Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 10
10-01
      – Күйеуі үйіне екі шаңсорғыш алып келеді.
      – Сен неге бәрін екеуден сатып аласың? – қамданып деп сұрайды жас әйелі.
      – Ажырасатындай жағдай туындаса.
Скрыть текст
10-02
      Вовочка биология пәнінде ойнақтап, сабақты тыңдамайды. Мұғалима:
      – Вовочка, маған мұқият қара, әйтпесе маймыл туралы түсінігің мүлде болмайды, - дейді.
Скрыть текст
10-03
      Бір еркек барда отыр және біртіндеп масайғанша ішіп отыр.
      – Достым, бір сағат бойы сені бақылаудамын. Сенде үлкен уайым бар ма? Мен саған көмектесе аламын ба? – үстелдес көршісі қамыға сұрайды.
      – Маған ешкім көмектесе алмайды. Кеше мен ең жақын адамымды жоғалттым.
      – Біреу қайтыс болды ма?
      – Одан бетер. Әйелім менің ең жақын досыммен қашып кетті, мен енді қалай досымсыз өмір сүремін?!
Скрыть текст
10-04
      Бір еркек ұйқысыздықтан зардап шегіп жүреді. Бірде, кезекті ұйқысыз түнде оған жын келеді де былай дейді:
      – Сен маған ұнадың. Қалағаныңды сұра, бәрін тегін орындаймын.
      Еркек ойланып жауап береді:
      – Сұмдық ұйқым келіп тұр!
      – Жақсы, - дейді жын, - сұмдық ұйықтайсың!..
      Еркек түні бойы жаман түс көреді...
Скрыть текст
10-05
      Бір еркек екінші рет үйленеді. Тойдан кейін ол әйеліне былай дейді:
      – Қымбаттым, енді мен саған өзімнің ең үлкен кемшілігім туралы айтуым керек: өкінішке орай, мен жиі себепсіз қызғанамын.
      – Уайымдама, қымбаттым, мені саған себепсіз қызғану қажет болмайды.
Скрыть текст
10-06
      Бір пақыр есіктің қоңырауын басады. Оған үй иесі әйел ашады және садақа беруден бас тартады. Пақыр айтқанынан қайтпайды, ал әйел болса күйеуін шақырам деп қорқытады.
      – Құр бекер, миссис, - дейді пақыр, - ол үйде жоқ.
      – Қайдан білесің?
      – Сіз сияқты әйелдердің күйеулері үйге тек түскі асқа ішу үшін келеді, немесе одан да сирек.
Скрыть текст
10-07
      Суреттер көрмесінде бір келуші екіншісінен сұрайды:
      – Қалай ойлайсың, мына суретте күннің шығуы бейнеленген бе, әлде батқаны ма?
      – Әрине, батқаны. Мен суретшіні танимын. Ол түс ауғанша ұйықтайды.
Скрыть текст
10-08
      Бір француз журналы үздік әңгімеге байқау жариялайды. Тақырыбы: "Сенің таңың". Басты шарты – әңгіме қысқа болуы қажет.
      Бірінші орынды мына шығарманың авторы алды: "Мен таңертең ерте тұрамын, таңғы ас ішемін және үйге барамын".
Скрыть текст
10-09
      Қараушы сотталушыға қарап:
      – Сіздің әйеліңіз кездесуге келді.
      – Қалай? Бұл да үкімге жата ма?
Скрыть текст
10-10
      – Біздің оқытушымыз өзімен өзі сөйлеседі. Ал сендердікі ше?
      – Ол да, бірақ оны өзі сезбейді. Ол біз оны тыңдап отыр деп ойлайды.
Скрыть текст
10-11
      – Енді мектепке бармаймын! – дейді ата-анасына бір күн оқуға барғаннан кейін балдырған. – Мен жазу да, оқи да білмеймін, ал сөйлеуге маған рұқсат етпейді...
Скрыть текст
10-12
      – Сыраханаға барайық, жарты саптыаяқ сыра ішейік...
      – Неге жарты саптыаяқ?
      – Себебі біздің сыраханада саптыаяққа одан артық сыймайды...
Скрыть текст
10-13
      Жаңа орыс өз күнделігінде: "Бүгін таңертең пейджерді оқыдым. Көп ойландым..."
Скрыть текст
10-14
      – Даяшы, өткен жексенбіде сіздерде жаңа сыра болған еді!
      – Сеніңіз, бұл сол сыра.
Скрыть текст
10-15
      Фермер мал дәрігерінен кеңес сұрапты.
      – Жылқым бар еді. Кейде жүрісі жақсы, кейде ақсаңдап қалады. Қандай кеңес бересіз?
      – Келесі рет жақсы жүріп тұрған кезінде сатып жіберіңіз.
Скрыть текст
10-16
      Шаштараз, клиентті екі рет жарақаттап алады, жағдайды жұмсарту үшін онымен сөйлесе бастайды:
      – Сіз бұрын бізде болып па едіңіз?
      – Жоқ. Қолымнан соғыста айрылғанмын...
Скрыть текст
10-17
      – Даяшы, менің сорпама шыбын түсіп кетіпті! Ауыстырыңыз!
      – Өкінішке орай, сэр, басқа шыбындар жоқ.
Скрыть текст
10-18
      Жұмыстан қайтар алдында дәрігер палатаға кіреді:
      – Кездескенше, ертеңге дейін. Ал сіз, Иванов, қош болыңыз.
Скрыть текст
10-19
      Әкесі Воваға:
      – Кеше мен даладан екі мың теңге тауып алдым және оны милицияға апарып бердім. Менің орнымда сен не істер едің? –деді.
      – Мен де өтірік айтар едім.
Скрыть текст
10-20
      Бір жігіт қызымен кездескенде (көңілсіз):
      – Тыңдашы, біздің қарым-қатынасымызда бір мәселе туындады.
      – Қандай? (таңқалып, елегізіп, үреймен)
      (Үзіліс)
      – Мен сенің есіміңді ұмытып қалдым.
Скрыть текст
10-21
      Емделуші психиатрға өзінде бір кемістік барын сезінетінін айтып шағымданады. Тәптіштеп сұрақ қойғаннан кейін психиатр былай дейді:
      – Алаңдамаңыз әкей, сізде ешқандай кемістік сезімі жоқ. Сіз шынында кемсіз.
Скрыть текст
10-22
      Егде әйел хайуанаттар дүкенінің сатушысына шағымданады:
      – Кеше мен сендерден тотықұс сатып алған болатынмын және оған өте көңілім толған жоқ. Оның сөзбайлығы өрескел.
      – Иә, - дейді сатушы, - ол шамалы ұрысқақ. Есесіне ішпейді және темекі шекпейді.
Скрыть текст
10-23
      Трамвайдың ішінде кондуктор мен бір пақыр кездесіпті. Кондуктор пақырға садақа береді. Ал пақыр билет сатып алады.
Скрыть текст
10-24
      – Ханым, неге ажырасқыңыз келеді?
      – Менің күйеуіммен жанжалдасатын ешқандай себебім қалған жоқ.
Скрыть текст
10-25
      – Гүл сатып алыңыздар! Жігітім, әйеліңізге гүл сатып алыңыз!
      – Мен бойдақпын!
      – Онда сүйіктіңізге сатып алыңыз!
      – Менің сүйіктім де жоқ!
      – Онда бейғам өміріңіз үшін сатып алыңыз!
Скрыть текст
10-26
      Психиатрға бір ер кісі келіп айтыпты:
      – Дәрігер! Мені өзімді ұлы көріп артық санайтын сезімнен айықтырғаныңыз үшін сізге рахмет! Сіздің еміңіздің арқасында мен ендігі шексіз де таңғажайып тіпті феноменді қарапайым деп айтса да болатын адамға айналдым!
Скрыть текст
10-27
      Көз көруін тексеруде әскерге шақырылушы тек ең үстінгі қатардағы әріптерді ғана оқи алды. Оның таңданысына қарай дәрігер мынадай шешім шығарды:
      – Жақын аралықтағы ұрысқа жарамды!
Скрыть текст
10-28
      Бір кесек ірімшік ұстаған сатып алушы дүкенге келіп айтыпты:
      – Сіз маған швейцариялық ірімшіктің орнына голланд ірімшігін беріп жіберіпсіз.
      – Сіз не, онымен сөйлесіп көрдіңіз бе?
Скрыть текст
10-29
      Дерматологтың досы одан неге осы мамандықты таңдағанын сұрапты.
      – Ә, үш себепке бола! Біріншіден, менің емделушілерім мені ешқашан да түнгі мезгілде оятпайды. Екіншіден, олар өздерінің дертінен өліп кетпейді. Және үшіншіден, олар сол дерттен ешқашан да жазылып кетпейді.
Скрыть текст
10-30
      Бағдарламашы үйіне таң ата келіпті. Әйелі айбарлы күйде сұрапты:
      – Қайда жүрсің?
      – Өй сол көңілдес әйелдің қасында: шарап-марап, өлең, анау-мынау ғо...
      – Оттама, тағы сол түні бойы таң атқанша ғаламторда отырған шығарсың!
Скрыть текст
10-31
      – Профессор, менің ұлыма скрипкада ойнауды үйретіңізші.
      – Ол музыканы ести біледі ме?
      – Білесіз бе, мен оны шақырғанда, әдеттегідей, жауап қатады.
Скрыть текст
10-32
      Хатшы қыз бастығының кабинетіне бір жігітті алып кіріп:
      – Иван Васильевич, мен сіздің кәрі, семіз және сырқат екеніңізге көзін жеткізу үшін сізге өзімнің күйеуімді алып келдім.
Скрыть текст
10-33
      – Профессор сізді өз әйелін ұрады деген шын ба?
      – Жалған. Мен профессор емеспін.
Скрыть текст
10-34
      Генетик ғалымдар буданның жаңа түрін шығарды: алтын балық пен акула. Үш қалауыңды орындайды. Соңғы...
Скрыть текст
10-35
      – Рабинович, біздің қаламызда сізді қоспағанда қанша күшік күйеу бар екенін білемісіз?
      – Не? Сіз "мені қоспағанда деп" нені меңзеп тұрсыз?
      – Кешіріңіз. Онда айтыңызшы, сізді қосқанда бізде қанша күшік күйеу бар?
Скрыть текст
10-36
      Мұғалім "Егер мен фирманың директоры болсам..." атты тақырыпқа шығарма жазуды тапсырды. Барлығы ынталанып жазып жатыр, тек Вовочка ғана терезеге қарап отыр.
      – Ал сен неге жазбай отырсың?
      – Хатшымды күтіп отырмын.
Скрыть текст
10-37
      Иван Сидорович өзінің әйелін ауызын ашып алып тыңдайды екен, құлақ жарғағына қысым сырты мен ішінде бірдей болу үшін.
Скрыть текст
10-38
      – Бүгін таңертең сенімен бірге болған қисық аяқты қыз кім?
      – Бұл әлгі сен кеше кешкісін менімен таныстырған түзу аяқты қыз ғой!
Скрыть текст
10-39
      – Айтшы, Смоленскке жүретін пойыз жүріп кетті ме?
      – Тап осы жаңа ғана...
      – Қай жаққа кетті?
Скрыть текст
10-40
      – Сенің әйелің дүкенге ұзаққа кіріп кетті ме?
      – Білмеймін, бірақ әдетте оның дүкен ішінде қозғалу жылдамдығы сағатына 200 доллар болатын.
Скрыть текст
10-41
      Қаздар оңтүстікке жиналып жатыр. Бір қараса оларға қарға қосылыпты.
      – Қарға-ау, қайда жиналдың?
      – Не ғой... әрине мен жыл құсы емеспін көшетін, бірақ сондай ақымақпын!
Скрыть текст
10-42
      Сот - сотталушыға:
      – Мен сізді 15 жылға бас бостандығыңыздан айырамын...
      – Анау, камерада теледидар бола ма?
      – Теледидар қарау жазаның міндетті түрде орындалу керек бөлігі болып табылады.
Скрыть текст
10-43
      Студент физикадан емтихан тапсыруда. Қиналып тапсыруда. Профессор оған көтермелеп қолдау үшін сұрапты:
      – Енді маған ең болмағанда судың қандай температурада қайнайтынын айтшы?
      Студент:
      – Профессор, судың қандай температурада қайнайтынын мен білмеймін, бірақ 40 градуста ол араққа айналады.
Скрыть текст
10-44
      Жергілікті жабайы адамдар студентті ұстап алып оны істікке байлап қуыруды бастады. Көсемі айтыпты:
      – Мен қазір бір жаққа барып келемін, ал сендер оны баяу айналдырыңдар.
      Ол бір сағаттан кейін қайтып келсе адамдары әлгі бар күштерін салып тез айналдырып жатып екен. Көсемі сұрапты:
      – Не болып қалды? Мен деген жаймен айналдырыңдар демеп пе едім.
      Адамдары айтыпты:
      – Көсем, біз оны жаймен айналдыра бастасақ болды ол картопты опыра бастайды.
Скрыть текст
10-45
      – Сен несіне күліп тұрсың? Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын!
      – Сен онсыз да көре алмайсың. Сен менің тосап жаққан нанымның үстінде.
Скрыть текст
10-46
      – Мен өз балама бастығымның атын бергенімді білгенде ол менің айлығымды көбейтті.
      – Ә маған да солай көбейткен, бірақ онда мен өз ұлыма оның ата тегін бермегенім үшін еді.
Скрыть текст
10-47
      Мұғалім апай Вовочканың әкесіне шағымдануда:
      – Сіздің балаңыз партаға шыбынның суретін салып кетіпті, мен оны өлтіремін деп қолымды сындырып алдым.
      – Бұл түк емес! Ол ваннаға қолтырауынның суретін салып қойыпты, сөйтіп мен салынған сурет есіктен атып шықтым!
Скрыть текст
10-48
      Ханым үй иесі өзінің пәтерін жалдап тұрып жатқан қыздан сұрапты:
      – Кейінгі кездері сіздің ағаңыз келуді қойған сияқты ғой. Сіздер не керісіп қалдыңыздар ма?
      – Ол оңбаған өзіне екінші қарындас тауып алыпты.
Скрыть текст
10-49
      – Плюрализм деген не?
      – Бұл өз пікірің бар болса да сен басқа біреудің бұйрығын орындайтын кезің.
Скрыть текст
10-50
      – Мен кеше әйеліммен кинода болғам, сосын кенет менің жаныма әдеміше келген бір қыз отырды...
      – Сенің жолың болыпты, бәрі керісінше болуы мүмкін еді ғой.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Максат Маликов, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 09 Вернуться к началу Выпуск 11  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв