Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мега шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Аңшы мен жылан   (ұдмұрт ертегісі)

Қара күз. Бір аңшы орманнан келе жатып қарны ашты, шаршады, сондықтан демалуға ұйғарды. Қатып қалған өзеннің қасында демалуға отырды да, таба нанды жей бастады. Тысырды естіп, өзенге қарады. Қараса, қамшы жатыр екен. Қадалып қараса, қамшы емес, жылан екен. Жылан басын көтеріп, әлсіреген дауыспен:

– Қайырымды адам, мені құтқар. Құйрығым мұзға қатып алды. Көмектесші маған! – деді.

Аңшы жылан аяды. Құйрықтың айналасындағы мұзды балтамен жарды. Жылан жағаға әрең шықты:

– Мен тоңып қалдым. Досым, мені жылытшы!

Аңшы жыланды қойнына салды. Жылан жылынды да:

– Ақымақ, өміріңмен қоштаса бер, қазір мен сені тістеп аламын!

– Әй, сен не айтып тұрсын? Мен саған жақсылық жасадым! Сені өлімнен құтқардым!

– Сен мені құтқардың, ал мен сені өлтіремін! – деді жылан. – Мен аспен ұрғанды таспен ұрамын!

– Тұра тұр, – деді аңшы. – Біз жолға шығып, бірінші көрінгеннен жақсылыққа жақсылық па, жамандық па деп сұрайық. Егер жамандық десе, сен мені өлтіресің, ал жақсылық десе, жібересің.

Жылан келісті. Бірінші олар сиырды көрді.

– Сәлеметсің бе, сиыр, – деді аңшы.

– Сәлеметсің бе, – деді сиыр.

Жылан басын шығарды да:

– Сиыр, дұрысын айт. Бұл адам мені өлімнен құтқарды, ал мен оны өлтіргім келеді. Жақсылыққа жақсылық па, жамандық па?

– Мен жақсылыққа жақсылық жасаймын. Қожайыным маған шөп береді, ал мен оған сүт беремін.

– Естідің бе? Енді мені жібер, – деді аңшы.

– Жоқ. Сиыр – ақымақ жануар. Тағы біреуден сұрайық.

Олар әрі жүрді. Алдарынан ат шықты.

– Сәлеметсің бе, ат!

– Сәлеметсің бе!

Жылан басын шығарды да:

– Ат, дұрысын айт. Бұл адам мені өлімнен құтқарды, ал мен оны өлтіргім келеді. Жақсылыққа жақсылық па, жамандық па, айтшы?

– Мен жақсылыққа жақсылық істеймін. Қожайыным маған шөп береді, ал мен оған көмектесемін.

– Көрдің бе? Енді мені жібер, – деді аңшы.

– Тұра тұр, сиыр, ат – үй жануарлары, олар адамның қасында тұрады, сондықтан адамды жақтайды. Одан да орманға барып, жабайы жануардан сұрайық.

Амал жоқ, аңшы орманға барды. Қайыңда отырған жабайы мысықты көрді. Аңшы тоқтап, жылан басын шығарды.

– Мысық, дұрысын айт! Бұл адам мені өлімнен құтқарды, ал мен оны өлтіргім келеді. Жақсылыққа жақсылық па, жамандық па, айтшы!?

– Жақын келіңдер, мен қартайдым, құлағым естімейді.

Аңшы жақындады, жылан басын және денесін шығарды.

– Бұл адам мені өлімнен құтқарды...

Осы кезде мысық жыланға секіріп, оны тұншықтырып өлтірді.

– Мысық, рахмет саған. Сен мені құтқардың. Мен саған жақсылық істейін. Менімен жүр, жылы үйде тұрасың. Саған ет, сүт беремін.

Содан бері адам мен мысық дос болыпты.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Неге аңшы демалуға ұйғарды?
2) Қандай өзеннің қасына демалуға отырды?
3) Аңшы нені көрді?
4) Жылан әлсіреген дауыспен не деді?
5) Неге аңшы жыланды аяды?
6) Аңшы жыланды қалай құтқарды?
7) Жылынған жылан не істегісі келді?
8) Аңшы таң қалды ма?
9) "Таспен ұрғанды аспен ұр" деген мақалды қалай түсінесіңдер?
10) Олар қандай келісімге келді?
11) Бірінші олар нені көрді?
12) Сиырдың жауабы жыланға ұнады ма, неге?
13) Олардың алдынан не шықты?
14) Ат не деп жауап берді?
15) Жылан не деп айтты?
16) Сосын олар неден сұрады?
17) Мысық не істеді?
18) Мысықтың құлағы шын естімеді ме?
19) Аңшы мысыққа не деді?
20) Қашаннан бері аңшы мен мысық дос болыпты?

"Рас", "өтірік" немесе "білмеймін" деп жауап беріңдер:
1) Аңшы мұзға қатып қалған мысықты құтқарды.
2) Жылан аңшыны өлтіргісі келді.
3) Бірінші олар сиырдан сұрады.
4) Аңшының үш баласы болды.
5) Мысықтың құлағы естімеді.
6) Аттың қожайыны шаруа болды.



Текст на казахском языке взят из:
"Кім ең күшті". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Кім күштірек Вернуться к началу Гимн Казахстана  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв