Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие. Прощание
Знакомство
Сколько времени?
Просьба. Извинение
Телефон
В магазине
Пожелания
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 Цитаты, афоризмы и пр.
 01 
 02 
 3 
 4 
 5 
 6 

Работа стр.2

Жұмыс 2-бет

Составитель: Рауль Керимбаев

21
Жиналысты жабық деп жариялаймын. – Собрание объявляю закрытым.
Бөлім бастығы ауырып қалды, енді оның міндетін уақытша орындайтын сен боласың. – Начальник отдела заболел, теперь ты временно исполняешь его обязанности.
Сен осы аптада іс-сапарға барасың ба? – Ты на этой неделе едешь в командировку?
Жоқ, іс-сапарға келесі аптада ғана барамын. Осы аптада басқа жұмыспен айналысамын. – Нет, в командировку поеду только на следующей неделе. На этой неделе буду заниматься другими делами.
Сәрсенбіге қарай осы жұмысты қолға алып аяқтауың керек. – Это дело тебе надо закончить к среде.
Үлгересің бе? Көмек беруім керек пе? – Успеешь? Нужна моя помощь?
Уайымдама, есепті уақытында тапсырамыз. – Не беспокойся, отчёт сдадим в положенный срок.
Қай оқу орнын бітірдіңіз? – Какое учебное заведение Вы закончили?
Жұмыс орныңыз қай жерде? – Где находится Ваша работа?
Мекемеңіз қай көшеде орналасқан? – На какой улице расположено Ваше учреждение?
22
Жұмыс тәртіптеріңіз қандай? – Какой у вас график работы?
Бұл қай бөлім? – Какой это отдел?
Сізге қай бөлім қажет еді? – Какой отдел Вам нужен?
Кесте бойынша ілігесіздер ме? – Успеете по графику?
Ілігеміз. – Успеем.
Сізден өтініп сұраймын. – Убедительно прошу Вас.
Алдын ала рақмет айтамын. – Заранее признателен.
Құжаттарды мезгілімен жіберіңіз. – Отправьте документы вовремя.
Мені екі ай бұрын қысқартып жіберген. – Меня сократили 2 месяца назад.
Енді мен үйде, балаларымды тәрбиелеумен айналысамын. – Теперь я сижу дома и воспитываю детей.
23
Дүйсенбіде бөлім мәжілісіне дайындаламын. – В понедельник буду готовиться к собранию в отделе.
Жұмысыма асығып барамын. – Я опаздываю на работу.
Қайда жұмыс істейсің? Жұмыс орның алыс па? – Ты где работаешь? Далеко ли до работы?
Онда қандай жұмыс атқарасың? Мамандығың қандай? – Какую работу ты там выполняешь? Какая у тебя специальность?
Мен есеп айырысу бөлімінде оператормын. – Я работаю оператором в расчетном отделе.
Шұғыл шаруаларды бүгін бітіріп алғаныңыз дұрыс. – Лучше сегодня закончить все неотложные дела.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз. – Напишите заявление о приёме на работу.
Түйіндеме мен құжаттарыңызды әкелдіңіз бе? – Вы принесли резюме и документы?
Қай тілде еркін сөйлейсіз? – На каком языке Вы говорите свободно?
Жұмысым басынан асып жатыр. – У меня много работы.
24
Тез жауап беруіңізді өтінемін. – Прошу ответить немедленно.
Мына хаттамаға қол қойып беріңізші. – Подпишите, пожалуйста, этот протокол.
Бізге жұмыс орнынан еңбекақымызды төлемей жатыр. – Нам на работе не платят заработную плату.
Сізде еңбек шартыңыз бар ма? – У вас имеется трудовой договор?
Жоқ, еңбек шарты бізге берілген жоқ. – Нет, нам не давали трудовой договор.
Оның қолынан келмейтіні жоқ. – У него золотые руки.
Үйіңнен ерте шығып көрмедің бе? – А ты не пробовал пораньше выйти из дома?
Орындарыңызды ретке келтіріңіз. – Приведите рабочее место в порядок.
Қандай жалақы алғыңыз келеді? – Какую зарплату Вы хотели бы получать?
Біздің компания туралы не білесіз? – Что Вы знаете о нашей компании?
25
Неге бізде жұмыс істегіңіз келеді? – Почему Вы хотите работать у нас?
Себебі, бұл - сенімді және дамытушы компания. – Потому что, это надежная и развивающая колмпания.
Интернет жұмыс істемей тұр. – Интернет не работает.
Шұғыл тиісті шараларды қолданыңыз. – Немедленно примите соответстующие меры.
Мен бағдарламашымын. – Я программист.
Иә, мен Павлодар мемлекеттік университетін бітіргенмін. – Да, я закончил Павлодарский государственный университет.
Құжаттарыңызды қалдырыңыз. – Оставьте документы.
Алдымен мына құжаттарды шығарып беріңізші. – Сначала распечатайте эти документы, пожалуйста.
Екі данасын басып шығарыңыз. – Напечатайте два экземпляра.
Көшірмесін жасаңыз. – Сделайте копию.
26
Іскерлік кездесуге кешігуге болмайды. – На деловую встречу опаздывать нельзя.
Газетте жарияланған хабарландыру бойынша келдім. – Я пришёл по объявлению в газете.
Керекті құжаттарыңыз бар ма? – У Вас есть необходимые документы есть?
Иә, резюме мен құжаттардың көшірмесін әкелдім. – Да, я принёс резюме и копии документов.
Сіздің мамандығыңыз қандай? – Какая у Вас специальность?
Сен қандай шетел тілдерін білесің? – Какие иностранные языки ты знаешь?
Жоғары біліміңіз бар ма? – У Вас есть высшее образование?
Ал енді жұмысқа орала беріңдер. – А теперь возвращайтесь к работе.
Жұмыс күн қалай өтті? – Как прошёл рабочий день
Сізге әрқашан да қызмет етуге дайынбыз. – Мы всегда к вашим услугам.
27
Жақсы, мен кейін қол саламын. – Хорошо, я потом подпишу.
Бастықпен кездеспекші едім. – Я хотел бы встретиться с начальником.
Сенің көмегің қажет. – Мне нужна твоя помощь.
Неге кешігіп келдің? – Ты почему опоздала?
Міне. Сізге жіберді жұмысқа. – Вот. К вам направили на работу.
Рақмет. Сіздер көп тер төктіңіздер. – Спасибо. Вы много вложили труда.
Бұл біздің жұмысымыз. – Это наша работа.
Мені жұмысқа шақырып жатыр. – Меня вызывают на работу.
Бұлай болмайды! – Так не пойдёт!
Қазір анықтаймыз. – Сейчас разберёмся.
28
Бәрі жоспар бойынша болсын. – Пусть всё будет по плану.
Мен айлық есепті әзірледім. – Я подготовил месячный отчёт.
Бұны осылай қалдыруға болмайды. – Это нельзя так оставлять.
Айтуыма рұқсат етіңізші. – Разрешите мне сказать.
Соны түсіндірші маған! – Объясни мне это!
Олар ештеңе дәлелдей алмайды. – Они ничего не докажут.
Біз олардың үлгілерін көргіміз келеді. – Мы хоти посмотреть их образцы.
Аяғына дейін жеткізу керек қой. – Надо же довести до конца.
Міне, тамаша. Бір мәселе болса да шешілді. – Вот прекрасно. Ходь одна проблема, да решилась.
Солай деп топшылаймын. – Я так предполагаю.
29
Біздің алдымызға үлкен мақсат қойылды. – Перед нам поставлена большая цель.
Бірақ ақша жағы қиын. – Но с деньгами туго.
Менің жұмыс тәжіребем бар. – У меня есть опыт работы.
Біз бір бірімізді дұрыс түсінбеген екенбіз. – Мы не поняли друг друга.
Біз бұл мәселені екеуара шешеміз. – Этот вопрос мы решим между собой.
Бірақ әдеттегідей, бұдан ештеңе шықпады. – Но, как всегда, из этого ничего не вышло.
Жұмыстан соң. – После работы.
Мен жұмыс бабымен Астанаға кетіп барамын. – Я по работе уезжаю в Астану.
Астанаға қандай мақсатпен барғалы жатырсыз? – С какой целью Вы едете в Астану?
Іссапарыңыз қанша күнге созылады? – Сколько дней продлится Ваша командировка?
30
Сіз неге бұны істеген жоқсыз? – Почему Вы это не сделали?
Сен не бүлдіріп жүрсің? – Ты что вытворяешь?
Мен не бүлдіріппін? – Что я вытворяю?
Бұл - кездейсоқтық. – Это случайность.
Ол үнемі кешігіп келеді. – Он постоянно опаздывает.
Олай бола қоймас. – Этому не бывать.
Мекен-жайыңыз қандай? – Какой у вас адрес?
Онда бейсенбіде кездесеміз. – Тогда встретимся в четверг.
Хабарлама жолда. – Отправляй сообщение.
Мен де солай ойлаймын. – И я так думаю.
31
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. – Обратите внимание на свое здоровье.
Адал адамға жұмыс табылады. – Честному человеку работа найдётся.
Ертең құжаттарыңды алып кел. – Завтра принеси свои документы.
Сақтандыруды рәсімдейік. – Будем оформлять страховку.
Сені жұмысқа қабылдады ма? – Тебя приняли на работу?
Қызметіңізді атқаруға қашан кірісе аласыз? – Когда вы могли бы приступить к выполнению ваших обязанностей?
Бұл адам тәжірибелі маман ба? – Этот человек оптытный специалист?
Қазір қолыңыз бос па? – Сейчас Вы не заняты?
Жоқ, сондай мақсат алдымда қойылмаған. – Нет, такой цели я не ставил.
Бізге қатаң тәртіпте жұмыс істеуге келеді. – Нам придётся работать в жёстком режиме.
32
Кім саған рұқсат етті? – Кто тебе разрешал?
Менің әріптесім білімді, тәжірибелі, зиялы. – Мой коллега образованный, опытный, интеллигентный.
Қазақ тілінде аздап сөйлейді. – Он немного говорит на казахском языке.
Адамдармен оңай тіл табысады. – Он коммуникабельный.
Біз олармен келісе алмай жатырмыз. – Мы не можем с ними договориться.
Барлық есепті осы аптада тапсыра аламыз ба? – Мы успеем сдать все отчеты на этой неделе?
Білмеймін, бірақ жанымызды салып тырысуымыз керек. – Не знаю, но нужно постараться изо всех сил.
Онікі мүлде дұрыс. – Он абсолютно прав.
Қимылдаңдар! – Шевелитесь!
Әзірше осы. – Пока всё.
33
Қазірге осы. – На сейчас всё.
Ол біздің бастығымыз. – Он наш начальник.
Біз ең маңызды кенесті өткізіп отырғанда, сен жоқсың. – Мы проводим очень важное совещание, а тебя нет.
Мен кеттім. Әлі бірнеше кездесуім бар. – Я поехал. У меня ещё несколько встреч.
Екі аяғын қолына ұстап тез мұнда кел. – Ноги в руки и быстро иди сюда.
Мен саған не істеу керек екенін айтамын. – Я скажу тебе, что нужно делать.
Сіздің сөзіңізді бөлгеніме кешірім сұраймын. – Извините, что я Вас перебил.
Өзіңізге қалай ыңғайлы солай айта беріңіз. – Как Вам удобно, так и говорите.
Қай жаққа бара жатырсыз? – Куда Вы едете?
«Сізге хабарласамыз» деген «Жұмысқа алмаймыз» деген сөз ғой. – “Мы Вам позвоним” означает “На работу не возьмём”.
34
Ақшаға толы конверт аласың. – Получишь полный конверт денег.
Бізде бір орын босады. – У нас появилась одна вакансия.
Онікі сөзсіз дұрыс. – Он абсолютно прав.
Сен бізге аса қажетсің. – Ты нам очень нужен.
Ол неғып кетті? – Он что, ушёл обидевшись?
Басқа жұмысқа ауысты. – Ушёл на другую работу.
Ақылдасып кеп артынан айтайын. – Я посоветуюсь и потом скажу.
Ал сен неғып тұрсың, жұмысыңды істе. – А ты что стоишь, давай работай.
Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. – Сделаем всё возможное.
Сіздер кімсіздер? – Кто вы такие?
35
Табыс тілеймін. – Желаю успеха.
Ештеңе жақпайды саған. – Тебе ничем не угодишь.
Қай нұсқа дұрыс? – Какой вариант правильный?
Жақсы онда. Жұмысты аяқтаған соң келерсіз. – Ну, хорошо. Придёте, когда закончите работу.
Қандай шара қолдануға болады? – Какие можно принять меры?
Сен біздің үмітімізді ақтай алмадың. – Ты не оправдал наших надежд.
Сен де қоймайды екенсің. – Ты все не уймешься.
Маған оңай боп жүр дейсіз бе? – Вы думаете, мне легко?
Маған да қиын боп жүр. – Мне тоже трудно.
Сіз кездесуде болдыңыз ба? – Вы были на встрече?
36
Кездесу қалай өтті? – Как прошла встреча?
Кездесу өте қызықты өтті. – Встреча прошла очень интересно.
Келетініңді неге айтпадың? – Почему ты не сказал, что приедешь?
Неге хабар бермедің? – Почему не известил?
Келерде маған неге хабарласпадың? – Почему не позвонил, когда приехал?
Хабарласуға ешқандай мүмкіндік болмады. – Не было никакой возможности позвонить.
Кідіре тұрсын. – Пусть подождёт.
Уақыттарыңызды алмай, мен келген шаруамды айтайын. – Не буду занимать ваше время, скажу по какому делу пришёл.
Мені үйретіңізші. – Научите меня.
Оның қандай қақысы бар? – Какое она имеет право?
37
Мен ұсақ-түйектерге ашуланбаймын. – Я не обижаюсь на мелочи.
Сіздің деніңіз сау ма? – Здоровы ли вы?
Денім сау. – Я здоров.
Тапсырманы қашан орындайсыз? – Когда выполните поручение?
Тапсырманы келесі аптада орындаймын. – Поручение выполню на следующей неделе.
Сізге алғыс жариялаймын. – Объявляю вам благодарность.
Жұмыстың барысы қалай? – Как идут дела?
Жұмыстың барысы жаман. – Дела идут плохо.
Жоспарды орындап шығамыз. – План выполним.
Құрметті әріптестер, жиналысты ашық деп жариялаймын. – Уважаемые коллеги, собрание объявляю открытым.
38
Баяндама жасау үшін сөз Біркімбаев мырзаға беріледі. – Слово для доклада предоставляется господину Быркымбаеву.
Баяндама аяқталды. – Доклад окончен.
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма? – Есть ли вопросы к докладчику?
Тағы да қандай сұрақтар бар? – Какие еще есть вопросы?
Сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймын. – Ответьте, пожалуйста, на вопросы.
Сіздердің қандай ұсыныстарыңыз бар? – Какие у вас есть предложения?
Менің мынадай ұсынысым бар... – У меня есть такое предложение...
Қаулы қабылдаймыз. – Принимаем постановление.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Работа стр.1 Вернуться к началу Дорога  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв