Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Рассказы и пьесы → Ы. Алтынсарин → Малды пайдаға жарату

Малды пайдаға жарату



Автор: Ыбырай Алтынсарин

    Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:

    – Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді? – деді.

    Үйші айтты:

    – Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.

    Көрші:

    – Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? – деді.

    Үйші айтты:

    – Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе? – деді.



 <<  Аурудан - аяған күштірек Наверх ↑ Жаман жолдас  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы