Кішкентай Жанат (ағылшын ертегісі, Л. Мурр)
Озвучила: Маида Нұрбай
Скачать mp3
Бүгін сенің туған күнің, деді мамасы кішкентай Жанатқа, енді сен үлкенсің.
Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма?
Әрине, болады.
Кішкентай Жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрді.
Сен қайда бара жатырсың?
Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын.
Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба?
Қорықпаймын. Ол қорқынышты ма?
Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт.
Кішкене Жанат тоғанға келді.
Әй, тоғанда отырған, шық, деп айқайлады.
Бірақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады.
Кішкене Жанат бетін тыржыйтты. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтты.
Кішкене Жанат таяқты көтерді. Ол да таяқты көтерді.
Кішкене Жанат қатты қорқып кетті. Ол үйге жүгірді.
Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын.
Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.
Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлімде.
Жанат солай істеді. Тоғанда отырған біреу де оған күлімдеді.
Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп жинады.
Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба?
дедi маймыл.
Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған күлімдейдi, деді кішкене Жанат.
Маленький Енот (английская сказка, Л.Мурр)
– Сегодня твой день рождения, – сказала мама маленькому Еноту, – теперь ты большой.
Тогда в лес сходить, осоку принести можно?
– Конечно, можно.
Маленький Енот в лес пришёл. Его обезьяна увидела.
– Ты куда идёшь?
– Я к пруду за осокой иду.
– Ты в пруду сидящего не боишься?
– Не боюсь. Он страшный?
– Да, страшный. На, палку возьми тоже, его напугай.
Маленький Енот к пруду пришёл.
– Эй, в пруду сидящий, выходи, – закричал.
Но вокруг тихо-тихо было. Тогда маленький Енот в воду посмотрел, из воды на него кто-то посмотрел.
Маленький Енот лицо скорчил. В пруду сидящий тоже лицо скорчил.
Маленький Енот палку поднял. Он тоже палку поднял.
Маленький Енот сильно испугался. Он домой прибежал.
– Мама, я никогда за осокой не пойду. В пруду кто-то сидит, он на меня палку поднял.
– Сынок мой, ты к пруду иди опять, ему улыбнись.
Енот так сделал. В пруду сидящий кто-то тоже ему улыбнулся.
Маленький Енот обрадовался, много сладкой осоки собрал.
– Ты в пруду сидящего не испугался? – спросила обезьяна.
– Нет, он не страшный. Ты ему улыбнись, он тоже тебе улыбнётся, – сказал маленький Енот.
Скрыть перевод
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Мамасы кішкентай Жанатқа не деді?
2) Кішкентай Жанат не деді?
3) Оны қайсысы көрді?
4) Маймыл кішкентай Жанатқа не деді?
5) Кішкентай Жанат не деп жауап берді?
6) Ол тоғаннан не көрді?
7) Не бетін тыржыйтты?
8) Кішкене Жанат нені көрді?
9) Қайсысы қатты қорқып кетті?
10) Ол мамасына не деді?
11) Ол мамасы не деді?
12) Неге кішкене Жанат қуанып кетті?
13) Ол не жинады?
14) Маймыл не деді?
15) Кішкене Жанат не деп жауап берді?
Ответьте на вопросы.
1) Что сказала мама маленькому Еноту?
2) Что сказал маленький Енот?
3) Кто его увидел?
4) Обезьяна маленькому Еноту что сказала?
5) Что ответил маленький Енот?
6) Он что в пруду увидел?
7) Кто лицо скорчил?
8) Кого увидел маленький Енот?
9) Кто сильно испугался?
10) Он что маме сказал?
11) Что сказала его мама?
12) Почему маленький Енот обрадовался?
13) Что он собрал?
14) Что сказала обезьяна?
15) Что ответил маленький Енот?
Скрыть перевод
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Бүгін сенің .................... күнің, деді мамасы кішкентай Жанатқа, .................... сен үлкенсің.
Онда орманға барып, өлең шөп .................... бола ма?
Әрине, болады.
Кішкентай Жанат орманға .................... жатты. Оны маймыл .................... .
Сен .................... бара жатырсың?
Мен тоғанға өлең шөпке .................... жатырмын.
Сен тоғанда отырған нәрседен .................... ба?
Қорықпаймын. Ол .........................................ма?
Иә, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны .................... .
Кішкентай Жанат тоғанға .................... .
Әй, тоғанда отырған, шық, .................... айқайлады.
Бірақ айнала .................... болды. Сонда кішкене Жанат суға қарады, судан оған .................... қарады.
Кішкене жанат бетін тыржыйтті. Тоғанда отырған да бетін тыржыйтті.
Кішкене Жанат таяқты .................... Ол да таяқты көтерді.
Кішкене Жанат қатты .................... Ол үйге жүгірді.
Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда біреу отыр, ол маған таяқты көтерді.
Ұлым, сен тоғанға бар да, оған .................... .
Жанат .................... істеді. Тоғанда отырған біреу де оған .................... .
Кішкене Жанат қуанып кетті, көп тәтті өлең шөп .................... .
Сен .................... отырған нәрседен қорықпадың ба? деді маймыл.
Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлімде, ол да саған ...................., деді кішкене Жанат.
Керекті сөздер:
Туған, әкелуге, келе, көрді, қайда, енді, қорқынышты, бара, қорықпайсың, келді, деп,
қорқыт, біреу, қорқып кетті, көтерді, күлімде, жинады, тоғанда, маған, тып-тыныш,
ешқашан, солай, күлімдеді, күлімдейді.
Источник текста на казахском языке:
«Кiшкентай жанат». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.
© Татьяна Валяева, 20072024
|