Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Фразеологизмы
А
Ә
Б
Г Ғ Д
Е
Ж
З И
К
Қ
Л М
Н
О
Ө
П Р
С
Т
У Ұ
Ү Х
Ш
Ы І
    Пословицы
Родина, Народ
Семья, Дети
Дружба, Вражда
Труд, Дело
Учение, Мудрость
Слово, Речь, Язык
Добро, Зло
Богатство, Бедность
Смелость, Риск
Цель, Мечта
Здоровье
 Еда (хлеб)
Разные
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
Если хотите сказать
 Қаз/Qaz 

Пословицы, стр.5

 
 33
Кішіпейілділік - кісінің көркі. Скромность украшает человека. Kışıpeiıldılık - kısınıñ körkı.
Көп қарттың ішінде бір бала жүрсе, дана болар, көп баланың ішінде бір қарт жүрсе, бала болар. Старик среди детей в детство впадает, ребёнок среди стариков приобретает мудрость. Köp qarttyñ ışınde bır bala jürse, dana bolar, köp balanyñ ışınde bır qart jürse, bala bolar.
Аспандағы сұңқардан қолдағы тұрымтай артық. Кобчик, что в руках, лучше сокола, что в небе. Aspandağy sūñqardan qoldağy tūrymtai artyq.
Атақты ұры аштан өледі. Прославленный вор от голода умрёт. Ataqty ūry aştan öle.
Ауыл итінің құйрығы қайқы. У аульных собак хвост крючком (Каждый силён у себя дома). Auyl itınıñ qūiryğy qaiqy.
Батырдың басы екеу емес. И батыр двух голов не имеет. Batyrdyñ basy ekeu emes.
Бие көп болса, құлын көп. Когда кобылиц много, и жеребят много. Bie köp bolsa, qūlyn köp.
Екі нар сүйкенсе, арасында шыбын өледі. Когда два верблюда сталкиваются, между ними муха погибает. Ekı nar süikense, arasynda şybyn öle.
Еңбегіне қарай өнбегі. Каковы труды, таковы и плоды. Eñbegıne qarai önbegı.
Еркенің көзі кеппес, жорғаның тері кеппес. На инохдце пот не высыхает, избалованный ребёнок от слёз не просыхает. Erkenıñ közı keppes, jorğanyñ terı keppes.
 34
Мың сыртқы жаудан бір ішкі жау жаман. Один внутренний враг опаснее тысячи внешних. Myñ syrtqy jaudan bır ışkı jau jaman.
Әр нәрсеге асық болғанша, бір нәрсеге машық бол. Лучше в одном деле мастером являться, чем во многих делах учеником оставаться. Är närsege asyq bolğanşa, bır närsege maşyq bol.
Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында. Не говори, что нет врага - под горою он стоит; не говори, что нет волка - под шапкой он сидит. Jau joq deme, jar astynda, börı joq deme, börık astynda.
Жаулық кигеннің бәрі қатын емес, бөрік кигеннің бәрі батыр емес. Не всякий, на ком платок - баба, не каждый, кто шлем одевает, воином бывает. Jaulyq kigennıñ bärı qatyn emes, börık kigennıñ bärı batyr emes.
Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, бітірген ісін сұра.Не спрашивай джигита, сколько сил потратил, а спрашивай, что сделать смог. Jıgıttıñ jūmsağan küşın sūrama, bıtırgen ısın sūra.
Ескі киімнің жылуы жоқ. Старая одежда не согревает. Eskı kiımnıñ jyluy joq.
Заттың құны жылтырында емес, сапасында. Не в блеске вещи ценность, а в качестве. Zattyñ qūny jyltyrynda emes, sapasynda.
Қонақ келсе, ет пісер, ет піспесе, бет пісер. Когда гость приходит, мясо хозяин готовит, если мяса не имеет - лицо хозяина краснеет. Qonaq kelse, et pıser, et pıspese, bet pıser.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады. Когда желанный гость придёт, овца двойню принесёт. Qūtty qonaq kelse, qoi egız tabady.
Қысылғанда қымыран іриді. Когда не повезёт и закваска пропадет. Qysylğanda qymyran ıri.
 35
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады. Когда кошки нет, мышь на голову лезет. Mysyq joqta tyşqan töbege şyğady.
Судың да сұрауы бар. И на воду есть спрос. Sudyñ da sūrauy bar.
Тамшыдан тама берсе, дария болар. Капля за каплей собирается, река появляется. Tamşydan tama berse, daria bolar.
Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. Ценность родной земли поймёшь, когда на чужбину попадёшь. Tuğan jerdıñ qadırın şette jürseñ bılersıñ.
Тұлпарды алтын тағамен тағаласа, есек емексіп, аяғын көтереді. Когда кузнец скакуну золотые подковы ковал, осёл в надежде копыто поднял. Tūlpardy altyn tağamen tağalasa, esek emeksıp, aiağyn kötere.
Ат құлыннан, батыр баладан. Конь вырастает с жеребёнка, батыр вырастает с ребёнка. At qūlynnan, batyr baladan.
Жуас түйе жүндеуге жақсы.Cо смирного верблюда хорошо снимать шерсть. Juas tüie jündeuge jaqsy.
Жұмсам - жұдырығымда, ашсам - алақанымда. Когда сожму - в кулаке, когда разожму - на ладони (Он у меня в руках). Jūmsam - jūdyryğymda, aşsam - alaqanymda.
Жылағаннан сұрама, күлгеннен сұра. Кто плачет, того не расспрашивай, кто смеётся, того лишь спрашивай. Jylağannan sūrama, külgennen sūra.
Ит жоқта шошқа үреді. Когда собаки нет, и свинья залает. İt joqta şoşqa üre.
 36
Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. Легко главою быть, да трудно руководить. Bas bolmaq oñai, bastamaq qiyn.
Біреуге ор қазба, ор қазсаң, терең қазба, өзің түсерсің. Не рой яму ближнему своему, если роешь, не глубоко рой - можешь сам угодить. Bıreuge or qazba, or qazsañ, tereñ qazba, özıñ tüsersıñ.
Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп. На готовое дело много критиков, на готовый обед - много едоков. Bıtken ıske synşy köp, pısken asqa jeuşı köp.
Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас. Народ не бывает без распрей, земля пе бывает без врагов. El dausyz bolmas, jer jausyz bolmas.
Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті. Народ молодежью красен, горы красны камнями, посуда красна едой. Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, аяқ асымен көрікті.
Қаңтарда қалпақ пана болмас. Тюбетейку зимой не наденешь. Qañtarda qalpaq pana bolmas.
Қасықтап жиғаныңды шелектеп төкпе. Собранное ложками, не расплескивай ведрами. Қасықтап жиğandy şelektep tökpe.
Қолда бардың қадірі болмайды. То, что есть под рукой, не ценится. Qolda bardyñ qadırı bolmaidy.
Қолы ұзын сүйгенін алар, қолы қысқа тигенін алар. Длинные руки, что захотят, то гребут, короткие руки - что достанется берут. Qoly ūzyn süigenın alar, qoly qysqa tigenın alar.
Қолың күшті болғанша, ұста болсын. Сильные руки - хорошо, а умелые руки - лучше. Qol küştı bolğanşa, ūsta bolsyn.
 37
Бетім жаман болса да, ниетім жақсы. Хоть внешность плохая, намерения хорошие. Betım jaman bolsa da, nietım jaqsy.
Білімді әйел басыңа қарайды, білімсіз әйел жасыңа қарайды. Умная девица на ум жениха внимание обращает, глупая - по возрасту подбирает. Bılımdı äiel basa qaraidy, bılımsız äiel jasа qaraidy.
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле. Чем другому смерти желать, лучше себе долгих лет пожелать. Bıreuge ölım tılegenşe, özıñe ömır tıle.
Егінші мәрт - жер жомарт. У доброго земледельца земля щедра. Egınşı märt - jer jomart.
Епті етегін жабады, епсіз мүрдем қабады. Умелый все изьяны залатает, неловкий всё на свете растеряет. Eptı etegın jabady, epsız mürdem qabady.
Еліктің мойнын оқ кеседі, ердің мойнын жоқ кеседі. Косуле голову пуля срезает, жигит от нужды голову теряет. Elıktıñ moinyn oq kese, erdıñ moinyн joq kese.
Жылай-жылай арық қазсаң, күле-күле су ішерсің.Плача будешь арык рыть, смеясь будешь воду пить. Jylai-jylai aryq qazsañ, küle-küle su ışersıñ.
Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер. Хороший хан - страна процветает, плохой хан - страна загнивает. Jaqsydan äkım qoisañ, el tüzeter, jamannan äkım qoisañ, el jüdeter.
Жаман ағайыннан жақсы көрші артық. Хороший сосед лучше плохого родственника. Jaman ağaiynnan jaqsy körşı artyq.
Жоғалған пышақтың сабы алтын. У пропавшего ножа золотая ручка. Joğalğan pyşaqtyñ saby altyn.
 38
Жігітке жар қымбат, ал намыспен ар одан да қымбат.Джигит дорожит любовью, а ещё больше честью. Jıgıtke jar qymbat, al namyspen ar odan da qymbat.
Ит иттігін қылмаса, бүйірі оңбас. У собаки брюхо заболит, если собачьи привычки оставит. İt ittıgın qylmasa, büiırıbas.
Келгеніңе қуанбаған кеткеніңе өкінбес. Хозяин, который не рад приходу, не обидится и уходу. Kelgenıñe quanbağan ketkenıñe ökınbes.
Қарыз күліп келеді, жылап қайтады. Долг со смехом приходит, и со слезами уходит. Qaryz külıp kele, jylap qaitady.
Көңіл жақсы болғаны, өмір жақсы болғаны. Настроение хорошее – и жизнь хорошая. Köñıl jaqsy bolğany, ömır jaqsy bolğany.
Көп өмір сүріп, күмістей жалтырағанша, аз өмір сүріп, алтындай жарқыра. Чем долго жить, и серебром блистать, лучше мало живи, да золотом сверкай. Köp ömır sürıp, kümıstei jaltyrağanşa, az ömır sürıp, altyndai jarqyra.
Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме, арың таза болмаса, ағайынға өкпелеме. Если рожа крива, на зеркало не сердись, если совесть нечиста, на родню не злись. Betıñ qisyq bolsa, ainağa ökpeleme, ar taza bolmasa, ağaiynğa ökpeleme.
Қарны тоқ, қайғысы жоқ. Сыт, одет, печали нет. Qarny toq, qaiğysy joq.
Жалқау әйелдің төсегі түске дейін жиылмас. Ленивая женщина до полудня постель не убирает. Jalqau äieldıñ tösegı tüske deiın jiylmas.
Жер - семіз, от - арық. Земля одаряет, огонь уничтожает. Jer - semız, ot - aryq.
 39
Жер төбесіз болмайды, ел төресіз болмайды. Земля не бывает без холмов, а народ без чиновников. Jer töbesız bolmaidy, el töresız bolmaidy.
Өсер малда өлім жоқ. Если скот приносит приплод, значит он не перемрёт. Öser malda ölım joq.
Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады. Хорошие овцы ягнят по двое принесут, на земле хорошей травы сдвоенными колосками растут. Qoi egız tapsa, şöptıñ basy aiyr şyğady.
Тоңған тонын мақтар, адасқан жолын мақтар. Замерзший шубу хвалит, заблудившийся дорогу хвалит. Toñğan tonyn maqtar, adasqan jolyn maqtar.
Үреген ит кісі қаппас, үндемеген ит қабаған. Если собака лает, значит она не кусает, если собака не лает, значит она кусает. Üregen it kısı qappas, ündemegen it qabağan.
Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, абысының барда күндесім жоқ деме.Когда есть родня, не говори, что нет врага, когда есть снохи, не говори, что нет завистниц. Ağaiyn barda dūşpanym joq deme, abysyn barda kündesım joq deme.
Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша. Лягушка – на болоте царь, рыба – в воде, джигит – на Родине. Baqa kölınde patşa, balyq suynda patşa, jıgıt elınde patşa.
Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді. Слова неумелого подобны заплате, пришитой не к месту. Olaqtyñ sözı orynsyz jamau tärızdı.
Иттің бәрі тазы болмас, еттің бәрі қазы болмас. Не всякая собака на охоту ходит, не всякое мясо для казы подходит. İttıñ bärı tazy bolmas, ettıñ bärı qazy bolmas.
Кекшіл болма, көпшіл бол. Не будь злопамятен, а будь общителен. Kekşıl bolma, köpşıl bol.
 40
Күншілдің күні шықпас. Над завистливым солнце не всходит. Künşıldıñ künı şyqpas.
Қайғысыз махаббаттың қадірі аз.Любовь без страданий ценится недорого. Qaiğysyz mahabbattyñ qadırı az.
Қайда барса да, екі колға бір жұмыс. Куда не придёт, везде рукам работу найдёт. Qaida barsa da, ekı kolğa bır jūmys.
Қонағын сыйлаған төрге шығарады.На почетное место приглашение - признак большого уважения. Qonağyn syilağan törge şyğarady.
Қысқа жіп күрмеуге келмейді. На короткой веревке петлю не сделаешь. Qysqa jıp kürmeuge kelmei.
Мың адам салған көпірді бір адам қиратады, бір адам жаққан от он адамды жылытады. Мост, что тысяча людей построит, одному разрушить ничего не стоит, костер, что один человек разжигает, десятерых согревает. Myñ adam salğan köpır bır adam qiratady, bır adam jaqqan ot on adamdy jylytady.
Олай тартсаң, өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынады. В одну сторону повернёшь, бык сдохнет, в другую повернешь, телега сломается Olai tartsañ, ögız öle, bylai tartsañ, arba synady.
Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңда. Выбирай не ту, которую ты полюбил, а ту, которая тебя полюбила. Özıñ süigen emes, özıñ süigen tañda.
Өле жегенше, бөле же. Лучше половину дать ближнему, чем обьедаться одному. Öle jegenşe, böle je.
Ер-тұрманы алтын болса да, есектің аты есек. Осел остаётся ослом и под золотым седлом. Er-tūrmany altyn bolsa da, esektıñ aty esek.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Разные пословицы, стр.4 Вернуться к началу Разные пословицы, стр.6  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга