Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Екінші сахна - Наурыз мейрамына дайындық

Сцена вторая - Подготовка к празднику Наурыз

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлығы өз орындықтарында отырады. Мама үздік тамақтанып, Мама биші маникюр жасап, Мама дзэн медитация жасап, Жалғыз басты әке сыра ішіп, Мама аутист тоқып. Өгей мама кітап оқып, Мама комитет бір нәрсеге күйіп-пісіп, жан жағына қарап отырады.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Несі бар екен... Ашық сабақ деген жақсы өтті!
МАМА КОМИТЕТ. Барлықтарыңыз жарадыңыздар! Сынып жетекшісі де қатты риза болып: «мектеп тарихында болмаған ең керемет ашық сабақ болды» деді. Директор да оны мақтапты.
ӨГЕЙ МАМА (бір жаққа қарап). Мақтамағанда... Қанша күн дайындалдық, қанша күн қайталаумен болдық... Тіпті менің өзім енді солтүстік батыс қай жақта екенін білемін... Соны осы кезге дейін білмей қайтіп жүргенмін?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Айтпақшы, сізге бантик үшін көп рахмет, жуып, дайындап қойдық, ертең алып барамыз.
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Оқасы жоқ, не дегеніңіз... қызыңызда қала берсін.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Жо-жоқ, о не дегеніңіз, қайтарамыз. Қайта сізге рахмет, құтқарып қалдыңыз.
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Қойыңызшы, ала беріңіз, бізде ондай бантиктің миллионы бар. Шын айтам, ала беріңіз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ендеше рахмет.
МАМА БИШІ. Сосын бар ғой, егер бір көмегім керек болса, қысылмай айтыңыз, қайткенменде де қыз өсіріп жатырсыз ғой.

Бәрі бір біріне қарайды, көздерін қысады. Мама аутист жүрегі айнып, лоқсығандай кейіп танытады.

2
МАМА АУТИСТ (мама дзэнға). Мимими....оларда не болып жатыр? Романға ұласқалы жатыр ма?
МАМА ДЗЭН (мама аутистке). Қойшы?.. Байқамадым. Жай ғана оның қызына бантик сыйлады ғой.
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар!

Барлығы телефонға жабысады.

МАМА ДЗЭН. Тағы да не болды? Кішкене демалайықшы.
МАМА КОМИТЕТ. Босаңсымаймыз. Қуанышымызға орай, ашық сабақ өте жақсы өтті, енді алдыда жаңа міндеттеріміз бар.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Егер ҰБТ мен түлектер кеші жайлы айтып тұрсаңыз, әлі алты жыл бар емес пе?

Мама биші, мама дзэн, мама аутист күледі. Мама комитет орнынан тұрғанда, күлкі тыйылады.

МАМА КОМИТЕТ. Мен Наурыз туралы айтып тұрмын. Бізде мерекелік концерт және мектеп әкімшілігіне түскі ас ұйымдастыру керек. Сынып жетекшісімен ата-аналар комитеті сіздерге үміт артады. Барлықтарыңыз бірдей қатысқандарыңызды қалаймыз. Құрметті бесінші "Б" сыныбының ата-аналары, сіздер балаларыңыз биге қандай костюм киетінін ойлап қойған шығарсыздар?

Үзіліс. Барлығы үнсіз. Өз жұмыстарымен айналысып отырады. Үнсіздік ұзаққа созылады.

3
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, неге үндемейсіздер?

Үзіліс.

МАМА ҮЗДІК. Әрине, әрине. Сіздің айтқандарыңызды ойлап отырмыз. Соныңыз дұрыс сияқты.
ӨГЕЙ МАМА (мама аутистке). Менің есіме салыңызшы қандай еді?
МАМА АУТИСТ (өгей мамаға) Ұлдарға сары жейде мен қыздарға, тудың түсіндей ашық көк көйлек кисе.
ӨГЕЙ МАМА. Қай елдің туындай?
МАМА АУТИСТ (тырқылдап). Кімге қалай..
МАМА КОМИТЕТ. Иә, солай. Өте керемет болады деп ойлаймыз. Ұл балаларға көкшіл галстук-бабочка. Келісесіздер ме?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен барлығына келісемін. Қанша?
МАМА КОМИТЕТ. Қыздарға әдемі көйлек... Қанша дейсіз бе? Енді.. мата алуымыз қажет, жақсы тігіншіге тіктіртуіміз бар дегендей, арзан емес енді.
ӨГЕЙ МАМА. Осындай көп ақшаны бір ақ рет киетін костюмге жұмсағанымыз дұрыс па?
МАМА БИШІ. Неге жұмсамасқа? Мен қызымнан ешнәрсе аямаймын.
ӨГЕЙ МАМА. Мен де қызымнан ешнәрсе аямаймын негізі, бірақ ақылға салып жұмсау керек қой. Бізге әлі үстімізге плащ, аяғымызға туфли алу керек. Қызым болса өсіп келеді. Шынымды айтсам, қайда жеткізерімді өзім білмеймін...
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата-аналар, барлықтарыңызды түсінемін. Балаларды оқытудың шығыны көп. Өзімде бес бала бар...

4
МАМА АУТИСТ. Енді тігетін болсақ, тездету керек. Менің балам жаңа костюмге ұзақ уақытта үйренеді.
МАМА ҮЗДІК. Әркімнің өз қиындықтары бар.
ӨГЕЙ МАМА (мама аутистке). Мені мына бай қатындар шаршатып бітті. Ақша сұрайды да тұрады. Осы айда екі клиентім кетіп қалды. Қиналып қалдық.
МАМА АУТИСТ. Ой айтпаңыз...
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата-аналар. Бұл мәселені шешудің тағы бір жолы бар. Мүмкін ата-аналар арасында костюм тігуге демеушілер бар шығар?

Үзіліс. Жалғыз басты әке телефонының экранына қарап күледі, сырасын ішіп, кекіреді. Барлығы оған қарайды. Жалғыз басты әке телефонының экранынан басын алып.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. А? Не болды?
МАМА КОМИТЕТ. Сіз бізге бірнеше рет көмектестіңіз, осы жолы да ойланып көрерсіз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жұмыс жүрмей жатыр. Салықтар бар, дағдарыс бар, бір сөзбен айтқанда демеуші бола алмаймын.
МАМА БИШІ. Иә, әрине... түсінемін...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Түсінгеніңіз үшін рахмет.
МАМА БИШІ. Қазір ешкімге оңай емес (жан жағына қарайды).
МАМА АУТИСТ. Мимими..
ӨГЕЙ МАМА. Көктем... Махаббат... (Мама аутистке) Несі бар, жақсы жұп шығар еді.

Жарық жалғыз басты әкемен мама бишіге түседі.

5
МАМА БИШІ. Бұл не деген бассыздық? Қызын асырап алып жатқанда білді емес пе, қанша шығын кететінін. Оның қызы үшін сонда сіз төлеу керексіз бе?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Шыны керек мен төлер едім. Бірақ салық төлеймін деп тесіл қалтамен қалдым..
МАМА БИШІ. Оңбағандар. Сіз бәрін жеңесіз, мен сенемін. Бір байқағаным, сіз сондай жігерлі, мықты жансыз. Ыңғайсыз болса да, сұрайын дегенім, сіз қалай жалғыз басты әке болдыңыз? Әдетте, әйел адамдар жалғыз басты болатын еді, қызық...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Несі қызық? Әйелім Біріккен Араб Әмірлігіне кетті. Басында бәрі жақсы болған, үйлендік, қызымыз дүниеге келді, бизнес, жақсы өмір. Сосын екеуміздің жолымыз екіге айырылуда. Оның жұмысы Эмиратта болды, ал менікі мұнда. Қызымды басында алып кеткен, ол жақта ауа райы жақпай, қызым қайтып келді. Міне, содан бері қызымыз екеуміз тұрамыз.
МАМА БИШІ. Ох.. қызбен жалғыз өзіңізге қиын шығар?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жоға, бізде бәрі тамаша. Менің қызым қарапайым, ақылды, қамқор, жауапкершілігі бар - өзіме тартқан.
МАМА БИШІ. Ал сіз ше? Өзіңізді де ойлау керексіз ғой.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менің басты мақсатым қызымды өсіру, оқыту, сосын барып өзімді ойлармын.
МАМА БИШІ. Сіз білесіз бе, мен де өткен аптада күйеуіммен ажырастым.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мәссаған! Түсінемін...
МАМА БИШІ. Шаршап кеттім. Жындыға секілді, мені әр нәрсеге бір, қатты қызғанатын. Телефонымды тексеретін... әлі тексереді.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мырс күліп). Онда сіз неге маған жазып отырсыз?
МАМА БИШІ. Білмеймін, мен он бес жыл бойы бөтен еркекпен сөйлескен емеспін... Біреумен қатты сөйлескім келді.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жарайды. Тек сосын сөйлескенімізді өшіріп тастаңыз.
МАМА БИШІ. Әрине... кешіріңіз.

Жарық барлық ата-аналарға түседі.

6
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, мерекелік костюмге он бес мың теңге кетеді екен. Меніңше, көп ақша емес.
ӨГЕЙ МАМА. Он бес мың теңге костюмге? Үш минут киетін костюмге осындай ақша құртамыз ба?.. Меніңше дұрыс емес...
МАМА ҮЗДІК. Аналар, бұларыңыз не?! Өз балаларымыз ғой! Оның үстіне әкімшіліктегілердің алдында өнер көрсетеміз.
МАМА КОМИТЕТ. Сосын бар ғой, кәсіби фотограф суретке түсіреді. Айтпақшы, оған да үш мың теңге.
ӨГЕЙ МАМА. Менің қызымды алып тастаңыз, суретке түскенді ұнатпайды.
МАМА ҮЗДІК. Ал енді басталды... құрметті ата-аналар, сіздер қалай түсінбейсіздер, бұл балаларымыздың оралмайтын балалық шағының сәттері ғой...
МАМА КОМИТЕТ. Мен мерекелік дастархан туралы бастауға қорқып отырмын...
МАМА ДЗЭН. Біздің үйде соншама нәрсе жиналып қалды... әкеміз дәрігер ғой, үйге күнде коньяк, кәмпит алып келеді. Мен соларды сыныпқа алып келермін.
МАМА КОМИТЕТ. Қайдағы коньяк? Есіңізден ауыстыңыз ба?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Коньяк? Маған бұл шарамыз ұнай бастады...

7
МАМА КОМИТЕТ. Ата-аналар, ата-аналар, ретімен жазайықшы, коньякқа әлі ерте. Костюмдерді не істейміз? Ақша жинаймыз ба?
МАМА АУТИСТ. Менде ұсыныс бар.

Барлығы тұрып, құлақ салады, мама үздік көзін алартады.

МАМА АУТИСТ. Ателье өте қымбат, менің туған әпкем – тігінші. Ол екі есе арзанға тігіп береді.
МАМА КОМИТЕТ. Білмеймін. Бұл, қалай болар екен, бұл жауапты іс. Ательеде біз күнін сапасын талап ете аламыз, ал сіздің әпкеңізден...
ӨГЕЙ МАМА. Мен қолдаймын.
МАМА АУТИСТ. Мен қазір басқа чат ашамын, барлығыңызды сонда қосамын, әпкемді де қосамын, сосын ақылдасайық.

Үзіліс. Мама аутист телефонын шұқылап кетеді. Ватсаптың дыбыстары шығып, ата-аналар бірінен соң бірі топқа қосыла бастайды. Орындықпен тігінші сахнаға кіріп орналасады. Тігінші жазуға кірісе бастайды. Ата-аналар репликаларын жарыса жазып, репликалар тігіншіге ағылады.

8
МАМА КОМИТЕТ. Біздің сыныпта 17 қыз, 10 ұл бала, барлығына Наурызға костюм тігу қажет.
МАМА ҮЗДІК. Жоқ, жоқ тездетіп тігу қажет.
МАМА АУТИСТ. Менің балама өзің білесің екі апта бұрын дайын болуы қажет, жаңа киімге ұзақ үйренеміз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менің қызыма 50 размер, алдыңғы жылы оны сыныптағы ажарсыз қыз төмендеткен болатын, бұл жағдайдан ол қатты әсер алды, сондықтан биыл оның көйлегі өте әдемі болуы қажет.
ӨГЕЙ МАМА. Қалай түсінбейсіңдер, тек бір рет қана киетін костюмге бола көп шығынданбайық.
МАМА ДЗЭН. Мен қыздардың сәнді юбка кигенін қалаймын, мен әрқашанда қыздардың, әйелдердің ылғи да юбка, көйлек киіп жүргенін дұрыс деп есептеймін. Сол арқылы табиғатпен байланыс орнатылады, бізге күш қуат береді.
МАМА КОМИТЕТ. Көкшіл көйлектер сары оюлары бар, ал ұл балаларға сары жейде көкшіл галстук-бабочкамен болуы керек.
МАМА АУТИСТ. Костюмдері қыспаса болды, билегенде өздеріне жайлы болатындай.
МАМА ҮЗДІК. Қыздар, қыздар, жігіттер де бар екен ғой, менде идея бар, қыздарға көкшіл бантик тіктіртсек қалай?
МАМА КОМИТЕТ. Сондай-ақ, ұл балдарға тақия болса жақсы болар еді. Тек міндетті түрде барлығына бірдей болуы шарт.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Маған бәрі ұнайды, қанша? Бағасын айтыңыздаршы.

9
МАМА БИШІ. Қыздардың сәнді юбка* кигені дұрыс тек тұрпайы болмасын. Балеринаның пачкасы сияқты болған жақсы. Суретке түскенде де әдемі көрінеді.
МАМА АУТИСТ. Сонда крахмалдау керек па?
МАМА ҮЗДІК. Қазір кім крахмалдайды? Ондай заман емес, әдейі сондай белдемшелер обручпен сатылады.
МАМА ДЗЭН. Жыным келеді, не болса да ыңғайлы болуы керек, түсінесіңдер ме?! Ыңғайлы!
МАМА КОМИТЕТ. Тағы да бір ескеретін нәрсе көйлектердің шет жағына қазақи оюлар тігу қажет. Ұлдарға оюлар белбеуіне тігілсе болады.
МАМА БИШІ. Қыздарда да белбеу болы керек деп есептеймін, ансамбль болып тұруы үшін.
МАМА ҮЗДІК. Менде керемет оюлардың үлгісі бар, қазір сілтемесін жіберемін.
ӨГЕЙ МАМА. Тігінші, сіз бізден шаршаған шығарсыз?
МАМА БИШІ. Маған екіншісі ұнайды.
МАМА АУТИСТ. Қарапайым сияқты, төртіншісі, әлде бесінші...
МАМА КОМИТЕТ. Маған біріншісі.

10
МАМА ДЗЭН. Мүмкін барлық оюларды алып біріктіріп өзіміздің нұсқамызды шығарармыз?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Иә ,өзіміздің брэндымыз болса...
МАМА ҮЗДІК. Табылған ақыл, өзіміз жаңа ою тауып, бесінші "Б" дегенді қоссақ жақсы болар еді. Кейін де қолданар едік.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Несі бар, мықты.
ӨГЕЙ МАМА. Естеріңізден ауып кеткен жоқсыздар ма?
МАМА ҮЗДІК. Сіз неге ылғи да біздің идеямызды жақтырмайсыз?
ӨГЕЙ МАМА. Мәселе жақтырмағанда емес, қиялдай бермей шынайы өмірге оралайықшы.
МАМА ДЗЭН. Менің ойымша біздің аймағымыздың символдары керек сияқты.

Тігінші орындықтан тарс ете құлайды, барлығы қатып қалады.

МАМА КОМИТЕТ. Не болды?
МАМА ҮЗДІК. Біреу группадан шығып кеткен сияқты.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жай шыққан жоқ, Илон Масктың falcon heavy ракетасы сияқты космосқа ұшып кетті!
МАМА КОМИТЕТ. Қайдағы ракета? Не айтып кеттіңдер?
ӨГЕЙ МАМА. Біз тігіншімізден айырылып қалдық...
МАМА АУТИСТ. Әпкемнен ұят болды ау..
МАМА КОМИТЕТ. Сонымен қайда тоқтадық?
МАМА ДЗЭН. Барлығыңызға үзіліс жасайық деп кеңес берер едім. Терең демаламыз, асықпаймыз, тереееең демалааамыз...

Үзіліс. Барлығы жайғасады. Мама комитет шай ішіп отырады. Өгей мама тоқуға кіріседі. Мама аутист бетіне маска салып жатады. Мама биші шпагатқа отырады. Жалғыз басты әке екінші бутылка сырасын ашады. Мама үздік айнаға қарап боянып отырады.

11
МАМА ҮЗДІК (өзіне өзі). Суретке түсіп Жолбарысыма жіберейін...

Мама үздік майкасын түсіріп, лифчигін шешіп, селфи жасайды.

МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Сіз біздің әйелдердің әңгімелерінен шаршаған шығарсыз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Жоқ, мен үйреніп кеттім.
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Мен бүгін бәліш пісірдім. Сізге ертең беріп жіберейін бе?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Етпен болса, болады…
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Сізге етімен пісіріп жіберемін.

Мама үздік суретін группаға жіберіп қояды. Мама үздік қатып қалады. Мама аутист, мама комитет, өгей мама ауыздарың ашып шошып кетеді.

МАМА АУТИСТ (оқиды). Жолбарысым… ррр.. ррр... Бұның бәрі сен үшін... Оооо....
МАМА КОМИТЕТ (көзілдірігін киіп). Сонымен, бұл не..
МАМА ҮЗДІК (шошып қолымен бетін жабады). Мен не істедім, қалай өшіремін, қайда басамын...
ӨГЕЙ МАМА. Кеш, барлығымыз көрдік, Жолбарысыңыздан басқа.
МАМА АУТИСТ (күлкіден өліп). Ойбой, қандай тәрбиелі, тәртіпті, әдепті жан едік, аяқ асты мынандай жағдай болғанын қарашы! Бәсе, енді бәрі түсінікті болды!
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Сіз көрдіңіз бе? Бұл не?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Вау... Керемет…
МАМА БИШІ (жайлап). Байғұс қыз… басқа чатқа жіберіп қойды. Менде де солай болған. құрбыма жолдасымды жамандап жазып жолдасыма соны жіберіп қойдым. Ұят-ай десеңізші.

Барлығы таңғалып отырады. Мама үздік ұялып қол аяғын құшақтап отырады.

12
МАМА КОМИТЕТ. Біз көрмегендей болайық.
МАМА ДЗЭН. Несі бар? әркімнің өз жеке өмірі... мен ол үшін өте қуаныштымын.
МАМА АУТИСТ. Жолбарысы үшін де қуаныштымын.
ӨГЕЙ МАМА. Неше жылдан бері ерлі-зайыпты, сонда да Жолбарысым дейді.
МАМА АУТИСТ. Сізге Жолбарысы жолдасы кім деп айтты, мүлдем басқа жолбарыс шығар?
МАМА ДЗЭН. Қандай айырмашылығы бар? Менің өмірім қызықсыз сияқты. Жолбарыс та, арыстанда, қояным да жоқ... тауып алсам ба екен?
МАМА КОМИТЕТ. Бәріміз ештеңе көрмегендей өшіріп тастайық. Мен өшірдім.
МАМА АУТИСТ. Мен сақтап қоямын, өмірдің сан түрлі қызыққа тола екендігінін белгісі ретінде.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (телефонына қарап). Маған ұнады, тамаша!
МАМА БИШІ (қолын крестеп). Мен өшірдім.
МАМА АУТИСТ (Мама бишіге). Сіз табиғи деп ойлайсыз ба?
МАМА БИШІ (мама аутистке). Қайдағы, бесінші размер табиғи болмайды. Формасы дөп-дөңгелек әдемі ғой, ал табиғи болса, ондай болмас еді.
МАМА КОМИТЕТ. Барлықтарыңыз өшірдіңіздер ме, құрметті ата-аналар?

Барлығы өшіргілері келмей өшіреді. Соңында жалғыз басты әке тағы бір рет қарап алып өшіреді. Мама үздік жылайды, киінеді.
Мама комитет пен мама үздікке жарық түседі.

13
МАМА КОМИТЕТ (мама үздікке). Жыламаңызшы, біз бәріміз өшірдік. Көрмегендей боламыз.
МАМА ҮЗДІК. Мен қазір оны мектептен шығарып аламын.
МАМА КОМИТЕТ. Қойыңыз, баланың еш кінәсі жоқ қой.
МАМА ҮЗДІК. Мен енді қалай барамын? Ұяламын.
МАМА КОМИТЕТ. Бәріміз ересек адамдармыз. Түсінеміз. Сіз үшін қатты қуандық.
МАМА ҮЗДІК. Қойыңызшы...
МАМА КОМИТЕТ. Жаным...
МАМА ҮЗДІК. Маған ештеңе айтпаңызшы..
МАМА КОМИТЕТ. Чатқа оралыңыз, ешкім байқамады.
МАМА ҮЗДІК. Қалайша? Ал ана екі жарыместер ше? Өгей мамамен ауру баланың анасын айтамын?
МАМА КОМИТЕТ. Қойыңыз енді, барлық әйелдер сізді түсінеді.
ӨГЕЙ МАМА (мама комитетпен мама үздікке). Әңгімелеріңізді бұзғаныма, кешіріңіздер, сіз омырауыңызды қайда жасаттыңыз? Маған қатты ұнады.
МАМА ҮЗДІК (өгей мамаға). Сізге не керек? Күлкі үшін келдіңіз бе?
ӨГЕЙ МАМА. Жоқ, мен шыныменде қызығып отырмын.
МАМА ҮЗДІК. Сіздің ақшаңыз жетпейді.
ӨГЕЙ МАМА. Сіздің менің ақшамда шаруаңыз болмасын. Хирургтың аты кім?
МАМА ҮЗДІК. Ю Хон Пак.
МАМА БИШІ. Оңтүстік Кореяда ма? Өзім де солай деп ойлаған едім.

14
МАМА ҮЗДІК. Қалай ойлайсыздар, қызымды тоқсан ортасында басқа мектепке ала ма?
ӨГЕЙ МАМА. Әрине алады, жеке мектепке беріңіз. (мама аутистке) Жолбарысына енді жеке мектеп үшін төлеу керек болады.
МАМА КОМИТЕТ. Ақымақтық жасамаңыз. Сіздің қызыңыздың барлық достары осында. Жақсы мектеп табу қиын қазір.
МАМА ҮЗДІК. Мен туралы оларды не ойлап жаткандығын сезіп отырмын? Ал менде ұзақ уақыт ешкім болған жоқ қой.
ӨГЕЙ МАМА. Жолбарыс деген кім?
МАМА ҮЗДІК. Класстасым, алғашқы махаббатым.
МАМА БИШІ. Нне деген романтика.
ӨГЕЙ МАМА. Әйелі бар ма?
МАМА ҮЗДІК. Жоқ, ажырасқалы жатыр.
ӨГЕЙ МАМА. Ааа...
МАМА ҮЗДІК. Әйелі ажырасуға келіспей жатыр. Соны күтудеміз..
ӨГЕЙ МАМА. Ммм...
МАМА АУТИСТ. Қалай келісімін бермей жатыр? Біздің елде қазір ажырасып кету оп оңай емес пе?
МАМА ҮЗДІК. Арада балалары бар, жылжымайтын мүлік дегендей...
ӨГЕЙ МАМА. Ой..: Сізді біреу жынды қылып жүр-ау шамасы, жаным ау.

Жарық қосылады. Барлығы орындарына жайғасады. Мама үздік көзін сүртіп отырады, мама комитет оған шәй береді, жалғыз басты әке сыра ішіп тағы біреуін мама аутистке береді.

Екінші бөлімнің соңы.



* - орыс тіліндегі сөздер.

Қазақшаға аударған: Жайнагүл Хаматова, Әлішер Рахат, Динара Қойшығулова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  1-сахна - Ашық сабақ Вернуться к началу 3-сахна - Оливье салаты  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга