№1 Добавьте личные окончания. Там, где личные окончания отсутствуют, знаки подчёркивания игнорируйте.
1) Біз дүкенде тұрмыз. 2) Мен үйімнің қасында тұр_______. 3) Ол кереуетте жатыр_______.
4) Сіздер кең бөлмеде жатыр__________. 5) Сендер саябақта жүр__________. 6) Біз Медеу
мұзайдынында жүр_______. 7) Бала еденде отыр_______. 8) Мен ауруханада жатыр_______.
9) Ол аялдамада тұр_______. 10) Сіздер далада жүр__________. 11) Сіз мейрамханада отыр_______ ба?
12) Біз мұғаліммен отыр_______. 13) Сіздер дүкенде жүр__________ ме? 14) Балалар кілемде
жатыр_______ ма? 15) Сендер еденде жатыр__________ ма? 16) Сен сауда үйінде тұр_______ ба?
17) Біз қай көшеде тұр_______? 18) Кітап үстелде жатыр_______. 19) Сіз кезекте тұр_______ ба?
20) Сіздер шөпте жатыр__________.
1) Біз дүкенде тұрмыз. 2) Мен үйімнің қасында тұрмын. 3) Ол кереуетте жатыр. 4) Сіздер кең
бөлмеде жатырсыздар. 5) Сендер саябақта жүрсіңдер. 6) Біз Медеу мұзайдынында жүрміз.
7) Бала еденде отыр. 8) Мен ауруханада жатырмын. 9) Ол аялдамада тұр. 10) Сіздер далада
жүрсіздер. 11) Сіз мейрамханада отырсыз ба? 12) Біз мұғаліммен отырмыз. 13) Сіздер дүкенде
жүрсіздер ме? 14) Балалар кілемде жатыр ма? 15) Сендер еденде жатырсыңдар ма? 16) Сен
сауда үйінде тұрсың ба? 17) Біз қай көшеде тұрмыз? 18) Кітап үстелде жатыр. 19) Сіз кезекте
тұрсыз ба? 20) Сіздер шөпте жатырсыздар.
---
1) Мы находимся в магазине. 2) Я стою рядом с моим домом. 3) Он лежит в кровати. 4) Вы находитесь
в просторной комнате. 5) Вы находитесь в парке. 6) Мы находимся на катке Медео. 7) Ребёнок сидит на полу.
8) Я лежу в больнице. 9) Он стоит на остановке. 10) Вы находитесь на улице. 11) Вы в ресторане сидите?
12) Мы сидим с учителем. 13) Вы находитесь в магазине? 14) Дети находятся на ковре? 15) Вы находитесь на полу?
16) Вы находитесь в торговом доме? 17) Мы на какой улице стоим? 18) Книга лежит на столе.
19) Вы в очереди стоите? 20) Вы находитесь на траве.
Скрыть ответы
№2 К основе глаголов добавьте суффиксы "ып/iп/п" (не забывайте про исключения в присоединении этих суффиксов). Там, где нужно, измените конечную согласную на звонкую.
асығып, жаса_____, аудар_____, жап _____, өткіз_____, үйрен_____, жаз_____, істе_____, жина_____,
қара_____, сөйле_____, көрсет_____, орында_____, же_____, тазала_____, ақылдас_____, кеңес_____,
ал_____, соқ_____, серуенде_____, көр_____, іш_____, дайындал_____, ұйықта_____, сүрт_____,
тапсыр_____, күт_____, айт_____, ойна_____, тыңда_____, теп _____, сат_____, аш_____, түсін_____,
ұста_____, сөйлес_____, жібер_____, өс_____, ұмыт_____, таңда_____, бол_____, келіс_____,
шығар_____, кездес_____, демал_____.
асығып, жасап, аударып, жауып, өткізіп, үйреніп, жазып, істеп, жинап, қарап, сөйлеп, көрсетіп,
орындап, жеп, тазалап, ақылдасып, кеңесіп, алып, соғып, серуендеп, көріп, ішіп, дайындалып,
ұйықтап, сүртіп, тапсырып, күтіп, айтып, ойнап, тыңдап, теуіп, сатып, ашып, түсініп, ұстап,
сөйлесіп, жіберіп, өсіп, ұмытып, таңдап, болып, келісіп, шығарып, кездесіп, демалып.
Скрыть ответы
№3 Добавьте суффиксы "ып/iп/п" и личные окончания. Переведите на русский язык.
1) Мен көріп отырмын. 2) Сендер хабарлас_____ жүр__________.
3) Ол тыңда_____ тұр_______. 4) Сіздер жаз_____ отыр__________. 5) Біз жу_____ тұр_______. 6) Мен
дайындал_____ отыр_______. 7) Олар сөйлес_____ тұр_______. 8) Сіздер демал_____ жатыр_________.
9) Біз күт_____ тұр_______. 10) Сен биле_____ жүр_______. 11) Біз жаңа сөздерді қайтала_____
жатыр_______. 12) Балалар аулада қармен ойна_____ жүр_______. 13) Ол жақсы жауап бер_____
жатыр_______. 14) Сенің отбасың ауылда демал_____ жатыр_______ ма? 15) Мен дүкенге бар_____
жатыр_______. 16) Сіздің қызыңыз институтта оқы_____ жүр_______ ме? 17) Сен кімге телефон
соқ_____ тұр_______? 18) Далада жаңбыр жау_____ тұр_______ ма? 19) Сіз кімді күт_____ отыр_______?
20) Ол неге қуан_____ жүр_______?
1) Мен көріп отырмын. 2) Сендер хабарласып жүрсіңдер. 3) Ол тыңдап тұр. 4) Сіздер жазып
отырсыздар. 5) Біз жуып тұрмыз. 6) Мен дайындалып отырмын. 7) Олар сөйлесіп тұр.
8) Сіздер демалып жатырсыздар. 9) Біз күтіп тұрмыз. 10) Сен билеп жүрсің. 11) Біз жаңа
сөздерді қайталап жатырмыз. 12) Балалар аулада қармен ойнап жүр. 13) Ол жақсы жауап
беріп жатыр. 14) Сенің отбасың ауылда демалып жатыр ма? 15) Мен дүкенге бара жатырмын.
16) Сіздің қызыңыз институтта оқып жүр ме? 17) Сен кімге телефон соғып тұрсың? 18) Далада
жаңбыр жауып тұр ма? 19) Сіз кімді күтіп отырсыз? 20) Ол неге қуанып жүр?
---
1) Я смотрю. 2) Вы связываетесь (обмениваетесь новостями). 3) Он слушает. 4) Вы пишите.
5) Мы моем. 6) Я готовлюсь. 7) Они разговаривают. 8) Вы отдыхаете. 9) Мы ждём.
10) Ты танцуешь. 11) Мы новые слова повторяем. 12) Дети на улице со снегом играют.
13) Он хорошо отвечает. 14) Твоя семья в ауле отдыхает? 15) Я в магазин иду.
16) Ваша дочь в институте учится? 17) Ты кому звонишь? 18) На улице дождь идёт?
9) Вы кого ждёте? 20) Он чему радуется?
Скрыть ответы
№4 Из первых десяти предложений предыдущего упражнения образуйте отрицательные формы. Сначала образуйте отрицательную форму при помощи суффиксов "ған/ген, қан/кен" и отрицания "жоқ", затем с помощью суффиксов "ба, бе, па, пе, ма, ме".
Мен көріп отырмын. Мен көріп отырған жоқпын. Мен көрмей отырмын.
1) Мен көріп отырмын. 2) Сендер хабарласып жүрсіңдер. 3) Ол тыңдап тұр.
4) Сіздер жазып отырсыздар. 5) Біз жуып тұрмыз. 6) Мен дайындалып отырмын.
7) Олар сөйлесіп тұр. 8) Сіздер демалып жатырсыздар. 9) Біз күтіп тұрмыз.
10) Сен билеп жүрсің.
1) Мен көріп отырмын. Мен көріп отырған жоқпын. Мен көрмей отырмын. 2) Сендер
хабарласып жүрсіңдер. Сендер хабарласып жүрген жоқсыңдар. Сендер хабарласпай
жүрсіңдер. 3) Ол тыңдап тұр. Ол тыңдап тұрған жоқ. Ол тыңдамай тұр. 4) Сіздер жазып
отырсыздар. Сіздер жазып отырған жоқсыздар. Сіздер жазбай отырсыздар. 5) Біз жуып
тұрмыз. Біз жуып тұрған жоқпыз. Біз жумай тұрмыз. 6) Мен дайындалып отырмын. Мен
дайындалып отырған жоқпын. Мен дайындалмай отырмын. 7) Олар сөйлесіп тұр. Олар
сөйлесіп тұрған жоқ. Олар сөйлеспей тұр. 8) Сіздер демалып жатырсыздар. Сіздер демалып
жатқан жоқсыздар. Сіздер демалмай жатырсыздар. 9) Біз күтіп тұрмыз. Біз күтіп тұрған
жоқпыз. Біз күтпей тұрмыз. 10) Сен билеп жүрсің. Сен билеп жүрген жоқсың.
Сен билемей жүрсің.
Скрыть ответы
№5 Переведите на казахский язык.
1) Вы (сендер) учите казахский язык. 2) Он работает. 3) Вы (сіздер) в Астану едете.
4) Ты по телефону звонишь. 5) Я слушаю. 6) Они в комнате разговаривают.
7) Дети на улице играют? 8) Мы письмо пишем. 9) Что ты делаешь? 10) Вы (сіз) телевизор
смотрите. 11) Они спят. 12) Мы к экзамену готовимся. 13) Я иду в гости. 14) Он смотрит.
15) Мы наш дом прибираем. 16) Он стулья уносит. 17) Мы напротив магазина стоим.
18) Вы (сіздер) что делаете? 19) Я за домом жду. 20) Вы (сіз) к школе подходите.
1) Сендер қазақ тілін үйреніп жүрсіңдер. 2) Ол жұмыс істеп отыр. 3) Сіздер Астанаға бара
жатырсыздар. 4) Сен телефон соғып тұрсың. 5) Мен тыңдап тұрмын. 6) Олар бөлмеде
сөйлесіп отыр. 7) Бала далада ойнап жүр ме? 8) Біз хат жазып отырмыз. 9) Сен не істеп
жатырсың? 10) Сіз теледидар көріп отырсыз. 11) Олар ұйықтап жатыр. 12) Біз емтиханға
дайындалып жүрміз. 13) Мен қонаққа бара жатырмын. 14) Ол қарап тұр (көріп тұр).
15) Біз үйімізді жинап жатырмыз. 16) Ол орындықтарды апара жатыр. 17) Біз дүкеннің
қарсысында тұрмыз. 18) Сіздер не істеп тұрсыздар? 19) Мен үйдің артында күтіп тұрмын.
20) Сіз мектепке келе жатырсыз.
Скрыть ответы
Скачать формы для заполнения и правильные ответы в одном файле (doc)
© Татьяна Валяева, 20072024
|