Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 13
13-01
      Чукча өмірінде бірінші рет айна сатып алып үйіне әкеліпті. Бір жерге қойып әйелін шақырды. Өзі бері тұрып айнаға қарап айтады екен:
      – Қатын ә қатын, қара - маған інім келіпті!
      Әйелі қасына келіп, қатар тұрып, таңырқап, былай депті:
      – Ойбай тіпті жалғыз емес, бір әйелмен келіпті ғой.
Скрыть текст
13-02
      Қызы анасына өзінің демалыс үйіндегі жұмыстары туралы жазып жатыр:
      "...табиғатқа шығамыз, кино, жағалау, ал кешкісін пинг-понгпен боламын". Соған анасы хатпен былай жауап беріпті: "Қытайлық болғаны маңызды емес. Әйтеуір жақсы адам болса болды ғой".
Скрыть текст
13-03
      Мен қырық екідемін. Күйеуге төрт рет шықтым, әр үйленген сайын тек жақсының үстіне жақсы бола берді...
Скрыть текст
13-04
      Хабарландыру: "Жас эскимос қарт эфиоп әйелмен бұрын соңды болмаған оқиға істеу үшін танысады".
Скрыть текст
13-05
      Күйеуі-әйеліне:
      – Тыңдашы, Зин, сен жаңа тиын тастаған соқыр шынында да ештеңе көрмейді екен. Ал газеттерде оны «өтірік соқыр болып жүр», дейді...
      – Сен сондай байқағыш екенсің!
      – Өй сен өзің естідің емес пе, ол айтты ғой: "Рахмет, сұлуым!"
Скрыть текст
13-06
      Күйеуі терезеге барып әйеліне айтыпты:
      – Қымбаттым, сен бүгін керемет күн болады деп ойламайсың ба?
      – Қымбаттым сен бұнымен не айтқың келіп тұр?
      – Бір кездері сен «күндердің бір керемет күнінде жиналып менен кетіп қаламын», деп уәде беріп едің...
Скрыть текст
13-07
      Күйеуі әйеліне дауыс көтеріп сөйлеуде:
      – Біздің көршіміз жиһазын ауыстырғанда сен де мені жаңа гарнитур алуға мәжбүрлегенсің...Ал сосын ол мықты жалпақ экранды теледидар алғанда, сен тағы келіп дәл сондайды алу үшін менің екі айлық ақшамды соған жұмсауыма мәжбүр еткенсің. Сосын ол өзінің жаман-жаман "Мерседесін" алған кезде, бізде алуға мәжбүр болған жаңа машина бізге қаншаға шыққанын айтпай-ақ қояын! Ал енді келіп не ал дейсің тағы?
      – Ал ол не жаңа бірдеңе алыппа еді?
      – Оның қазір жаңа әйелі бар...
Скрыть текст
13-08
      Жолда бір әйелдің машинасы бұзылыпты. Ол жолда кетіп бара жатқан бір машинаны тоқтатып оның жүргізушісінен өзінің машинасына не болған қарап беруін сұрапты. Ол капотты ашып ішін қарап басын шайқапты. Әлгі әйел бұны көріп сұрапты:
      – Не болыпты? Қатты бірдеңе сынып па?
      Жүргізуші:
      – Сізге қалай айтсам екен...Бір жағынан енді олай деуге келмес. Ал екінші жағынан, егер бұл жылқы болғанда, мен сізге оны тұрған жерінде ата салу керек деп ақыл айтар едім!
Скрыть текст
13-09
      Күйеуі әйеліне айтуда:
      – Білесің бе, бүгін бізге қарттар үйінен келді, өздеріне бірдеңе берулерін сұрады.
      – Енді, сен оларға не бердің?
      – Сенің шешеңді...
Скрыть текст
13-10
      Аңшы трамвайға отырып мылтықты тізесіне, ал оны аузын көршісіне қаратып қойыпты.
      – Абайлаңызшы, аңдаусызда атылып кетпесін.
      – Онда тұрған не бар? Тағы оқтап аламын да.
Скрыть текст
13-11
      – Қараш, еркектер орташа есеппен күніне 2200 сөз сөйлейді, ал әйелдер 4400 сөз сөйлейді екен!
      Әйелі:
      – Әрине өйткені сендерге бәрін екі рет қайталамаса болмайды!
      Күйеуі:
      – Не дейді?...
Скрыть текст
13-12
      Перронда әбден ентігіп қалған саяжай тұрғынының көз алдында электричкі кетіп қалады, жергілікті біреу келіп мысқылмен сұрапты:
      – Электричкадан айырылып қалдың ба, ә?
      Саяжай тұрғыны:
      – Ә, жоқ, айырылмадым - мен оны үркітіп жібердім!
Скрыть текст
13-13
      Бірінші рет ұшақпен ұшайын деп тұрған бір ағамыз уайымдап стюардессадан сұрапты:
      – Сіздер не жолаушыларға парашют таратпайсыздар ма?
      – Жоқ, бұның керегі жоқ.
      – Қалай керек жоқ? Бір ай бұрын мен кемемен жүзгем, ал онда барлық жолаушыларға құтқару жилеттері таратылды. Өйткені жилетсіз жүзе алатындар, парашютсіз ұша алатындарға қарағанда әлдеқайда көбірек емес пе!
Скрыть текст
13-14
      Шипажай вокзалында бір ер адам мен әйел қоштасып жатыр. Ол жігіт қалып, ал әйел болса еңіреп вагонға поезд орнынан қозғалған сәтте мініп үлгереді. Бұны көріп көңілі босап кеткен бір жолаушы жылап алған әлгі әйелден сұрапты:
      – Айтыңызшы, сіз күйеуіңізбен көп уақытқа айырылысып бара жатсыз ба?
      – Күйеуіммен? О не дегеніңіз, мен деген оған қайтып барамын.
Скрыть текст
13-15
      Түн, ай, жұлдыздар. Жігіт пен қыз сәкіде отыр.
      – Вань, ә Вань, шемішке берші.
      – Жоқ, бермеймін.
      – Сен мен үшін тіпті аспаннан жұздызды да алып беремін деп айтпап па едің?
      – Бірсе жұлдыздар, бірсе шемішке дейсің.
Скрыть текст
13-16
      Бір кісі бір адамға әңгіме айтып жатыр екен:
      – Іссапардан қайтып келем ғо. Кенеттен. Бірден ала салып шкафка барамын. Іші бос екен. Керуеттің астын қараймын, тағы бос, тоңазытқышты қарадым, онда да бос...
      – Ал әйелің не дейді?
      – Өй жоқ менің әйелім. Пәтерімде тонап кеткен да!
Скрыть текст
13-17
      Бір жасы айтарлықтай ұлғайған директор өзінің жап-жас хатшы қызына үйленбек болып шешіпті. Достарының біреуі одан сұрапты:
      – Тыңдашы, сен бес жылдан кейін не істейсің, сенің жасың жетпіске ал оның жасы жиырма үшке толады...
      – Айтасың ау! Айырылысамын да өзіме тағы бір жаңа хатшы қыз тауып аламын!
Скрыть текст
13-18
      Бір адам асылып өлейін депті. Көпірге келіпті, тіреуіш қанаттарға арқанды байлап, басын салып астыға қарай құлап кетіпті. Арқан пырт етіп үзілді де кетті. Ол суда ұзақ тырбаңдап үйтіп-бүйтіп әйтеуір жағаға шығады. Үстіндегі суды сығып жатып айтыпты:
      – Ал керек болса...Енді кішкене болмағанда осылай асыламын деп жүріп суға батып өле жаздадым!
Скрыть текст
13-19
      Алаңдаған ана өзінің мектепке баратын ұлына айтыпты:
      – Бол тез, сен мектебіңнен қаласың!
      – Уайымдама, анашым, мектеп деген күні бойы ашық қой.
Скрыть текст
13-20
      Бір ағамыз дүкенге келіпті:
      – Айтыңызшы, сіздегі балық жаңа алынған ба?
      – Білмеймін, менің мұнда жұмыс істегеніме енді үш ай болады.
Скрыть текст
13-21
      Әкесі қызының жігітіне айтыпты:
      – Сендер әр кеш сайын менің қызыммен бір жерлерге барып қыдырып, көңіл көтеріп жүргендеріңе он жыл болды. Неге сендерге үйленбеске?
      – Енді онда мен ешкіммен, еш жерге барып көңіл көтере алмайтын боламын ғой!
Скрыть текст
13-22
      Жапа шегуші травмотологиялық пункттің дәрігеріне айтуда:
      – Мен жаңа ғана арақпен бірге кішкентай стақанды жұтып жібердім.
      – Қалайша? -деп таң қалыпты дәрігeр.
      – Қалай, қалай... Өмір бойы ауызынан ішіп жүргем, ал мұндастақаннан ішіп жатқанымды ұмытып кетіппін...
Скрыть текст
13-23
      Әкесі баласын алып кету үшін балабақша келіпті. Балалардың қашан шығатынын күтіп сәкіде отыр екен. Оған тәрбиеші әйел келіп сұрапты:
      – Ағасы, сіз бала күтіп жүрмісіз?
      – Жоқ, мен әрқашан осындай толықпын.
Скрыть текст
13-24
      Күйеуі жоғалып кетті. Әйелі барлық милиция мен аурухана бөлімдеріне қоңырау шалып шықты. Моргке қоңырау шалыпты. Қызметкер күйеуінің ерекше белгілері бар ма екенін сұрапты. Оған әйелі былай деп жауап беріпті:
      – Ол "р" әріпін айта алмайды.
Скрыть текст
13-25
      Бір бозбала қызбен танысыпты:
      – Айтыңызшы, сізді кешкі асқа шақыруға бола ма...таңғы ас мәзірімен?
Скрыть текст
13-26
      Ұшақ құлап келеді. Кабинадан ұшқыш парашютпен шығып, люкті ашып, жолаушыларға қарай бұрылып айтыпты:
      – Уайымдамаңыздар, мен көмек алып келуге ұшып барамын.
Скрыть текст
13-27
      Жаяу жүргіншінің айтқаны тірі кезінде әрдайым дұрыс болмақ.
Скрыть текст
13-28
      "Үш торай" коктейлінің рецепті: бір қорап арақ және екі дос.
Скрыть текст
13-29
      Түн ортасы. Санитарлар қоймада отырып қорға сақталған спиртті қылғытып жатыр екен. Секционныйда тәжірибеден өтіп жүрген студент кезекші болып жүр. Кенет ол бетін тыржитып бозарып алып қоймаға ұшып келеді:
      – Анда...Анау...
      Шошып кеткен санитарлар:
      – Не онда?
      Студент:
      – Анау...әлгі мәйіт тіріліп кетті!
      Санитарлар (сабаларына түсіп):
      – Фу-у-у...Қайдағы бірдеңе ғой! Біз деген бас дәрігер тексеріспен келіп қалды ма деп шошып кеттік қой.
Скрыть текст
13-30
      Бір адам өз таныстарына соғыпты, есікті кішкентай бала ашыпты.
      – Әкең үйде ме?
      – Жоқ.
      – Қашан келеді?
      – Үш сағат он сегіз минут отыз екі секундтан соң келеді.
      – Осынша дәл білгенің бе?
      – Түсінесізбе, менің әкем ғарышкер, ол мені дәлдікке дағдыландырды.
      – Ал анаң үйде ме?
      – Жоқ.
      – Ол қашан келеді?
      – Өй білмеймін! Ол шаштаразға кетті.
Скрыть текст
13-31
      – Неге дауылдарды әйел аттарымен атайды?
      – Бастапқыда олар түсініксіз жұмбақ секілді болжауға келмейтін болады, ал сосын үйің мен машинаңды алып кетеді...
Скрыть текст
13-32
      Екі дос әңгімелесуде:
      – Менің әйелім ұлуға ұқсайды.
      – Не тіпті асықпай ма не?
      – Жоға, жәй өзімен бірге бүкіл үйді тасып жүреді.
Скрыть текст
13-33
      Дәріханаға бір әйел келіпті:
      – Сізде арзан және тез әсер ететін арықтауға арналған дәрі бар ма?
      – Бар. Пластырь.
      – Оны қайда жабыстырады екен?
      – Ауызға!!!
Скрыть текст
13-34
      Балгерге жас әйел келіп айтады екен:
      – Бес жыл бұрын сіз маған менде бес балам мен күйеуім болады деп болжап бергенсіз...
      – Енді?
      – Енді сол, бес бала менде бар. Ал бірақ күйеуім қашан болады?
Скрыть текст
13-35
      Бір кісі ит сатып жатыр екен. Одан сұрапты:
      – Оның дені сау ма?
      – Дені сау.
      – Ақылды ма?
      – Ақылды.
      – Адал ма?
      – Өте адал. Міне енді бесінші рет сатып тұрмын.
Скрыть текст
13-36
      Екі адам сөйлесіп тұр:
      – Мен сенің әйелің жақында жүргізуші куәлігін алды деп естідім?
      – Иә.
      – Енді, оның көлік айдағаны қалай екен?
      – Әйелім найзағайдай!
      – Не сонша қатты айдай ма?
      – Жоға, тек әрдайым ағаштарға барып соғылады.
Скрыть текст
13-37
      Жарнама:
      Кеше Петя үш бөтелке арақ ішті, ал Вася біреуін ғана. Бүгін олардың бір-бірінен мүлдем айырмашылығы жоқ. Егер айырмашылығы көрінбесе аз ішіп не керек?
Скрыть текст
13-38
      – Айтшы, Витя, бізде қанша дүние бөліктері бар?
      – Бәріне де мәлім емес пе...
      – Қанекей онда айтсаңшы.
      – О дүние мен бұ дүние.
Скрыть текст
13-39
      Ата-аналар жиналысы. Директор былай дейді:
      – Мен сіздермен балаларыңыздың бір түрлі тәртібі туралы сөйлесуім керек. Ол тек қыздардың артынан жүгіруді ғана біледі!
      Әкесі:
      – Оның жасындағы барлық балалардың басым бөлігі қыздардың артынан жүгіреді...
      – Бензинді арамен бе?
Скрыть текст
13-40
      Мейрамханада бір ер адам отыр екен, жайбарақат ішіп отыр. Кенет мейрамханаға бір кісі ұшып кіріп келіп бақырып айтыпты: "Вася! Ана жақта сенің әйелің басқамен жатыр!" Әлгі тыныш отырған адам атып тұрып мейрамханадан шығып кетіпті. Көшеге шыға сала оны көлік қағып кетеді.
      Ол ауруханада жатып есін жиып ойланыпты: "Апыр-ай ә, менің әбден жүйкем тозыпты. Мен тіпті Вася емеспін ғой, оған қоса мен үйленбегенмін!"
Скрыть текст
13-41
      Піл мен тышқан шөл далада келе жатады.
      – Мә, неткен ыстық еді! Піл-ау мен сенің көлеңкеңнін астымен жүрсем қарсы емессің бе? Қайта сосын сен шаршағанда екеуміз ауысамыз.
Скрыть текст
13-42
      Баласы әкесінен сұрауда:
      – Әке, Шығыстағы кейбір елдердегі үйлену тойында күйеу бала үйленбейінше әйелі кім екенін білмейді деген шын ба?
      – Негізі, балам, барлық елде осылай.
Скрыть текст
13-43
      Трамвайдағы оқиға. Кондуктор әйел айқайлап:
      – Трамвай тоқтамайынша секірмеңдер!
      – Мен ауруханаға асығып барамын.
      – Онда секіре беріңіз, мархабат!
Скрыть текст
13-44
      – Сен барлық хатшы әйелдер күйеулерінің көзіне шөп салады деп ойлайсың ба?
      – Жоқ, әрине. Тек қана күйеуге шыққандары болмаса.
Скрыть текст
13-45
      Саяхатшылар Сахарада жиһан кезіп жүріп, түйемен келе жатқан бәдеуйді көріпті. Түйе басынан-аяғына дейін гипс тағылып, дәкеленіп, пластырленіп тасталыпты... Саяхатшылар аудармашыға жүгініпті:
      – Мына түйеге не болғанын біліп бересеңіз.
      Аудармашы бәдеуйден не болғанын сұрапты:
      – Бұл оның түйесі. Оның бұ түріне себеп, жәй әншейін оның әйелі түйеге мінуді үйреніп жүр екен...
Скрыть текст
13-46
      Бір ер адамның мұрагері әне-міне дегенше өмірге келуі керек. Оған айтыпты:
      – Егер бала жұдырығын түйіп өмірге келсе, ол өскенде ұры қарақшы болады. А егер жұдырығы жазылып туылса жақсы адам болады дегенді білдіреді.
      Әйелі босанғанда ұл баланың жұдырығы түйіліп туылды. Әкесі жүгіріп келіп, баланың қолынан ұрып айтыпты:
      – Жаз алақаныңды, тап қазір жаз!
      Нәресте:
      – Тыныш әке, ашуыңды тый. Мен дәрігердің сақинасын қағып түстім.
Скрыть текст
13-47
      – Сен не шынымен де үйге күйеуіңе қайтамын деп шештің бе?
      – Әрине! Ол ақымақтың менсіз өз рақатымен өмір сүріп жатқанына жай тыныш қарап отыра алмаймын.
Скрыть текст
13-48
      – Бастық, өзіңіздің хатшыңызға қандай шағымдарыңыз бар? Ол деген сіздің барлық тілектеріңізді тауып отыр ғой!
      – Иә, бірақ ол оларды орындамайды!
Скрыть текст
13-49
      – Ғарышта нені істеу мүмкін емес?
      – Аслып өлу мүмкін емес!
Скрыть текст
13-50
      – Алло, сәлем, жаным, қайдасың?...
      – Сәлем, үйдемін. Ұйықтайын деп жатырмын. Сен ше?
      – Мен барда сенің жаныңдағы көрші үстелде ішіп отырмын...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Сауле Ибраева, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Құралай Бекенова


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 12 Вернуться к началу Выпуск 14  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв