Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Айнур Карим
«What’s up 5 Б?»
1-сахна - Ашық сабақ
2-сахна - Наурыз мейрам...
3-сахна - Оливье салаты
4-сахна - Қара жорға
5-сахна - Үй жұмысы
6-сахна - ЧЭПЭ
7-сахна - Махаббат
8-сахна - Ауууу!
Ы. Алтынсарин «Рассказы» (34)
Р. Алдабергенова «Рассказы» (9)

Жетінші сахна - Махаббат

Сцена седьмая - Любовь

Автор: Айнұр Кәрім

1
Жалғыз басты әке мен мама биші бір біріне қарсы отырады, музыка жүріп тұрады.

МАМА БИШІ. Мінекей кездестік... ылғи да тек чатта..
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Иә...
МАМА БИШІ. Сіз әйтеуір кофеге шақырдыңыз-ау...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Иә, бірақ кофеге шақырған өзіңізсіз ғой, әлде...

Пауза.

МАМА БИШІ. Білесіз бе...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ну...
МАМА БИШІ. Иә, айтыңыз... айта беріңіз.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Білмеймін, ұмытып қалдым...
МАМА БИШІ. Мен де...

Пауза. Екеуінің телефоны шырылдайды. Бірінші шыдамай Жалғыз басты әке жабысады.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ (телефонына жабысып). Қарсы емессіз бе?
МАМА БИШІ. Жоқ, әрине оқи беріңіз. Не болып жатыр? Біздің чат па?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Ата аналар комитеті жатпайды.

Телефонды алып тастайды. Ұялып бір біріне қарайды. Телефондары дызылдайды. Екеуі телефонға жабысады. Тере бастайды. бір біріне теріс қарап отырып алады.

2
МАМА БИШІ. Сізге ватсаптан жазғаныма ренжімеңіз.. ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Маған да осылай ынғайлы, өзім де айтайын деп отырғанмын..
МАМА БИШІ. Дұрыс айтасыз, айтатын нәрсе де көп. Сенге көшейік...
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Жарайды.. қанекей... кофе ішейік.
МАМА БИШІ. Менде ертең концерт. формада болуым керек..
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Сіз формадасыз, әдемісіз.
МАМА БИШІ. Бізде балериналарда пенсия алпыс үште...сәйкес болуым қажет.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Пенсияға дейін билейсіз бе? Олай болса не ішу керек пиво, вино? Не ішесіз?
МАМА БИШІ. Вино, салқын ақ вино.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Онда тамаққа да тапсырыс берейік, әлде жемейсіз бе?
МАМА БИШІ. Жеймін, несі бар екен?
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен төлеймін.
МАМА БИШІ. Өзім де солай ойлап отырғанмын.

Музыка жүріп жатады, екеуі телефонмен сөйлесіп отырады.

ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Мен сізді биге шақырғым келеді, бірақ мен жақсы билей алмаймын, өкінішке орай...
МАМА БИШІ. Мен сізге үйретемін.
ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ӘКЕ. Шын ба? Онда билейік.

Екеуі билейді.
Жетінші бөлімнің соңы




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  6-сахна - ЧЭПЭ Вернуться к началу 8-сахна - Ауууу!  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга