Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 03
03-01
      Анасы баласынан сұрайды:
      – Мен дүкен аралап жүрген кезде, сен не істейсің?
      – Күтушімен немесе темір жолмен ойнаймын, - деп баласы жауап береді. - Әкемнің өзіне не таңдайтынына байланысты.
Скрыть текст
03-02
      – Шыныңызды айтыңызшы, дәрігер, мына емдік шөптеріңіздің пайдасы бар ма?
      – Бар болғанда қандай! Жақында ұлыма саяжай сатып әпердім, қызыма үй салып жатырмын...
Скрыть текст
03-03
      Бір қарт әжей банкте чекке қол қоюы керек, бірақ оны қалай істерін білмейді.
      – Хатқа бұрын қалай қолыңызды қойып жүрдіңіз, - деп түсіндіреді оған, - тура сол сияқты қойыңыз.
      Әжей басын изеп, чекке: "Барлығыңды беттеріңнен сүйдім, тәтелерің Агата", - деп жазып берді.
Скрыть текст
03-04
      Ұл бала терезеге қарап тұрады. Бір кезде түрі өзгеріп кетіп, анасына қарай жүгіріп кеп:
      – Апа, апа, анда әкем келе жатыр! Оған нені бірінші көрсетеміз - менің күнделігімді ме, сенің жаңа көйлегіңді ме?" - деп айқайлаған екен.
Скрыть текст
03-05
      Жанұя толығымен дастарқан басында отыр. Түскі ас ішуде. Анасы ұлына айтыпты:
      – Вовочка, сүйекті әкеңе бер, сен енді ит емессің ғой.
Скрыть текст
03-06
      – Сені сән әлемі қызықтыра ма? - деп сұрайды ұрылардың бірі журнал ақтарған екінші ұрыдан.
      – Әрине! Қазір қалталарды қай жеріне тігіп жүргендерін білуім керек ғой.
Скрыть текст
03-07
      Әйелі - күйеуіне:
      – Осы бұрын сен мені күніне бір сәт көргеніңе бақытты болушы едің!
      Күйеуі теледидардан көзін алмай:
      – Қымбаттым, сол кезден бері әлі ештеңе де өзгермеді.
Скрыть текст
03-08
      Судья:
      – Мына адамға неге оқ аттыңыз?
      – Оны бұлан деп қалдым.
      – Олай емес екенін қашан түсіндіңіз?
      – Бұлан қарсы атысты бастағанда.
Скрыть текст
03-09
      Күйеуі әйелін ГУМ-де (мемлекеттік әмбебап дүкені) жоғалтып алыпты. Әрі іздейді, бері іздейді, еш қай жерден көрмейді. Бір әдемі қызды көріп қалып, соған барып сұрапты:
      – Өтінемін сізден, менімен сөйлесіңізші!
      Қыз:
      – Не үшін?
      Күйеуі:
      – Сонда менің әйелім өзі ақ бірден табылады!!!
Скрыть текст
03-10
      Бір ағамыз анализге зәрді үш литрлік банкіге құйып алып келіпті. Дәрігер сұрапты:
      – Неге соншама көп?
      Әлгі кісі:
      – Мен сараң емеспін.
      – Дәрігер кетіп қалып, бір сағаттан кейін қайтып келсе, әлгі пациент әлі тұр екен.
      Дәрігер:
      – Сізге не керек?
      – Мен банкімді күтіп тұрмын.
Скрыть текст
03-11
      – Қымбаттым, мен мінсіз әйелге ұқсаймын ба?
      – О не дегенің! Сен одан да үлкенсің!
      – Сонда қаншалықты?
      – 50 килограммға десе болады...
Скрыть текст
03-12
      Бір француздан сұрапты:
      – Сізге қайсысы көбірек ұнайды? Шарап па, әлде әйелдер ме?
      Оған берген жауабы:
      – Бұл олардың шыққан жылына байланысты.
Скрыть текст
03-13
      – Саған бір қыз қоңырау шалып тұр. Дауысына қарағанда – ұзын аяқты шамасы!
Скрыть текст
03-14
      Шындықты жасыру үшін, көп сөйлеу қажет.
Скрыть текст
03-15
      Енесі күйеу баласына:
      – Күнде кешке немереме ертегі айтып бересіз. Олардың бәрі неге бірдей аяқталатынын түсіндіріп бере аласыз ба: "Олар үйленді және бақытты ғұмыр кешті, себебі келін жетім бала болғандықтан ба"?
Скрыть текст
03-16
      Енесі күйеу баласының қырынғанына қарап отырып:
      – Ой, кеше ішкендерің-ай. Еске түсірудің өзі жиіркенішті, - деді.
      Күйеу баласы қырынуын жалғастырып:
      – Не бопты? Басым орнында.
      – Егер басың орнында болса, айнаны емес, бетіңді қырар едің.
Скрыть текст
03-17
      – Майклдың қыздар арасында неге осынша беделді екенін білесің бе?
      – Жоқ.
      – Ол барда әдемі қыздың жанына отырған кезде, оған: "Мен негізінде сонша ұзын емеспін, әшейін әмиянымның үстінде отырмын", - дейді.
Скрыть текст
03-18
      Бір жас келіншектің көзі көгеріп қалған екен.
      Құрбысы одан сұрап жатыр:
      – Кім істеді бұны?
      – Күйеуім.
      – Ол іссапарда жүр екен десем.
      – Мен де солай ойладым!
Скрыть текст
03-19
      Әйелі газет оқып отырған күйеуіне айтыпты:
      – Вася!!! Иә-иә дегеніңді доғаршы. Менің сөйлемей отырғаныма он минут болды ғой!
Скрыть текст
03-20
      – Екі рөмке ғана іше аласың және үйге кешкі оннан кешікпей кел дедім емес пе саған.
      – Солай ма? Онда, бәрін шатастырып алыппын.
Скрыть текст
03-21
      Әскери комиссариат - ғажайыптар әлемі. Сонда түстің, сонда ғайып болдың!
Скрыть текст
03-22
      – Мен алты түрлі тілде сүйіспеншілік хаттарын алып тұрамын.
      – Үлкен іс! Ал мен сегіз түрлі валютамен алимент төлеймін.
Скрыть текст
03-23
      Шотландиялық әйелінен сұрапты:
      – Туған күніңе не сыйлағанымды қалайсың?
      – Патрик, шын айтам, білмеймін.
      – Жақсы, онда ойлануға тағы бір жыл берем.
Скрыть текст
03-24
      – Сәлем! Ал мен сені қайтыс болған шығар десем!
      – Оны қайдан шығардың?
      – Жәй бүгін ертеңгісін Вованды жолықтырғам, ол сен жайлы көп жақсы нәрселерді айтты...
Скрыть текст
03-25
      – Фирманың бар ақшасын алып қашып кеткен бухгалтерімізді түсіне аламын. Бірақ бастықтың әйелін не үшін ертіп кеткен?
      – Ол алдын болжаған екен. Енді бастығының ешқашан өзін іздемейтініне сеніміді бола алады.
Скрыть текст
03-26
      – Сізге тамақтан соң бір сигареттен тартуды ұсынған едім, нәтижесі міне: келбетіңіз жайнап, құлпырып тұр.
      – Әрине, күніне жиырма рет тамақ іше бастадым емес пе?!.
Скрыть текст
03-27
      Екінші балаға аяғы ауыр анасы тұңғыш баласын бұл жайлы білуі керек деп шешеді.
      – Гарри, тыңдашы, - деді анасы бір күні, - сен кімді қалар едің: бауырыңды ма немесе қарындасың ба?
      – Білесің бе, апатай, - деді баласы, - егер де бұл сенің сымбатыңды бұзбаса, онда мен пони қалар едім.
Скрыть текст
03-28
      Қонақта. Дастарқан басында.
      – Сіз маған қанша жыл бересіз? - деп қылымсып сұрапты бір әйел көршісінен.
      – Ерініңіздің түсіне қарап - он жеті. Қасыңыздың иілгеніне қарап - он алты. Бетіңіздің түсіне қарап - жиырма. Бәрін қосқанда - елу үш...
Скрыть текст
03-29
      – Қымбаттым, сенің күйеуіңнің кешке үйге келмеген кезі болды ма?
      – Тек бір рет, үйлену тойынан бір ай өткеннен кейін. Бірақ, ол әлі де қайтып келеді деген үміттемін.
Скрыть текст
03-30
      – Білесің бе менің итім әбден жалқауланып кетті!
      – Оны қалай байқап жүрсің?
      – Бұрын ол серуендегісі келген кезінде өзінің қарғы бауын тістеп алып келетін, ал қазір машинаның кілтін алып келеді...
Скрыть текст
03-31
      – Маған қандай да болсын бір жақсы оятқыш керек еді, -деп айтыпты сатып алушы сатушыға.
      – О, бізде дәл сіздің іздегеніңіз бар, - депті сатушы. - Міне ол! Алдымен ол шылдырлайды. Егер де сіз оянбасаңыз, сиренасы гуілдейді, ал сосын зеңбіректен атқандай оқ атады. Егер сіз тіпті осыдан кейін де оянбасаңыз, ол сіздің үстіңізге суық суды шашады. Тек осының бәрінен кейін, ол сіздің бастығыңызға сіздің ауырып қалғаныңызды ескертеді.
Скрыть текст
03-32
      Жас бухгалтер қыз жұмысқа орналасып жатыр. Директор оған тапсырыпты:
      – Мұқият болыңыз, әр соманы екі рет қайта есептеп отырыңыз.
      Біршама уақыттан кейін ол қыз кіріп, айтады:
      – Мен барлығын он рет қайта есептеп шықтым.
      – Жарайсыз! Ынталы қызметкерлерді жақсы көремін.
      – Міне соның он түрлі қорытындысы.
Скрыть текст
03-33
      Жас бикеш шоссе бойымен машинаны үлкен жылдамдықта жүргізіп келе жатыр. Оның қасында отырған құрбысы айтыпты:
      – Сен бұлайша қатты жүргізбесең болмай ма? Менің көзімнің алдынан барлығы зымырап өтіп жатыр!
      – Ал сен дәл мен сияқты істе.
      – Қалай?
      – Көзіңді жұм.
Скрыть текст
03-34
      Түнде:
      – Анашым, су әкеліп берші!
      – Өзің тұр да, ішіп кел.
      – Ту, әкеп берші!
      – Қыңқылдай берсең - белбеумен соғамын!
      – Әне, белбеуді алуға тұрасың ғой, сонымен бірге суды да ала келесің!
Скрыть текст
03-35
      Күйеуі:
      – Мен таңертең қырынып алсам, өзімді жиырма жасқа жасарғандай болып сезінемін.
      Әйелі (ерке дауыспен):
      – Тыңдашы, қымбаттым. Сен түнге қарай қырынсаң қайтеді, а?
Скрыть текст
03-36
      Дәрігердің қабылдауында:
      – Түсінемісіз, дәрігер, менің күйеуім түсінде тістерін жиі шықырлатады. Бұл қарттықтың белгісі ме?
      – Бұныңыз не! Қарттықтың белгісі деп - ол күйеуіңіз тістерін түнге қарай стақанға салып қойғанды айтады.
Скрыть текст
03-37
      Еврейлік шахматшылар керемет жаңалық ашты: басқа шахматшылар тіпті атымен жоқ екен!
Скрыть текст
03-38
      Кеше масаға ұқсатып істелген сырғаларды сатып алдым… сондай күшті ! Бүгін достарым екі рет құлағымнан соғып жіберді...
Скрыть текст
03-39
      Бір кісі Жапониядан түпнұсқалық көзілдірік алып келіпті. Оны кисең - барлығы жалаңаш жүргендей болады, шешіп тастасаң - киіммен тұрады.
      Үйіне қайтып келіп, көзілдірікті киіп, есікті ашып қараса: әйелі мен көршісі жалаңаш! Көзілдірікті шешсе - тағы жалаңаш! Ағамыз ойлапты: "Сайтан алғыр, көзілдірік бұзылып қалыпты, жапондық дейді-ау тағы!..."
Скрыть текст
03-40
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Кешкі ас қазір дайын болады. Сосын мен балаларды жуындырып ұйқыға жатқызамын, сенің жейдеңнің түймесін тігіп беремін, сосын кино бара берсек болады!
      – Өте жақсы, - депті күйеуі. - Ал сен қашан билетке барып қайтасың?
Скрыть текст
03-41
      Бір ағамыз ішуді қоюды шешеді. Дүкеннің қасынан өтіп бара жатып ойлайды: "Болды, енді кірмеймін" депті. Сосын он метрдей жүріп: "Экспериментті қиындатамыз: кіремін, бірақ ештеңе сатып алмаймын!"
      Дүкенге кіріп, өзінің жақсы көретін "үш жетілігін" көріпті. "Экспериментті қиындатамын: сатып аламын, бірақ ішпеймін!"
      Сатып алды, үйіне алып келді, қарады: "Экспериментті қиындатамын: стақанға құямын, бірақ ішпеймін!"
      Қиындатты. Әрі қарай: "Тағы қиындатамын! Ауызыма толтырып аламын, бірақ жұтып жібермеймін!"
      Ауызына толтырды да...жұтып жіберді: "Міне саған ерік күші! Ішкім келмеді, бірақ ішіп алдым!"
Скрыть текст
03-42
      Бір адам "Менеджер керек" деген хабарламамен бір фирмаға келіп, басшыға өзінің толып жатқан дипломдарын көрсетіпті.
      Оларды қарап шығып, басшы айтады:
      – Бұл жақсы, әрине. Маған тапқыр менеджер керек. Ол өзіне біздің басты үлкен мәселеміз - қаражат жағын алу керек.
      – Менің біліміммен бұл қиындықсыз шешіледі. Ал табыс көзі жайлы не дейсіз?
      – Енді, сіз жаңадан келдіңіз, сондықтан сізге әзірше 10 000 долларды ұсынамын.
      – Иә? Бірақ сіздің осыншама кішкентай фирмаңыз бұндай қаражатты төлейтін қаржыны қайдан алады?
      – Міне, сізге шешуге берілген бірінші сұрақ осы болмақ.
Скрыть текст
03-43
      Үйлену тойынан кейін үш апта өткен соң. Жас келін ағыл-тегіл жылап, анасына қоңырау шалады.
      – Мам, тіпті не істерімді білмеймін! Мына жақта отбасылық жанжал шығып қалды! Масқара!
      – Сабырлы бол, қызым, уайымдама. Кез келген отбасында алғашқы айқай, қақтығыстар болып тұрады.
      – Иә, оны білем. Ал мәйітті не істеймін?
Скрыть текст
03-44
      Жаңа орыс достарына айтуда:
      – Бүгін өзімнің мерсімді алып, профилактикадан өткізу үшін ТҚКС-на айдап кіргіздім. Сосын оны алып кеткеннен кейін, ойладым, егер тағы да ақшаны болмайтын нәрсеге алатын болса, онда олардың барлығын жарып жіберемін!...
      – Сосын не болды?
      – Олардың жолы болды! Бұрылыс белгісінің ішіндегі сұйықтықты ауыстыруға бар болғаны 12 бакс қана алды...
Скрыть текст
03-45
      – Менің әйелім мысықтар мен иттерді жақсы көреді.
      – Саған қызығуға болады екен. Менікі өкінішке орай қаракүзен мен бұлғындарды ұнатады.
Скрыть текст
03-46
      Жаңа орыс Эрмитаждан шығып, өзінің алған әсерлері жайлы бауырларымен бөлісуде:
      – Жұпыны әрине. Бірақ та басқа жағынан тап-таза!
Скрыть текст
03-47
      – Ал, сені құттықтай беруге болады ма ! Сен енді босстың оң қолы болдың!
      – Болуын болдым ғой, бірақ ол солақай болып шықты...
Скрыть текст
03-48
      Күйеуі әйелін сұлулық салонынан күтіп отыр. Әйелі шыққанда ол әйеліне қарап, күрсініп, былай депті:
      – Жарайды, ештеңе етпес...Не болса да сен тырысып көрдің...
Скрыть текст
03-49
      Әдетте үйлену тойларында қалыңдықты ұрлайтын еді, ал менің қайын енемді ұрлап кетті. Бұдан қымбат сыйлық болмаған шығар.
Скрыть текст
03-50
      – Айыпталушы, сіз үйленгенге дейін не істедіңіз?
      – Не істегім келсе, соны істедім, сот мырза...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Алтынгуль Кептербаева, Сахи Шегебаев, Nurdaulet Aspenov, Аяулым Орынгали
Корректор: Мади Толегенов


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 02 Вернуться к началу Выпуск 04  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв