Казахский язык
 Полезные материалы → Сказки → Түлкі мен ит

Прослушать Түлкі мен ит   (кабардин ертегісі)

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Прослушать Бір күні аң аулау кезінде ит түлкіні көрді де, қуды. Түлкі тез жүгірді, ал ит одан да тез жүгірді.

Прослушать «Міне, түлкі жақын, қазір үлпілдек құйрығынан ұстап аламын» деп ойлады ит.

Прослушать Түлкі құйрығын бұлғаңдатты да, бар күшімен жүгіріп інге кіріп кетті.
Прослушать Түлкі інде жатып, сұрақ қойды:

Прослушать – Құлақтарым менің, мені құтқару үшін не істедіңдер?
Прослушать – Біз әр тысырды тыңдадық, біз иттің даусын бірінші естідік.
Прослушать – Шын айтасыңдар. Көздерім менің, мені құтқару үшін не істедіңдер?
Прослушать – Мұқият қарадық, біз итті бірінші көрдік.
Прослушать – Шын айтасыңдар. Аяқтарым менің, мені құтқару үшін не істедіңдер?
Прослушать – Біз сені иттен алып кеттік.
Прослушать – Ол да шын. Ал сен, менің үлпілдек құйрығым, мені құтқару үшін не істедің?
Прослушать – Мен құйрығымды бұлғаңдатып, итті алдадым.
Прослушать – Өтірік айтасың, оңбаған құйрық! Сен әрбір бұтаға, тікенекке іліндің, маған кедергі жасадың.
Сен маған керек емессің!

Прослушать Түлкі құйрықтынен шығарды. Ит құйрықты ұстап алды да, түлкіні іннен суырып алды.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қашан ит түлкіні көрді?
2) Неге ит түлкіні қуды?
3) Ит түлкіні ұстап алды ма әлде түлкі інге кіріп кетті ме?
4) Түлкі қандай сұрақ қойды?
5) Құлақтар не деп жауап берді?
6) Көздерден не деп сұрады?
7) Олар не деді?
8) Тілкі сосын неден сұрады?
9) Аяқтар не деді?
10) Түлкі үлпілдек құйрықтан сұрады ма?
11) Түлкіге құйрықтың жауабы ұнады ма?
12) Неге түлкі құйрықты іннен шығарды?
13) Мына түлкі ақылды ма?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Бір күні аң аулау кезінде түлкі итті көрді де, қуды.
2) Иттің аты Желагең болды.
3) Түлкінің даусын бірінші естіді, иттің құлақтары әр тысырды тыңдады.
4) Ит түлкіні іннен сурып алды.
5) Түлкі орманда өмір сүрді.
6) Түлкі құйрықты іннен шығарды.





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Бұйра қыз Наверх ↑ Мега шөбі  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы