Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
   Проверь себя!
   Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
Словарь
Разговорник
Пословицы
Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Видео
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 01
01-01
      Бір ресми кездесуде әйелі күйеуіне:
      – Жан, өзіңе ие болсаңшы, осымен он екінші рет виски алу үшін буфетке бардың. Жұрт не ойлайды?
      – Қам жеме. Мен алған сайын саған деп айтып жатырмын.
Скрыть текст
01-02
      Мейрамханада:
      – Даяршы, маған кофе бола ма?
      – Қайдан білемін, мен сізге дәрігер емеспін ғой, біле білсеңіз!
Скрыть текст
01-03
      Екі жігіт кездесіпті. Оның бірі:
      – Менің жұбайым жүкті болғанда, мен оған күлкілі әңгімелер айтатынмын. Ал ол болса, егер сен мені күлдіре берсең, онда мен дүниеге кірпі әкелем деп жауап беретін.
      Екіншісі:
      – Ха - ха... Иә, сосын қалай болды.
      – Негізі, бәрі жақсы болды, рақмет. Айтпақшы, сен білесің бе, кірпіні немен қоректендіреді?
Скрыть текст
01-04
      Отбасында ауыр жағдай орын алды. Енесі ауыр халде жатыр. Төсек жанында қажыған күйеу баласы кезекшілікте отыр. Оның көз алдында енесі баяу және жай ғана өмірден өтіп бара жатты. Кенет енесінің жанынан бір шыбын ұшып өтеді. Төбеге қонып, олай-былай жүре бастайды. Енесі оның қимылынан көз алмайды: шыбын қай жаққа жылжыса, оның көзі де сол жаққа бұрылып, жанданғандай болады.
      Күйеу бала шыдап отырып, отырып, кенеттен шыдамы таусылып былай дейді:
      – Мама, көгершінім! Алаңдамаңыз!
Скрыть текст
01-05
      Сағат түнгі үштер кезінде қызы анасына телефон шалады:
      – Анашым, кеш түскелі әлдеқашан, күйеуім әлі үйде жоқ. Мүмкін, ол өзіне көңілдес әйел тапқан шығар?
      – Қызым-ау, неге бірден жамандықты болжайсың? Мүмкін, ол не мәйітханада, не жан сақтау бөлімінде жатқан шығар?
Скрыть текст
01-06
      Дәрігер емделушіге:
      – Сізге тез арада салмақ тастау қажет, қатаң диета ұстау керек: майсыз ет жеуге болады, тәтті, нан-тоқаш өнімдерінен бас тарту керек, ешқандай ішімдік ішуге, темекі шегуге, кофе ішуге болмайды... Ия, ең бастысы, қымбаттым, өмірге көбірек шаттаныңыз.
Скрыть текст
01-07
      Дәрігер сырқатты қарап жатыр:
      – Сізде жүректің үлкен шалыс соғуы бар. Сіз ішесіз бе?
      – Ішемін, дәрігер. Бірақ шалыс соғу одан емес. Мен тоқтаусыз ішемін.
Скрыть текст
01-08
      – Жаңа жұмыс істей бастаған дәрігермен тәжірибелі дәрігердің арасында қандай айырмашылық бар?
      – Біріншісі, сізде бар ауруды емдеп жүрмін деп ойлайды, екіншісі, сізде ол емдеп жүрген ауру бар деп ойлайды.
Скрыть текст
01-09
      Жүргізуші жол бойындағы жанар май бекетінен бензин құйып алу үшін тоқтайды, оған бекет қызметкері былай дейді:
      – Сіз, біз ескі бағамен қызмет көрсетіп жатқан соңғы клиентсіз. Бұдан кейін бәрі жаңа бағамен төлейді.
      Риза болған жүргізуші толық бак құйып беруді сұрайды, есеп айырысқаннан кейін, сұрақ қояды:
      – Бензин бағасы қаншаға көтерілді?
      – Ол мүлде көтерілген жоқ, керісінше он пайызға түсті.
Скрыть текст
01-10
      МАИ қызметкері болып жұмыс істейтін әкесі МАИ қызметкері ұлын оятады:
      – Тұр, жұмысқа баратын уақыт болды.
      – Сағат неше?
      – Жеті жарым.
      – Әлі ерте ғой!
      – Қайдағы ерте, олар жарты сағаттай тегін жүріп жатыр!
Скрыть текст
01-11
      Екі дос кездеседі:
      – Мен мені махаббатқа, қамқорлыққа және мейірімге бөлеймін деп уәде еткен қызды кездестірдім. Сен бұл туралы не ойлайсың?
      – Мен сенің сол қоршаудан қалай шығатыныңды ойланып отырмын...
Скрыть текст
01-12
      Екі аңшы кездеседі:
      – Сонымен қалай?
      – Міне кірпілерді атып алдым.
      – ???
      – Әйеліме жағаға, енеме ұлтараққа.
Скрыть текст
01-13
     Ауылдың екі иті алғаш рет қалаға келіпті. Олар жан-жақтарына қарап жүріп келе жатады. Кенет, ақылы көлік тұрағының үстінде төлем қондырғысы орналастырылған бағанаға жақын келіп тоқтайды. Бір ит екінші итке былай дейді:
      – Сен қарашы мына қалалықтардың жеткен жерін! Барлық ағаштарды кесіп тастағандары аздай, әжетхана үшін бізден ақша сыпырып алмақшы...
Скрыть текст
01-14
      – Дәрігер, мен арақ іше аламын ба?
      – Жоқ.
      – Ал спирт ше?
      – Ешқашанда!
      – Ал сіздің дәрілеріңізді ше?
      – Неге осы сіз неше түрлі жаман нәрселерге әуессіз?
Скрыть текст
01-15
      Дәрігер емделушіге:
      – Менің сіз үшін жайсыз жаңалығым бар...
      – Мен өлем бе?
      – Жоқ. Біз сізді емдейміз.
Скрыть текст
01-16
      – Дәрігер! Менің күйеуімнің оң жақ аяғы сол жақ аяғына қарағанда қысқа. Ол енді не істеуі керек?
      – Ақсаңдау...
Скрыть текст
01-17
      – Дәрігер, мені ұйқысыздық қажытты. Не істесем екен?
      – Сіз қойларды санап көрмедіңіз бе?
      – Көрдім, көмектеспейді.
      – Олай болса, әр қой сізге өз өмірбаянын айтсын.
Скрыть текст
01-18
      – Қызым, сен он алтыға келдің, мен сенімен өте маңызды жағдай туралы сөйлесуім қажет. Жауап бер: саған еркектер ұнай ма?
      – Қалай айтсам екен, анашым... қазір бұрынғыдай ұнай бермейді.
Скрыть текст
01-19
      Еврей бөлмеде жалаңаш және қатырма қалпақта отыр.
      – Сен неге жалаңашсың? Егер біреу кіріп келсе ше?
      – Мен өз үйімдемін.
      – Неге қатырма қалпақ кидің?
      – Егер біреу кіріп келсе ше?
Скрыть текст
01-20
      Егер сіздің күйеу балаңыз туралы бүкіл әлем білсе, ол – кино жұлдызы. Егер сіздің күйеу балаңыз туралы бүкіл ел білсе, ол – президент деген сөз. Егер сіздің күйеу балаңыз туралы бүкіл қала білсе – ол жергілікті ансамбльдің жеке орындаушысы деген сөз. Егер сіздің күйеу балаңыз туралы бүкіл көше білсе, ол – ұры немесе маскүнем.
Скрыть текст
01-21
      Әйелі, есінеп, күйеуіне айтады:
      – Біздің отбасымызда бірсарынды өмір өтіп жатыр. Қалай жалықтырды десеңші! Бір ерекшелікті қалаймын – өмірімде ешқашан істемеген іс істегім келеді.
      – Солай ма! – деп қуанады күйеуі. – Менің шұлығымды жамап бер...
Скрыть текст
01-22
      Әйел АІІБ келіп, күйеуінің төрт күн бойы үйінде болмағанын айтады.
      – Сіздің күйеуіңіздің әлдебір ерекше белгілері бар ма? –деп сұрайды кезекші милиция қызметкері.
      – Жоқ, бірақ ол үйге қайтып оралсын, сонда ол белгілер бірден пайда болады.
Скрыть текст
01-23
      Әйелі күйеуіне:
      – Кеше көзім бір іліккен жоқ.
      – Сен бүкіл бөлмеге қорылдадың ғой.
      – Қорылдасам, мүмкін ұйықтап кетермін деп ойладым.
Скрыть текст
01-24
      Әйелі күйеуінен сұрайды:
      – Бұл үлкен буманы қайда сүйретіп барасың?
      – Бұл саған арналған сыйлық, қымбаттым.
      – О, қандай шап-шағын...
Скрыть текст
01-25
      Әйел бір еркектен көп нәрсені күтеді, ал еркек көп әйелдерден бір нәрсені күтеді.
Скрыть текст
01-26
      – Бүгін біздің компанияда кім көп іше алады атты сайыс өтті! - деді күйеуі әйеліне.
      – Сонымен, екінші орынды кім алды екен?
Скрыть текст
01-27
      Қоңырау:
      – Алло, Петр Ивановичті бола ма?
      – Болмайды! Ендігі гүл шоқтарын шығарып жатыр...
      – Қайдағы гүл шоқтары? Ол не қайтыс болды ма?
      – Қайтыс болды.
      – Неден қайтыс болды?
      – Білмеймін, гүл шоқтарына "Әйелінен", "Енесінен", "Ұжымынан" деп жазыпты".
Скрыть текст
01-28
      Күйеу бала енесіне шағымданып:
      – Бұл енді мүлдем шектен асып барады. Мүмкін сіз өз қызыңызға бірдеңе дерсіз?
      – Ә, не болып қалды?
      – Үшінші рет балықтан қайтып келіп, кереует астынан оның көңілдесін тауып тұрмын.
      – Онда барма балыққа, -деп ұсынды енесі.
      – Енді қалғаны сол еді! Мен оданда керуеттің аяқтарын арамен кесіп тастайын.
Скрыть текст
01-29
      Күйеу бала енесінің айна алдында тұрып өзіне макияж істеп жатқанын көріп, мысқылдап айтыпты:
      – Қызық ә, неліктен әйелдер әрдайым ақылымен емес, сырт келбетімен таңдандырғысы келеді...
      – Бәрі де түсінікті,- деп жауап берді енесі, макияжынан қол алмай.
      – Еркектер көбіне ақымақ келеді, бірақ соқырлар өте сирек кездеседі!
Скрыть текст
01-30
      Ресейдің бір жерінде ота жүріп жатыр.
      Хирург:
      – Медбике, наркоз.
      Медбике:
      – Қандай?
      Хирург:
      – Біздің, өзіміздің.
      Медбике:
      – Әлди-әлди әлди-ай.
Скрыть текст
01-31
      Бір сүлік екіншісіне қоңырау шалып айтыпты:
      – Сізді үзгенім үшін кешірерсіз.
Скрыть текст
01-32
      – Кешіріңіз, сіз бір көргеннен ғашық болуға сенесіз бе, әлде мен кейін келейін бе?
Скрыть текст
01-33
      Әйел тіс дәрігері бор-машинаны дайындап жатып пациентке:
      – Есіңде ме, Федя, сен мектепте менің артыма отырып алып қоймастан түйреуішпен шаншушы едің ғой?
Скрыть текст
01-34
      – Қалай ойлайсыз, саяхатқа арналған шабаданды немен толтыруға болады?
      – Әрине, ақшамен.
Скрыть текст
01-35
      Күйеу баланы дүкенге тауық алуға жіберді. Ол оны екі сағаттан кейін алып келгенде енесі айтты:
      – Неткен сұмдық! Сіздің тауығыңыздан арақ иісі шығып тұр.
      – Ал енді ше? -деп сұрады да күйеу бала артқа қарай бірнеше қадам жасады.
Скрыть текст
01-36
      Көшеде күйеуі мен әйелі келе жатыр. Оларға қарсы дәріхана, маңдайшасында: тостағанға оратылған жылан.
      Әйелі:
      – Ваня, айтшы, мына танымбелгі нені білдіреді?
      – Ә, бұл сенің апаң шәй ішіп отыр...
Скрыть текст
01-37
      Емтихан болып жатыр. Студент бары сол қысқа қос сөйлем жазылған парағымен шығып жауап бермек болды.
      Оқытушы:
      – Ал сіздің жауабыңыз қайда?
      – Басымда.
      – Ал мынау не? -деп қағазға басын изейді.
      – Ал мынау сыймай қалғаны.
Скрыть текст
01-38
      Ивановқа учаскелік милиция қызметкері келеді:
      – Сіздің көршілеріңіз, сіз кеше әйеліңізге айқайлады деп арызданды.
      – Ол өзінің жалақысын қайда жұмсағанын айтқысы келмеді.
      – Бүгін таңертең оған неге айқайладыңыз?
      – Ол менің жалақымды қайда жұмсағанын айтты.
Скрыть текст
01-39
      Өзінің енжарлығымен белгілі профессор шаштараздың креслосына отырып:
      – Шаш қиып бересіз бе?
      – Әрине профессор мырза, бірақ алдымен қалпағыңызды шешуіңізді өтінер едім.
      – О, кешіріңіз, мен тіпті бұнда бикештердің бар екенін байқамай қалыппын ғой!
Скрыть текст
01-40
      Ері мен зайыбы демалысқа жиналып жатыр.
      – Балаларды анама тапсырайық - дейді зайыбы.
      – Фене тәтеме ит пен тотықұсты тапсырайық.
      – Аула сыпырушы мысықты алсын.
      Ері терезеге ойланып қарап тұр.
      – Егер пәтерде соншалықты тыныштық орнаса, неге басқа бір жерге баруымыз керек?
Скрыть текст
01-41
      – Ағаңыздың жағдайы қалай? Ол әлі ауруханада ма?
      – Жоқ. Шықты, бірақ жағыдайы қиындай түсті.
      – Не, сырқаты қайта асқынып кетті ме?
      – Жоқ, олай емес. Бірақ енді, мүмкін, медбикеге үйленуіне тура келетін шығар.
Скрыть текст
01-42
      Футбол матчында көрермендердің біреуі бір баладан сұрапты:
      – Әй сен осынша қымбат билетке ақшаны қайдан таптың?
      – Әкем алып берген.
      – Ал оның өзі қайда?
      – Ә, ол үйде. Билетті іздеуде...
Скрыть текст
01-43
      Жігіт айықтырғышта оянады. "Е, елесті ауруға шалдыққанша ішкенмін бе, бірақ мен кеше бір бөтелке арақты үйге әкеліп, оны жалғыз өзім ішіп, төсекке жатып едім ғой, деп ойлайды. Неге айықтырғыштамын - түсініксіз". Сержантқа келіп:
      – Жолдас сержант, мен кеше үйге бір бөтелкені әкеліп, есікті жауып, шешініп, төсекке жатып ішкенім есімде. Мен не үшін мұндамын?
      – Келесі бөтелкеге іш киімшең жүгіргенің үшін.
Скрыть текст
01-44
      Бір кісі даяршыдан сұрапты:
      – Өтініш, кеңес ұсынып жіберсеңіз, қай шарапты алғаным дұрыс?
      Даяршы:
      – Сіз xаныммен біргемісіз?
      – Иә.
      – Әлгі дәретханаға кеткен ханым ба?
      – Иә.
      – Бұндай жағдайда дұрысы арақ алғаныңыз.
Скрыть текст
01-45
      Енесі автомектепке сабақтарға бара бастады. Күйеу баласы сұрапты:
      – Егер сіз машинамен бір километрді жүріп тастағаннан кейін кенет машинаның кілті үйде қалып қойғанын байқасаңыз, қандай шара қолданар едіңіз?
      Енесі кекетіп жауап беріпті:
      – Мен тежегішті басып, оны итеріп келе жатқан топасты көру үшін машинадан шығатын едім.
Скрыть текст
01-46
      Жағажайда кішкентай болған соң жалаңаш қоя берген ұл мен қыз бала қуыспақ ойнап жүр екен. Кенет қыз бала кілт тоқтап ұл балаға бедірейіп қарапты. Сосын желкесін қасып тұрып айтады екен:
      – Орыс пен украиндықтың арасында осынша үлкен айырмашылық бар деп ешқашан ойламаппын.
Скрыть текст
01-47
      Шекара кеденіне үлкен рефрижератор тоқтапты.
      – Кедендік тексеріс. Сіздегі не?
      – Ас ұлуы, уылдырық және балық консервілері.
      – Қанша?
      – 15 мың құты болады.
      – Тамаша. Онда олардың бәрін тексеру үшін ашыңыз.
Скрыть текст
01-48
      Психонервологтың кіреберіс есігінің тақташасындағы жазу:
      "Қабылдауды күтіп отырған науқастарға: Өтініш, бір-біріңізбен өз ауруларыңыздың белгі нышандарымен бөліспеңіздер, бұл диагноз қою кезінде қиындықтар тудырады".
Скрыть текст
01-49
      – Мәмілегер деген кім?
      – Әйелін тон толық қып көрсетеді деп сендіре алатын еркек.
Скрыть текст
01-50
      Жаңа жылды қарсы алып, ертеңіне бет-аузы қалқып іскен, көзі қып-қызыл, сақал-мұрт алынбаған, айнаға қарап тұрып:
      – Е-е-е, үшінші мыңжылдықтың адамы, сенің түрің осындай екен ғой...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov, Сахи Шегебаев
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  С казахским не шутят? Вернуться к началу Выпуск 02  >>