Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның құлағы ұзын
Шегіртке мен құмырсқа
Қызыл тауық және...
Қарлығаш пен дәуіт
Қызыл телпек
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Айога
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Маймыл мен көзілдірік
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық тыңайтқыш жоқ
Үш қыз
Кемпір мен торай
Кім ең күшті

Кемпір мен торай   (ағылшын ертегісі)

Бір күні кемпір үй сыпырып жүріп, күміс ақша тауып алды. "Бұл ақшаға не сатып аламын?" деп ойлады кемпір.

Көп ойлап торай сатып алды. Бірақ үй келгенде торай аулаға кіргісі келмеді.

Кемпір өзі аулаға кірді, итті көрді.

– Ит, ит, сен торайды қапшы, ол аулаға кіргісі келмейді, ал мен бүгін үйге кіре алмайтын болдым.

Бірақ ит торайды қапқысы келмеді. Кемпір аулаға кірді, таяқты көрді.

– Таяқ, таяқ, сен итті ұршы, ит торайды қапқысы келмейді, ал торғай аулаға кіргісі келмейді, ал мен бүгін үйге кіре алмайтын болдым.

Бірақ таяқ итті ұрғысы келмеді. Кемпір аулаға кірді, отты көрді.

– От, от, таяқты күйдірші, таяқ итті ұрғысы келмейді, ит торайды қапқысы келмейді, ал торай аулаға кіргісі келмейді, ал мен бүгін үйге кіре алмайтын болдым.

Бірақ от таяқты күйдіргісі келмеді. Кемпір аулаға кірді, суды көрді.

– Су, су, отты сөндірші, от таяқты күйдіргісі келмейді, таяқ итті ұрғысы келмейді, ит торғайды қапқысы келмейді, ал торай аулаға кіргісі келмейді, ал мен бүгін үйге кіре алмайтын болдым.

Бірақ су отты сөндіргісі келмеді. Кемпір аулаға кірді, мысықты көрді.

– Мысық, мысық, суды ішші, су отты сөндіргісі келмейді, от таяқты күйдіргісі келмейді, таяқ итті ұрғысы келмейді, ит торайды қапқысы келмейді, ал торай аулаға кіргісі келмейді, ал мен бүгін үйге кіре алмайтын болдым.

– Маған сүт әкел, – деді, – Сонда мен суды ішемін.

Кемпір сиырға келді.

– Сиыр, сиыр, маған сүт берші.

– Маған шөп әкел, сонда мен саған сүт беремін.

Кемпір сиырға шөп берді, сиыр кемпірге сүт берді, мысық сүтті ішті, сосын суды іше бастады, су отты сөндіре бастады, от таяқты күйдіре бастады, таяқ итті ұра бастады, ит торайды қаба бастады, торай аулаға кірді.

Сөйтіп кемпір де үйіне кірді.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Бір күні кемпір нені тауып алды?
2) Кемпір ақшаға не сатып алды?
3) Торай қайда кіргісі келмеді?
4) Кемпір итке не деді?
5) Ит торайды қапқысы келді ме?
6) Кемпір таяққа не деді?
7) Неге кемпір оттан көмек сұрады?
8) Кемпірге су көмектесті ме?
9) Ал мысық не деді?
10) Сиыр кемпірге не деді?
11) Сосын не болды?
12) Торай мен кемпір үйге кірді ме?



Текст на казахском языке взят из:
"Кім ең күшті". Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Үш қыз Вернуться к началу Кім ең күшті  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв