Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Айога   (нанай ертегісі)

Көп жыл бұрын Айога деген бір қыз болыпты. Ол өте әдемі болыпты. Бәрі оны жақсы көрді. Айогадан әдемі қыз жоқ депті. Ал Айога күн ұзағына айнаға қарай берді, басқа ештеңе істемеді.

Бір күні шешесі:

– Айога, су әкел, – деді.

– Суға құлаймын, – деді қызы.

– Ал сен бұтадан ұста.

– Қолымды жарақаттаймын.

– Қолғап ки.

– Қолғап жыртылады.

– Инемен тік.

– Ине сынады.

– Жуан ине ал.

– Саусағыма кіреді.

– Оймақ ки.

– Оймақ тесіледі.

Мұны көршінің қызы естіп тұрды.

– Мен су әкелейін, – деді де, су әкелді.

Айоганың шешесі шелпек пісірді.

– Маған берші, мама, – деді Айога.

– Шелпек ыстық, қолыңды күйдіресің.

– Қолғап киемін.

– Қолғап су.

– Кептіремін.

– Қабыршақтанады.

– Умаждаймын.

– Қолың ауырады.

Мамасы шелпекті көрші қызға берді. Айога ашуланып, өзенге кетті. Өзенде қаздар жүзіп жүрді. Айога суға қарап өзін көрді.

Сол кезде көрші қыз келді және шелпекті жей бастады. Айога мойнын созып, қызға қарады. Қыз Айогаға шелпекті ұсынды, ал Айога ашуланып:

– Жемеймін. Керек емес, – деп айқайлап, суға құлап түсті. Сол кезде қазға айналды.

Адамдарды көрсе болды:

– Айога, га-га-га, га-га-га, – деп айқайлайды екен.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Айога қандай қыз болды?
2) Ол күн ұзағына не істеді?
3) Бір күні шешесі не деді?
4) Айога суға барды ма?
5) Ол неге суға бармады?
6) Айоганың шешесі не пісірді?
7) Айога шелпекті неге жемеді?
8) Айога неге ашуланды?
9) Сосын не болды?
10) Айога адамдарды көргенде не деп айқайлайды?



Текст на казахском языке взят из:
"Кім ең күшті". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Адам және ит Вернуться к началу Үнемшіл құмырсқа  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв