Главная Гид Упражнения Тесты Песни Словарь Автор Телеграм-канал
Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Шегіртке мен құмырсқа

Шегіртке мен құмырсқа   (И.А.Крылов бойынша)   Прослушать

Озвучила: Маида Нұрбай

Скачать mp3

Баяғыда шегіртке мен құмырсқа болыпты.   Прослушать
Жазда шегiртке өлең айтты, биледi, қыдырды және ұйықтады.   Прослушать
Ал құмырсқа жұмыс істеді, тамақ жинады.   Прослушать
Күз түсті, сосын қыс келді, қар жауды.   Прослушать
Шегіртке тоңды. Тамақ жоқ. Ол құмырсқаға келді.   Прослушать

– Құмырсқа, маған тамақ берші, үйге кіргізші, – деді шегіртке.   Прослушать
– Сен неге жазда жұмыс істемедің?   Прослушать
– Уақыт болмады.   Прослушать
– Уақыт болмады?! Не істедің?   Прослушать
– Өлең айттым, қыдырдым, биледім, ұйықтадым.   Прослушать
– Солай ма?! Енді қазір билеп көр, – деді құмырсқа.
  Прослушать




Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Баяғыда нелер болыпты?
2) Жазда шегiртке не істеді?
3) Жазда құмырсқа не істеді?
4) Шегіртке қайда келді?
5) Шегіртке құмырсқаға не деді?
6) Құмырсқа не деді?
7) Құмырсқаның неге қарны ашпады?
8) Шегіртке неге тоңды?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңіздер:
1) Баяғыда шегіртке мен шыбын болыпты.
2) Қыста шегіртке өлең айтты, биледі, қыдырды және ұйықтады.
3) Шегіртке тоңды.
4) Құмырсқа жұмыс істеді.
5) Бұл оқиға қайда болған?
6) Бұл оқиға нешінші жылы болған?


Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңыздар.
Баяғыда шегіртке мен .................... болыпты.
.................... шегіртке өлең ...................., биледі, қыдырды және .................... .
Ал құмырсқа .................... істеді, тамақ .................... .
Күз түсті, сосын .................... келді, қар жауды.
Шегіртке тоңды. Тамақ .................... . Ол құмырсқаға келді.
– Құмырсқа, маған .................... берші, үйге кіргізші, – деді шегіртке.
– Сен .................... жазда жұмыс істемедің?
– Уақыт болмады.
– .................... болмады?! .................... істедің?
– Өлең ...................., қыдырдым, ...................., ұйықтадым.
– Солай ма?! Енді .................... билеп көр, – .................... құмырсқа.
Керекті сөздер:
неге, айттым, ұйықтады, жинады, қазір, уақыт, не, айтты, тамақ,
деді, құмырсқа, жұмыс, жазда, жоқ, қыс, биледім.




Источник текста на казахском языке:
«Түлкі мен қаздар». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой. Алматы. Раритет, 2002.


 <<  Қызыл телпек Наверх ↑ Қарлығаш пен дәуіт  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026
Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Гид по изучению
грамматики
Грамматика детям
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Глаголы
Личные окончания
Причастия
Местоимения
Наречия
Проверь себя!
Упражнения
Тесты
Словарь
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
Автор
kaz-tili@yandex.kz
Телеграм-канал
Канал в MAX
WhatsApp-группы