Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Словарь
Ссылки
Автор сайта
Отзывы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 09
09-01
      – Сіз өте жас көрінесіз! Сіздің ақылыңызға қарағанда...
Скрыть текст
09-02
      – Сіз желөкпе махаббатқа сенесіз бе?
      – Иә, бірақ тек ерлі - зайыптылар арасында.
Скрыть текст
09-03
      Бармен клиентке қарап:
      – Cтақаныңыз бос қой, тағы да бір стақан қалайсыз ба?
      – Маған екі бос стақанның қажеті не?
Скрыть текст
09-04
      Жаңа ғана инфарктен тұрған науқас:
      – Дәрігер, шылым шегуге бола ма?
      – Егер соңғы тілегің болса, онда...
Скрыть текст
09-05
      Бармен көшеде таныс ханымға дауыстап:
      – Ханым, айтып жіберіңізші, сіздің күйеуіңіз біздің сыраханаға келуді доғарған ғой деймін?
      – Ол өткен аптада дүниеден өтті...
      – Аллаға шүкір, әйтпесе біз оны ренжітіп алдық па деп ойлап едім...
Скрыть текст
09-06
      – Театрда тағы да аншлаг. Бұл спектакль көрермендерді немен қызықтырады?
      – Себебі, басты кейіпкер сәнді киімдерін пьеса барысында жиі ауыстырады. Бұл әйелдердің назарын аударады. Ал ол киімін тура сахнада тұрып ауыстырады. Бұл дегенің жігіттердің назарын аударады.
Скрыть текст
09-07
      Дәрігерлер әңгімелесіп:
      – Сіз өзіңіз күніне үш қорап темекі шегесіз, солай бола тұра, өз емделушілеріңізді темекі шекпеуге қалай көндіре аласыз?
      – Білесіз бе, мен әңгімеммен әсер етпеймін, әңгімелесу барысында мен соншалықты қатты жөтелем...
Скрыть текст
09-08
      Дәрігер емделушіні тексеріп, басын шайқайды. Сонан соң оның әйелін тысқары шақырып алып:
      – Сізге айтарым, сіздің күйеуіңіз маған ұнамайды.
      – Дәрігер, ол маған да ұнамайды, бірақ ол мейірімді және балаларына жақсы қарайды.
Скрыть текст
09-09
      Воважан үлкен иттің жанына келіп, оның үлпілдек құйрығын сипай бастады. Анасы үрейленіп айқай салды:
      – Не істеп жатырсың? Ол сені тістеп алады ғой!
      – Жоқ анашым, олар бұл жақтан тістей алмайды.
Скрыть текст
09-10
      Екі жақын таныс әйелдер әңгімелесіп:
      – Егер мені күйеуім ренжітсе, мен оны шешеме кетіп қаламын деп қорқытамын...
      – Ал мен керісінше, анамды қолыма алам деймін.
Скрыть текст
09-11
      – Сіз науқастан тез айығу үшін: күнде кешкілікте ванна қабылдап және бір кішкене стақан коньяк ішіп отыруыңыз керек - деді дәрігер.
      Науқас бірнеше күн өткен соң дәрігерге:
      – Коньякпен бәрі жақсы, ал ванна толы суды бірден ішу қиынға соғуда.
Скрыть текст
09-12
      Екі мылқау кездеседі. Бірі екіншісінен саусақтарымен сұрайды:
      – Қалың қалай?
      Екіншісі қолын да көтермей жауап бермейді.
      – Сен неге үндемейсің?
      Екіншісі қолын әрең көтеріп, түсіндіре бастайды:
      – Кеше түнімен ән салып, саусақтарым қимылдамай қалды...
Скрыть текст
09-13
      Дәрігер емделушіні көп тексеріп қарайды:
      – Сізге не болғанын түк түсінсем бұйырмасын? Мүмкін, бұл ішімдіктен болар...
      – Мақұл, дәрігер, сіз айыққан соң келермін.
Скрыть текст
09-14
      – Дәрігер, сәбіз жегендердің көру қабылеті жақсы болатыны рас па?
      – Әрине! Сіз тым болмаса көз әйнек киген бір қоянды көрдіңіз бе?
Скрыть текст
09-15
      Дәрігер актер әйелді тексеріп:
      – Сіздің басыңыз қатты ауырады, асқазаныңыз дұрыс істемейді, артериялық қысымыңыз жоғары... - деді. - Кешіріңіз сіздің жасыңыз нешеде?
      Емделуші:
      – Жиырма бесте.
      Дәрігер:
      – Есте сақтау қабылетіңіз шамалы төмендеген.
Скрыть текст
09-16
      Екі көрші баспалдақ алаңында кездеседі.
      – Коля қалың қалай?
      – Өй, айтарлықтай емес: үнемі бүйірім шаншиды.
      – Кәне, қай жерің көрсетші?
      – Міне.
      – Бұл бауыр.
      – Сен не дәрігер ме едің?
      – Жоқ, милиционер...
Скрыть текст
09-17
      Генерал бөлімшеге келген журналистер алдында сөйлеп тұр.
      – Міне, сіздер кәдімгі қызметкерсіздер, барлығыңыз көп оқыған, зиялы қауымсыздар, білімді, біліктілерсіздер - дейді. - Сіздерден сұрауыма рұқсат етіңіздер, неге сіздер саппен жүруді білмейсіздер?
Скрыть текст
09-18
      Екі дос Одессаға қонаққа жол тартады. Шақырған үйге келгенде бірі есікті аяғымен теуіп қаға бастайды.
      – Неге аяғыңмен қағып тұрсың? - деп, екіншісі сұрайды.
      – Үй иелері біздің қолымыз сыйлықтан босай алмай тұр деп ойласын, әйтпесе есік ашпайды.
Скрыть текст
09-19
      Оқушы қыз анасына шағымданып:
      – Мына безер Вовадан қалай құтылар екенмін?
      – Қызым, ол сені сонша несімен жалықтырды? Мектептен үйге портфеліңді көтеріп келеді.
      – Иә, жалықтырды: менде осындай портфельдердің екі жүзі жиналып қалды!
Скрыть текст
09-20
      Сән институтының директоры, өзінің бет әлпетін жөндегісі келген егде тартқан актриса әйелге түсіндіріп жатып:
      – Егер біздің жұмысымыз сізді қанағаттандырмаса, біз сізге бәрін толығымен қайтаруға кепілдік береміз....
      – Менің ақшамды ма?
      – Жоқ, сіздің әжімдеріңізді.
Скрыть текст
09-21
      – Дәрігер, алтыншы палатадағы сылтаушыл есіңізде ме?
      – Иә?
      – Қайтыс болды!
Скрыть текст
09-22
      – Қызым, сен бұл жігітпен жүресің бе? Оның мүлдем ақшасы жоқ қой.
      – Анашым, неге олай дейсің? Мен оған кеше жүздік бергенмін.
Скрыть текст
09-23
      – Ата, сіздің ауылда СПИД (ЖИТС - жұқтырылған иммун синдромы) бар ма? Сөздің байыбына жете түсінбеген атасы ойланып: "Жоқ десем, тұңғиықта жатқандар, деп ойлар. Егер бар десем сұрап есімді алар."
      – Иә, бар, бірақ айтарлықтай көп емес, өзіме жетерліктей ғана.
Скрыть текст
09-24
      – Дәрігер, - деді жас жігіт - мен сіздің қызыңызға үйленуіме келісіміңізді беруіңізді сұраймын.
      – Ол туралы армандамай - ақ қойыңыз, бет әлпетіңізге қарағанда бүйрегіңіз ауырады екен...
      Жас жігіт ренжіп, есікке қарай бет алады.
      – Тұра тұрыңыз! - деп, тоқтатты дәрігер. - Сізден кеңесім үшін жүз теңге.
Скрыть текст
09-25
      Таразыға тұрып, қуана дауыстаған әйелі күйеуіне:
      – Қымбаттым, сенесің бе, мен екі келіге арықтаппын!
      – Сен боянып болған соң өлшеніп көрсеңші.
Скрыть текст
09-26
      – Саған қызығамын! - депті досы екіншісіне.
      – Екі қызыңды да ұзатып алдың енді.
      – Иә...ал бірақ әйелімді, әйелімді әлі біржақты қыла алмадым!
Скрыть текст
09-27
      Әйелі:
      – Маған бүгін метрода 3 ер адам орын берді ғой...
      Күйеуі:
      – Енді, сыйдың ба, әйтеуір?
Скрыть текст
09-28
      Әйелі газеттен Шығыста әйелдерді гаремдерге сататынын оқып алып, күйеуінен сұрапты:
      – Қымбаттым, ал сені сататын ба едің?
      – О не дегенің! Мен сені сыйлай салатын едім!
Скрыть текст
09-29
      Әйелі - күйеуіне:
      – Сен білесің бе, жуырда сен әке атанасың!
      Күйеуі орындаққа жәймен отырып:
      – Демек, ол саған бәрібір айтып берген екен ғой...
Скрыть текст
09-30
      – Жігітім, неге сіз долларды негізгі бағасынан екі есе көбейтіп сатасыз?
      – Енді қалай қыл дейсіз? Қол жұмысы, тағы оған қоса түнгі уақытта...
Скрыть текст
09-31
      Телефон шырылдап жатыр. Үй иесі тұтқаны алып:
      – Алло!
      – Айтыңызшы...мен сізбен телефонмен сөйлесіп тұрмын ба? - деп сұрады ер адамның дауысы тілі күрмеленіп.
      – Жоқ, теледидармен!
      – Құдайым-ау! Тікелей эфир де, ал мен дамбалмен тұрмын ғой.
Скрыть текст
09-32
      Анасы қызын жұмсауда:
      – Қызым, қасапшыға барып онда шошқаның аяқтары бар ма екен, қарап қайтшы.
      Бір сағаттан кейін қызы қайтып келіп айтыпты:
      – Кешірші, анашым, мен күттім-күттім, ал ол болса сол қалпы бәтеңкесін (етігін) шешпеді.
Скрыть текст
09-33
      – Кешіріңіз, сіз менің орнымды алып алдыңыз.
      – Сіздің орныңыз? Сіз бұны дәлелдей аласыз ба?
      – Иә. Мен онда балмұздағымды қалдырып кеткенмін.
Скрыть текст
09-34
      – Оңтүстіктің қайда екенін қалай білсе болады?
      – Ә, ағашты тауып қарау керек. Егер ағаш пальма болса, оңтүстіктесің деген сөз.
Скрыть текст
09-35
      Инвестор өзінің инвестициялық кеңесшісінен сұрауда:
      – Шынымен де менің барлық ақшам жоғалып кетті ме? Бір тиыны да қалмай жоғалды ма?
      – Неге жоғалды?! Жәй ғана олар енді басқа біреуге тиесілі болды.
Скрыть текст
09-36
      – Мадам Дюпон, неге сіз екенші рет күйеуге шықпадыңыз?
      – Менің ырылдайтын итім бар. Сөзімді қайталайтын тотықұсым бар. Түтіндейтін алауошағым бар. Және соңына түні бойы қыдыратын мысығым бар. Сіз маған осының бәрін аз деп санайсыз ба?
Скрыть текст
09-37
      – Сізге қандай әйелдер ұнайды?
      – Маған көңілдісі, көңілділердің мейірімдісі, мейірімділердің әдемідісi ұнайды.
Скрыть текст
09-38
      Тексеруші иті бір жолаушыдан сұрапты:
      – Сіз итіңізге төледіңіз бе?
      – Жоқ, маған оны сыйға берген.
Скрыть текст
09-39
      Сүйгені тастап кеткен қолтырауын, өмірден өшін алғысы келді. Ол телефонға келіп нөмірді теріп тұтқаға айтыпты:
      – Алло! Бұл былғары әмияндар жасайтын фабрика ма?
Скрыть текст
09-40
      Анасы ұлына ұрысып жатыр:
      – Қара, сенің қолдарын сондай лас! Жиіркенішті! Дереу оны жалап таста! Тез!
Скрыть текст
09-41
      Тақырбас ер кісі шаштаразға келіпті:
      – Мен сізге қалай көмектесе аламын? - деп сұрапты шаштаразшы.
      – Егер менің шашымды дәл өзіңіздікіндей қылып бере отырып маған ешқандай ыңғайсыздық келтірмесеңіз мен сізге жүз доллар төлеймін.
      – Әңгімесі жоқ, айтсаңыз болды, - деп айтты да шаштаразшы тез ғана өзінің басынан шашты тақырлап алып тастады.
Скрыть текст
09-42
      Күйеуі мен әйелі серуендеп келе жатырған. Кенет әйелі жаңа көйлегін киіп оларға қарсы келе жатырған құрбысын көріп қалып.
      – Сүйіктім, - дейді ол күйеуіне, - әне Марина келе жатыр. Ол бізбен қатарласқан кезде сәл кідіріп оған көйлегің керемет екен деп айтшы.
      – Неге? Сен оған жағымды шырай танытқың келе ме?
      – Керісінше! Мен кеше оған сенің талғамың өте нашар деп сендірумен болдым!
Скрыть текст
09-43
      Жас жұбайлар үйленуден кейінгі саяхатта жүріп аналарына жеделхат жолдапты: "Бізде бәрі керемет. Мэри ғажап. Мен бақыттымын". Жеделхатты оқып шығып, шешей иығын тартып пысқырып жіберді:
      – Ал керек болса! Ол күйеуіне өтірік айтуды үйретіп үлгеріпті ғой!
Скрыть текст
09-44
      Жас суретші кенет натурашы қызды сүйіп алды. Қорланған кейіп көрсеткен әлгі қыз оған айтыпты:
      – Сен өзіңнің барлық натурашыларыңды сүйемісің?
      – Жоқ. Сен алғашқысың.
      – Ал сенде олар нешеу болды өзі?
      – Барлығы төртеу: майшабақ, жуашық, тәрелке және сен...
Скрыть текст
09-45
      Мент мас жүргізуші айдап келе жатқан көлікті тоқтатты. Ер адам көлігінен шыға салып қайғырып:
      – Бітті енді, ұсталдым.
      Мент айтады екен:
      – Ұсталмағаныңа бір мыңға бәстесейік!
Скрыть текст
09-46
      Күйеуі мен әйелі серуендеп жүріпті. Кенет күйеуі әйелінің бүйірінен түртіп жіберіп айтыпты:
      – Түріңді бақытты болып жүргендей көрсетші!
      – Не үшін?
      – Анау жерде менің бірінші әйелім келе жатыр!
Скрыть текст
09-47
      Медбике науқасқа кеңес айтуда:
      – Егер дәрігерге алғыс айтқыңыз келсе оны Ота жасағанға дейін айтыңыз, әйтпесе сосын кеш болуы мүмкін.
Скрыть текст
09-48
      – Мені сіздің итіңіз тістеп алды! Мен моральдық залал үшін өтемақы талап етемін!
      – Құдай үшін! Мен қазір оны ұстай тұрайын, ал сіз тістеп алыңыз!
Скрыть текст
09-49
      Менің ешқашан да әйелдеріммен жолым болмады. Біріншісі мені қуып шықты, екіншісі менен кетіп қалды, ал үшіншісі әлі күнге дейін менімен бірге.
Скрыть текст
09-50
      – Менің әйелім рулге отырса найзағай секілді!
      – Не сонша қатты айдай ма не?
      – Жоқ, дәл ағаштарға барып тиеді.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров



©  Татьяна Валяева   2007–2017
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 08 Вернуться к началу Сказки  >>