Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Бесінші сахна - Үй жұмысы

Сцена пятая - Домашка

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлығы өз орындарында өз шаруаларын жасап отырады.

МАМА КОМИТЕТ. Ата аналар, қайырлы күн!
ӨГЕЙ МАМА. Не болды тағы? Қайырлы..
МАМА КОМИТЕТ. Наурыз мейрамы тамаша өтті, сынып жетекшісінен сіздерге мың алғыс. Жарайсыздар!
МАМА ДЗЭН. Ендеше? Қаншама ет болды..
МАМА КОМИТЕТ. Бәрі өтті рахмет, енді күнделікті өмірімізге оралайық. Тоқсан басталды, каникулдың біткенін ұмытып, бүгін сабаққа келмеген оқушылар дәрігерден анықтама қағазын алып келсін. Ұмытпаңыздар.
МАМА ДЗЭН. Қандай анықтама?
МАМА КОМИТЕТ. Енді балаларыңыз ауырып келмей қалған жоқ па? Дәрігерден анықтама қағазын алып келіңіздер.
МАМА ДЗЭН. Мектеп бүгін басталды ма? Мен ертең деп ойладым.
МАМА КОМИТЕТ. Жалғыз сіз емес, жарты класс солай ойлап қалыпты.
МАМА ДЗЭН. Бір күн ғой, ештеңе етпес.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Қыздар, менде мөрі басылған бірнеше анықтама қағазы бар керек болса... Кімге керек?
МАМА КОМИТЕТ. Сұмдық, оларды қайдан алдыңыз?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Құпия!
МАМА КОМИТЕТ. Мен естімеген болайын. Жарайды, сынып жетекшісінің өтініші бойынша үй тапсырмасын жіберемін. Міндетті түрде дайындалып келіңіздер.

2
МАМА ҮЗДІК. Біз бір сағат болды, математиканы шығара алмай отырмыз. Шешкен адамдар бар ма?
ӨГЕЙ МАМА. Біз де шешкен жоқпыз.
МАМА АУТИСТ. Менің балам ертең сабақ үстінде ақ есептеп тастайды. Ол данышпан.
МАМА ҮЗДІК (мама комитетке). Ол өз ауру баласын данышпан қылып көрсетпекші. Жаттатып берген мәтінді бір сағат айтатын бала...
МАМА ДЗЭН. Бізде ертең сонда математика ма?
МАМА ҮЗДІК. Ата аналар кім шешті? Жаттығуды кім жасады?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен шешіп берейін. Мен МГУдағы мехматын бітірдім.
МАМА БИШІ (жалғыз басты әкеге). Мәссаған, жақсы жерде оқыпсыз!
Жалғыз басты әке қарап ойланып отырады.
ӨГЕЙ МАМА. Мына кітаптарды кім шығарады?

Жалғыз басты әке ойланып отырады.

3
МАМА БИШІ. Не болды? Ақсап жатыр ма?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен жиырма жыл бұрын бітірдім, бәрін ұмытып кетіппін...
МАМА АУТИСТ. Иә, дұрыс айтасыз, математика одан кейін дамып кетті.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менің досым Сиэтлда Гуглда жұмыс жасайды, содан сұрап көрейін.
ӨГЕЙ МАМА. Жарайды, қайткенмен Сиэтлда ғой.
МАМА БИШІ. Достарыңыз жақсы екен, сізбен бірге МГУда оқыды ма?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Бір аулада бірге өстік, Төлебаевада. Әкесі үлкен қызметте болды, ішті аздап, наркоман болған. Анасы акушер, аздап ішетін. Досым мектепте үшпен екіге оқыды... Штатқа көшіп кетті де, сонда таланты ашылды.
МАМА АУТИСТ. Үшпен оқығандардың бәрі жоғарыда, әйтеуір...
МАМА ҮЗДІК. Екіге оқитын адамдардың жоғарғы лауазымда жақсы жұмыс жасайтындарына сенбеймін.
ӨГЕЙ МАМА. Сенбейсіз бе? Генри Форд? Дональд Трамп ше?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Черчиль? Тарковский?
МАМА АУТИСТ. Чехов, Эдисон, Циолковский...
МАМА ҮЗДІК. Бұл аз ғана адамдар, біз бүкіл ел туралы айтып жатырмыз. Бәсекелестік көп. Білім керек.
ӨГЕЙ МАМА. Білім, білім деп өмір бойы бір жалақыға қарап отырады.
МАМА КОМИТЕТ. Иә, қоғамға өз пайдасын тигізеді.
МАМА ДЗЭН. Мен босанғанда қоғамды ойлаған емеспін..

4
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Досым жауап берді, қазір оқимын...
МАМА БИШІ. Не депті? Шешті ме?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жоқ... Егерде біздің тілге ауыстырсақ, бұл жаттығу шешімсіз.
МАМА КОМИТЕТ. Мінекей сізге гугл!
МАМА ҮЗДІК. Үздік болсам шешіп тастар едім.
МАМА АУТИСТ (мама үздікке). Сіз бізде онсыз да үздіксіз, ендеше шешіп тастаңыз.
МАМА ҮЗДІК. Мен Гуглда жұмыс жасамаймын ғой..
МАМА АУТИСТ. Логика деп осыны айт. (Жалғыз басты әкеге) Енді Гуглда жұмыс жасайтын, кезінде беспен оқыған досыңызды табыңыз.
МАМА ДЗЭН. Бәріміз тынышталамыз, демаламыз, энергияны сезінеміз, қанекей бәріміз бірге космосқа тапсырмамызды жіберейік... Космос Жер жүзі, бізге шешімін берші...

Барлығы отырады медитация жасап, аспанға қарап күтіп отырады. Музыка жүріп тұрады. Музыка тез тоқтайды.

ДЫБЫС ЖОҒАРДАН. Шешілмейтін жаттығу!

Барлығы үндемейді.

Бесінші бөлімнің соңы



Қазақшаға аударған: Жайнагүл Хаматова, Әлішер Рахат, Динара Қойшығулова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  4-сахна - Қара жорға Вернуться к началу 6-сахна - ЧЭПЭ  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга