Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 16
16-01
      Саған махаббат күн сайын керек, дәл ақша секілді.
Скрыть текст
16-02
      – Анашым, неге мені мектепте бәрі ұмытшақ дейді?
      – Балақай, әрмен жүр! Сен көршілес кіреберісте тұрасың.
Скрыть текст
16-03
      – Менің үйімде тышқандар мысықты мазақ қылады!
      – Қалай?
      – Қақпандағы ірімшікке шүйгіншөп жағып қояды.
Скрыть текст
16-04
      – Әке мен саған бірдеңе айтуым керек.
      – Айт бірақ қысқа да нұсқа болсын.
      – Жүз доллар.
Скрыть текст
16-05
      Күйеуі:
      – Бұл жылы мен өмірі болып көрмеген жеріме барып демалғым келеді.
      Әйелі:
      – Сен ас үйді айтып отырсың ба?
Скрыть текст
16-06
      Күйеуі үйіне мас болып келді. Әйелі:
      – Сен маған кеше бүгін басқа адам болып келемін деп уәде бергенсің!
      – Иә... уәде бердім... Енді оның да ішкенді жақсы көретініне мен кінәлі емеспін ғой...
Скрыть текст
16-07
      – Жігітім, уақытты айтып жіберші?
      – Отыз бір рубль жеті копейка.
      – Сен не саңыраумысың?
      – Он екіден бес кетті...
Скрыть текст
16-08
      Аукционда:
      – Сіз бұны Рембрандттың шын түпнұсқасы екеніне кепілдік беремісіз?
      – Иә, кепілдік үш жылға.
Скрыть текст
16-09
      Ұзын пәлте киіп алған бір кісі көлге барып жүзе бастайды. Екінші бір кісі келіп сұрапты:
      – Әй, сен не істеп жүрсің?
      – Пәлтені жуып жатырмын.
      – Сенің үйіңде не кір жуғыш машина жоқ па?
      – Ол бар ғой, тек мен онымен жусам басым айнала бастайды.
Скрыть текст
16-10
      – Сен жаңа жылға не заттар сатып алдың?
      – "Наполеон" коньягі! Сен ше?
      – Молдаван вермутын алдым.
      – Фу-у!
      – Есесіне табиғи! Қандай ақымақ молдаван вермутын қолдан жасайды екен?!
Скрыть текст
16-11
      Бүкілресейлік "Жылдың ең адал кәсіпкері" жарысында сайыскерлерге екі екінші, үш үшінші орын берілді. Бірінші орын сатылмаған күй қалды.
Скрыть текст
16-12
      Құс базарында.
      – Айтыңызшы, мына күшіктердің тегі бар ма?
      – Әлбетте! Бәрі менің тегіме жазылған.
Скрыть текст
16-13
      Жаңа орыстан бір француз мейманханасында құрметті қонақтарға арналған кітапқа қолын қоюын сұрапты.
      – Не деп жазу керек өзі? - деп сұрапты ол өзінің көмекшісінен.
      – Сіз жаңа жерге келген кезде не деп жазушы едіңіз...
      Әлгі қаламды қолына алып жазыпты: "Мұнда Вася болды".
Скрыть текст
16-14
      Екі ер адам әңгімелесіп тұр екен. Біреуі:
      – Еһ, Петрович, бізде гаремдерге тиым салынғаны өкінішті-ақ.
      – Ал сен оны не қылайын деп едің, Семеныч?
      – Өй, менің Катькам ендігі жалғыз өзі мені бесінші қабатқа дейін сүйрелеп кіргізуге шамасы жетпей қалды.
Скрыть текст
16-15
      Жаңа орыс өзінің хатшысымен сөйлесуде:
      – Маған қонақ үйден ішінде телевизоры, диваны, былғарымен тартылған креслосы, компьютері, бейне жазғышы, джаккузиі және т.б мен т.с.с бар нөмірге тапсырыс бер.
      Кешкісін қонақ үйге келіп тапсырыс берілгеннен артық нөмірде тағы екі естен тандырарлық бірі аққұба, бірі қара шашты бикештердің отырғанын көреді. Ол өзінің хатшысына қайта хабарласып:
      – Ал мына отырған екеу кімдер?
      – Ә бұлар т.б мен т.с.с-лар ғой.
Скрыть текст
16-16
      Инспектор көлікті тоқтатыпты.
      – Сіздің куәліктеріңіз!
      – Бірақ мен ештеңені бұзған жоқпын ғой!
      – Куәліктерің, тез!
      – Бірақ мен ештеңеге кінәлі емеспін ғой!
      – Айыппұлды төлеңіз!
      – Жолдас инспектор, бірақ мен деген анық ештеңені де бұзған жоқпын ғой!
      – Менің балаларым сен бірдеңе бұзғаныңша күтіп отыра алмайды.
Скрыть текст
16-17
      Екеудің әңгімесі:
      – Семіз тақырбасқа жолдас емес!
      – Сен не өзіңді семізбін деп санайсың ба?
      – Жоқ, мен мына сен өзіңе өзің жаусың дегенді меңзеп тұрмын.
Скрыть текст
16-18
      – Даяршы, сіз маған әкелген ет өте қатты екен! Оны шайнау мүмкін емес. Метрдотелді шақырыңызшы.
      – Шақырғанмен көмектесе алмайды ма деп қорқамын, оның өзінің тістері алмалы-салмалы.
Скрыть текст
16-19
      Бір жігіт басқа біреуіне айтып жатыр екен:
      – Аквариум - менің осалдығым. Керек десең ондағы балықтар қалай жүзіп, асыр салып жатқанына сағаттап отырып қарай беремін.
      – Ал бұған сенің әйелің не дейді?
      – Оның шаруасы қанша, менің жұмыста не нәрсемен айналысатыныма.
Скрыть текст
16-20
      Бір әйел алтын балықты ұстап алыпты. Алтын балық оған былай депті:
      – Ал не қалайсың, кемпір?
      – Мен шалымның өз қалауын күнде орындай алса деймін!
      – Қиындығы жоқ, айтсаң болды, -деп жауап қатыпты балық.
      Кемпір үйіне келіп қараса -бөлменің қақ ортасында самогон жасайтын аппарат тұр екен!..
Скрыть текст
16-21
      Бір әке басқа баланың әкесіне қоңырау шалып:
      – Ал сіз балаңыздың математикадан берілген үй тапсырмасын орындадыңыз ба?
      – Орындадым, не болды?
      – Көшіріп алуға беріңізші.
Скрыть текст
16-22
      Жігіті мен қызы.
      – Қымбаттым! Маған дұрыс та керекті сөздерді табу сондай қиын...
      – Ештеңе етпейді, қымбаттым! Керекті сөздерді таба алмасаң - керекті cоманы тап!
Скрыть текст
16-23
      – Әке мен үйленетін болып шештім.
      – Жақсы, балам. Бірақ есіңе түйіп ал: жанұя бәрін алмастырады. Сондықтан оны құрмас бұрын ойлан, саған қайсысы маңыздырақ: бәрі ме, әлде жанұя ма.
Скрыть текст
16-24
      – Петр, - деді әйелі, - мен сенімен көп нәрселер туралы сөйлескім келіп еді...
      – Жарайды, - деп жауап берді күйеуі ауыр күрсініп. - Сірә сен өзіңде жоқ көп нәрселер туралы сөйлеспекші шығарсың.
Скрыть текст
16-25
      Полиция қызметкері жылдамдықты айтарлықтай асырып жіберген тәртіп бұзушыны тоқтатыпты.
      – Бірақ сэр, мен бәрін түсіндіріп бере аламын! - депті жүргізуші.
      – Оны менің бастығыма түсіндірерсің, ал оған дейін камерада отыра тұрасың!
      – Бірақ, менің айтайын дегенім...
      – Үніңді өшір...
      Бірнеше сағаттан соң полиция қызметкері тәртіп бұзушының камерасына кіріп айтыпты:
      – Сенің жолың болды, бастық қазір өзінің қызының тойында екен. Ол келгенде көңіл күйі жақсы болады!
      – Олай деп үміттенбеңіз! Мен - күйеу бала боламын.
Скрыть текст
16-26
      Қытай және орыс дәрігерлерінің симпозиумы. Медицинада кімнің жетістіктері жоғары екенін анықтауда. Қытайлықтар:
      – Біз адамға ағаш көз салып бердік, ол екі есе жақсы көре бастады. Орыстар:
      – Ал біз еркекке сиырдың желінін салып бердік, қазір ол күніне он литр сүтке дейін береді.
      Қытайлықтар:
      – Солай ма?! Оны кім көріпті?
      Орыстар:
      – Сол, ағаш көзі бар.
Скрыть текст
16-27
      Қатты мас депутат үйіне келеді де бірден әйеліне жабыса бастайды. Әйелі:
      – Сен өзіңді айнадан көрдің бе?
      – Неге, мені енді айнадан да көрсететін болған ба?
Скрыть текст
16-28
      – Неге Санта-Клаус сыйлықтарды жалғыз тасиды, ал Аяз Ата – Қаршақызбен бірге?
      – Санта-Клаус Жаңа жылдан кейін үйіне өзі жете алады, ал Аяз Атаны біреу сүйретіп жеткізеді керек.
Скрыть текст
16-29
      Қатты ішіп алған еркек үйіне келеді. Әйелімен қатты жанжалдасады. Еркек ренжіп қалады: түсінбейді, сүймейді дегендей. Бәрін тоқтатуға бел буады. Терезені ашып, үстіне шығып тұрады. Сол кезде бөлмеге әйелі кіріп келеді, бірден жағдайды түсініп, айғай салады:
      – Сен ең құрығанда қоқысты ала кетсеңші!
Скрыть текст
16-30
      Қатарынан үш дүкен тұр. Сол жақтағы дүкеннің қожайыны «Бізде ең төмен бағалар» деген маңдайшаны іліп қояды. Оң жақтағы дүкеннің қожайыны – «Бізде ең сапалы тауарлар». Ал ортадағы дүкеннің қожайыны, ойланып, келесі маңдайшаны іледі: «Негізгі кіретін есік осы жерде».
Скрыть текст
16-31
      Бір еркек дәрігерге келеді. Дәрігер оған:
      – Отырыңыз, айта беріңіз...
      – Дәрігер! Мәселе былай болып тұр: мен көп сөйлеймін, бірақ көбі кейін сен ештеңе айтпадың дейді. Бірақ мен сөйлегенімді нақты білемін. Жақында бір оқиға болды. Мен досымның үйлену тойына бардым. Бәрі кезекпен тұрып, құттықтау сөздерін айтты, күйеу мен қалыңдықтың денсаулығына ішіп жатыр. Мен де тұрдым, рөмкемді алдым: оларды құттықтадым, тілектер айттым, арағымды ішіп, орныма отырдым. Досым кейін маған жақындап былай деді: "Сен шектен шықтың - тұрдың, сөйлеген жоқсың, арақты ішіп алып орнына отырдың!" Дәрігер, маған не істеу қажет?
      Дәрігер басын көтереді, көзін сығырайтып еркекке қарайды және былай дейді:
      – Сонымен біз әлі қанша сөйлемейміз?..
Скрыть текст
16-32
      Кім маймылды жылдам сөйлетеді атты байқау өткізуге шешім қабылданды. Неміс, француз, және орыс қатысады. Байқау уақыты өтеді, қорытынды шығаруға жиналады. Неміс:
      – Мейрамханаға алып бардым, оған ас алып бердім, ол жеп алды, бірақ сөйлемейді...
      Француз:
      – Мейрамханаға алып бардым, ол ештеңе жегенде жоқ. Ыдыстарды сындырды және қашып кетті.
      Жалғыз орыс қана мақтанады:
      – Ал менің маймылым сөйледі! Мен оны тек қана мейрамхана емес, сонымен қатар театр, бассейн, казиноға апардым!
      Маймыл басын ұстап:
      – Жалған! Жалған айтып отыр!
Скрыть текст
16-33
      Мас еркек түнде үйіне қарай келе жатыр. Аулаға кіргенде үйшіктен ит шығады да оған үре бастайды. Еркек:
      – Тыныш, ақымақ! Әйелім оянса – сен қайда ұйықтайсың?
Скрыть текст
16-34
      Сыныптағы әңгіме:
      – Вовочка, неге сенің диктантыңда ашық жерлер қалып қойған?
      – Бұл, Марь Ивановна, жарнамаға арналған орын.
Скрыть текст
16-35
      Үстел басында күйеуі мен әйелі әңгімелесуде:
      – Сен айына алты мың аласын. Мен – төрт мың, екі мыңға шөлмектерді тапсырамыз. Сонда біздің ақшаларымыз қайда кетеді?
Скрыть текст
16-36
      Кәрі профессор әріптестеріне:
      – Жақында түс көрдім, студенттерге дәріс оқып тұр екенмін. Оянсам, не деп ойлайсыздар? Шынымен дәріс оқып тұр екенмін.
Скрыть текст
16-37
      – Айтшы, көрші, қалай байыдың?
      – Қысқаша айтайын. Ұрлық жасадым.
Скрыть текст
16-38
      – Бүгін кешке не істейсің?
      – Ештеңе. Мен ішуді қойғанмын.
Скрыть текст
16-39
      Кәрі шахтер жас жұмыскерге:
      – Сен бізде үш ай жұмыс істейсің, бірақ әлі күнге дейін бірінші сұрыпты көмірді екінші сұрыптыдан ажырата алмайсың!
      – Есесіне мен бір тонна көмірде 700 кг болатынын мақтап есімде сақтадым!
Скрыть текст
16-40
      Жас отбасында жанжал шығады. Әйелі айғайлайды:
      – Өзіңнің өзімшілдік қылықтарыңды қой: «менің әйелім», «менің жалақым», «менің пәтерім», «менікі, менікі»! Есіңде сақта, тек біздікі ғана бар!.. Айтпақшы, сен шкафтан не іздеп жатырсың?
      – Біздің ұстараны.
Скрыть текст
16-41
      Әйелдер неге мысықты сонша жақсы көретіндігі мүлде түсініксіз. Мысықтар - еркін тіршілік иелері, олар айтқанды тыңдамайды, шақырсаң, келмейді, түнде қаңғығанды жақсы көреді, үйге тек қана тамақ ішіп, еркелеу үшін келеді. Кейін олар өздерін жайына қалдырып, ұйықтауға мұрсат бергенді қалайды. Басқаша айтқанда – әйелдер еркектерді не үшін жек көрсе, сол қылықтар үшін мысықты жақсы көреді...
Скрыть текст
16-42
      – Сіздің қолыңыз менің қалтамда не істеп жатыр?
      – Сіріңке іздеуде.
      – Оның трамвайда қажеті қанша?
      – Бар болғаны сіздің сөмкеңізде қараңғы, әмиянды тауып алу мүмкін емес.
Скрыть текст
16-43
      – Балам, - дейді әкесі, оның күнделігін қарап, - сен қашан екі әкелгенді қоясың?
      – Демалыс басталғанда.
Скрыть текст
16-44
      – Жолдас майор, мен қылмыс орнына жалғыз барайын ба әлде итпен бірге ме?
      – Итпен, сержант, итпен. Бір бас - жақсы, ал екеу – тіпті жақсы.
Скрыть текст
16-45
      Дәрігердің кабинетінде телефон шылдырлайды:
      – Дәрігер, айтыңызшы, Иван Петровтың денсаулығы қалай?
      – Әлі есін жинаған жоқ.
      – Сіздің ойыңызша қашан оянуы мүмкін?
      – Мүмкін жақындағы жұмада болар.
      – Ақпаратқа көп рахмет.
      – Мархабат. Қоңырау шалып тұрған кім?
      – Иван Петров. Бұл мені мұнда әлі қанша ұстайтындарын білудің жалғыз тәсілі.
Скрыть текст
16-46
      – Рөлдегілердің қайсысынан қорқасың?
      – Сарбаздардан.
      – Тағы?
      – Мотоцикл мінгендерден.
      – Тағы кімнен?
      – Мас адамдардан.
      – Ал әйелдерден қорқасың ба?
      – Қорыққанда қандай! Рөлдегі әйел - бұл деген рөл ұстаған мас сарбазбен бірдей деген сөз!..
Скрыть текст
16-47
      Дәрігерде.
      – Білесіз бе, әкей, маған сіздің жөтеліңіз ұнамайды.
      – Маған да ұнамайды, бірақ жөтелдің жақсысы менде жоқ.
Скрыть текст
16-48
      Ботаника сабағы. Мұғалім сұрайды:
      – Бізге айтшы, Коля, алма жинауға ең сәтті кезең қашан?
      – Ит байлаулы тұрғанда.
Скрыть текст
16-49
      – "Қасқыр да тоқ, қой да аман" мақалының мағынасы нені білдіреді?
      – Мүмкін, қасқырлар бақташы мен итті жеп қойған шығар...
Скрыть текст
16-50
      Жаңа жылдық кеште:
      – Федя, сен не ішесің – шампан, сыра, шарап, арақ?
      – Иә, сондай кезекпен ішермін.
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 15 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв