Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 11
11-01
      Күйеуі әйеліне:
      – Қызымызды тұрмысқа шығаруға асықпайық, қашан лайықты жігіт таппайынша.
      – Несіне күтеміз? Мен саған тұрмысқа шыққанда, лайықтыны іздегенім жоқ қой.
Скрыть текст
11-02
      Күйеуі әйелімен қоштасып:
      – Қымбаттым, мен жұмыс бабымен кеткенде, өзім жайлы қалай хабар беріп тұрсам? Телефонмен бе, телеграфпен бе әлде факспен бе?
      – Ақша аудару арқылы хабарласқаның ең тиімдісі.
Скрыть текст
11-03
      Күйеуі таң алдында аянышты мас күйінде үйіне оралады. Әйелі оны есік алдында күтіп алып:
      – Мына күйіңде маған қарауға қалай дәтің барады?!
      – Бәріне көндігуге тура келеді...
Скрыть текст
11-04
      Ері жуынатын бөлмеде қырынып, бұрқылдап жүр:
      – Жаңа ұстара сатып алып едім, мүлдем қырмайды!
      Ас бөлмесінен жұбайы:
      – Қызық екен, ол линолеумді жап- жақсы кескен еді!...депті
Скрыть текст
11-05
      Париж. Мейрамxана. Ер азамат сұлу қыздың назарын өзіңе аудармақшы:
      – Ханым, мен сізді сүйем, маған телефон номеріңізді беріңізші!
      – Ол телефон анықтамалығында бар,- дейді ол.
      – Бірақ, xаным, мен сіздің тегіңізді білмеймін ғой,-дейді ер азамат.
      – Ол да анықтамалықта бар,- дейді сұлу қыз.
Скрыть текст
11-06
      Екі психиатр әңгімелесіп тұр. Бірі екіншісіне:
      – Мен Роршах тестісін пайдаланамын. Қағаз бетін сия ноқаттарымен айғыздап, аурудан бұл неге ұқсас деп сұраймын. Қанішер қанды көреді, жеңсікқұмар маньяк - әйелді, есалаң - құбыжықты... Қазір маған емделуші - жаңа орыс кіреді, соған қолданып көрейік.
      Дәрігер қағаз бетін ноқаттармен айғыздап, жаңа орысқа көрсетті. Ол қағазға көзінің қиығымен қарап:
      – Жоқ дәрігер, мен соншалықты төлей алмаймын!
Скрыть текст
11-07
      Күйеуі мен әйелі көліктерін жөндеу шеберханасына итеріп келе жатады. Күйеуі әйеліне:
      – Бізге көлігін сатқан тұрпайы, бір жағынан дұрыс жасаған.
      – Атап айтқанда?
      – Бұл тәшкеге мүлдем бензин шығындалмайды.
Скрыть текст
11-08
      Кішкентай баланың туған күніне анасы әдемі ойыншық сыйлайды.
      – Иә, не деу керек? - дейді анасы. - Әкең үйге жалақысын әкелгенде, мен не деуші едім, соны айта ғой.
      – Барлығы осы-ақ па?
Скрыть текст
11-09
      Жұбайына таңнан күйеуі айқайлап жатыр:
      – Валя, мен галстугімді таппай қойдым! Сен шкафтың орнын тағы да ауыстырып қойдың ба?...
Скрыть текст
11-10
      – Даяршы, сіз соңғы рет қай уақытта мына дастархандарды жудыңыз?
      – Сэр, білмеймін, мен мұнда жұмыс істегеніме екі ай ғана болды.
Скрыть текст
11-11
      Ер адам алтын балық ұстап алды:
      – Кішігірім зауыт, үй және көлік қалаймын.
      Балық:
      – Жақсы, онда таңда - несиеге ме, әлде лизингке ме?
      Ер адам:
      – Жақсы, таңда – өсімдік майы ма, әлде сары май ма?
Скрыть текст
11-12
      – Қалай, бірнәрсе іліге ме? Әлде жоқ па?
      – Иә , - деп, балықшы көңілсіз жауап берді. - Таяуда біреуі ілігіп еді, оны қайта суға тастадым.
      – Неге? Өте кішкентай болды ма?
      – Шамамен алғанда бойы сіздікімен бірдей. Ол да сіз құсап: іліге ме әлде жоқ па...
Скрыть текст
11-13
      Мал дәрігерлік институтының емтиханында. Емтихан қабылдаушы:
      – Егер жылқы бұғанасын сындырып алса, сіздің алғашқы көмегіңіз?
      Студент:
      – Жгут салып, кетіп жатқан қанды тоқтатамын...
      – Жоқ, дұрыс емес! Біріншіден сіз мұражайға қоңырау шаласыз да , өзіңіздің әлем бойынша жалғыз бұғаналы жылқыны тапқандығыңыз туралы хабарлайсыз!
Скрыть текст
11-14
      Үш жігіт әңгімелесіп тұр.
      Біріншісі:
      – Өмір ұрықтанған кезде басталады.
      Екіншісі:
      – Жоқ, туған кезде.
      Үшіншісі:
      – Меніңше, әйелің балаларды алып, қала сыртындағы саяжайға кеткенде.
Скрыть текст
11-15
      – Бүгін күйеуімді хайуанаттар бағына апардым.
      – Қалай екен?
      – Алмады...
      – Сен оны тағы да, маймылдарға апармақ болдың ба?
      – Жоқ, енді бұғыларға...
Скрыть текст
11-16
      Бір дос екіншісіне:
      – Мен қашан келсем, сен түскі ас дайындап, ыдыс жуып жатасың. Бұл не әуесқойлық па?
      – Қайдағы әуесқойлық! Бұл әдеттегіше өзін - өзі сақтау.
Скрыть текст
11-17
      Үн қағаздағы хабарландыру:
      "Арзан бағамен балық аулайтын жабдықтарды, балықшының киімін, шатыр мен моторлы қайық сатамын. Байланыс нөмірі - 88 - 77 - 66. Егер, қоңырауды ер адам көтерсе, нөмірден қателесіппін дерсіз..."
Скрыть текст
11-18
      Аңдарды үйретуші қызығып, екіншісінен:
      – Сен өмір бойы тышқандарды жаттықтырып, енді пілдерді жаттықтыруға ауысыпсың ғой?
      – Не істейін достым, егде тартып барамыз ғой. Көзім де онша көрмейді...
Скрыть текст
11-19
      Бір дос екіншісінен:
      – Вася, егер бәрін кешіре алатын, жақсы ас дайындай білетін, мейірімді бола білетін әйел кездессе не айтар едің?
      – Амансың ба, ана...
Скрыть текст
11-20
      Әкесі ас бөлмеде ыдыс аяқ жуып жатыр, ал әйелі теледидар көріп отыр. Ұлы әкесінен:
      – Әке, екі әйел алушы деген кім?
      – Ол менен екі есе артық ыдыс жуатын адам...
Скрыть текст
11-21
      Бір құрбы екіншісіне:
      – Ақмақтарды жұмыс жақсы көреді, дейді!
      – Бәрі өтірік! Менікі үш жыл болды жұмыс таба алмай жүргеніне...
Скрыть текст
11-22
      Олар ұзақ және бақытты өмір сүрді. Үйленерден бұрын...
Скрыть текст
11-23
      Өзенмен қайық жүзіп келеді. Онда чукча мен оның әйелі отыр. Әйелі ағысқа қарсы есіп келеді, ал чукча темекі тартып отыр. Өзен жағасынан оларға:
      – Эй, қайда жүзіп барасың?
      – Әйелімді перзентханаға апара жатырмын.
Скрыть текст
11-24
      Бір дос екіншісіне қоңырау шалды.
      – Петя, балық аулауға барамыз ба?
      – Жоқ, бармаймыз.
      – Неге?
      – Маған әйелім үйде ішуге рұқсат берді...
Скрыть текст
11-25
      – Әке, мас адамды мас емес адамнан қалай айыруға болады?
      – Мысалға ана жерде екі ағай тұр? Ал мас адамға ол төртеу болып көрінеді.
      – Әке, ол жерде бір ағай ғана тұр ғой...
Скрыть текст
11-26
      Сот - әйелге:
      – Сізге айырылысуға арыз беруге түрткі болған себепті айтыңыз.
      – Түсінемісіз, менің күйеуім екі түрлі өмір сүреді, және олардың ешқайсысы да мағанұнамайды.
Скрыть текст
11-27
      Күздің аяқ жағы. Сыраханаға алба-жұлбасы шыққан маскүнем кіріп келіп бас жазу үшін бір рөмке талап етіпті.
      Сатушы әйел:
      – Басыңды жазғанша оданда өзіңе жаңа бәтеңке сатып алмаймысың.
      – Тасташы соны! Денсаулығым, қымбатырақ.
Скрыть текст
11-28
      Бір кесек ірімшік ұстаған сатып алушы дүкенге келіп айтыпты:
      – Сіз маған швейцариялық ірімшіктің орнына голланд ірімшігін беріп жіберіпсіз.
      – Сіз не, онымен сөйлесіп көрдіңіз бе?
Скрыть текст
11-29
      Жолға шығып бара жатқан автобустың артынан бір әйелі жүгіріп айқайлап барады:
      – Автобусты тоқтата тұрыңдар! Жұмысыма кешігіп барамын!
      Жолаушылар оны аяп кетіп жүргізушіден тоқтай тұруын өтінді. Әлгі әйел автобусқа мініп, ентігін басып дем алып, былай депті:
      – Не болса да, үлгердім-ау ақыры...Ал енді, жолаушы азаматтар, билеттеріңді көрсете беріңіздер...
Скрыть текст
11-30
      Мерзімін өтеп жатқан күйеуімен кездескеннен соң әйелі түрме басшысына барып одан оның күйеуіне жеңілірек жұмыс беруін сұрапты.
      – Бізде, құрметтім, әлі ешкім де қағаз қалташаларды жабыстырып зорыққан емес.
      – Иә, әрине. Бірақ күйеуім түнде туннель дей ме, бірдеңе қазып жүргенін айтқан...
Скрыть текст
11-31
      – Сенесіз бе, доктор, түнде мен түсімде бұқа болып кетіп бір үйме шөпті жеп қойыппын.
      – Одан не болыпты? Адамның түсіне небір заттар кірмей ме.
      – Бірақ енді маған түсіндіріңізші, менің сабаннан жасалған матрасым қайда жоғалып кетті?
Скрыть текст
11-32
      – Дәрігер мен шұжықтарды жақсы көретінім үшін, көршілерім маған есіңнен алжасқансың дейді.
      – Қайдағы бір далбаса ғой, менде шұжықтарды жақсы көремін.
      – О-о, онда кеттік біздікіне, мен сізге өзімнің коллекциямды көрсетейін.
Скрыть текст
11-33
      Америкалық Лондонға келіпті, жолнұсқаушы жалдап қаланың сәулет құрылыстарымен танысып жүр екен. Бірталай жүрген соң ол жалығып кетіп айтыпты:
      – Тыңдаңызшы, не мұнда сіздерде барлығы осындай кішкентай? Айталық міне мынау ғимарат бізде Америкада жиырма есе үлкен болатын еді...
      – Әрине, бұның түсіндіретіні жоқ. Бұл жындыхана ғой.
Скрыть текст
11-34
      Екі дос әңгімелесіп жатыр. Біреуі:
      – Мына қарсы тұрған үйдің үшінші қабатындағы анау бір терезені көріп тұрсың ба?
      – Иә, көріп тұрмын.
      – Былтыр мен онда күн сайын мың сүйіс ауамен жіберетінмін, ал биыл мен әр ай сайын онда мың рубльдан жіберіп тұруға мәжбүрмін. Бақыт сондай баянсыз...
Скрыть текст
11-35
      Дәрігерге бір ағамыз келіп айтады екен:
      – Білесің бе, менің бір мәселем бар еді. Мен ұйықтағанда қорылдаймын. Енді бар ғой, өте қатты қорылдаймын.
      – Енді не болыпты, бұл сізге кедергі келтіре ме?
      – Өй жоқ...
      – Ал сіздің әйеліңізге ше?
      – Мен үйленбегенмін.
      – Онда сіздің көршілеріңізге?
      – Менің көршілерім жоқ.
      – Енді? Басқа не сонда?
      – Жәй мені осы үшін бес жұмыстан бес рет шығарып тастаған...
Скрыть текст
11-36
      Екі Америкалық Ресейдің шет аймақтық қалашығына келген екен. Жалғыз мейрамханаға отырып жергілікті ірімшікпен омлетке тапсырыс беріпті. Таңғы астан кейін оларға есепті беріпті. Есеп америкалыққа тым қымбат шыққан секіліді көрінеді, сосын ол қожайыннан сұрапты:
      – Сіздерде не, жұмыртқа мен ірімшік сиректер қатарына жата ма?
      – Әсте олай емес, сиректер қатарына жататындар - америкалықтар!
Скрыть текст
11-37
      Бір бала мектептен келіпті. Әкесі одан сұрапты:
      – Ал балам, мектепте жағдайың қалай?
      – Мен екіліктің әкесімен сөйлеспеймін.
Скрыть текст
11-38
      – Айтыңызшы, сізді осылай күн сайын ішіп алып мас болуға не мәжбүр етеді?
      – Ештеңе де мәжбүрлемейді, мен өзім еріктімін.
Скрыть текст
11-39
      Мас біреу үйіне түнгі үште келіпті. Әйелі:
      – Сен не, әбден қуайын дегенсің бе, сағатты қара, нешеде келіп тұрсың!
      – Кім айтты саған мен қайтты деп? Мен тек гитараны алып кетуге келдім.
Скрыть текст
11-40
      Екі адам әңгімелесіп тұр.
      – Болды, достым! Мен әйеліммен ажырасамын. Ол менімен сөйлеспегеніне жарты жыл болды міне.
      – Сен не есіңнен алжастың ба?! Сен осындай ыңғайлы әйелді тағы қайдан табасың?
Скрыть текст
11-41
      Студент саясаттану эмтиханында бірде бір сұраққа жауап бере алмады. Шыдамы әбден таусылған профессор студенттің оқу үлгеріміне нұсқау келтірмеу үшін, қабырғада ілулі тұрған Карл Маркстің портретін көрсетіп:
      – Жігітім, ең құрыса мына адамның кім екенін білесің бе? - деп сұрайды. Студент портретке ұзақ қарап, маңдайын тыржитып, сонан соң сенімсіз түрде:
      – Король қарға ма?
Скрыть текст
11-42
      Психиатрда.
      – Дәрігер, кеше мен тағы да жалаңаш, жалғыз нәскимен көшеде жүгірдім. Маған сондай ұят болды...
      – Солай, солай... Бірақ бұл жағдай бұрында да болды ғой?
      – Иә, жиі.
      – Бірақ ұят болған жоқ қой?
      – Жоқ, ешқашан.
      – Құттықтаймын, көгершінім! Яғни, біздің сеанстарымыз сізге көмектесуде!
      – Жоқ, дәрігер, тек қана бір нәскиім жыртық болды.
Скрыть текст
11-43
      Тергеуші:
      – Сіз мына пышақты танып тұрсыз ба?
      – Әрине.
      – Демек, танисыз ғой!!!
      – Енді сіз оны маған үш күн қатарынан күн сайын көрсетсеңіз танымай қайтейін!
Скрыть текст
11-44
      Зоолгияның оқытушысы оқушыларды былай деп сендіруде:
      – Балалар, есте сақтаңдар, жануарларды сүюге болмайды! Бұл әртүрлі ауруларға соқтыруы мүмкін. Кім осыған мысал келтіре алады?
      – Мен, деп айтты оқушылардың бірі, - Менің апам әрдайым біздің мысықты сүйетін.
      – Сосын апаңа не болды?
      – Мұнда апамның не қатысы бар?! Мысық есінен алжасып кетті!
Скрыть текст
11-45
      – Сен жақында алтын үйлену тойыңды тойлайды деп естідім! Әйеліңе не сыйламақ ойың бар?
      – Оны күміс тойға Конгоға демалуға алып барғаным есімде. Мүмкін елу жылдыққа сонда барып оны қайта алып келетін шығармын...
Скрыть текст
11-46
      Мейрамхана. Клиент даяшыға:
      – Маған бір шыны аяқ кофе бола ма?
      Даяршы оған ілтипатпен қарап, ойлана жауап берді:
      – Кім білсін, саған кофе болама, болмайтынын?
Скрыть текст
11-47
      Қызметкер өзінің бастығына:
      – Мен мұнда сізге жарты ақыға жұмыс істеймін және сондықтан өтінемін сізде маған жарты дауысыңызбен айқайлаңыз!
Скрыть текст
11-48
      Теледидардан қызықтың неше түрін көрсетеді, тіпті дұрыстап өмір сүруге уақыт жоқ!
Скрыть текст
11-49
      Баласы әкесінен сұрап жатыр:
      – Әке, филиал деген не?
      – Балам, сенің горшогің бар ма?
      – Иә, бар.
      – Міне сол сенің горшогің біздің унитаздың филиалы.
Скрыть текст
11-50
      Сәулетті вилланың қожайындары қалаға кетіп бара жатып дуалға "Абайлаңыздар, ӨТЕ қабаған ит!" деген тақташа іліп кетеді екен. Бірнеше күннен кейін қайтып келсе, вилланы тонап қақпаға жазба қалдырып кеткен екен: "Неге күшікке жала жабасыңдар?"
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Құралай Бекенова


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 10 Вернуться к началу Выпуск 12  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв