Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 



Автор идеи, составитель и переводчик шуток
с русского языка на английский: Андрей Краснов


С казахским не шутят?

Выпуск 17
17-01
      Менеджер – сізге түкке тұрмайтын, пайдасыз затты оңай сата алатын адам.
Скрыть текст
17-02
      Кеше досым екеуіміз ішуді қойдық. Бүгін соны жуамыз.
Скрыть текст
17-03
      Автоматты жауап қайтарғыш.
      * Абонент қызмет көрсету аясынан тыс жерде немесе уақытша қайтыс болған. Көңіл айту сигналдан кейін қабылданады.
      * Алло! (үзіліс) Сәлем! (үзіліс) Иә, байқасам сіз автоматты жауап қайтарғышпен сөйлескенді ұнатады екенсіз. Сигналдан кейін тағы да байқап көріңіз.
      * Сәлеметсіз бе, байланыста Олег. Қазір мен үйде жоқпын, бірақ сіздің хабарламаңызды жазып ала аламын. Бір секунд, қаламымды тауып алайын. Сонымен, сіз маған не хабарлағанымды қалайсыз?
      * Кешіріңіз, біздің пәтерде тінту жүріп жатыр. Жеті жыл және тәркілеуден кейін қоңырау салыңыз.
      * Мен телефонға жауап бере алмаймын, себебі менде амнезия – есімде жоқ адамдармен сөйлескенде өзімді нақұрыс сезінемін. Маған көмектессеңіз: есімімді және мен туралы бірдеңе айтып берсеңіз, сізге риза болар едім. Рахмет.
Скрыть текст
17-04
      Қылмыстық хроника.
      Өтініштен:
      Төбелесті аяғына дейін қараймын деп, екі жақтан да таяқ жедім.
      Түсініктемеден:
      Жұмыстан ішіп келдім және көршінің сиырын неге ұрып тастағаныма жауап беруге қиналамын.
      Түсініктемеден:
      Көрші бізге күні бойы жанжалдасуға жол бермеді, бірақ кешке күйеуім екеуіміз шерімізді тарқаттық.
      Қаулыдан:
      Семеновтың Павлюкке лақтырған кірпіші мүлт кеткендіктен, бұзақылық сәтсіз деп саналсын.
Скрыть текст
17-05
      Армян радиосы жауап береді:
      – Қайызғақтан өлуге бола ма?
      – Иә, егер көп жеп қойсаң.
      – Неге Құдай аққұба қызға тауыққа қарағанда бір ми қатпарын артық берген?
      – Есік алдында жүріп қытқылдамасын деп.
      – Егер жұмыс істегің келіп тұрса не істеу қажет?
      – Жата тұр, ынтаң басылады.
      – Сүйдім деп ыммен көрсеткен еркек туралы әйел не ойлауы мүмкін?
      – Қандай жалқау адам,- деп.
Скрыть текст
17-06
      Екі психолог:
      – Мен жаңа түскен емделушілерден ылғи шахмат ойнайсыз ба деп сұраймын.
      – Не үшін?
      – Егер ойнамаса – ойнауға кеңес беремін, ал егер ойнаса – тоқтатуға кеңес беремін.
      – Неге?
      – Неге – өзім де білмеймін, сексен пайыз жағдайда көмектеседі.
Скрыть текст
17-07
      – Мен медициналық энциклопедияны оқысам, өзімнен барлық ауруларды табамын.
      – Ондай болады. Мен Қылмыстық кодексті оқысам, әр бет сайын өзімді темір тордың ар жағына қамалғандай сезінемін.
Скрыть текст
17-08
      Екі төбет беделді адамдардың итіне қызыға қарап:
      – Сен мынаған қарашы – жай ғана ит емес, көз алмайтындай! Қарғыбауының өзішетелдікі!
      – Қарғыбауы ғана емес, оның биттері де ”импыртный”!
Скрыть текст
17-09
      Бала бақшада балаларды алтыға дейін санауды үйретіп жатыр. Бәрі алтыға дейін санап бітіргенде бір бала:
      – Мен әрі қарай білемін, - дейді
      Тәрбиеші:
      – Жақсы, біз сені тыңдап тұрмыз.
      – ... жеті, сегіз, тоғыз, он, ,балта, мәтке, король, тұз...
Скрыть текст
17-10
      Екі адам кездеседі. Бірі екіншісіне:
      – Сен әйеліңе Жаңа жылға не сыйлайсың?
      – Жаңа қолғап. Ал сен ше?
      – Сақина.
      – Алтын ба?
      – Жоға, баскетболдық – қуаныштан секірсін.
Скрыть текст
17-11
      Әйелдер шашын, ернін бояйды, жасанды шаш, кірпік, силиконды төс және басқа да нәрселерге әуес. Содан кейін нағыз еркектер жоқ дейді.
Скрыть текст
17-12
      Әйелі күйеуіне:
      – Сүйіктім, мен сенің жаңа машинаңмен қалай жүргенімді саған қазір айтайын ба, әлде ертең газеттерден білесің бе?
Скрыть текст
17-13
      Екі адам кездеседі.
      – Жоқ, жоқ, мүмкін емес, - дейді біреуі. – Өткен аптада сенің түріңе қарап, мен бәрі біткен шығар деп ойладым!
      – Сенікі дұрыс! Бірақ, бағыма орай, дәрігер ауырып қалды, ал мен өзің көріп тұрғандай тірімін!
Скрыть текст
17-14
      Қартайған генерал өзінің немересімен қыдырып жүр.
      – Ата, мен өскенде генерал боламын ба?
      – Әрине балам!
      – Ал маршал ше?
      – Маршал бола алмайсың, маршалдардың өз немерелері бар.
Скрыть текст
17-15
      – Кел сүйісейікші, сүйіктім!
      – Жоқ, болмайды! Менің анам сүйісуге қарсы.
      – Бірақ, мен сенің анаңды сүйейін деп жатқан жоқпын ғой.
Скрыть текст
17-16
      Әжесі мен немересі асүйде отыр.
      – Иә. Біздің кезімізде музыка әлдеқайда әуенді болатын.
      – Әже! Бұл жұмыс істеп тұрған араласытрығыштың дыбысы ғой.
Скрыть текст
17-17
      Яхтадағы диалог:
      – Капитан! Капитан!
      – Не болды?
      – Зәкір судың бетіне көтерілді!!!
      – Хммм... Жаман белгі...
Скрыть текст
17-18
      Диктор теледидардан хабарлап жатыр:
      – Құрметті телекөрермендер, өтінемін, теледидар экранына лақтыруыңыз мүмкін ауыр заттарды өзіңізден әрірек қойыңыз. Қазір сіздердің алдарыңызда қаржы министрі бағалардың көтерілуі туралы сөз сөйлейді...
Скрыть текст
17-19
      Директор жұмыстан шығарылып жатқан жұмыскерге:
      – Өте өкінішті, мен сізге үйреніп қалдым. Сіз маған туған баламдай болдыңыз: тура сондай жауапсыз, жалқау, бықсыған...
Скрыть текст
17-20
      – Дәрігер, менің басымды отадан кейін сіз тіктіңіз бе?
      – Мен. Тігістің сапасына наразылық бар ма?
      – Жоқ, дәрігер, тігіс жақсы. Бірақ, бұл менің басым емес...
Скрыть текст
17-21
      – Дәрігер! Барлық саңырауқұлақтарды жеуге бола ма?
      – Ия, тек кейбіреулерін біррет қана...
Скрыть текст
17-22
      Егер ақылды әйелдер, шынымен ақылды болса, ол туралы ешқашан ешкім білмес еді.
Скрыть текст
17-23
      Демалыс күні әкем Nissan X-Trail суретін өзінің тілек альбомына жапсырып қойды. Ал кеше ол соған соғылды.
Скрыть текст
17-24
      – Неге мүсіннен қайыр сұрап отырсың?
      – Өзімді адамдардың елемеуіне үйретіп жатырмын.
Скрыть текст
17-25
      – Бойжеткен, сіз үйге осынша кеш қайтуға қорықпайсыз ба?
      – Қорыққанда қалай! Кенет біреу тоқтатса, өзіммен бірге не төлқұжатым , не қару ұстауға рұқсат қағазым жоқ!
Скрыть текст
17-26
      Қыздар, егер еркек сіз үшін ессіз қылыққа даяр болса, өз таңдауыңызды жасауға асықпаңыздар – мүмкін, ол жай ғана ақымақ шығар.
Скрыть текст
17-27
      Барға иығында керемет тотықұсы бар негр кіреді. Бар даяшысы таңғалып тотықұсқа қарап сұрақ қояды:
      – Мынаны қайдан алдың?!
      Тотықұс:
      – Қайдан-қайдан, Африкадан. Олар онда миллиондап мекен етеді!!!
Скрыть текст
17-28
      Шағымнан:
      Мен сатушыдан ұрылардан сақтайтын жақсы құлып беруді өтіндім, ол мені келемеждегісі келгені анық. Берген құлпын кешке өзім де аша алмадым, сондықтан айықтырғышта түнеп шықтым.
Скрыть текст
17-29
      – Сәлеметсіз бе, тегін дәрігер!
      – Сәлеметсіз, күдер үзген науқас!
Скрыть текст
17-30
      Ақылды әйелдер болмайды деп бекер айтады. Мен бірде сондай біреуін кездестірдім...
Скрыть текст
17-31
      Бақылаудан. Егер адам тапжылмай қызметтік сатымен көтеріліп келе жатса, ол онық мансапқорлығының белгісі емес. Мүмкін, ол жай өрт сөндіруші шығар...
Скрыть текст
17-32
      – Қашан даудан ақиқат туындайды?
      – Дауға бастық кіріссе.
Скрыть текст
17-33
      МЖҚИ инспекторы лотереядан миллион ұтып алады. Одан ақшасын қалай жұмсайтынын сұрағанда ол:
      – Өзіме көше қиылысын сатып аламын да өзім үшін жан салып жұмыс істеймін!
Скрыть текст
17-34
      МЖҚИ инспекторы көлікті тоқтатады.
      – Құжаттарыңызды көрсетіңіз. Мә, сіздің фотосуретңіз дұрыс емес қой!
      – Неге дұрыс емес? Міне мен – сол жақтан үшінші!
Скрыть текст
17-35
      Ұшақ ұшып барады. Парашютін арқалаған командир кабинасынан шығып көңілсіз түрмен салонды аралап келеді. Жолаушылар алаңдап сұрақ қояды:
      – Не болды, командир?
      Ол жауап орына күрсінеді. Ұшақтың артына жақындайды да люкті ашады. Соңғы жолаушы командирге:
      – Не болды сонша?!
      Ал командир күрсініп, ақырын ғана:
      – Жұмыс мәселесі…
Скрыть текст
17-36
      Бір еркек көшеде келе жатып мейрамхананың жарнамасын көреді: "Сіз біздегі түскі ас үшін ештеңе төлемейсіз. Ол үшін сіздің немерелеріңіз төлейді." Еркек ішінен: "Жаман емес." Мейрамханаға кіріп, жақсы түскі асқа тапсырыс береді. Бәрін жеп алғанда оған шалқадан түсетіндей шот әкеледі. Еркек ызамен сұрайды:
      – Сіздердің жарнамаларыңыз ше?
      – Жарнамамен бәрі дұрыс. Сіз үшін немерелеріңіз төлейді. Бірақ бізде сіздің атаңыз тамақтанған болатын...
Скрыть текст
17-37
      - Коля, сен мектепке барып жүрсің бе?
      – Иә.
      – Онда айтшы, екі жерде екі қанша болады?
      – Төрт.
      – Жарайсың! Міне, сол үшін саған төрт кәмпит.
      – Қап бәлем, алдын ала білсем ғой, он алты дер едім! – деп ренжиді Коля.
Скрыть текст
17-38
      Қатал ойлар.
      Артына қарап үлгермейсің - қарайтын да ештеңе жоқ.
      Шайтанға жанын сатқандар, шайтанның өзінен де қорқынышты.
      Ол өмірге қырық градусты бұрыштан қарады.
      Жалғыздан-жалғыз қалғанда, көмекке шақыра бастадым.
Скрыть текст
17-39
      – Ашыңыз, милиция!
      – Неге өздерің есікті жауап алдыңдар?
Скрыть текст
17-40
      – Мама, әке сізге Рождествоға елтірі пәлте сыйлай ма?
      – Сыйламайтын шығар.
      – Ал сіз жерге құлап, аяғыңызбен тепкілеп көрдіңіз бе?
Скрыть текст
17-41
      Бір ер бала дәмханада жас жігітке келіп:
      – Ағай, сіз де, мүмкін, курсант боларсыз?
      – Оны қайдан білдің?!
      – Менің әкем де шәйді пышақпен араластырады...
Скрыть текст
17-42
      – Мама, маған мектепте балалар сенің басын пияздың басына ұқсайды дейді.
      – Балам, өз бөлмеңе барсаң қайтеді, әйтпесе саған көзге жас алмай қарау мүмкін емес.
Скрыть текст
17-43
      Анасы қызына үйретуде:
      – Менен үлгі ал! Мен жиырма жыл тұрмыстамын және осы уақыт ішінде бір-ақ адамды сүйдім!
      – Міне қызық! Әкем білсе үлкен жанжал шығады!
Скрыть текст
17-44
      Анасы ұлына:
      – Біз саяжай сатып алуды шештік, сондықтан әкең ішуді тастайды, мен темекі шегуді, ал сен не істейсің?
      – Мен мектепті тастай аламын!..
Скрыть текст
17-45
      Милиция қызметкері көлікті тоқтатады:
      – Жүргізуші жолдас,сіздің жолаушыңыз неге қауіпсіздік белдігін тақпаған?
      – Сен қорықпа, бұл – менің енем, ол бүгін жуас болып отыр!..
Скрыть текст
17-46
      Сәнгерлер ақыры қарапайым халыққа беттерін бұрды. Толық, аласа бойлы әйелдерге киімдер шығара бастады. Сіздер ол киімдердің ұзын бойлы, сымбатты қыздарда қалай біртүрлі тұратынын көрсеңіз ғой.
Скрыть текст
17-47
      Күйеуі әйеліне:
      – Қымбаттым, бүгін бізге менің қызметтестерім қонаққа келеді, сен бірдеңе даярлап қой...
      – Жақсы, қымбаттым. Қалай даярлайын: олар тағы да келетіндей қылып па, әлде келметйіндей етіп пе?
Скрыть текст
17-48
      Бір еркек шипажайда танысқан әйелге:
      – Сізбен танысқан күннен бастап, мен не ас, не су іше алмаймын, не темекі шеге алмаймын...
      – Сіз мені соншалықты қатты сүйіп қалдыңыз ба?
      – Олардың бәріне ақша қалмайды.
Скрыть текст
17-49
      Бір еркек көршісіне:
      – Менің әйелім мүлде ас дайындай алмайды. Мен сейілдеуге барғанда құмырсқаларға асқазанның дәрісін аламын!..
Скрыть текст
17-50
      Сауық кешінде жас қыз жігіттен сұрайды:
      – Сені неге Коля-өрмекші деп атайды?
      – Қойшы соларды! Мазақ қылады. Бар болғаны бір рет компоттың ішіндегі шыбынды байқамай ішіп қойдым...
Скрыть текст


Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова
Корректор: Құралай Бекенова


©  Татьяна Валяева   2007–2018
http://kaz-tili.kz/
 <<  Выпуск 16 Вернуться к началу Сказки  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв