Казахский язык
Список сказок

Кім күштірек   (адыгей ертегісі)

Бір кедей шаруаның тек екі бұқасы болыпты.
Бір күні олар мұздың үстімен келе жатып құлап қалды да, екі бұқа өлді.

– Әй, мұз, сен қандай күштісің! – деді шаруа.
– Егер мен күшті болсам, мен күнге ерімес едім, – деді мұз.
– Әй, күн, сен қандай күштісің! – деді шаруа.
– Егер мен күшті болсам, мені бұлт жаппас еді.
– Әй, бұлт, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, жаңбыр жаумас еді.
– Әй, жаңбыр, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, шөп өспес еді.
– Әй, шөп, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, қой мені жұлмас еді.
– Әй, қой, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, бай мені жемес еді.
– Әй, бай, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, тышқан менің тамақтарымды ұрламас еді.
– Әй, тышқан, сен қандай күштісің!
– Егер мен күшті болсам, мені мысық жемес еді.
– Әй, мысық, сен қандай күштісің!
– Әрине, мен күштімін: мен жеті көршімнің қаймағын жеймін, сосын ханшайымның алдында рахаттанып отырамын, – деді мысық.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Кедей шаруаның қанша бұқасы болды?
2) Екі бұқа қалай өлді?
3) Шаруа мұздан не деп сұрады?
4) Мұз не деді?
5) Неге бұлт күшті емес?
6) Неге бай күшті емес?
7) Неге мысық күшті болды?
8) Мысық не деп жауап берді?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Шаруаның бір бұқасы және бір сиыры болды.
2) Бір күні екі бұқа өліп қалды.
3) Бұлт күшті болмады, өйткені жаңбыр жауды.
4) Кедей шаруа тауда тұрды.
5) Мысықтың ханшайымы мейірімді адам болды.
6) Шөп күшті болды.





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  Кәрі теке мен қасқыр Вернуться к началу Аңшы мен жылан  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга