Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мега шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Кәрі теке мен қасқыр   (кабардин ертегісі)

Бір күні қой, ешкі және кәрі теке жайлауда жайылып жүрді. Кешке олар үйге бірге қайтуды ұйғарды. Қойдың қарны әбден тойды да, ол үйге қарай өзі кетті. Өзенге келгенде, көпірде отырған қасқырды көрді:

– Сен қайда барасың? – деп сұрады қасқыр.

– Мен жайлаудан үйге бара жатырмын.

– Ал неге тоқтадың?

– Сен мені жейсің, сондықтан қорқып тоқтадым.

– Әрине, жеймін, – деді қасқыр.

Қойды жеп, қайтадан орнына отырды. Біраз уақыттан кейін қасқыр ешкіні көрді.

– Ешкі, қайда барасың?

– Үйге барамын, – деді ешкі, құйрығы дірілдеп.

– Сенің құйрығың неге дірілдейді?

– Сен мені жейсің, сондықтан менің құйрығым дірілдеп тұр.

– Дұрыс, жеймін сені! – деді де, ешкіні жеп қойды.

Сосын қайтадан орнына отырды. Көп отырды. Ақыр аяғында кәрі текені көрді. Теке қасқырдан қорықпады, тоқтамады.

– Қайда барасың, құрметті мырза?

– Үйге барамын, кәрі қарақшы!

– Сен батылсың, неге менен қорықпайсың?

– Өйткені артымда екі тазы ит келе жатыр.

– Тұра тұр, батыл теке, сен оларды ұстай тұр! – деп, қасқыр орманға қарай жүгіріп кетті.

Ал кәрі теке үйге аман-сау келді.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Бір күні нелер жайлауда жайылып жүрді?
2) Олар нені ұйғарды?
3) Неге қой үйге қарай өзі кетті?
4) Қой көпірде нені көрді?
5) Неге қасқыр қойды жеп қойды?
6) Сосын қасқыр нені жеп қойды?
7) Ақыр аяғында қасқыр нені көрді?
8) Неге қасқыр текеге "құрметті мырза" деді?
9) Теке екі ит туралы шын айтты ма?
10) Қасқыр текеге не деді?
11) Неге қасқыр орманға қарай жүгіріп кетті?
12) Неге теке үйге аман-сау келді?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Бір күні қой, ешкі және ат жайлауда жайылып жүрді.
2) Ешкі қасқырдан қорықпады.
3) Қасқыр қойды және ешкіні жеп қойды.
4) Қасқыр иттен қорқып, орманға қарай жүгіріп кетті.
5) Қасқыр тас көпірде отырды.
6) Қой, ешкі және кәрі теке тауда жайылып жүрді.



Текст на казахском языке взят из:
"Кім ең күшті". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.




©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Үнемшіл құмырсқа Вернуться к началу Кім күштірек  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв