Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Түлкі мен борсық   (адыгей ертегісі)

Баяғыда түлкі мен борсық бір қалта қуырылған ет тауып алды.

– Кімнің жасы үлкен – сол етті жесін! – деді борсық.
– Сен бірінші айт! – деді түлкі.

Борсық ойланды да, айтты:

– Аспан енді ғана көгілдір бола бастағанда, жер енді ғана қата бастағанда, мен өмірге келдім.

Кенеттен түлкі жылай бастады. Борсық абыржып қалды.

– Түлкі, сен неге жылайсың? – деп сұрады ол.
– Сен өмірге келгенде менің жалғыз балам өліп қалды, сол есіме түсті, сондықтан жылап отырмын.

Сөйтіп, барлық етті түлкі жеп қойды.
Олар әрі барды. Жолда өлген қозыны көрді.

– Ал енді не істейміз? – деп сұрады борсық.

Тойып алған түлкі:

– Қазір ұйықтайық, кім қызық түс көреді – сол қозыны жейді, – деді.

Айтылды – істелінді. Ағаштың түбіне жатты. Түлкі ұйықтап қалды.
Борсықтың қарны ашты. Ол тұрып, қозыны жеп қойды. Таңертең түлкі борсықты оятты.

– Борсық, сен қандай түс көрдің?
– Жоқ, сен бірінші айт!
– Түсімде мен әдемі ханның қызы болдым. Әдемі сарайда тұрдым. Той болды. Көп әдемі тамақ болды, – деді түлкі.

Борсық қуанды:

– Мен де сондай түс көрдім, ондай дәмді тамақтардан кейін сен өлген қозыны жегің келмейді деп ойладым. Сөйтіп, қозыны жеп қойдым.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Баяғыда түлкі мен борсық не тауып алды?
2) Етті не жеді?
3) Неге түлкі етті жеді?
4) Түлкі шын айтты ма?
5) Сосын олар жолда не көрді?
6) Түлкі не деп айтты?
7) Неге борсық ұйықтай алмады?
8) Түсті бірінші не айтты?
9) Неге борсық түсті бірінші айтқысы келмеді?
10) Қозыны не жеп қойды?
11) Борсық аңқау болды ма?


«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Баяғыда түлкі мен борсық дос болыпты.
2) Олар бір қалта қуырылған ет тауып алды.
3) Түлкінің екі баласы болды.
4) Түлкі түсінде ханның әдемі қозысы болды.
5) Борсықтың қарны ашып, ұйықтай алмады.
6) Түлкі қозыны алып қашып кетті.





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Аңшы мен жылан Вернуться к началу Кім ең күшті  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга