Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 15
15-01
      Дәрігер пациенттен сұрапты:
      – Сонымен, сіздің есте сақтау қабілетіңіз жақсарды ма?
      – Әрине, жақсарды! Ал сен өзі бұған бас қатыратындай кім едің?
Скрыть текст
15-02
      Екі дос сөйлесіп отыр.
      – Айтшы, сенің әйелің шауып бара жатқан атты тоқтата ала ма?
      – Ол боянбаған кезде, олар өздері-ақ тік тұра қалады.
Скрыть текст
15-03
      – Абрам, сен неге күнде таңертең құлшылық етіп жатасың? Құдай сен сияқты күнәһарға көмектеспейді.
      – Енді, мен одан: ана-мынаны істеуге көмектес, - деп сұраймын. Әрине, Құдай мен сияқты күнәһарға көмектеспейді. Бірақ солай сұрап жүріп, бүгін не істейтінімді есіме түсіремін.
Скрыть текст
15-04
      – Василий Иванович, сізде шөлке бар ма?
      – Петька сен онымен не істейін деп ең? Сен не бұзылып кеттің бе?
      – Өй жоқ, Василий Иванович. Тезірік банкті алу керек болып тұр.
      – Банк? Шөлкемен бе? Әдемі...
Скрыть текст
15-05
      Алкоголь қысқа уақытқа қан тамырлары мен достар қатарының кеңеюін тудырады.
Скрыть текст
15-06
      Еріншектік – бұл ақыл-ойға негізделмеген даналық.
Скрыть текст
15-07
      Әйелі еріне:
      – Қымбаттым, сені қазір өте бақытты етемін!
      Ері:
      – Сенің орның ойсырап қалатын болды!
Скрыть текст
15-08
      – Сіз неліктен жұмысқа кешіктіңіз?
      – Түсінесіз бе, мен үйімнен кеш шықтым...
      – Ал ертерек шығуға болмада ма сонда?
      – Ертерек шығу ендігі кеш болатын болды...
Скрыть текст
15-09
      Автобуста кондуктор әйел орта жастағы ер адамға келіп:
      – Жол ақысын төлеңіз! - дейді.
      – Мен жалғыз басты әкемін!
      – Сонда неше балаңыз бар?
      – Он.
      – О Құдай! Олардың бәріне қалай қарап жүрсіз?
      – Оларға қараудың не керегі бар? Олар аналарымен тұрады!
      – Сіз ше?!
      – Мен жалғыз басты әкемін!..
Скрыть текст
15-10
      Әкесі, атасы және тіпті арғы атасы да өздерінің кәмелет жасқа толған кездерінде судың бетінде тура Иса Мәсих секілді жүргені туралы Джонни отбасылық аңызды естиді. Содан ол қайықты жалға алып әрірек жүзіп барыпты, сосын "теңіз бетімен, құдды құрғақ жермен жүргендей" болып тырысып көрді. Сосын әрине ол батып өле жаздады...
      – Көрдің бе Джонни, -деді әжесі, ол үйге қайтып келгенде, - мәселе мынада ғой, сенің әкең мен атаң қаңтарда туған, ал сен шілдеде...
Скрыть текст
15-11
      Кішігірім кафесымақта келушіге аса тартымды даяшы қыз қызмет көрсетіп жүреді. Тамақ ішіп алып, қонақ шот әкелуді сұрайды, ақшасын төлейді де даяшы қызға былай дейді:
      – Үнемі естігенде жаныңызға майдай жағатын үш сөз бар ғой, - дейді.
      – Иә.
      – Сол үш сөзді тауып берейін бе?
      – Тауып көріңіз!
      – Мен сізді сүйем!
      – О не дегеніңіз, мүлдем олай емес! Ол үш сөз: "Артық ақшаны ал!"
Скрыть текст
15-12
      Электричканың вагонына орыс-үнді типтік кедей қап және сыбызғысымен кіріп, жаттанды текстін айтады:
      – Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мазаларыңызды алғаныма кешіріңіздер. Өтінемін, ақшаларыңызды дайындаңыздар. Қазір мен сіздерге қайталанбас нөмір көрсетемін. Назарларыңызды салыңыздар! Қазір мен сыбызғыда ойнаған кезде, мына қаптан улы кобра шығып, сіздердің барлықтарыңызды шағып алады!!!
      Пассажирлердің біреуі:
      – Онда не үшін ақша береміз?
      Кедей:
      – Қалайша не үшін? Менің сыбызғыда ойнамауым үшін.
Скрыть текст
15-13
      Ыдыс-аяқ дүкенінде.
      – Анашым, неліктен сатушы кеселер мен тәрелкелерді қарындашпен тықылдатып жүр?
      – Ол жарықшағы немесе ақауы жоқ па деп, сапасын тексеріп жүр ғой.
      – А-а! Кеше мұғалімнің басымнан таяқшамен тықылдатқаны сол екен ғой.
Скрыть текст
15-14
      Екі достың әңгімесі:
      – Қалай жағдай?
      – Өте нашар.
      – Не болды сонша?
      – Бір танысыма пластикалық отаға 5000 доллар берген едім...
      – Енді не болды?
      – Енді оның түрі қандай екенін кім біледі?
Скрыть текст
15-15
      – Моңғолияда мынадай дәстүр бар: отбасында ұл дүниеге келгенде, әкесі ағаш отырғызады. Егер ұлы ақымақ болып өссе, онда сол ағашты кесіп тастайды...
      – Сол Моңғолияда болғам... Көз жетер жердің бәрі жазық дала...
Скрыть текст
15-16
      Дәрігер науқастың жұбайын бір шетке алып шығып, былай дейді:
      – Сіздің жолдасыңыз маған ұнамай тұр.
      Әйелі:
      – Маған да, доктор, бірақ балалары оны қатты жақсы көреді.
Скрыть текст
15-17
      Жерлеу бюросында.
      – Жерлеуді қандай санатпен ұйымдастырғанды қалайсыз, мырза?
      – Ең арзанмен, төртінші санатпен.
      – Ол санат бойынша веноктарды мәйіттің өзі апаратынын білесіз бе?
Скрыть текст
15-18
      – Вася, сен Ольгаға үйленгенсің бе?
      – Жоқ, ол сен кедейсің деді.
      – Бірақ сенің ағаң бай ғой. Неліктен оған бұл жайлы айтпадың?
      – Айттым.
      – Сосын?
      – Енді ол менің тәтем болды.
Скрыть текст
15-19
      Ер адам іссапардан қайтып келеді. Қағаздарын алып, бухгалтерияға барады. Онда:
      – Сөйтіп, бәрі түсінікті: мынау куәлік, мынау алғытөлемдікі. Ал мынау не қылған есепсіз сома?
      – Енді бұл қонақүйдің шоты ғой...
      – Оны кім сатып ал деді саған?
Скрыть текст
15-20
      Отадан кейін дәрігер пациенттен өзін қалай сезініп жатқанын сұрапты. Науқас:
      – Қазір бәрі жақсы-ау деймін, бірақ осы ота басталардың алдында басымнан зілбалғамен салып қалғандай болды...
      – Сіз бұны кешіре көріңіз, бізде жәй наркоз таусылып қалыпты...
Скрыть текст
15-21
      – Ханым, бұл көйлек сізді толық қып көрсетеді!
      – Шын ба? Ал мен самсадан көріп жүрсем...
Скрыть текст
15-22
      Тауыса алмай қалғаннан гөрі ұйықтап алған жақсы.
Скрыть текст
15-23
      Дәрігер науқастан сұрапты:
      – Сіз шегесіз бе?
      – Жоқ.
      – Ішесіз бе?
      – Жоқ.
      Сосын дәрігер айтыпты:
      – Мысқылдамай-ақ қойыңыз. Мен бәрібір бірдеңе тауып аламын!
Скрыть текст
15-24
      Екі ағамыз кездесіпті. Біреуі:
      – Тыңдашы, сен галстук байлауды білесің бе?
      – Білемін.
      – Маған байлап берші өтініш.
      – Онда жат.
      – Ал осылай тұрғанда болмай ма не?
      – Сен түсінші мен мәйітханада жұмыс істеймін, басқаша тұрғанда байлай алмаймын.
Скрыть текст
15-25
      Екі антрополог аборигендерді зерттеу үшін Полинезияның екі түрлі аралына тұрақтапты. Көп уақыт өтпей олардың біреуі екіншісінің аралына жүзіп барып, оның әріптесін жергілікті адамдар қоршап алғанын көріпті.
      – Қалың қалай? - деп сұрапты:
      – Керемет! Мен үлкен жаңалық аштым! Қара!
      Сонда ол пальманы көрсетіп сұрапты:
      – Бұл не?
      Жергіліктілер:
      – Мвамбамантанга!
      Жартасты көрсетіпті:
      – Ал бұл не?
      Әлгілер:
      – Мвамбамантанга!
      Аспанға көрсетіпті:
      – Ал мынау ше?
      Олар:
      – Мвамбаматанга!
      Әлгі біреуі:
      – Көрдің бе? Олардың сөздіктерінде тек бір ғана сөз - "мвамбаматанга"!
      Басқа ғалым:
      – Қызық екен! Ал менің аралымда "мвамбаматанга" деген "сұқ саусақ" дегенді білдіреді...
Скрыть текст
15-26
      Есі ауысқандар толы автобус келе жатыр, есі дұрысы - тек жүргізушісі. Бір кезде автобус бұзылып қалыпты, сосын жүргізуші шығып оны жөндемек болады. Сол кезде автобустан есуас шығып айтыпты:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін.
      Жүргізуші:
      – Қане тез автобусқа қайт!
      Сосын өзі әрі қарай ненің бұзылғанын таба алмаған күйі бәрін шұқылап көреді.
      Тағы әлгі есуас жүгіріп келіп:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін!
      – Кетшей әрмен! Отыр бар автобусқа!
      Ештеңе өндіре алмай тағы бір жарты сағатын құртқан жүргізуші бәрін тастай салып автобустың жанына отыра қалыпты. Тағы есуас шығып:
      – Ал мен ненің сынғанын білемін!
      – Өй әкеңнің ғана... Не ал сынған?!
      – Автобус!!!
Скрыть текст
15-27
      Екі құрбы.
      – Мен алғаш рет күйеуге шыққанымда сондай жайсыз жайт болды - аяқты сындырып алдым.
      – Сонда не, сірә күйеуің бірден кетіп қалған шығар?
      – Өй, ол сынған аяғымен қайта кетеді дейсің?
Скрыть текст
15-28
      – Дәрігер мен неге ақсаңдайтынымды түсіндім!
      – Енді?
      – Менің аяғымда он башпай екен!
      – Көке-ау, бәрінің де аяғында он башпайдан бар!
      – Үшеуі біреуінде, қалған жетеуі екіншісіне шығып па?
Скрыть текст
15-29
      Екі көрші әйел көшеде кездесіп қалыпты. Біреуі ішіне әп-әдемі бөпені салып алған бесік арбамен. Екіншісі оған қарап айтыпты:
      – Ой, ол сенің күйеуіңе қатты ұқсайды екен! Екеуі бір біріне аумайды екен...
      – Сен солай ойлайсың ба? - деп ойланып сұрапты екіншісі. - Бұл деген бесінші қабатта тұратын Катеринаның баласы ғой, ол көршісінен оған қарай тұруын сұрапты, ал өзі емізікті алып қайтуға кетіпті...
Скрыть текст
15-30
      Жаңа орыс үйіне таксимен келе жатыр, өйткені сылқиып тойып алған екен. Үйіне дейін жетіпті, есептеуіште алты доллар отыз бес цент шығып тұр. Ол қалтасына кіріп кетіп бір бума қалың ақшадан тура есепшот көрсеткен ақшаны санап беріпті.
      Таксист ренжіп:
      – Иә...мырза... кеше мен сіздің балаңызды үйге әкеліп тастағанмын, сосын ол маған ойланбастан жүз баксті ұстата салды...
      Жаңа орыс:
      – Хе...Енді не, оның әкесі миллионер ғой, а мен тұл жетім өскем!
Скрыть текст
15-31
      – Дәрігер мен мұрынмен дем ала алмаймын!
      – Ауызыңызбен дем алыңыз.
      – Рахмет дәрігер!
      – Рахмет емес, он доллар болады!
Скрыть текст
15-32
      Тоқылдақ тұмсығымен ағашты ұрғылап жатыр екен. Қуыстан үкі қарап тұр. Тоқылдаққа қаһарлы түрімен қарап айтыпты:
      – Сіз өзіңізді тыныш ұстай аласыз ба, маған түнгі ауысымға бару керек.
Скрыть текст
15-33
      – Әже, неге сенің көздерің сондай үлкен?
      – Жақсырақ көру үшін.
      – Ал құлақтарың неге үлкен?
      – Жақсырақ есту үшін.
      – Ал мұрның неге ұзын?
      – Біз пілдерміз ғой, немерем.
Скрыть текст
15-34
      Бір қаңғыбас екі студентке келіп, ақша сұрайды... Біреуі оған ештеңе бермейді, ал екіншісі кенеттен елу рубль береді. Біріншісі:
      – Сен неге оған ақша бердің? Ол барлығын араққа құртады ғой!
      Екіншісі:
      – Ал біз ше?
Скрыть текст
15-35
      Егер сіздің бірдеңеңіз жоқ болса, бұл нәрсе сізге керек емес деген сөз.
Скрыть текст
15-36
      – Мама, мен Джоннан сондай шаршадым! – деп бойжеткен анасына шағымданады.
      – Өзің оның артынан жүгіруді азайт...
Скрыть текст
15-37
      Егер адам алмасымен бөліссе, демек оның алмалары бар болғаны. Егер адам ойымен бөліссе, демек оның алмалары жоқ болғаны.
Скрыть текст
15-38
      Әйелі күйеуін түн ортасында оятыпты:
      – Сүйіктім, меніңше бір жерде тышқан шиқылдап тұрған сияқты.
      – Сен мен тұрып оны майлап қойғанымды қалайсың ба?
Скрыть текст
15-39
      – Ботқаңды же, әйтпесе мен жалмауыз кемпірді шақырамын.
      – Сонда сен ол келіп ботқаны жейді деп ойлайсың ба?
Скрыть текст
15-40
      Бір әйел егер қатты жылап ұрыс шығарып жіберсе екі жердегі екі де бес болатынына сенімді.
Скрыть текст
15-41
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Әне Катяға қарашы, біздің көрші. Ол жұмысқа кетіп қайтып келген сайын оны күйеуі сүйеді. Ал сен?
      – Мен бе? – деп күйеуі әйеліне кінәлі көзбен қарады. - Мен біздің көршімен әлі дұрыстап таныса қойған жоқпын.
Скрыть текст
15-42
      Әйелі күйеуіне курорттан жазуда: "Алты апта ішінде мен жарты салмағымды тастадым. Мен тағы шамалы бола тұрсам бола ма?"
      Күйеуі жеделхатпен жауап беріпті: "Онда тағы алты аптаға қала бер".
Скрыть текст
15-43
      Кекеш бір өтіп бара жатқан адамға айтыпты:
      – К-к-кешіріңіз, мұ-мұ-мұнда к-к-кекешт-т-терге а-арналған м-ме-мектеп қа-қ-қ-қайда?
      Әлгі адам:
      – Сізге кекештерге арналған мектеп несіне керек? Сіздің кекештенгеніңіз онсыз да жаман емес.
Скрыть текст
15-44
      Есіктің қоңырауы шырылдады. Есікке бір кісі жақындап сұрапты:
      – Кім бұл?
      – Сізге шақыру қағазы.
      – Мен деген қызметімді өтеп бітірдім емес пе!
      – Қызметті өтеуін өтедіңіз ғой... Ал енді тағы отырып шығасыз...
Скрыть текст
15-45
      Балгер жас әйелдің тағдырын айтып беріп жатыр:
      – Жақында, сен асылым әдемі қара шашты біреумен танысасың - және бұл сенің бірінші некең өте бақытты болады...
      – Шын ба? Ал сіз онда маған бұған менің қазіргі сары шашты күйеуім не дейтінін айтып бере алмас па екенсіз?
Скрыть текст
15-46
      Бір әйел 01 мен өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыпты:
      – Дереу жетіңіздер! Менің тереземе бір еркек кірмек болып жатыр!
      – Мүмкін сізге милицияға қоңырау шалу керек шығар?
      – Қайақтағы милиция?! Оған баспалдақ керек!
Скрыть текст
15-47
      Есіктің қоңырауы шырылдайды. Үй иесі ашыпты.
      – Сізде ваннада құбыр жарылған жоқ па?
      – Жоқ.
      – Қалай сонда жоқ? Бұл Петровтардың пәтері ме?
      – Петровтар екі ай бұрын көшіп кеткен.
      – Қандай адамдар өзі! Жөндеуге адамды шақырады да өздері кетіп қалады!
Скрыть текст
15-48
      – Сіздің сәбиіңіз сондай сүйкімді! Неткен ақылды көздер, топ-томпақ беті, шапшаң аяқтары десеңші! Және өзіңізге қатты ұқсайды екен... Айтпақшы, маған ақша түскенше бір жүздік қарызға бере тұрмайсыз ба?
      – Жоқ бере алмаймын. Бұл менің бірінші некелескен әйелімнің бөпесі.
Скрыть текст
15-49
      – Сіздің тәбетіңіз қалай?
      – Бірде бар, бірде жоқ.
      – Қашан жоқ болады сонда?
      – Әбден тамаққа тойған кезімде жоқ болады да.
Скрыть текст
15-50
      – Коля, Коля деймін, қане жүз граммнан тартып жібермедік пе?
      – Жоқ, мен іше алмаймын... Менің ішпеуіме үш себеп бар: біріншіден, мен қойдым, екіншіден, мен көлікпен жүрмін, ал үшіншіден, мен жаңа ғана үш жүз грамм алып қойғам...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Nurdaulet Aspenov, Алтынгуль Кептербаева
Корректор: Құралай Бекенова


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 14 Вернуться к началу Выпуск 16  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв