Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мега шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Бұйра қыз   (чукотка ертегісі)

Баяғыда түлкі мен аю болыпты. Олар күнде балық аулапты. Бір күні оларға бір қыз келді.

– Сәлеметсіздер ме! Не істеп жатырсыздар?

– Кет, қыз, сенің шашың ода-дода, балықты қорқытасың, – деді түлкі.

– Жоқ, бұл қыз ода-дода емес, ол бұйра, – деді аю.

Бір уақытта жел тұрды, қар жауды. Қыз тоңды. Аю өз тонын қызға берді. Қыз үйіне келді.

– Сен тонды қайдан алдың? – деді шешесі.

– Аю берді.

– Аю жақсы екен, оны қонаққа шақыр, – деді шешесі.

Аю қызға қонаққа келді. Аю және қыз шай iшті, балық жеді. Сосын қыз аюға үлкен балықтарды берді.

– Балықтарды балаларыңызға апарыңыз, – деді қыз.

– Рахмет! – дедi аю.

Жолда аюдың алдынан түлкі шықты.

– Аю, сен балықтарды қайдан алдың?

– Бұйра қыз берді, – деді аю.

Түлкі қызға келді.

– Бұйра қыз, маған балық берші. Менің де балық жегім келеді, – деді түлкі.

Қыз үндемеді, есікті ашпады.

"Аю өте қу. Бұйра қызды мақтап, балық алды", – деп ойлады түлкі.

Ал аю қу емес, ол мейірімді болды.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қашан түлкі мен аю болыпты?
2) Олар не аулапты?
3) Бір күні оларға кім келді?
4) Қыз не деді?
5) Түлкі не деді?
6) Аю не деді?
7) Бір уақытта не болды?
8) Аю не істеді?
9) Қыздың шешесі не деді?
10) Аю кімге қонаққа келді?
11) Қыз аюға не берді?
12) Аюдың алдынан не шықты?
13) Түлкі қызға не деді?
14) Түлкі не деп ойлады?
15) Аю қандай?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Түлкі мен балық күнде балық аулады.
2) Аю өз тонын қызға берді.
3) Аю және қыз кофе ішті.
4) Аюдың алдынан қой шықты.
5) Қыз нешеде болды?
6) Қыздың аты кім?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар:
Баяғыда түлкі мен аю .................... . Олар .................... балық аулапты. Бір .................... оларға бір қыз келді:
– Сәлеметсіздер ме! Не .................... жатырсыздар?
– Кет, қыз, сенің шашың ода-дода, балықты ...................., – деді түлкі.
– Жоқ, бұл қыз ода-дода емес, ол бұйра, – деді аю.
Бір .................... жел тұрды, қар жауды. Қыз тоңды. Аю өз тонын қызға .................... . Қыз .................... келді.
– Сен тонды .................... алдың? – деді шешесі.
– Аю берді.
– Аю жақсы екен, оны қонаққа ...................., – деді шешесі.
Аю қызға .................... келді. Аю және қыз .................... ішті, балық жеді. Сосын қыз аюға үлкен .................... берді.
– Балықтарды балаларыңызға ...................., – деді қыз.
– Рахмет! – .................... аю.
Жолда аюдың алдынан түлкі .................... .
– Бұйра қыз берді, – деді аю.
Түлкі бұйра қызға келді.
– Бұйра қыз, .................... балық берші. Менің де балық жегім ...................., – деді түлкі.
Бірақ қыз үндемеді, .................... ашпады.
«Аю өте ...................., бұйра қызды мақтап, балық алды» – .................... ойлады түлкі.
Ал аю қу ...................., ол мейірімді болды.
Керекті сөздер:
қайдан, болыпты, шықты, алдың, шай, қорқытасың, істеп, үйіне, берді, шақыр, күні, уақытта, күнде, есікті, қонаққа, апарыңыз, деді, деп, маған, балықтарды, келеді, емес, қу.



Текст на казахском языке взят из:
"Түлкi мен қаздар". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Саяхатшы бақа Вернуться к началу Түлкі мен ит  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв