Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мега шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Кішкентай Жанат   (ағылшын ертегісі, Л. Мурр)

– Бүгін сенің туған күнің, – деді мамасы кішкентай Жанатқа, – енді сен үлкенсің.

– Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма?

– Әрине, болады.

Кішкентай Жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрді.

– Сен қайда бара жатырсың?

– Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын.

– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба?

– Қорықпаймын. Ол қорқынышты ма?

– Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт.

Кішкене Жанат тоғанға келді.

– Әй, тоғанда отырған, шық, – деп айқайлады

Бірақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады. Кішкене Жанат бетін тыржыйтты. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтты. Кішкене Жанат таяқты көтерді. Ол да таяқты көтерді. Кішкене Жанат қатты қорқып кетті. Ол үйге жүгірді.

– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.

– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлімде.

Жанат солай істеді. Тоғанда отырған біреу де оған күлімдеді. Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп жинады.

– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба? – дедi маймыл.

– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған күлімдейдi, – деді кішкене Жанат.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Мамасы кішкентай Жанатқа не деді?
2) Кішкентай Жанат не деді?
3) Оны қайсысы көрді?
4) Маймыл кішкентай Жанатқа не деді?
5) Кішкентай Жанат не деп жауап берді?
6) Ол тоғаннан не көрді?
7) Не бетін тыржыйтты?
8) Кішкене Жанат нені көрді?
9) Қайсысы қатты қорқып кетті?
10) Ол мамасына не деді?
11) Ол мамасы не деді?
12) Неге кішкене Жанат қуанып кетті?
13) Ол не жинады?
14) ОМаймыл не деді?
15) Кішкене Жанат не деп жауап берді?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар:
– Бүгін сенің .................... күнің, – деді мамасы кішкентай Жанатқа, .................... сен үлкенсің.
– Онда орманға барып, өлең шөп .................... бола ма?
– Әрине, болады.
Кішкентай Жанат орманға .................... жатты. Оны маймыл .................... .
– Сен .................... бара жатырсың?
– Мен тоғанға өлең шөпке .................... жатырмын.
– Сен тоғанда отырған нәрседен .................... ба?
– Қорықпаймын. Ол .........................................ма?
– Иә, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны .................... .
Кішкентай Жанат тоғанға .................... .
– Әй, тоғанда отырған, шық, – .................... айқайлады.
Бірақ айнала .................... болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған .................... қарады. Кішкене жанат бетін тыржыйтті. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтті. Кішкене Жанат таяқты .................... Ол да таяқты көтерді. Кішкене Жанат қатты .................... Ол үйге жүгірді.
– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.
– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған .................... .
Жанат .................... істеді. Тоғанда отырған біреу де оған .................... . Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп .................... .
– Сен .................... отырған нәрседен қорықпадың ба? – деді маймыл.
– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған ...................., – деді кішкене Жанат.
Керекті сөздер:
Туған, әкелуге, келе, көрді, қайда, енді, қорқынышты, бара, қорықпайсың, келді, деп, қорқыт, біреу, қорқып кетті, көтерді, күлімде, жинады, тоғанда, маған, тып-тыныш, ешқашан, солай, күлімдеді, күлімдейді.



Текст на казахском языке взят из:
"Кiшкентай жанат". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Кірпі мен қарға Вернуться к началу Қасқыр мен кемпір  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв