Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Служебные имена
Прилагательные
Числительные
Наречия
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Модальность
Причастия
Деепричастия
Предложения
Местоимения
Союзы, Частицы
  Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Проверь себя!
 Упражнения
Словарь
Книга для чтения
Пословицы
Сказки,  Песни
Разговорник
Скачать
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мега шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және бидай...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Мартышка и очки
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Гимн Казахстана
Песня "Көзімнің қарасы"
Песня "Көктем вальсі"
Песня "Жаяу"
Песня "Көзіңе қарай бердім"
Песня "Әй-әй, бөпем"
Песня "Құстар әні"
Песня "Алға Қазақстан!"
Песня "Таңғы қала"
Песня "Арман"

Қызыл тауық және бидайдың дәні   (ағылшын ертегісі)
Красная курица и пшеничное зерно   (английская сказка)

Бір қызыл тауық болыпты. Бір күні қызыл тауық бидайдың дәнін тауып алыпты.
Жила красная курица. Однажды красная курица пшеничное зерно нашла.

"Дәнді отырғызу керек", – деп ойлады қызыл тауық.
"Зерно посадить нужно", – подумала красная курица.

– Кім дәнді отырғызады?
– Кто зерно посадит?

– Мен емес, – деді үйрек.
– Не я, – сказала утка.

– Мен емес, – деді мысық.
– Не я, – сказала кошка.

– Мен емес, – деді ит.
– Не я, – сказала собака.

– Онда мен өзім отырғызамын, – деді қызыл тауық.
– Тогда я сама посажу, – сказала красная курица.

Қызыл тауық дәнді өзі отырғызды. Көп күндер өтті, бидай үлкен және сары болды.
Красная курица зерно сама посадила. Много дней прошло. Пшеница большая и золотистая (спелая) была.

– Бидай пісті, кім бидайды жинайды?
– Пшеница созрела, кто пшеницу соберёт?

– Мен емес, – деді үйрек.
– Не я, – сказала утка.

– Мен емес, – деді мысық.
– Не я, – сказала кошка.

– Мен емес, – деді ит.
– Не я, – сказала собака.

– Онда мен өзім жинаймын, – деді қызыл тауық.
– Тогда я сама соберу, – сказала красная курица.

Қызыл тауық бидайды өзі жинады.
Красная курица сама пшеницу собрала.

– Бидайды тарттыру керек. Кім бидайды тарттырады?
– Пшеницу перемолоть нужно. Кто пшеницу молоть будет?

– Мен емес, – деді үйрек.
– Не я, – сказала утка.

– Мен емес, – деді мысық.
– Не я, – сказала кошка.

– Мен емес, – деді ит.
– Не я, – сказала собака.

– Онда мен өзім тарттырамын, – деді қызыл тауық.
– Тогда я сама молоть буду, – сказала красная курица.

Қызыл тауық бидайды өзі тарттырды.
Красная курица пшеницу перемолола.

– Енді нан пісіру керек. Кім нан пісіреді? – деді қызыл тауық.
– Теперь хлеб испечь нужно. Кто хлеб испечёт? – сказала красная курица.

– Мен емес, – деді үйрек.
– Не я, – сказала утка.

– Мен емес, – деді мысық.
– Не я, – сказала кошка.

– Мен емес, – деді ит.
– Не я, – сказала собака.

– Онда мен өзім пісіремін.
– Тогда я сама испеку.

Қызыл тауық өзі нан пісірді.
Красная курица сама хлеб испекла.

– Кім нан жейді? – деді қызыл тауық.
– Кто хлеб кушать будет? – сказала красная курица.

– Мен жеймін, – деді үйрек.
– Я буду кушать, – сказала утка.

– Мен жеймін, – деді мысық.
– Я буду кушать, – сказала кошка.

– Мен жеймін, – деді ит.
– Я буду кушать, – сказала собака.

– Жоқ, жоқ, нанды мен өзім пісірдім, өзім жеймін, – деді қызыл тауық.
– Нет, нет, хлеб я сама пекла, сама есть буду, – сказала красная курица.




Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Қашан қызыл тауық бидайдың дәнін тауып алды?
2) Қызыл тауық не деді?
3) Оған не деп жауап қайтарды?
4) Қызыл тауық не деді?
5) Қызыл тауық не істеді?
6) Қанша күнi өтті?
7) Бидай қандай болды?
8) Бидай не істеді?
9) Қайсысы бидайды кім жинайды деді?
10) Оған не деп жауап қайтарды?
11) Қайсысы бидайды жинады?
12) Қайсысы бидайды тарттырды?
13) Қайсысы нан пісірді?
14) Қайсысы нан жеді?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңіздер:
1) Бір күні қызыл тауық ақша тауып алды.
2) Қызыл тауық жүгерінің дәнін отырғызды.
3) Қызыл тауық өзі бидайды жинады.
4) Қызыл тауық өзі нан пісірді.
5) Қызыл тауық неше нан пісірді?
6) Иттің құйрығы қандай болды?

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар:
Бір қызыл тауық .................... . Бір күні қызыл тауық бидайдың дәнін .................... алыпты.
"Дәнді отырғызу ....................", – деп ойлады қызыл тауық.
– Кім дәнді ....................?
– Мен емес, – .................... үйрек.
– Мен емес, – деді .................... .
– Мен ...................., – деді ит.
– Онда мен .................... отырғызамын, – деді қызыл тауық.
Қызыл тауық дәнді .................... отырғызды. Көп күндер ...................., бидай үлкен және сары болды.
– Бидай ...................., кім бидайды жинайды?
– Мен емес, – деді үйрек.
– Мен емес, – деді мысық.
– Мен емес, – деді ит.
– Онда .................... өзім жинаймын, – деді қызыл тауық.
Қызыл тауық бидайды өзі .................... .
– Бидайды тарттыру керек. Кім бидайды ....................?
– Мен емес, – деді үйрек.
– Мен емес, – деді мысық.
– Мен емес, – деді ит.
– Онда мен өзім ...................., – деді қызыл тауық.
Қызыл тауық бидайды өзі .................... .
– Енді нан пісіру керек. Кім нан пісіреді? – деді қызыл тауық.
– Мен емес, – деді үйрек.
– Мен емес, – деді мысық.
– Мен емес, – деді ит.
– Онда мен өзім .................... .
Қызыл тауық өзі нан .................... .
– Кім нан жейді? – деді қызыл тауық.
– Мен ...................., – деді үйрек.
– Мен жеймін, – .................... мысық.
– Мен жеймін, – деді .................... .
– Жоқ, жоқ, нанды мен өзім ...................., өзім жеймін, – деді қызыл тауық.
Керекті сөздер:
болыпты, отырғызады, өзім, емес, пісті, мысық, деді, тауып, жинады, өтті, өзі, керек,
мен, тарттырамын, тарттырды, пісіремін, пісірдім, тарттырады, пісірді, жеймін, деді, ит.




Текст на казахском языке взят из:
"Түлкi мен қаздар". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.




©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Шегіртке мен құмырсқа Вернуться к началу Қарлығаш пен дәуіт  >>