Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 14
14-01
      – Алло! Бұл тоғыз – сегіз - жеті - алты - бес - төрт - үш - екі – бір ме?
      – Қай шайтан түртті?! Бұл пәтер, Байқоңыр емес!
Скрыть текст
14-02
      Кеш. Бар. Есік ашылады, одан жасыл шайтандар тобы кіреді. Қалжыраған бармен басын көтеріп:
      – Шығыңдар бұл жерден, сендердікі әлі келген жоқ...
Скрыть текст
14-03
      Армян радиосынан сұрапты:
      – Неліктен милиция қызметкерлері үшеуден жүреді?
      Жауап:
      – Себебі біреуі оқи алады, бірақ жазу білмейді, екіншісі жаза алады, бірақ оқу біледі, ал оқу да, жазу да білмейтін үшіншісі ана зиялыларға бақылауға тиіс.
Скрыть текст
14-04
      Бастығы хатшысынан сұрайды:
      – Сіз жапон тілін білесіз бе?
      – Иә, әрине, мен оны өзімнің түйіндемемде жазған болатынмын.
      – Солай ма?
      – Иә, өзімнің төсімнің өлшемінен кейінгі пунктке...
      – Ә, мен арғы жағын оқымап едім!
Скрыть текст
14-05
      Есіктің қоңырауы шылдырлайды.
      – Бұл кім?
      – Айтыңызшы сіз осы уақытта үнемі үйде боласыз ба?
      – Жоқ, демалыс күндері ғана. Жай ма?
      – Жай, ештеңе емес... Әлеуметтік сауалнама...
Скрыть текст
14-06
      Дәрігер сырқатқа:
      – Қорқатыным, мен әйеліңізге ешқандай көмек көрсете алмаймын – әйеліңізде тұқым қуалайтын ауру.
      – Онда менің келгенім үшін есеп шотты менің қайын атама жіберіңіз!
Скрыть текст
14-07
      Казинода бір әйел әмиянынан мың долларды шығарады, бірақ қай санға қоятын шешім қабылдай алмайды. Бір келуші оған жақындап, кеңес береді:
      – Өзіңіздің жасыңызға сәйкес келетін нөмірге қойыңыз.
      Әйел жиырма бесінші нөмірге қояды. Шар көп айналып қырық екінші нөмірге тоқтайды.
      Кеңесші:
      – Міне көрдіңіз бе, бекер мені тыңдамадыңыз, тыңдасаңыз жеңіске жетер едіңіз...
Скрыть текст
14-08
      Мемлекеттік думаның депутаты сұрайды:
      – Неге көңілсізсің? Үйде жағдай жаман ба?
      – Жоқ, үйде бәрі жақсы.
      – Сен саяжай салып жатыр дейді ғой. Мүмкін, ақша жетпейтін шығар?
      – Жетеді. Әлдеқашан үш қабатты жеке үй салып алғанмын.
      – Мүмкін, көлігің нашар болар?
      – Жақсы. "Мерседес". Тура сағаттай жұмыс істейді.
      – Онда неге көңілсізсің?
      – Халыққа ауыр...
Скрыть текст
14-09
      Саяхатта. Бір турист екіншісінен сұрайды:
      – Неге өзіңмен бірге енеңнің фотосуретін тасып жүрсің?
      – Міне, көрмейсің бе, масалар, жаңбыр, суық... ал мен оған қараймын да: Құдайым ай! Мұнда неткен тамаша еді - деймін.
Скрыть текст
14-10
      Сотта:
      – Сіз шомылып жатқанда жәбірленушінің киімін ұрлап алыпсыз. Өзіңізді ақтау үшін не айта аласыз?
      – Ол жерде шомылуға тыйым салынған.
Скрыть текст
14-11
      – Вася, сен неге өз өлшеміңнен үш есе кіші бәтіңке киесің?
      – Білесің бе, менің әйелім – көріксіз, ұқыпсыз, оның үстіне асты да дәмсіз дайындайды. Ұлым - жалқау, нашар оқиды және ол мектепті бітіре ала ма білмеймін. Қайын енем – шұбар жылан, үнемі ұрысады. Өмірдегі жалғыз қуанышым – кешке бәтіңкемді шешу...
Скрыть текст
14-12
      Екі көрші әйел.
      – Мен сіздің қызыңыздың таңға жақын келгенін көрдім. Ал менің қызым түнгі он бірде үйде болды.
      – Есесіне менің қызым өз аяғымен келді, ал сіздікін - достары екі жақтан қолтықтап сүйреп әкелді!
Скрыть текст
14-13
      Ұры баласын ұрып жатып былай дейді:
      – Сені жасырын тосап жеп қойғаның үшін емес, ыдыста саусақ іздерін қалдырғаның үшін жазалап жатырмын.
Скрыть текст
14-14
      – Кеше менің әйелім ауырып қалды, ал бүгін қайын енем келді, оны күту үшін...
      – Иә-ә-ә, бәле жалғыз келмейді...
Скрыть текст
14-15
      Екі таныс кездеседі. Біреуі:
      – Кеше мен әйелімді "Отеллоны" көруге апардым.
      – Не, мәдени бағдарлама ма?
      – Жоқ, ескерту.
Скрыть текст
14-16
      Екеуі кездеседі:
      – Кеше мен автокөлігімді жоғалтып алдым.
      – Соғып алдың ба? Ұрлап кетті ме?
      – Жоқ. Әйелім жүргізушінің куәлігін алды.
Скрыть текст
14-17
      – Сіз ауырып қалғансыз ба?
      – Неге олай деп шештіңіз?
      – Сіз дәріханадан шықтыңыз ғой.
      – Қызық, егер мен бейіттен шықсам, сіз не ойлар едіңіз?
Скрыть текст
14-18
      Екі таныс отбасылары туралы әңгімелерімен бөлісіп отыр.
      – Коля, менің әйелім шалбарымды жамаса, ол мүлдем білінбейді...
      – Менікі де солай... Қалай жейдемді жуса, ол да білінбейді...
Скрыть текст
14-19
      Құрылыс фирмасының жоғарғы басшылары құрылысқа келеді және бір жұмыскерден сұрайды:
      – Мұнда қанша адам жұмыс істейді?
      – Бригадирмен бірге - он.
      – Ал бригадирсіз?
      – Бригадирсіз ешкім жұмыс істемейді!
Скрыть текст
14-20
      Дәрігер:
      – Неге шағымданасыз?
      Емделуші:
      – Өмірге.
      Дәрігер:
      – Алаңдамаңыз, ол да өтер.
Скрыть текст
14-21
      Ханымдар! Егер қолдарыңызда газ баллоншасы болмаса, ештеңе етпейді. Еркектермен танысудың басқа да жолдары бар.
Скрыть текст
14-22
      Көйлекке жабысқан еркектерден арылу үшін, оны 3-4 сағатқа мұздатқышқа салып қойыңыз. Қатқан жабысқақтар матадан жеңілірек ажырайды.
Скрыть текст
14-23
      Екі құрбы.
      – Қарағым, сен үш жыл бойы осы көйлекті тастамайсың. Не, ол саған қатты ұнай ма?
      – Жоқ, әншейін сыдырма ілгегі сынып қалған...
Скрыть текст
14-24
      Бойжеткен құрбысына шағымданады:
      – Білесің бе, мен өз жігітіммен кездескенде, ол маған әрқашан солған гүлдерді сыйлайды!
      – Ал сен кездесуге дер кезінде барып көрсеңші!
Скрыть текст
14-25
      Бойжеткен дүкенде күйеу жігітіне сыйлық таңдап жүр. Не аларын білмегендіктен қиналады. Сатушы сұрақ қояды:
      – Ол мамандығы бойынша кім?
      – Жазушы.
      – Онда қоқысқа арналған кәрзеңке сыйлаңыз.
Скрыть текст
14-26
      Бір миллионер баласымен хайуанаттар бағына барыпты, сосын ол ондағы директорға кіріпті:
      – Сіздің бағыңыз қанша тұрады? Мен оны өз балама сатып алайын деп едім.
      – Менің бұдан да жақсырақ ойым бар. Сіздің балаңыз қанша тұрады? Мен де оны өз бағым үшін сатып алайын деп едім.
Скрыть текст
14-27
      – Қымбаттым, сен маған кілем алып бересің бе?
      – Тым үлкен мәртебе! Сыпыртқы мініп ұш...
Скрыть текст
14-28
      "Теңізде жүргендер үшін!" - акулалардың сүйікті тосты.
Скрыть текст
14-29
      Әйелі - күйеуіне:
      – Егер мен басқаға кетсем сен өкінер ме едің?
      – Неге мен басқа еркекті аяуым керек?
Скрыть текст
14-30
      Әйелі күйеуінен сұрауда:
      – Қымбаттым, саған туған күніңе не сыйлайын?
      – Бір минут үнсіздікті.
Скрыть текст
14-31
      Әйелі көлік айдап серуендегеннен кейін абыржулы күйде қайтіп келеді:
      – Білесің бе, - дейді ол өзінің күйеуіне, - мен бүгін өзімнің ең жақын құрбымды кездестірдім...
      – Бұл сенің шаруаң, - деп жауап қатты күйеуі.
      – Бұл мені қызықтырмайды.
      – Қызықтырмаса қызықтырмасын. Бірақ екі көлікті де темір-терсекке тапсыру керек.
Скрыть текст
14-32
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Біздің қалай тұратынымызға қарашы, мен ұяламын. Шешем пәтер ақыны төлейді, апам киім алып береді, сіңілім азық-түлікке ақша жібереді. Біз бұдан да жақсы тұра алатын едік қой.
      – Дұрыс айтасың, -дейді күйеуі, - бірақ сенің сараң ағаларыңды қалай қимылдатамыз?
Скрыть текст
14-33
      Әйелі - офицер-күйеуіне:
      – Коля, бірдеңе айтшы...
      – Түзел! Тік тұр!
      – Ондай емес, Коля. Сен жылы, жұмсақ айтылатын бірдеңе айтшы...
      – Еркін тұр!
Скрыть текст
14-34
      Бір әйел хирург-косметологқа барыпты:
      – Сіз, сырт келбетімді жақсарту мақсатында, маған бір өзгерістер жасай аласыз ба?
      Дәрігер біраз ойланып оны қарап шыққан соң айтыпты:
      – Өкінішке орай жоқ, істей алмаймын. Біздің елімізде басты кесіп тастау заңмен рұқсат етілмейді!
Скрыть текст
14-35
      Бір әйел психотерапевт қабылдауында:
      – Маған күйеуім көзімен шөп салып жүрген секілді көрінеді. Дүйсенбі күндері ол бір жаққа жоғалып кетіп, қайтып келгенде тіптен көңілді, бәріне ырза болып, көздері жанып жүреді. Ал бір күн өткен соң болды, қайта күңкілдеп, барлығына қызығушылығын жоғалтып алады.
      – Айтқандай, қалқам, ол маған келіп жүр емес пе.
Скрыть текст
14-36
      Мерекелік дастарқан. Мереке иесі дастарқанның ортасына қара уылдырық салынған шағын сауытты әкеліп қойды. Қонақтардың бірі бірден сауытты алдына алып, ас қасықпен қара уылдырықты тапай бастады. Үй қожайыны оның қасына жақындап келіп сыбырлап айтыпты:
      – Достым, бұл сізге ботқа емес қой!
      – О не дегеніңіз, салыстыруға да болмайды!
Скрыть текст
14-37
      Асханадағы пікірлер кітабындағы жазба:
      "Сіздердің аспазшыларыңыз котлеттерді өте жақсы дайындайды. Шынайы жан-тәнін салып".
Скрыть текст
14-38
      Аспаздық рецепт "Ағылшын үлгіcіндегі ет": қонаққа келу, сосын етті алып қоштаспай кетіп қалу.
Скрыть текст
14-39
      Психиатриялық ауруханаға қоңырау түсіпті:
      – Қарап жіберіңізші, өтініш, 18 палатада біреу бар ма екен?
      – Ешкім жоқ, не болып қалды?
      – Ә-ә-ә, демек мен ақыры қашып кете алғанмын ғой!
Скрыть текст
14-40
      – Кешіріңіз, сіз менің орныма отырып алыпсыз.
      – Сіздің орныңыз? Ал сіз бұны дәлелдей аласыз ба?
      – Әрине! Мен ол жерге өзімнің балмұздағымды қойып кеткенмін.
Скрыть текст
14-41
      – Сені әйелің қалай атайды?
      – Маймыл дейді!
      – Неге?
      – Өйткені менен ендігі бірнеше адам таралған.
Скрыть текст
14-42
      – Сіздің аквариумыңыз сондай әдемі екен! Балықтар өздерін қалай сезінеді?
      – Керемет. Ал егер олар тентектіктерін көрсете бастаса, мен оларға лезде балық консервісінің құтысын көрсетемін.
Скрыть текст
14-43
      Опералық шәлкес мінезді примадонна:
      – Бірінші акт кезінде мен тағатын меруерт шын болуы тиіс.
      – Барлығы шын болады, синьора. Бірінші акттегі меруертте, соңғы акттегі у да...
Скрыть текст
14-44
      Кішкентай қыз үйіне балабақшадан қайтып келіп айтыпты:
      – Анашым, ал бүгін бізге екпе жасады!
      – Ал...қызым, сен жыламаған шығарсың деп үміттенемін?
      – Жоқ, анашым, олар маған жете алмады.
Скрыть текст
14-45
      Темекі шегу әйелдің дауысына әсер етпейді деп кім айтты? Әйелің қасыңда болғанда диванда отырып алып темекінің күлін кілемге тастап көр!
Скрыть текст
14-46
      – Мені сіздің итіңіз тістеп алды! Мен өтемақы талап етемін!
      – Құдай үшін! Мінекейіңіз мен оны ұстап тұрайын, ал сіз тістеңіз!
Скрыть текст
14-47
      Анасы ұлымен ас үйде:
      – Ұлым мінекей саған күміс қасық. Оны шәй құйылған стақанға салатын боласың. Күміс микробтарды өлтіреді.
      – Сонда не, мен енді өлген микробтары бар шәй ішемін бе?!
Скрыть текст
14-48
      Милиционер жолаушыға ұшаққа отырар алдында айтыпты:
      – Азаматша! Иттермен ұшаққа кіруге болмайды!
      – Бірақ бұл жай ғана мақпал күшік қой!
      – Күшіктің тұқымы маңызды емес.
Скрыть текст
14-49
      – Миша, мен саған глобус сатып алып бердім, бірақ оны шаң басып қалыпты.
      – Анашым, енді мен деген күллі жер шарынан шаңды сүртіп шыға алмаймын ғой.
Скрыть текст
14-50
      Бір жігіт бір әйелден оның жасы нешеде екенін сұрапты.
      – Ал сіз өзіңіз тауып көріңіз! - деп қылымсыпты әлгі әйел. - Бір көмек бере аламын: менің қызым балабақшаға барады....
      Әлгі жігіт:
      – Ол жерде тәрбиеші болып істей ме?
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 13 Вернуться к началу Выпуск 15  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв