Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Сегізінші сахна - Ауууу!

Сцена восьмая - АУУУУУУ!!!

Автор: Айнұр Кәрім

1
Барлығы өз орында отырады.

МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар қайырлы кеш.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Құттықтаймын, осы күнге жеттік-ау ақыры.
ӨГЕЙ МАМА. Иә, бүгін бізде мереке.
МАМА ДЗЭН. Күлеміз, қуанамыз, терең демаламыз, ата аналар.
МАМА КОМИТЕТ. Бүгін мерекелік линейканы ұмытқан жоқсыңдар ма? Сынып жетекшіге сыйлықты ше?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Қалай ұмытайын, ол сыйлықты алдағы уақытта төлеуім керек.
МАМА БИШІ (Жалғыз басты әкеге). Жарайсыз, сіз сондай жомартсыз, жарты шығынды өзіңізге алдыңыз ғой.
МАМА АУТИСТ. Менің балам өлең оқыйды линейкада. Біз дайындалып отырмыз. Өте қатты қобалжып жатырмыз.
МАМА ҮЗДІК (мама аутистке). Жарайсыздар, уайымдамаңыздар. Бәрі жақсы болады.
МАМА БИШІ. Ал біз би дайындап жатырмыз.
МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата аналар, сіздер жарайсыздар, керемет ата анасыздар. Бірақ...

Пауза.

2
ӨГЕЙ МАМА. Тағы да не болды?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Сіз бірақ деген сайын, менің денем тітіркенеді...
МАМА АУТИСТ. Шашым тік тұрып кетеді..
МАМА ДЗЭН. Мен бозарып кеттім.
МАМА ҮЗДІК. Сонына дейін тыңдайық енді....
МАМА КОМИТЕТ. Жазғы демалысқа шықпай жатып ремонт туралы ақылдасайық.

Пауза. Барлығы өз жұмыстарымен айналысып кетеді. Жалғыз басты әке мен Мама биші сүйседі. Мама дзэн медитация жасайды. Мама аутист темекі тартып отырады. Өгей мама тоқып отырады. Мама үздік айнаға қарап отырады.

МАМА КОМИТЕТ. Құрметті ата-аналар? АУУУ? Не болды? Бесінші "Б"? Аууу?




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  7-сахна - Махаббат Вернуться к началу Лёгкое чтение  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга