Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Кірпі мен қарға
Кішкентай Жанат
Қасқыр мен кемпір
Саяхатшы бақа
Бұйра қыз
Түлкі мен ит
Мёга шөбі
Мақтаншақ қоян
Аю мен түлкі
Түлкі мен тырна
Неге қоянның...
Қызыл тауық...
Айога
Қызыл телпек
Шегіртке мен құмырсқа
Қарлығаш пен дәуіт
Түлкі мен қаздар
Адам және ит
Үнемшіл құмырсқа
Кәрі теке мен қасқыр
Кім күштірек
Аңшы мен жылан
Түлкі мен борсық
Кім ең күшті
Қасқыр мен жылқы
Үкі мен қарға
Тастан артық...
Үш қыз
Кемпір мен торай
Ақтөс
Бұл ненің ізі?
Онға дейін санай...
Аңқау мен ұры
Айтылмаған өлең
Бір жарым уыс
Басня:
Маймыл мен көзілдірік

Кім ең күшті   (якут ертегісі)

Қыс. Таал-Таал деген кемпір суға келді.
Есіне жастық шағы түсіп, қырдан сырғанады.
Бір уақытта аяғы тайып кетіп, құлады.
Тұрайын деп еді, тұра алмады, мұзға жабысып қалды.
Мұзда жатып біраз ойланды, кімнен көмек сұрарын білмеді, сосын:

– Мұз, мұз, сен мені жібермейсің, яғни сен күштісің, ә? – деді.
– Иә, мен күштімін.
– Бірақ күн сені ерітеді ғой.
– Иә, күн менен күштірек.

Онда кемпір:

– Күн, күн, сен өте күштісің бе?
– Иә, мен өте күштімін.
– Сен күшті болғанмен, бұлт сені жабады ғой.
– Иә, бұлт менен күштірек.
– Бұлт, бұлт, сен күштісің бе?
– Иә, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ жел сені қуады ғой.
– Жел менен күштірек болғаны ғой.
– Жел, жел, сен күштісің бе?
– Иә, мен өте күштімін.
– Сен күштісің, бірақ алдыңда тау тұрса, сен өте алмайсың ғой.
– Иә, тау менен күштірек болғаны ғой.
– Тау, тау, сен күштісің бе?
– Иә, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ көртышқан сені теседі ғой.
– Иә, көртышқан менен күштірек болғаны ғой.
– Көртышқан, көртышқан, сен күштісің бе?
– Иә, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ ит сені ұстаса, құтыла алмайсың ғой.
– Иә, ит менен күштірек.
– Ит, ит, сен күштісің бе?
– Иә, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ адам сенен күштірек қой.

Бұл жерде кемпір аздап демалды да, қайтадан әңгімесін жалғастырды:

– Адам, сен өзіңді күшті санайсың ба?
– Әрине, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ шайтаннан қорқасың ғой.
– Иә, шайтаннан қорқамын, ол менен күштірек.
– Шайтан, шайтан, сен бәрінен күштісің бе?
– Әрине, күштімін.
– Бірақ сен бақсыдан қорқасың ғой.
– Иә, бақсыдан аздап қорқамын. Бақсы менен күштірек.
– Бақсы, бақсы, сен күштісің бе?
– Әрине, мен күштімін.
– Сен күштісің, бірақ ем кезінде неге отқа түспейсің? Күйемін деп қорқасың ғой, ә?
– Иә, от менен күштірек.
– От, от, сен күштісің ғой, ә?
– Иә, мен күштімін. Бәрі менен қорқады, бірақ мен ешкімнен қорықпаймын.
– Бәрі солай. Бірақ сен суды ұмыттың. Ол сені сөндіреді ғой.
– Иә, су жанбайды. Яғни су менен күштірек.
– Су, су, сен өте күштісің ғой?
– Иә, мен өте күштімін.
– Сен күштісің, бірақ жерге сіңесің ғой.
– Ол рас, жер менен күштірек.
– Жер, жер, сенен күшті бар ма?
– Менен күшті жоқ.

Енді Таал-Таал кімнен көмек сұрайтынын білді.
Жер оны мұздан босатты.




Сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Кім деген кемпір суға келді?
2) Кемпір не істеді?
3) Кемпір неге тұра алмады?
4) Ертегінің басты кейіпкерлері нелер, кімдер?
5) Не неден күштірек?
6) Не неден қорқады?
7) Бұл ертегі қай елдің ерттегісі?
8) Кім ең күшті?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Түлкі мен борсық Вернуться к началу Қасқыр мен жылқы  >> 

Цвета текста на сайте             Telegram-канал «Казахский язык. Просто о сложном»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга