Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 08
08-01
      Жас жұбайлар "Жигули" көлігін сатып алады. Қала көшелерінде келе жатып, бағанаға соғылады.
      – Келдік! – деді күйеуі.
      – Қызық екен, жазық далада бағана болмаса сен көлікті қалай тоқтатар едің, - депті әйелі.
Скрыть текст
08-02
      Бір еркек психиатрға келеді:
      – Дәрігер, менің басым дұрыс жұмыс істемейтін сияқты көрінеді маған...
      – Неліктен олай деп шештіңіз?
      – Білесіз бе, соңғы екі апта ішінде біздің үкімет не істесе де маған орынды сияқты көрінеді.
Скрыть текст
08-03
      Жас жігіт балгер әйелден:
      – Сіз болашақты ғана болжайсыз ба, әлде өткенді де ме?
      – Екеуін де.
      – Олай болса, маған болашақ әйелімнің өткенін ашып беріңізші.
Скрыть текст
08-04
      Күйеуі аң аулаудан оралады.
      – Дайын бол, енді біз бір ай бойы еттi сатып алмаймыз!
      – Қымбаттым, сен бұлан атып алдың ба?
      – Жоқ, жалақымды ішіп қойдым.
Скрыть текст
08-05
      Күйеуі үйіне екпіндей жүгіріп кіреді де, әйелін бас салып, оны сүйе бастайды және әйелі оған ыстық жауап қайтарады.
      – Кәні, - дейді күйеуі, - енді мен саған мұртсыз ұнаймын ба?
      – Ә, бұл сен бе едің...
Скрыть текст
08-06
      Бір еркек сотқа түсіндіруде:
      – Мен айырылысуға мәжбүрмін. Бұрын, мен жұмыстан келгенде итім мені үріп қарсы алатын, ал әйелім шәркейімді алып келетін. Қазір бәрі керісінше.
Скрыть текст
08-07
      Бір еркек ауруханаға түсіпті. Күтуші түскі асты алып келеді: нан үзіндісі, бір тілім қызанақ, жарты жұмыртқа, бір қасық ботқа. Еркек «ағыл-тегіл» асқа қарап, күрсінеді:
      – Сізде пошта маркасы бар ма?
      – Не үшін?
      – Түстен кейін бірдеңе оқығанды ұнатамын.
Скрыть текст
08-08
      Бір еркек екіншісінен сұрайды:
      – Сен балық аулауға барасың ба?
      – Жоқ.
      – Неліктен?
      – Жұлдыз жорамалдан мен бүгін балықтар үшін қолайлы күн деп оқылым.
Скрыть текст
08-09
      Бір еркек баспамен ауырған соң, дәрігерге телефон шалып, сыбырлап сұрайды:
      – Дәрігер үйде ме?
      – Жоқ, - деп жауап береді дәрігердің әйелі де сыбырмен, - тезірек кел...
Скрыть текст
08-10
      Психиатрдың қабылдауында:
      – Дәрігер, маған бірдеңе болған тәрізді! Мені үнемі біреу аңдып жүргендей сезінемін!
      – Сонда қалай, қашаннан бері?
      – Салық төлеуді қойғаннан бері!
Скрыть текст
08-11
      Прокурордың қабылдауына бір әйел келеді де, күйеуін мезгілінен бұрын босатып алуға көмектесуін сұрайды. Прокурор:
      – Ол не үшін отыр?
      – Бар жоғы алаяқтық үшін...
      – Сонда... жөлік екен қой? Неге оны түрмеден алып шыққыңыз келеді?
      – Менің ақшам таусылды.
Скрыть текст
08-12
      Бірде Мәскеуде такси жүргізушісі чукчаға жұмбақ жасырады:
      – Менің шешемнің ұлы кім, бірақ менің ағам емес?
      – Алайда білмедім.
      – Мен өзім.
      Чукча үйіне келіп өз үйіндегілерге осы жұмбақты жасырады:
      – Менің шешемнің ұлы кім, бірақ менің ағам емес?
      – Білмейміз.
      – Мен білемін - мәскеулік такси жүргізушісі.
Скрыть текст
08-13
      Психиатрдың қабылдауында:
      – Сонымен! Яғни, салықтарды қуана төлеймін дейсіз бе? Ол қашан басталды?
Скрыть текст
08-14
      – Түсінбеймін, сен қалай бір күн ішінде осыншама ақымақтық жасап үлгердің?
      – Мен өте ерте тұрамын...
Скрыть текст
08-15
      Өмірден орын табу - қиын мәселе емес. Ол орынды алу - мәселе!
Скрыть текст
08-16
      Сыйлықтар үш түрлі болады: қымбат, онша қымбат емес және кітап.
Скрыть текст
08-17
      Перзентхананың алдына медбике бір әкеге үшемді шығарып, одан сұрапты:
      – Сізді олардың осынша көп болғаны қорқытпайды ма?
      – Негізі, жалпы, жоқ...
      – Жақсы, онда бұларды ұстай тұрыңыз мен қалғандарын алып келейін!
Скрыть текст
08-18
      Төрт баланың әкесін жаман күдік мазалайды:
      – Зина, тыңдашы, меніңше Вася менің балам емес сияқты.
      – Мұндай ой сенің басына қалай ғана келіп жүр? Керісінше Вася нақты сенің балаң!
Скрыть текст
08-19
      Түн. Вагонда кішкентай лампылар сығырайып жанып тұр. Кенеттен жарық сөніп қалады және біреу қатты айғай салады:
      – Азаматтар! Қол сандықтарыңызды байқаңыздар! Ұрланады!! Мен біреуін ұрладым!!
Скрыть текст
08-20
      Бір адам танысына:
      – Білесің бе, кеше мен бір бойжеткенді сүйіп алып едім, ол бірден полицейді шақыра бастады.
      – Менің жағдайым одан да ауыр. Мен бойжеткенді сүйіп үлгермей жатып, ол бірден дін қызметшісін шақырды.
Скрыть текст
08-21
      – Даяшы, сіздің шницеліңіз шіріген пияз жағылған, әбден тозығы жеткен ескі шәркейді еске түсіреді!
      – Таңқаларлық жағдай, өміріңізде сізге не жеуге тура келген.
Скрыть текст
08-22
      – Даяшы, шот!
      – Сіз не жедіңіз?
      – Аспаздан сұраңыз, мен туралған ет тапсырған болатынмын.
Скрыть текст
08-23
      Құрбысы сұрақ қойды:
      – Қызық екен, сендердің үйленген күндерің сенің күйеуіңнің есінде ме екен?
      – Бағыма қарай, жоқ.
      – Неге "бағыңа қарай"?
      – Мен ол туралы жылына бірнеше рет оның есіне саламын, және әр уақытта сыйлық аламын.
Скрыть текст
08-24
      Дәрігер емделушіні қарап шыққаннан кейін:
      – Сіздің денсаулығыңыз жақсы. Тек қана таза ауада көбірек жүріп, қыстыгүні жылырақ киінуге кеңес беремін.
      Үйінде күйеуі одан дәрігердің не айтқанын сұрайды:
      – Жазда теңіз жағалауында дем алуды, қыста – қаракүзенді ішік киюге кеңес берді.
Скрыть текст
08-25
      – Айыпкер, бұл іс туралы не айтып бересіз?
      – Үйге қарай келе жаттым. Маған екі адам жақындап келіп: "Тон мен бөрікті шеш»,- деді. Мен айтқандарын істедім. Біреуінің тонын, екіншісінің бөрігін шештім.
Скрыть текст
08-26
      – Қымбаттым, қарашы, сенің футболкаң "Тайдпен" жуғаннан кейін кіршіксіз ақ болып шықты!
      – Иә...Бірақ ол маған жолақтары бар болған кезде көбірек ұнайтын.
Скрыть текст
08-27
      Аңшы қонақтарға әңгіме айтуда:
      – Ең қауіпті аң - гризли. Бұл аюдан құтылу мүмкін емес. Егер сіз қаша бастасаңыз, ол сіздің артыңыздан одан да қаттырақ қуа жөнеледі. Егер сіз суға секірсеңіз, ол да қарап қалмай соңыңыздан секіреді.
      – Ал тығылып қалсаң ше?
      – Онда... ол да тығылып қалады!
Скрыть текст
08-28
      Ертеңгісін әйелі күйеуіне төсекке кофе әкеліп берді. Біршама уақыт өткеннен кейін жатын бөлмеден қатты айқай естілді. Әйелі ас үйде тұрып сұрапты:
      – Қымбаттым не болып қалды?
      – А-а-а-а!!! Мен күйіп қалдым!!! А-а-а!!! Мен үстіме кофені төгіп алдым! А-а-а!!!
      – Қымбаттым, бұлай айқайлама енді. Сәл шыда. Мен қазір тағы бір кофе демдеп беремін!
Скрыть текст
08-29
      – Неге сіз дәрі-дәрмектерді ішпейсіз?
      – Олар жиіркенішті ғой.
      – Ал сіз дәруменді ішкенде коньяк ішіп жатырмын деп ойлаңыз.
      – Одан да мен коньяк ішіп жатып дәрі ішіп тұрмын деп ойлай салайын.
Скрыть текст
08-30
      Ұшақта стюардесса хабарландыру жасауда:
      – Ұшақ салмағы көтере алу шамасынан асып кетті, бір жолаушының секіруі қажет болып тұр.
      Кенет бір еркектің сыбырлаған дауысы естіліпті:
      – Әрдайым осы енем керек еместе кезде шыға қалады. Ал енді керек болғанда таба алмайсың.
Скрыть текст
08-31
      – Жігітім, сағат алыңызшы! Бұл швейцарлық сағаттың дәл көшірмесі!
      – Аламын! Онда міне сізге ресейлік ақшаның дәл көшірмесі.
Скрыть текст
08-32
      Әрбір ата-ананың жақсы және жаман жағы да бар, дәлірек айтқанда, кез келген қорек көзіндегідей.
Скрыть текст
08-33
      – Неге сен ешқашан демалыс алмайсың? Сенің фирмаң не соншама, сенсіз күн көре алмай ма сонда?
      – Міне сондықтан да мен олар соны түсінбесін деп кеткім келмейді.
Скрыть текст
08-34
      – Cен күйеуіңмен ажырасайын деп жүргенің шын ба?
      – Шын.
      – Бұндай жағдайда мен саған жақсы қорғаушы ұсына аламын.
      – Рақмет, бірақ мен бір жақсы бизнесменді тауып алдым.
Скрыть текст
08-35
      – Сенесің бе, кеше үйге келсем, жейдемде далап іздері қалыпты!
      – Иә-ә... Енді әйеліңнен тыныштық жоқ шығар сірә?
      – Айта тіпті! Күніге айқайлап болмайды: "Осындайды қалаймын! Осындайын алып бер!"
Скрыть текст
08-36
      Екі дос әңгімелесуде. Біреуі мұңайып айтады екен:
      – Бұл өмірде барлығы сондай біршама...
      – Сен нені меңзеп отырсың?
      – Әйелім білмейтін әлгі жүз рубль, ол білетін бір мыңдықтан әлдеқайда қымбатырақ.
Скрыть текст
08-37
      Отадан кейін бір ағамыз палатасында анестезиядан айығып жатыр екен. Қасында әйелі отыр. Ағамыз көзін ашыр, оған қарап айтыпты:
      – О, сен ғажапсың!
      Содан кейін көзін жұмып қайта ұйықтап қалыпты. Бірнеше сағаттан кейін ол тағы да көзін ашып айтыпты:
      – Сен сымбатты екенсің!
      – Неге ғажап емес екенмін?
      – Наркоздың күші әлсіреуде...
Скрыть текст
08-38
      Екі адам өз ауылдарына қайтып келе жатыр екен. Түн. Екеуіде тойып алған. Біреу айтыпты:
      – Қара, Вась, анау сенің үйіңнің терезесінен ұры кіріп бара жатыр!
      Екіншісі:
      – Кірсе кіре берсін... Әйелім оны мас болып келген мен екен деп ойлайды да басынан оқтауменен сабап жібереді, сосын ол тіпті неге кіргенін өзі ұмытып та қалар...
Скрыть текст
08-39
      Зоодүкендегі әңгіме:
      – Ал сізде кішкентай, кішкене ғана акула табылмас па екен?
      – Ол не үшін керек?
      – Мысығымның сазайын берейін деп едім: ол бүгін тағы аквариумдегі барлық балықтарды жеп қойыпты.
Скрыть текст
08-40
      Әйелі терезеге қарап тұрып ойланып айтыпты:
      – Қарашы, қымбаттым, біреудің байы қамқоршыл екен, өзі барып жіптен киімдерді ағытып алып жатыр...
      Күйеуі терезеге келіп дәл солай ойланып тұрын айтқан екен:
      – Өте қамқоршыл, бірақ ағытып жатқан киімдері біздікі ғой...
Скрыть текст
08-41
      Тергеуші уайым-қайғыға батып, қара киініп алған жесірге жан ашырлықпен қарап тұр.
      – Кешіріңіз, сіз маған күйеуіңіздің соңғы сөздерін айта аламысыз? - деп сұрайды.
      – Айта аламын - дейді жесір өксіп. - Ол айтқан: "Мені осы мылтықпен қорыта беруді доғар! Сен онымен тіпті сарайдың қақпасына да тигізе алмайсың!"
Скрыть текст
08-42
      Ауруханада палата кіреберісінде бір қыз егде әйелді жолықтырады:
      – Айтыңызшы, - деп жүгінеді ол әйелге, - бүгін науқас К.-ні көруге болама екен?
      – Әрине, ал сіз оның кімі болып келесіз?
      – Мен оның қарындасы едім.
      – Танысқаныма қуаныштымын, мен оның анасы боламын.
Скрыть текст
08-43
      – Тыңдашы, мен не істесем болады? Маған дәрігер толығымен есіңнен адасасың деді.
      – Солай ма? Сен маған бір-екі мың қарызға бере тұрасың ба?..
Скрыть текст
08-44
      Тым жақсы бір медбике дәрігерге айтыпты:
      – Иван Иванович, науқас Ковальскийді мен тек егер сіз оның екінші қолына да гипс салып берген кезде ғана емдейтін боламын.
Скрыть текст
08-45
      Сатушы:
      – Ал қалай екен? Өткен жолы сіз сатып алған емдік балшық әйеліңіздің сырт келбетін өзгертуге көмектесті ме?
      Сатып алушы:
      – Иә, бірақ тек алғашқы екі күн ғана. Ал сосын ол құрғап түсіп қалды...
Скрыть текст
08-46
      Кеңсе сыртындағы әңгіме:
      – Бастың қызметкерлер санын едәуір қысқартпақшы дейді ғой.
      – Бұның бізге қатысы жоқ. Ол жәй жұбайымен керісіп қалыпты, сосын оның барлық туыстарын жұмыстан қуамын деп қорқытыпты.
Скрыть текст
08-47
      Салық инспекциясындағы әңгіме:
      – Біздің жаңа салықшы инспекторымыз пара ала ма екен а?
      – Оның не?! Адал адам ол! Бұл жұмысқа дейін екі жыл моншаны басқарған, сөйтіп тіпті бір жуынбапты!
Скрыть текст
08-48
      Үй иесі қонақтарға ескертіп:
      – Құдай үшін, тек осы диванға отырмаңыздаршы! Онда қандалалар өріп жүр.
      – Ал сіз неге оны лақтыра салмайсыз?
      – Олай жасап көрдік! Олар оны қайта тасып кейін алып келеді.
Скрыть текст
08-49
      Теміржол өткелінде кептеліс болып қалды. Көліктер сигнал беріп, жүргізушілері алаңдай бастайды.
      Темір жол күркесінен бір ақсақал шығады:
      – Сабыр етіңдер, жігіттер! Пойыз бес сағатқа кешігіп келеді!
Скрыть текст
08-50
      – Дәрігер, маған арықтаудың ең әсерлі тәсілі керек!
      – Еш қиындығы жоқ. Мен сізге көмір жазып беремін.
      – Үгінді күйіндеме әлде таблеткалы ма?
      – Қапшық күйінде. Вагондардан көмір түсіресіз!
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 07 Вернуться к началу Выпуск 09  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв