Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 03 
 4 
 5 
 6 
Разговорник
Жаңа толқын

Медицина

Медицина

Составитель: Рауль Керимбаев

1
Маған салқын тиді. – Я простудился.
Маған тұмау тиді. – У меня грипп.
Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын. – Мне не здоровится.
Маған қатты суық тиді. – Я сильно простыл.
Менің жөтелім бар. – У меня кашель.
Менің қызуым бар. – У меня температура.
Жедел жәрдем шақыру үшін жүз үш теріңіз. – Чтобы вызвать скорую помощь наберите сто три.
Қабылдау бөлімі қай жерде? – Где находится приемный покой?
Кезекші дәрігер қайда? – Где дежурный врач?
Сәлеметсіз бе! Келіңіз, отырыңыз. Сізді не мазалап жүр, айта беріңіз. – Здраствуйте! Проходите, садитесь. Что Вас беспокоит, говорите?
2
Қай жеріңіз мазалап жүр? – Что Вас беспокоит?
Мен ауырып жатырмын. – Я болею.
Мен жөтеліп жүрмін. – Я кашляю.
Менің ыстығым бар сияқты. – Кажется, у меня температура.
Бүгін өзімді жақсы сезініп тұрмын. – Сегодня я чувствую себя лучше.
Келіңіз, мен сіздің қан қысымыңыз өлшеп жіберейін. – Подойдите, я измерю Вам давление.
Қолыңыз созыңыз. – Протяните руку.
Қан қысымыңызды тексеріп жіберейін. – Давайте я проверю Ваше давление.
Сіздің қан қысымыңызды өлшеуім керек. – Мне нужно измерить Ваше давление?
Дем алыңыз. – Вдохните.
3
Деміңізді шығарыңыз. – Выдохните.
Дем алмаңыз. – Не дышите.
Терең дем алыңыз. – Дышите глубже.
Бірқалыпты дем алыңыз. – Дышите спокойно.
Ауызыңызды ашыңыз. – Откройте рот.
Тіліңізді көрсетіңіз. – Покажите язык.
Отырыңыз. – Садитесь.
Тұрыңыз. – Встаньте.
Қозғалмай тұрыңыз. – Стойте спокойно.
Көзіңізді жабыңыз. – Закройте глаза.
4
Көзіңізді ашыңыз. – Откройте глаза.
Өтінемін, мына жерге жатыңыз. – Прилягте здесь, пожалуйста.
Тақтаға жатыңыз. – Ложитесь на кушетку.
Шалқаңыздан жатыңыз. – Ложитесь на спину.
Оң жақ бүйіріңізбен жатыңыз. – Ложитесь на правый бок.
Сол жақ бүйіріңізбен жатыңыз. – Ложитесь на левый бок.
Ал енді етбетіңізден жатыңыз. – А теперь ложитесь на живот.
Денеңізді бос ұстаңыз. – Расслабьтесь.
Ішіңізді бос ұстаңыз. – Расслабьте живот.
Екі қолыңызды жоғары көтеріңіз. – Поднимите обе руки вверх.
5
Қолыңызды түсіріңіз. Басыңызды бұрыңыз. – Опустите руки. Поверните голову.
Екі қолыңызды шынтағыңыздан бүгіңіз. – Согните руки в локтевых суставах.
Еңкейіңіз, тізеңізді бүкпеңіз. – Наклонитесь, ноги в коленях не сгибать.
Жоғары қараңыз. – Посмотрите вверх.
Төмен қараңыз. – Посмотрите вниз.
Менің саусағыма қараңыз. – Следите за моим пальцем.
Менің тамағым ауырып жүр. – У меня болит горло.
Мен күйіп қалдым. – Я обжегся.
Менің қан қысымым төмен. – У меня пониженное давление.
Мен түнде ұйықтай алмаймын. – Я ночью не могу заснуть.
6
Мүмкін маған суық тиіп қалған сияқты. – Возможно, я простудилась.
Маған отоларингологтың кеңесі керек. – Мне нужна консультация отоларинголога.
Менің денсаулығым болмай тұр. – Мне нездоровится.
Асқазаным ауырып тұр. – У меня болит желудок.
Жүрегім ауырып тұр. – У меня болит сердце.
Мені бүгінге жазыңызшы. – Запишите меня на сегодня.
Мені ертеңге жазыңызшы. – Запишите меня на завтра.
Мені арғы күні жазыңызшы. – Запишите меня на послезавтра.
Мен осында тіркелгенмін. – Я прикреплён здесь.
Оның ыстығы жоғары. – У неё высокая температура.
7
Ол қолың кесіп алды. – Она порезала руку.
Ол аяғын ауыртып алды. – Он повредил ногу.
Қай жеріңіз ауырып тұр, көрсетіңізші. – Покажите, где болит?
Қан қысымыңыз көтеріліп кетіпті. – У Вас повысилось давление.
Қан қысымыңыз жоғары. – У Вас высокое артериальное давление.
Дәрігер маған рецепт жазып берді. – Врач мне выписал рецепт.
Мен дәріні дәріханадан сатып алдым. – Я купил лекарства в аптеке.
Дәріні күніне үш рет ішу керек – Лекарство нужно пить три раза в день.
Бұл дәріні тамақ алдында қабылдаңыз. – Принимайте это лекарство перед едой.
Бұл дәріні тамақ кейін қабылдаңыз. – Принимайте это лекарство после еды.
8
Бұл дәріні тамаққа қосып қабылдаңыз. – Принимайте это лекарство во время еды.
Дәріні тек нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз. – Принимайте лекарство строго по инструкции.
Қан анализ тапсыру керек. – Необходимо сделать анализ крови.
Сізге нөмір бірінші қалалық ауруханаға жолдама жазамын. – Я напишу Вам направление в первую городскую больницу.
Сізге рецепт жазып беремін. – Я выпишу Вам рецепт.
Маған дәрігердің кеңесі керек. – Мне нужна консультация врача.
Тіс дәрігерінің қабылдауы қанша тұрады? – Сколько стоит прием врача - стоматолога?
Сіздерде оқулист - дәрігер қабылдай ма? – У вас принимает врач - окулист?
Уайымдамаңыз, тез сауғып кетесіз. – Не переживайте, Вы скоро поправитесь.
Екі таблеткадан күніне үш рет ішіңіз. – Принимайте по две таблетки в день три раза.
9
Бүгінше осы айтқанды жасаңыз, жақсы ма? – На сегодня сделайте всё, что я Вам сказал, хорошо?
Айгүл, қазір былай істейсіз: мен сізге дәрі жазып берем, дәріханадан барып аласыз да тек бір апта ғана ішесіз. – Айгуль, сейчас поступите так: я Вам выпишу лекарство, купите его в аптеке, будете принимать только одну неделю.
Сізге укол саламын. – Я сделаю Вам укол.
Оған ота жасап жатыр. – Его сейчас оперируют.
Қазір ол жан сақтау бөлімде. – Сейчас он в реанимации.
Уақыт бәріне емші. – Время лечит.
Физикалық күш түскенде ентігесіз бе? – Есть ли одышка при физической нагрузке?
Денешынықтыру істегенде ентігесіз бе? – Есть ли одышка при исполнении занятий по физкультуре?
Ауыр жұмыс істегенде ентігесіз бе? – Есть ли одышка при исполнении тяжелой работы?
Жүрген кезде ентігесіз бе? – Есть ли одышка при ходьбе?
10
Сөйлеген кезде ентігесіз бе? – Есть ли одышка, когда говорите?
Сен ауырып қалдың ба? – Ты заболел что ли?
Ол сырқаттанып қалды. – Он заболел.
Менің жүрегім айниды. – Меня тошнит.
Мені ауруханаға жатқызды. – Меня положили в больницу.
Медбике, маған ауруды басатын дәрі беріңізші. – Медсестра, дайте мне обезболивающее лекарство.
Сізге төсекте жату керек – Вам нужно лежать в постели.
Қандай шағымдарыңыз бар? – Какие жалобы у Вас?
Қалай ауырып тұр? – Как болит?
Қадалып аурады ма? – Колющая боль?
11
Қатты аурады ма? – Сильно болит (Острая боль)?
Оқтын-оқтын аурады ма? – Периодическая боль?
Мезгіл-мезгіл аурады ма? – Периодическая боль?
Тұрақты аурады ма? – Постоянная боль?
Тоқтаусыз аурады ма? – Постоянная боль?
Үздіксіз аурады ма? – Постоянная боль?
Бүріп аурады ма? – Схваткообразная боль?
Қобалжыған кезде ауырады ма? – Болит, когда волнуетесь?
Ұйықтап жатқанда ауырады ма? – Болит, когда спите?
Себепсіз ауырады ма? – Беспричинно болит?
12
Қай уақытта ауырады? – В какое время болит?
Қалай жөтелесіз? – Как кашляете?
Қай уақытта жөтелесіз? (тәңертең, кешке, түнде) – В какое время кашляете? (утром, вечером, в обед)
Кеудеңіз қалай ауырады? – В груди как болит?
Кеудеңіз дем алған кезде ауырады ма? – Грудь болит во время дыхания?
Арқаңыз ауыр күш түскенде ауырады ма? – Спина болит при нагрузке?
Үнемі жүрегім айнып тұрады. – Меня постоянно тошнит.
Тамақ ішкенде жүрегіңіз айниды ма? – Вас тошнит, когда кушаете?
Қандай тағамнан жүрегіңіз айниды? – На какую пищу Вас тошнит?
Тамақ ішгенде асқазаныңыз қыжылдайды ма? – У Вас изжога возникает во время еды?
13
Аш қарынға құсасыз ба? – Рвота у Вас натощак?
Тамақ ішкеннен кейін құсасыз ба? – Рвота (у Вас) после приема пищи?
Тамақ ішкеннен кейін бірден құсасыз ба? – Рвота (у Вас) сразу после приема пищи?
Тамақ ішкен соң қанша уақыттан кейін құсасыз? – Через сколько времени после приема пищи у Вас возникает рвота?
Қандай ем қабылдау керек? – Какое лечение надо принимать?
Мен ұйықтай алмай жүрмін, маған ұйықтайтын дәрі беріңізші. – У меня бессоница, дайте мне снотворное.
Хирург қашан қабылдайды? – Когда принимает хирург?
Маған бас ауруының дәрісі керек – Мне нужно лекарство от головной боли.
Маған аллергия қарсы дәрі керек еді – Мне нужно лекарство от аллергии.
Қазір саған дәрі алып келемін. – Сейчас принесу тебе лекарство.
14
Екі дәрісін ішсең болды, түк болмағандай жазылып кетесің. – Выпьешь две таблетки и, как небывало, выздоровеешь.
Сіз сырқаттанып отырсыз ба? – Вам не здоровится?
Сіздің арқаңызда дер кезінде ота жасалып бәрі жақсы болды. – Благодаря Вам, ему сделали вовремя операцию, теперь все хорошо.
Асқазаным қыжылдап ауырады. – У меня изжога.
Қандай тамақ ішкенде асқазаныңыз қыжылдайды? – При приеме какой пищи возникает изжога?
Мені кекірік мазалайды. – Меня беспокоит отрыжка.
Өкінішке орай, бұл дәріні тек дәрігердің рецептімен сатып алуға болады – К сожалению, это лекарство можно купить только по рецепту врача.
Маған тұмауға қарсы дәрі керек еді. – Мне нужно средство от гриппа.
Суық тигенге қандай дәрі бересіз? – Что Вы можете предложить от простуды?
Мына дәрі қашан дайын болады? – Когда будет готово это лекарство?
15
Мына рецепт бойынша дәрі беріңізші. – Дайте мне лекарство по этому рецепту.
Тамақ ішгеннен кейін ауырады ма? – Болит после приема пищи?
Маған стерильді дәке және мақта беріңізші. – Дайте мне стерильный бинт и вату.
Ішіңіз қалай ауырады? – Как болит живот?
Тамақ ішкенге дейін ауырады ма? – Болит до еды?
Тамақ ішкеннен кейін ауырады ма? – Болит после приема пищи?
Жүрегіңізді тыңдап жіберейін. – Я послушаю Ваше сердце.
Жұтыныңыз! – Сделайте глотательное движение!
Оған сүйікті көп беріңіз. – Давайте ему много жидкости.
Сары ауру, туберкулез, венерологиялық аурулармен ауырдыңыз ба? – Вы не болели желтухой, туберкулезом, венерологическими болезнями?
16
Отбасыңызда тұқым қуалайтын аурулар бар ма? – В Вашей семье есть наследственные заболевания?
Зиянды әдеттеріңіз бар ма? – У Вас есть вредные привычки?
Темекі шекпеймін. – Я не курю.
Ішімдікті тек мерекелерде ғана қолданамын. – Спиртное принимаю только по праздникам.
Халіңіз қалай? – Как вы себя чувствуете?
Бал қосқан сут ішу керек – Нужно пить мёд с молоком.
Ауырма – Не болей.
Өткендегіден ажарыңыз жақсы екен! – Выглядите гораздо лучше, чем в прошлый раз!
Тезірек сауығып кетіңіз! – Быстрее выздоравливайте!
Жазалып кетіңіз тезірек! – Выздоравливайте быстрей!
17
Қалайсың? Жазылып қалдың ба? – Как ты? Выздоровел?
Өзіңізді қалай сезінесіз? – Как себя чувствуете?
Дәрігерді шақырыңызшы. – Позовите, пожалуйста, врача.
Сіз қандай диагноз қойдыңыз? – Вы какой диагноз поставили?
Терезені жабу керек, суық тиедi, ауырасың. – Надо окно закрыть, простудишься, заболеешь.
Саған міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. – Тебе нужно обязательно показаться врачу.
Оның тамағы ауырып тұр. Сөйлей алмайды. – У него болит горло. Он не может говорить.
Тамақтан уланып қалдым. – Я отравился едой.
Бас аурудың дәрісін беріңізші. – Дайте мне, пожалуйста, таблетку от головной боли.
Ыстығым көтерілді. – У меня поднялась температура.
18
Аурудың жағдайы тұрақты. – Состояние больного стабильное.
Аурудың жағдайы нашарлауда. – Состояние больного ухудшается.
Аурудың жағдайы жақсаруда. – Состояние больного улучшается.
Шыдай тұрыңыз. Мен сізді тыңдап көрейін (фонендоскоппен). – Потерпите. Я Вас послушаю (фонендоскопом).
Деміңізді ішке алып, сыртқа шығарыңыз. – Вдохните, выдохните.
Менің өкпем ауыра ма? – У меня больные легкие?
Иә.. Сіз өкпеңізге суық тигізіп алыпсыз. – Да. Вы застудили лёгкие.
Мен сізге рентгенге жолдама берейін. – Я дам Вам направление на рентген.
Жасыңызға сәйкес егулер жасалды ма? – Прививки Вам делались в соответствии с возрастом?
Есімде жоқ, анықтамам бар. – Я не помню, но у меня есть справка.
19
Бізде басқа амал болмады. Кешіріңіз! – У нас не было другого выхода. Извините!
Мен көзілдірігімді сындырып алдым. – Я сломал очки.
Жаңа көзілдірікті қайдан алуға болады? – Где можно взять новые очки?
Денсаулығыма қауіпті ешетеңе жоқ па? – Опасного для моего здоровья ничего нет?
Өмір сүру жағдайыңыз қандай? – Какие у Вас условия жизни?
Қанағаттанарлық. – Удовлетворительные.
Сіз соңғы рет жалпы қан анализін қашан тапсырдыңыз? – Вы когда сдавали в последний раз общий анализ крови?
Үш ай бұрын, медициналық тексеруден өткенде, дәрігер анализ қорытындысы калыпты деді. – Три месяца назад, когда проходил медицинский осмотр. Врач сказал, что результаты анализа нормальные.
Соңғы уақытта қандай да бір дәрілік заттар қабылдадыңыз ба әлде қабылдайсыз ба? – Какое лекарственное вещество Вы принимали в последнее время или принимаете сейчас?
Қазір қан қысымын өлшейік. – Сейчас давайте измерим давление.
20
Ол жазылып келе жатыр. Жақында шығарамыз. – Он выздоравливает. Скоро мы его выпишем.
Жасыңызға сай өсіп дамыдыңыз ба? – Вы развивались в соответствии с возрастом?
Дәріні қалай қабылдаймын? – Как мне принимать лекарство?
Мен сізге рецепт жазып беремін. – Я напишу Вам рецепт.
Он күннен соң қабылдауыма келіңіз. – Ко мне на прием приходите через 10 дней.
Бұл дәрі қанша тұрады? – Сколько стоит это лекарство?
Бұл дәрі жүрек ауыруына қарсы, таңертең 1 данадан 10 күн қабылдайсыз – Это лекарство от болезни сердца, будете принимать по одной таблетке десять дней.
Жүрегіңнің айнығаны қойды ма? – Тошнота прекратилась?
Қабылдаудан бұрын шайқап алыңыз – Перед употреблением взбалтывать.
Таңертең қан мен зәр тапсырыңыз. – Утром сдайте кровь и мочу.
21
Қызуыңыз жоғары екен, отыз сегіз. – Температура у Вас высокая, 38.
Басым ауырып барады. Бас жазатын бірдеме бар ма? – Голова болит. Есть у тебя что–нибудь для лечения головы?
Қазір аман адам жоқ. – Сейчас нет здоровых людей.
Оның дені сау емес. – Он не здоров.
Қалайсың? Жазылып қалдың ба? – Как ты? Выздоровел?
Ол ептеп жазылып келеді. – Он потихоньку выздоравливает.
Жазылып кетсін. – Пусть выздоравливает.
Мен жөтелемін. – Я кашляю.
Менің тәбетім жоқ. – У меня нет аппетита.
Менің тісім ауырып тұр. – У меня болит зуб.
22
Екі-үш күннен кейін бәрі қалпына келеді. – Через 2 - 3 дня все нормализуется.
Тәбетіңіз қалай? – Как у Вас аппетит?
Ет, әсіресе майлы, май мен қуырылған тағамдарды жемей тұрыңыз. – Пока не ешьте мясо, особенно жирное, и жаренное на масле пищу.
Таңертең дене қызуыңыз қандай болды? – Утром у Вас какая была температура?
Таңертең отыз тоғыз болған. – Утром температура была 39.
Ол сауғып кетеді – Она поправится.
Сізде созылмалы аурулар бар ма? – У Вас есть хронические болезни?
Менің мазам болмай тұр. – Я неважно себя чувствую.
Дәрігердің бірінші парызы: Зияныңды тигізбе! Гиппократ. – Первая заповедь врача: Не навреди! Гиппократ.
Ғылыми медицинаның атасы Гиппократ айтқан: «Жасаған емің науқасқа зиян келтірмесін» – Отец медицинской науки Гиппократ говорил: «При лечении не навреди больному».
23
Ота сәтті аяқталды. – Операция удачно закончилась.
Менің ем алып жатқаныма алты күн болды. – Я лежу и лечусь уже 6 дней.
Тамақ ауырып, мұрын бітіп, мазам болмай тұр. – Неважно себя чувствую, горло болит, нос забит.
Бұрын өкпеңіз қабынған жоқ па еді? – Вы раньше болели воспалением легких?
Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма? – Вам больно, когда я здесь нажимаю?
Мына жерім аурады. – У меня болит здесь.
Дәрілерге аллергия жоқ па? – У Вас нет аллергии на лекарства?
Жүрегіңіз мазаламайды ма? – Сердце не беспокоит?
Емдел. – Лечись.
Тамағыңызды емдеу керек. – Вам нужно лечить горло.
24
Сізге ауруханаға жату керек. – Вам нужно лечь в больницу.
Сізге дәрі көмектесті ме? – Вам помогло лекарство?
Оған ем қонбайды. – От лечения ему прока нет.
Бүгін терапевт нешеге дейін қабылдайды? – До скольки сегодня принимает терапевт?
Мен нөмір бесінші емханада дәрігер болып жұмыс істеймін. – Я работаю врачом в поликлинике №5.
Дәрігерге қаралдыңыз ба? – Вы обследовались у врача?
Менің аяқ-қолымның буындары аурады. – У меня болят суставы ног и рук.
Сенің дәрігерге барғаның жақсы болар еді. – Хорошо бы тебе сходить к врачу.
Мен сізге ішімдікті қолданбауға кеңес беремін. – Я советую Вам не употреблять спиртные напитки.
Сіздің шылым шегуді азайтқаныңыз жөн. – Вам следовало бы курить поменьше.
25
Сіздің спортпен шұғылдануыңыз керек. – Надо Вам заняться спортом.
Жаяу жүргенде буын аура ма? – Во время ходьбы сустав болит?
Аурудың алғашқы белгілері қашан басталды? – Когда начались первые признаки болезни?
Осы ауруға қатысты ем қабылдадыңыз ба? – Вы получали лечени по этой болезни?
Ем нәтижелі болды ма? – Лечение было эфективным?
Стационарда ем қабылдадыңыз ба? – Вы лечились в стационаре?
Қандай шағымдармен келдіңіз? – С какими жалобами Вы пришли?
Сіз қаншалықты арықтап кеттіңіз? – Вы насколько похудели?
Қандай басқа созылмалы аурулармен сырқаттанасыз? – Какими другими хроническими болезнями страдаете?
Ем жүргізді ма? – Лечение проводилось?
26
Жеті жыл бұрын аппендицит болған. – 7 лет назад у меня был аппендицит.
Қанша уақыт ауырады? – Сколько времени болит?
Қашан күшейеді? – Когда усиливается?
Айналаңыздағыларды шошытып алмаңыз! – Не распугайте всех вокруг!
Науқастың жалпы жағдайы жаман емес. – Состояние больного неплохое.
Менің ішім ауырып жүр. – У меня болит живот.
Қазір ол жұлдыз ауруымен ауырып жүр. – Сейчас он страдает звездной болезнью.
Ана жерім ауырып жүр, мына жерім ауырып жүр. – Здесь болит, и там болит.
Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. – У моего ребенка болит глаз, посмотрите, пожалуйста.
Қашаннан бері ауырды? – С какого времени он заболел? (* Кешеден бері)
Енді аузыңды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. – А теперь открой рот, я посмотрю твое горло.
Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. – Глаза надо защищать от пыли, нельзя много смотреть телевизор, играть на компьютере. Глаза нужно беречь.
Мына дәріні көзіңе күніне үш рет тамызу керек. – Вот это лекарство нужно капать в глаза три раза в день.
Сен сырқаттанып қалған жоқсың ба? – Ты не заболел?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Приятного аппетита Вернуться к началу Работа стр.1  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв