Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Үшінші сахна - Оливье салаты

Сцена третья - Салат Оливье

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлығы өз орындықтарында отырады. Шаруаларын істеп.

МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, бізге мерекелік дастархан жөнінде ақылдасу керек. Осы жолы ақша шығармай үйімізден пісіріп алып келейік. Үйдің тамағы, жақсы музыканы қосып қоямыз...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ағылшынша бұл “потлак” деп аталады. Біз қызымыз екеуміз пицца жақсы таңдаймыз.
МАМА АУТИСТ. Қайдағы пицца Наурызда.
МАМА КОМИТЕТ. Соңдықтан мен бәрін үйден пісірген дұрыс деп отырмын. Кім бауырсақ пісіреді?
ӨГЕЙ МАМА. Мен пісіремін.
МАМА КОМИТЕТ. Сіз қалай қылып пісіресіз? Дөңгелек әлде төрт бұрышты?
ӨГЕЙ МАМА. Төрт бұрышты етіп.
МАМА КОМИТЕТ. Бізге дөңгелек керек. Ата аналар кім пісіреді?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ортасында ет болсын.
МАМА ҮЗДІК (сенімсіз). Ол бәліш қой... дөңгелек тоқаш мен пісіре аламын.
Пауза. Мама үздік басын салбыратып сенімсіз отырады.
ӨГЕЙ МАМА. Жақсы болды, Жарайсың.
МАМА АУТИСТ (өгей мамаға). Дөңгелек жасаудан ол мастер ғой.
МАМА КОМИТЕТ. Бауырсақпен бәлішті шештік, енді ыстық тамақты, етті кім таңдай алады?

Барлығы бос емес сияқты жұмыс жасай бастайды, жауап ешкімнен жоқ.

2
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, белсенді болайық... Ет?
МАМА АУТИСТ. Кешіріңіз, сонда біз мектепке кәдімгідей бешбармақ алып келу керекпіз бе?
МАМА КОМИТЕТ. Несі бар? Мен ылғи да үлкен сыныптағы балаларыма жасағанымда, сынып жетекшісі де, басқа ұстаздар да, балалар да риза болған.
МАМА АУТИСТ. Ең бастысы әкімшілік риза болған шығар. Балаларға керек емес қой, оларға пицца мен кола болса болды.
МАМА КОМИТЕТ. Құдай сақтасын, шыныменде кока кола бересіңдер ме?
МАМА БИШІ. Біз ішпейміз, диетадамыз.
МАМА КОМИТЕТ. Бізде саналы ата-аналар бар ма?

Пауза. Барлығы өз жұмыстарын жасап кетеді.

МАМА КОМИТЕТ. Аналар? Мансапқор аналар, білімді аналар, көрікті аналар, балаларын қатты жақсы көретін аналар, балаларынан ештене аямайтын аналар?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Не деген манипуляция..
ӨГЕЙ МАМА. ..не ылғи да аналар? Арамызда әке де бар емес па?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен? (мысқылдап күледі). Кешіріңіз, бірақ менің пісіргенім сіздерге ұнай қоймас.
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Шыныменде айтып отыр ма? Сіздің қолыңыздың тимейтінін түсінбей ме?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Білмеймін, бірақ әңгіме қыза түскен сыңайлы.

3
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Меніңше, мына семіз қатыңдар көздерін жұмып турып та бәрін пісіре алады...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Ата-аналар төрайымына айтып көру керек. Бешбармақты жақсы пісіретінге ұқсайды. (мама комитетке) Сіз пісірсеңіз, қайтеді? Меніңше сіздің бешбармағыңызға жететін бешбармақ жоқ!
МАМА КОМИТЕТ (риза болып). Мен солтүстік дәстүрмен пісіремін. Картопты қайнатып, пияздың турауда менің жеке сықырым бар... Бірақ ренжімеңіздер, бұл жолы жасай алмаймын, өйткені осы мектепте тағы екі балам оқиды, оларға бәліш пісіруім керек. Егерде өз еркімен істеймін деген адам табылмаса, олай болса біреуіңізге тапсыруға тура келеді.
Пауза. Басын мама үздік көтереді.
МАМА ҮЗДІК. Жарайды, мен пісіремін...
МАМА АУТИСТ. Сіз бәліш пен бауырсақ пісірмейсіз бе?

Пауза.

МАМА ДЗЭН. Жарайды, жарайды, ендеше мен пісірейін...
Бәрі қуанып кетеді, терең дем алады.
МАМА КОМИТЕТ. Жақсы болды, етті Көк базардан аласыз ба?
МАМА ДЗЭН. Әрине.
МАМА КОМИТЕТ. Менің танысым бар сол базарда..
МАМА ДЗЭН. Керек емес ..
МАМА КОМИТЕТ. Жақсылап жасап келіңіз, әкімшілікке етінен көбірек саламыз, балаларға наны болса да, бола береді.
МАМА ДЗЭН. Жарайды, қамырдан көп етіп алып келемін.

Пауза.

4
МАМА КОМИТЕТ. Түсінбей қалдыңыз-ау деймін...
МАМА ДЗЭН. Айтым ғой, қамырды көбірек қып сатып аламын деп.
МАМА КОМИТЕТ. Сіз қамырды сатып аласыз ба?
МАМА ДЗЭН. Несі бар?
МАМА КОМИТЕТ. ..үйдікі жақсы ғой...
МАМА ДЗЭН. Кәдімгі қолмен илейтінді айтып тұрсыз ба?
МАМА КОМИТЕТ. Әрине, аяқпен емес қой енді..
МАМА ДЗЭН. Кешіріп қойыңыз. Соңғы рет оныншы сыныпта иледім. Содан кейін есімде жоқ.
МАМА КОМИТЕТ. Сонда сіз балаларға дүкеннен сатып алған қамырды дайындап бермекшісіз бе?
ӨГЕЙ МАМА. Несі бар ? Кәдімгі тамақ емес пе? Ағылшын Ханшайымының дастарханын жасап жатқанымыз жоқ қой!
МАМА ДЗЭН. Соны айтамын! Бір рет дүкеннен жесе, ештеңе етпес...

5
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мысалы маған қараңыз, ештеңе болған жоқ.
МАМА КОМИТЕТ. Менің ойымша сізге қызыңыздың не жеп жүргенін бақылау керек сияқты.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Маған айтып тұрсыз ба?
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Сұмдық!
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама комитетке). Сіз нені меңзеп тұрсыз?
МАМА КОМИТЕТ. Жоқ, жоқ, мен артық салмақты айтып тұрған жоқпын. Бір ретте үлкен размер форма табуға көмектескен мен емес пе едім? Бар болғаны сіздің қызыңыздың денсаулығын уайымдаймын.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менің қызым ауырмайды. Көмектескеніңіз үшін рахмет, бірақ басқасында шаруаңыз болмасын.
МАМА ДЗЭН. Мен сізді қолдаймын, боди шеймингке мына чатта тыйым салынған.
ӨГЕЙ МАМА. Сіз не айтыңыз? Боди... не?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен кішкентай кезімде толық болғанмын, қазір арықпын, байқасаңыз.
МАМА БИШІ. Рас па?
МАМА АУТИСТ (жалғыз басты әкеге). Ал көрсетіңіз, кубиктарыңызды жіберіңіз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Қазір мен селфи жасап... күте тұрындар.

Тұрып, ішін тартып суретке түседі.

МАМА КОМИТЕТ. Шынымен сурет жібересіз бе? Кубиктарыңызды?
ӨГЕЙ МАМА(күліп, мама аутистке). Жаңғақтар жібермегеніне шүкір.

Барлығы шулайды, ысқырады, телефонға үңіліп қарайды.

6
МАМА БИШІ. Ғажап!
МАМА ДЗЭН. Чатымыз қызып жатыр.
МАМА ҮЗДІК. Есіме түсірмеңдерші, ұяламын.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Қыздарғы тағы да сұрақтарыңыз бар ма?
МАМА АУТИСТ (өгей мамаға). Осы біреу өзін кім деп ойлайды?
ӨГЕЙ МАМА. Қойыңызшы, маған ұнады.
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, үлкен кісісіздер ғой, бұларыңыз не?
МАМА АУТИСТ. Дастархан жөнінде әнгіме бітсе, менде тайм аут.
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар қайдағы бітті, біз әлі ештеңе шешкен жоқпыз, салаттарды не істейміз?
МАМА ҮЗДІК (қолын созып). Мен жасай аламын.
МАМА КОМИТЕТ. Майонезсіз әрине.
ӨГЕЙ МАМА. Оливье майонезсіз, күлкімді келтірмеңізші. Мүмкін оларға винегрет ұсынарсыз.
МАМА КОМИТЕТ. Неге ұсынбасқа?
ӨГЕЙ МАМА. Себебі балалар оны жемейді.
МАМА АУТИСТ. Менікі нақты жемейді.
МАМА КОМИТЕТ. Үйдің майонезі ше? Сіздер салат жасап алып келіңіздер, ал мен өзім араластырармын.
МАМА ДЗЭН (жанына бұрылып). Мынаған қой дейтін адам бар ма?

7
ӨГЕЙ МАМА. Мен өзімнің фирмалық оливьемді жасаймын. Майонезбен. Ал екінші бір бөлігіне сіз өз майонезіңізді қосыңыз.
МАМА КОМИТЕТ. Екі бірдей салат не үшін керек, басқа бірдеңе жасаңыз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Бұл дегеніміз “потлак”. Әр қайсысы не әкелгісі келеді, соны әкеледі. Мен он бес пицца алып келемін.
МАМА КОМИТЕТ. Бұл Италия күні емес, Наурыз мейрамы. Қайдағы пицца?
МАМА БИШІ. Бізге бәрібір.
МАМА ҮЗДІК. Ата аналар дұрыстап қарайықшы біздің балаларымызға керек...
МАМА АУТИСТ (өгей мамаға). Біреудің тілі шығайын депті ғой...
ӨГЕЙ МАМА (мама аутистке). Қолшоқпары оралды.
МАМА КОМИТЕТ. Дені сау адам барына, Құдайға шүкір. Сонымен салаттарға оралайық?

Барлығы ерініп керіліп отырады. Жалғыз басты әке бүгіліп отырады. Мама дзэн медитация жасап отырады. Мама биші ерініп керіліп отырады. Мама комитет телефонға мазасызданып қарай береді.

Үшінші бөлімнің соңы



Қазақшаға аударған: Жайнагүл Хаматова, Әлішер Рахат, Динара Қойшығулова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  2-сахна - Наурыз мейрамына дайындық Вернуться к началу 4-сахна - Қара жорға  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга