Казахский язык
Список сказок

Кірпі мен қарға   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Баяғыда кірпі мен қарға дос болыпты. Бір күні кірпі қарғаға келді.   Прослушать

– Қарға, менiң тоным жаман, тiкенек. Сенің тоның жақсы, жұмсақ, үлпiлдек. Маған тоныңды берші.   Прослушать
– Ал мен не киемін?   Прослушать
– Сен менің тонымды киесің.   Прослушать
– Жарайды, – деді қарға.
  Прослушать

Олар тондарды айырбастады. Бірақ кірпі алма жинай алмады, түлкіден қорғана алмады.   Прослушать
Ал қарға ұша алмады. Кірпі қайтадан қарғаға келді.
  Прослушать

– Қарға, менің тоным жақсы екен. Мен алма жинай алмаймын, түлкіден қорғана алмаймын.   Прослушать
– Ал мен ұша алмаймын, барлық қарғалар менен қашады.
  Прослушать

Әркімнің өз тоны өзіне жақсы.   Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Баяғыда нелер дос болыпты?
2) Бір күні кірпі қайда келді?
3) Кірпі қарғаға не деді?
4) Қарға не деді?
5) Олар не істеді?
6) Кірпі алма жинай алды ма?
7) Кірпі түлкіден қорғана алды ма?
8) Қарға ұша алды ма?
9) Сосын не болды?
10) Кірпі қарғаға не деді?
11) Қарға не деді?
12) Олар қайтадан не істеді?


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Баяғыда кірпі мен қарға .................... болыпты. Бір күні кірпі қарғаға ................... .
– Қарға, менің тоным жаман, ................... . Сенің тоның жақсы, жұмсақ, ................... . Маған тоныңды ................... .
– Ал .................... не киемін?
– Сен менің тонымды ................... .
– Жарайды,-.................... қарға.
Олар тондарды айырбастады. Бірақ кірпі алма жинай алмады, түлкіден қорғана .................... .
Ал қарға ұша .................... . Кірпі .................... қарғаға келді.
– Қарға, менің өз .................... жақсы екен. Мен алма .................... алмаймын, түлкіден .................... алмаймын.
– Ал мен .................... алмаймын, .................... қарғалар менен қашады.
Әркімнің өз тоны өзіне .................... .
Керекті сөздер:
Келді, дос, үлпілдек, тікенек, мен, берші, киесің, алмады, деді, алмады,
тоным, ұша, жинай, қайтадан, қорғана, жақсы, барлық.




Источник текста на казахском языке:
«Кiшкентай жанат». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.



© Татьяна Валяева,  2007–2025
 <<  С казахским не шутят? Вернуться к началу Кішкентай жанат  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга