Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Төртінші сахна - Қара жорға

Сцена четвёртая - Кара жорга

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлық кейіпкерлер сахнада тұрады. Мама биші бір қадам алда тұрады.

МАМА БИШІ. Балалардың ешқайсысы қара жорға биін үйренген жоқ. Бұл деген ұят жағдай, ертең бәрі үшін қызаратын мен.
ӨГЕЙ МАМА. Сізден кім сұрады, үйренбегендері үшін балалар өздері ұялсын.
МАМА КОМИТЕТ. Құрметтілерім, мәселе биді үйреніп-үйренбегенімізде емес, ертеңгі концертте де емес, басты әңгіме ол концертте болатын...
БАРЛЫҒЫ БІРГЕ. Әкімшілікте!
МАМА КОМИТЕТ. Дұрыс айтасыздар! Және де балаларымызға жауапкершіліктің не екенін үйретуіміз керек. Олар биді қайткен күнде де үйренулері қажет.
МАМА БИШІ. Бастаймыз... Бірінші қимылымыз иықтарымызбен - бір, екі, үш, төрт!

Барлығы қайталайды.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Менің қызымды соңына қойыпсыз. Әсіресе менің қызыма ұлдардың биін билетіп қойыпсыз.
МАМА БИШІ. Себебі сыныпта ұл балалар аз. Бәрі кәдімгі өмірдегідей. Он қызға жеті бала... Жарайды жалғастырамыз. Тездетіп істейміз. Қимылдарымыз анық көрінуі қажет.
ӨГЕЙ МАМА. Менің иықтарым емес, басқа жерлерім қимылдайды...
МАМА АУТИСТ. Ох, сәлем, сіңір етінің артриті.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Неге менің қызым? Бұл деген барып тұрған дискриминация...

2
МАМА БИШІ (барлығына). Күшті етіп билейміз? Иықтарымызды бірге. Бір линияда тұрамыз. (жалғыз басты әкеге) Кешіріңіз, мен мән беріп ойламаппын. Ертең бәрін өзгертемін.
МАМА АУТИСТ. Ешқашанда жамбас пен иық тығыз байланысты болады деп ойламаппын. Қалай бір орында ұстаймын?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Кеш енді, ол көңіліне алып қалды.
МАМА БИШІ (барлығына). Қолдарыңыз белдеріңізде. Иықтарыңызды беттеріңізге дейін көтересіздер. (жалғыз басты әкеге) Сіздің қызыңыз өте керемет, биге берсеңізші қызыңызды.
ӨГЕЙ МАМА. Менің белім қай жерде еді өзі? Міне саған керек болса, барлық жерім сықырлап жатыр.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Барғысы келмейді, оған бұйыра алмаймын. Мен оның еркімен өскенін қалаймын.
МАМА АУТИСТ. Еркіндік дегенді әркім әрқалай түсінеді. Керісінше, баланы тәртіпке, дисциплинаға үйреткен дұрыс. Әйтпесе, тым еркінсіп, кіндігін тессе қайтесіз?
МАМА ДЗЭН (өзінің кіндігіне қарап). Несі бар? Менікі тесілген.
ӨГЕЙ МАМА. Егер кіндігімді тапсам, мен де тесер едім.
МАМА КОМИТЕТ. Мен пирсинг, тату, жасанды шаш, тырнақ, кірпік дегендерге қарсымын. Мен үшін оның бәрі ерсі көрінеді. Ал еркіндік осыған апарады.
МАМА БИШІ. Иықтарымызды кезектен кезек көтереміз, айтпақшы менде тату бар...
МАМА КОМИТЕТ. Рас па? Байқамаппын..
МАМА ҮЗДІК. Ешкімге көруге болмайтын жерде болып тұр ғой.
ӨГЕЙ МАМА. Ата аналар комитетінін мүшелеріне көруге болмайтын жерде.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (мама бишіге). Не бейнеленген? Кішкентай балық па, гүл ме? Тартымды болар...
МАМА АУТИСТ. Әзірше тартымды, жиырма жылдан соң не болады?

3
МАМА БИШІ. Аяқтарға көшеміз, егерде күнде гимнастика жасап, спортпен шұғылданып күтініп жүрсе, ештеңе де болмайды. Балық та ешқайда кетпейді.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Таптым, балық болған екен ғой.. Ух!!!
ӨГЕЙ МАМА. Бұл ата аналар чаты, балықтар туралы басқа жерде жазарсыз.
МАМА КОМИТЕТ. Осыдан бәрі басталады..
МАМА ДЗЭН. Не басталады?
МАМА КОМИТЕТ. Еркіндік...
МАМА АУТИСТ. Мені ол емес, мен өлсем балама не болады деген сұрақ алаңдатады.
МАМА ДЗЭН. Неге қорқасыз? Бәріміз бір күні өлеміз...
МАМА АУТИСТ. Қалай ойлайсыңдар? Бір күнде өлу, тек ертегілерде ме?
МАМА БИШІ. Аяқтарыңызды көтереміз! Дұрыстап билендер, жамбастарыңды жинандар.
МАМА КОМИТЕТ (мама аутистке). Сіз неге жаман нәрсе ойлайсыз? Өлімді неге ойлайсыз? Жақсы нәрсе ойлаңыз, тек жақсылықты. Күйеуіңіз қандай жақсы адам, балаңызды тастаған жоқ, қастарыңызда. Оған рахмет айтыңыз.
ӨГЕЙ МАМА. Не үшін рахмет айту керек? Өзінің туған баласын тастамағаны үшін бе? Қызық екен..
МАМА ҮЗДІК. Тастап кетуіде мүмкін, еркектер жауапкершіліктен проблемадан қашады ғой...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Барлық еркектер үшін жауап бермеңіз.
МАМА ДЗЭН. Бұл статистика бойынша солай... мүгедек балалары бар еркектер отбасыларын тастап кетіп жатады.
МАМА БИШІ. Қолдарымызды айналдырамыз, майыстырамыз, жеңіл билеңіздер.
ӨГЕЙ МАМА. Сонда да түсінбеймін, балаларын тастамаған еркектер несімен батыр екен? (мама аутистке) Сіз уайымдамаңыз, әркімнің өз тағдыры бар... Мысалы мен қызымды асырап алдым, қатты қорқамын, жүрегімде қорқыныш бар. Жоқ, оның тегі, қаны үшін емес, мен қандай анамын, туған қызындай жақсы көремін бе деп аландаймын? Туған қызым болса қалай болар еді?

4
МАМА БИШІ. Қолымызды айналдырамыз, аяқтарымызбен, иықтар! Күлеміз!
МАМА ҮЗДІК. Мені ҰБТдан қорқамын, қызым оқуға түспей қала ма деп... Түнде, бақылау жұмысы болғанда, дайын боламыз ба деп шошып оянамын. Қызым да ашушаң болып кеткен... Қызымды психологқа да апарсам, әлгі кісі маған білесіңдер ме не айтады ? "Қызыңызға емес, өзіңізге психолог керек" деп... Дипломы бар ақымақ!
МАМА КОМИТЕТ. Мені алаңдататыны, осы кездері балаларға аз тапсырмалар береді. Біз жауапкершілігі төмен балалар тәрбиелеп жатырмыз ба деп қорқамын. Балаларды босаңсытпау керек.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Егерде мен жайлы айтатын болсақ, мен қызымның мейірімділігінен қорқамын. Ол өте мейірімді, ал бұл әлемде мейірімді болу қорқынышты. Мен өмір бақи қасында болып, қорғай алмаймын...
МАМА БИШІ. Екінші жаққа! (Жалғыз басты әкеге) Мен сізді бірдемеден қорқады деп ойламаппын...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Қорқынышты, сенесіз бе?
МАМА БИШІ (Жалғыз басты әкеге). Сіз сондай сезімталсыз...маған ұнайсыз.
МАМА КОМИТЕТ. Мммм...
МАМА БИШІ. Қолдарымызды айналдырамыз, иықтарды ұмытпаймыз, күлеміз!
ӨГЕЙ МАМА. Мен қазір өлемін.
МАМА ДЗЭН. Мен өзімнің арман-мақсаттарымнан қорқамын. Панган аралына кеткім келеді. Пальма астында отырып медитация жасағым келеді. Ең бастысы, жалғыз өзім кетуім керек: күйеуім де, балаларым да, айфон да болмаса, шіркін. Айфон демекші, айфонды алып кетіп мұхитқа лақтырып тастар едім. Сөйтіп бүкіл группалардан -отбасылар, құрбылар, мектеп, жұмыс чаттарынан шығамын. Сөйтіп еркін адам болар едім...
МАМА БИШІ. Қолдарымызды жоғарға көтереміз. Бәрін қатар алып жүру керек.

Барлығы бірге қара жорға билейді. Жалғыз басты әке мен Мама биші жұп болып билейді, қалғандары жан жағында.

Төртінші бөлімнің соңы.



Қазақшаға аударған: Жайнагүл Хаматова, Әлішер Рахат, Динара Қойшығулова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  3-сахна - Оливье салаты Вернуться к началу 5-сахна - Үй жұмысы  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга