удачу!
Зор денсаулық, отбасыңызға амандық, өзіңізге әйел бақытын тілеймін! – Желаю крепкого здоровья, благополучия в семье, а Вам женского счастья.
Сізге қарапайым әйел бақытын тілеймін! – Желаю Вам простого женского счастья!
Алға қойған мақсаттарыңа жетуде шалқар шабыт тілеймін! – Для достижения поставленных перед собой целей, желаю неиссякаемого вдохновения!
3
Қайырлы болсын! – Пусть всё будет хорошо (в добрый час)!
Отбасыңыз аман, тату, бақытты болсын! – Пусть Ваша семья живёт в согласии, будет здоровой, и счастливой!
Барлықтарына ас болсын! – Всем приятного аппетита!
Барлық тілектер қабыл болсын! – Пусть все пожелания исполнятся!
Демалыстарыңыз сәтті өтсін! – Желаю вам отличных выходных!
Сізге де соны тілеймін. – И вам того же желаю.
Лауазымыңыздың жоғарлауымен! – С повышением должности!
Конституция күнімен! – С днём Конституции!
Конституция күнімен құттықтаймыз! – Поздравляем с днём Конституции!
Медицина қызметкерлері күнімен! – С днём медицинского работника!
4
Мерекеңізбен! – С праздником!
Мерекеңізбен құттықтаймын! – Поздравляю с праздником!
Қоныс құтты болсын! – С новосельем!
Қоныстарыңыз құтты болсын! Іші толған қуаныш-қызық болсын! – С новосельем! Пусть дом будет полон радости и интереса!
Баланың бауы берік болсын! – Поздравляю с новорожденным!
Күндеріңіз сəтті өтсін! – Удачного вам дня!
Өзің киіп өзің тоздыр. – Сам носи, сам износи.
Немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіз! – Радуйтесь успехам внуков-правнуков!
Немерелеріңіздің қызығын көріңіз. – Радуйтесь успехам своих внуков!
Балаларыңыздың қызығын көріңіз! – Радуйтесь успехам своих детей!
5
Құтты болсын жаңа қызметіңіз, Балямбай Балямбаевич! – Поздравляем с новой должностью, Балямбай Балямбаевич!
Арман-тілегіңіз орындалсын! – Пусть сбудутся все Ваши мечты и желания!
Барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, табыс, өшпес махаббат тілеймін! – Всем здоровья, счастья, успехов, неугасаемой любви желаю.
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! – Будьте счастливы, наблюдая как взрослеют и делают успехи Ваши дети!
Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! – Всем желаю крепкого здоровья, семейного благополучия, веселья в ваших домах!
Жүзіңізден күлкі кетпесін! – Пусть не сходит с Вашего лица улыбка!
Барлықтарыңызға жылы лебіздеріңізге рақмет! – Спасибо всем за тёплые пожелания!
Барлықтарына рақмет! – Всем спасибо!
Баршаңызға сәттілік тілеймін! – Всем желаю удачи!
Бала-немерелердің ортасында, ауырмай-сырқамай жүре беріңіз! – Не болейте, не хворайте, наслаждайтесь детьми и внуками!
6
Алдыңызға қойған мақсатқа жете беріңіз! – Желаю достигнуть поставленной цели!
Ақша қалтаға сыймасын! – Пусть деньги не вмещаются в карман!
Отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілеймін! – Желаю здоровья Вашей семье и успехов в труде
Сіздерге де жақсылық тілеймін! – И я Вам желаю добра!
Рақмет жылы лебізіңізге. – Спасибо за тёплые пожелания.
Өміріңіз қуанышқа толсын! – Пусть Ваша жизнь будет наполнена радостью!
Өмір қуанышқа толы болсын! – Пусть жизнь будет полна радости!
Сізбен дос болғанымды мақтан етем. Бар болыңыз, бай болыңыз. – Я горжусь дружбой с Вами. Будьте (с нами), будьте богатым.
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын! – Пусть в сердце не будет места для горести и печали!
Ауырмай-сырқамай жүре беріңіз! – Живите, не болея, не хворая!
7
Аман болыңыздар, ауырмаңыздар! – Будьте здоровы, не болейте!
Сізге байлық тілеймін! – Желаю Вам богатства!
Немерелердің қызықтарын тоймай жүре беріңіз! – Наслаждайтесь внуками!
Қуанышты күндеріңіз көп болсын! – Побольше радостных дней!
Қартаймаңыз! – Не старейте!
Өмірдің қызығына тоймай жүріңіз! – Не уставайте удивляться жизни.
Айтылған тілектер орындалсын! – Пусть сбудутся сказанные пожелания!
Бастамаларыңызға сəттілік тілеймін! – Вашим начинаниям удачи!
Өркендей бер! – Желаю тебе процветания!
Бар жақсылықты тілеймін! – Желаю всего хорошего!
8
Сізге бақыт тілеймін. – Я желаю Вам счастья.
Көп жаса! – Живи долго!
Арманыңа жет! – Достигни мечты!
Мақсатыңа жет! – Достигни цели!
Зор денсаулық тілеймін! – Желаю огромного здоровья!
Керемет келешек тілеймін! – Желаю прекрасного будущего!

Благодарность

Алғыс
1
«Рақмет» деп айтуды ұмытпаңыз. – Не забывайте говорить «Спасибо».
Наурыздың бірі - Алғыс айту күні. – 1 марта - День благодарности.
Мың да бір рақмет! – Тысяча и одно спасибо!
Қазақ жеріне рақмет! – Спасибо казахской земле!
Баршаңызға рақмет – Всем спасибо.
Рақмет сендерге. – Спасибо вам (Рақмет сіздерге).
Рақмет, зауқым жоқ. – Спасибо, нет желания.
Рақмет сізге, сіз сондай мейірбансыз. – Спасибо Вам, Вы так великодушны.
Алдын ала рақмет сізге. – Заранее Вам спасибо.
Алғыста шек болмайды. – Благодарность не знает границ.
2
Пейіліңізге рақмет! – Спасибо за любезность!
Жылы шырайыңызға рақмет. – Спасибо за комплимент.
Маған алғыс айтудың қажеті жоқ. – Нет необходимости меня благодарить.
Рақмет жылы лебізіңізге. – Спасибо Вам за теплые пожелания.
Қандай алғыс айтсам екен! – Как мне тебя благодарить!
Маған алғыс айтпай-ақ қойыңыз. – Не надо меня благодарить.
Мен сізге борыштармын. – Я Вам очень обязан.
Көп рақмет! – Большое спасибо.
Берген ақылыңызға рақмет! – Спасибо за совет!
Шын жүректен ризашылығымды білдіремін. – Выражаю искреннюю благодарность.
3
Алдын ала алғыс айтамын. – Заранее признателен.
Рақмет, сіз мені құтқарып қалдыңыз. – Спасибо, Вы меня выручили.
Сізге рақмет айтуға тиіспін. – Я должен Вас поблагодарить.
Келдің - рақмет саған, кеттің - қөп рақмет... – Пришёл - спасибо, ушёл - большое спасибо...
Көмегіңе рақмет. – Спасибо тебе за помощь.
Сізге сондай ризамын! – Я Вам так благодарен!
Сізге алғыс айтуға мүмкіндік болмады. – У меня не было возможности поблагодарить Вас.
Барлығы үшін рақмет. – За всё спасибо.
Бәріміздің атымыздан рақмет. – Спасибо от всех нас.
Саған рақмет айтайын деп едім. – Я хотел тебе сказать спасибо.
4
Сізге қалай алғыс айтарымды білмеймін. – Я не знаю, как выразить Вам благодарность.
Бірге болғаныңа рақмет. – Спасибо тебе, что был с нами.
Түсіндіргеніңіз үшін рақмет. – Спасибо Вам за объяснение.
Мені кешке асқа шақырғаныңа рақмет. – Спасибо за приглашение на ужин.
Бізді елеп-ескергеніңізге рақмет! – Спасибо, что не обошли нас вниманием!
Сол үшін оған рақмет айтқым келеді. – За это ему хочется сказать спасибо.
Құрметіңізге рақмет! – Спасибо за уважение.
Аударғаныңыз үшін рақмет. – Спасибо за перевод.
Түзеткеніңіз үшін рақмет. – Спасибо за то, что поправили.
Сізге ризалығымды қалай жеткізерімді білмей отырмын. – Не знаю как выразить Вам благодарность.
5
Сізге көп рақмет, сіз болмағаныңызда біз бұлай отырмас едік. – Вам большое спасибо. Если бы не было Вас, мы бы вот так не сидели.
Сіздің бұл жақсылығыңызды ұмытпаймыз, рақмет. – Мы не забудем эту Вашу доброту, спасибо.
Шақырғаның үшін алғысымды білдіремін! Міндетті түрде келемін. – Благодарю за приглашение. Обязательно приду.
Мен өзімнің ұстазы Нұрғиза Нұрахметқызына рақмет айтқым келеді. – Мне хочется сказать спасибо своей учительнице Нургизе Нурахметовне.
Сұраққа жауап бергеніңіз үшін рақмет. – Спасибо за то, что ответили на вопрос.
Бәріңізге жақсы тілектеріңіз үшін көп рахмет! – Всем большое спаибо за хорошие пожелания!
Назар аударып тыңдағандарыңызға рақмет! – Спасибо, что обратили внимание и выслушали!
Сіздер мені сыйлап шақырғандарыңызға рақмет. – Спасибо вам за то что уважили меня и пригласили.
Келіп, қатысқандарыңызға көп рақмет. – Большое спасибо, что пришли и участвовали!
Жанымдағы ең жақын адамдарға рақмет. – Спасибо моим самым близким людям!
6
Ең жақындарыма рақмет! – Спасибо моим самым родным людям!
Әкем мен анама сансыз рақмет. – Бесчисленная благодарность отцу и матери моим.
Қатысқандарыңызға көп рахмет! – Большое спасибо за участие!
Рақметтен басқа айтарым жоқ. – Кроме, как спасибо, мне сказать нечего.
Танытқан белсенділіктеріңіз үшін рақмет! – Спасибо вам за проявленную активность в учении!
Тілек білдіргеніңізге рақмет! – Спасибо за сказанные пожелания!
Уақыт бөлгендеріңіз үшін рақмет. – Спасибо, что уделили время.
Рақмет сізге, сіз сондай мейірбансыз. – Спасибо Вам, Вы так великодушны.
Мені жол жөнекей алып кеткендеріңіз үшін рақмет. – Спасибо, что захватили меня по пути.
Бәріне рақмет айтам! – Всем говорю, спасибо!
7
Оған мың алғыс айтқым келеді. – Хочу сказать ему тысячу благодарностей.
Қолдағандарыңызға көп рақмет! – Спасибо за поддержку!
Рақметті не үшін айттыңыз? – За что Вы сказали спасибо?
Ескерткеніңе рақмет. – Спасибо, что предупредил.
Оларға рақмет айту керек. – Им нужно сказать спасибо.
Кеңестеріңіз үшін рақмет. – Спасибо за совет.
Жүректен айтылған жылы сөздерге де көп рақмет! – Спасибо и за тёплые, и искренние пожелания!
Әңгімеңізге рақмет! – Спасибо за беседу!
Қамқорлығыңызға рахмет. – Спасибо за заботу.
Оған бәрі рақмет айтып жатыр. – Ему все говорят спасибо.
8
Сізге алғыс айтқысы келеді. – Он хочет Вас поблагодарить.
Сыйлықтар үшін көп рақмет! – Большое спасибо за подарки!
Осындай қыздар тәрбиелеп берген ата-аналарына рақмет! – Спасибо (их) родителям, что воспитали таких дочерей.
Бəріңізге мың алғыс және көп көп рақмет! – Всем тысяча благодарностей и большое-большое спасибо!
Рақмет саған. – Спасибо тебе.
Сізге рақмет айтуға тиіспін. – Я должен поблагодарить Вас.
Мен ешқандай да рақмет талап етпеймін. – Я и не требую никакой благодарности.
Кеңесіңізге рақмет. – Спасибо Вам за совет.
Баршаңызға алғыс білдіріп, рақмет айтам! – Всем выражаю благодарность и говорю спасибо.
Менің арманымды орындағаныңыз үшін көп рақмет! – Спасибо Вам, что исполнили мою мечту!
9
Рақмет! Бұл - мен үшiн ең бағалы сыйлық. – Спасибо! Это для меня - самый ценный подарок.
Барлық қатысушыларға рақмет айтамыз! – Всем участникам мы говорим - спасибо!
Сізге рақмет айтам дейді. – Он хочет сказать Вам спасибо.
Рақмет, амиго! – Спасибо, друг!
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рақмет. – Спасибо, что уделили внимание и выслушали.
Сіздерге көп-көп рақмет, құрметті ардагерлер! – Спасибо вам большое-большое, уважаемые ветераны!
Сұрағыңызға рақмет! – Спасибо за вопросы!
Пікір білдіргендеріңіз үшін рақмет. – Спасибо за высказанные мнения.
Барлық қызметкерлерге, басшыларға рақмет айтамын. – Я говорю спасибо всем сотрудникам, руководству.
Ол кітапхана ұжымына алғыс айтты. – Он поблагодарил коллектив библиотеки.
10
Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз. – Выражаем Вам благодарность за это.
Бірге істеген жұмысымыз үшін рақмет. – спасибо за совместную работу.
Алтын уақытыңызды бөліп, бүгінгі қуанышыма ортақтасқаныңызға рақмет. – Спасибо, что разделили со мной сегодняшнюю радость, уделив свое золотое время.
Уақыттың тығыздығына қарамастан, бізді қабылдағаныңызға рақмет айтамын. – Несмотря на то, что у Вас нет времени, Я говорю Вам спасибо, что приняли нас.
Сол үшін Сізге рақмет. – Спасибо Вам за это.
Сеніміңіз үшін рақмет! – Спасибо за Ваше доверие!
Алғасымды білдіремін. – Выражаю Вам свою благодарность.
Ел жұртыма рақмет! – Спасибо всем людям!
Тапсырысыңыз үшін рақмет. – Спасибо за заказ.
Құттықтағаныңыз үшін рақмет! – Спасибо Вам за поздравление!
11
Айтқаныңыз үшін рақмет! – Спасибо за сказанное!
Алғысымды білдірмекпін! – Хочу выразить признательность!
Өте ризамын. – Очень благодарен.
Көңіл бөлгеніңіз үшін рақмет! – Спасибо за внимание!
Сізге де рақмет! – И Вам спасибо!
Көмегіңіз үшін рақмет! – Спасибо за помощь!
Қуанышымызға ортақтасқандарыңыз үшін бәріңізге рақмет! – Спасибо всем за разделенную с нами радость!
Ұжымға рақмет. – Спасибо коллективу.
Сіздің еңбектеріңізге мың да бір рақмет! – За ваш труд тысяча благодарностей!
Сіздің көмегіңізге ризамын. – Я благодарен за Вашу помощь.
12
Ойыңызға рақмет. Сіздерге де рақмет. – Спасибо за идею. Спасибо и вам.
Сіздер мені сыйлап шақырғандарыңызға рақмет. – Спасибо вам, что уважая меня, пригласили.
Рақмет айтуға мүмкіндік бермеді. – Не дали возможность сказать спасибо.
Рақметің айтпай-ақ қой. –Можешь не говорить мне спасибо.
Алғыс айтқым келеді. – Хочу поблагодарить.
Менің шақыруымды қабыл алғаныңа рахмет. – Спасибо, что ты принял мое приглашение.
Шақырғаның үшін біз рақмет айтуымыз керек. – Это мы должны сказать спасибо за приглашение.
Келгеніңіз үшін рақмет. – Спасибо Вам, что пришли.
Жылы қабылдағаныңызға рақмет. – Спасибо за тёплый приём.
Ықыласыңызға ризамын. – Благодарю Вас за внимание.
13
Сізге шын жүректен алғыс айтамын. – Искренне благодарю Вас.
Менің атымнан анаңызға алғыс айтыңызшы. – Поблагодарите Вашу маму от моего имени.
Рақмет ілтипат көрсетуіңізге. – Спасибо за почтительное отношение.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  В магазине Вернуться к началу Приятного аппетита  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв