Қасқыр әрқашан ауылдан қозыларды ұрлады.
Бір күні адамдар оны ұстап алды және қатты таяқпен ұрды. Бірақ өлтірмеді.
Енді ауылға келмеймін деп ойлады қасқыр.
Бірақ қасқырдың қарны ашты. Ол жайлауға келді.
Жайлауда ол жылқы мен құлыншақты көрді.
Бұл жерде жайлауға болмайды. Оны бәрі біледі. Сен заң бұздың, сондықтан мен құлыншақты алып кетемін. Мен мұнда күзетшімін, деді қасқыр.
Жылқы қасқырға ұзақ жалынды, құлыншақты алма деді. Бірақ қасқыр көнбеді.
Байғұс кішкентай балам-ай, енді не істейміз?
Оның жасы нешеде?
Анығын білмеймін. Бірақ оның аты және туған күні менің оң тұяғымда жазулы тұр. Сіз оқи алатын шығарсыз. Сіз күзетшісіз ғой.
Әрине, қасқыр сауатсыз болды, бірақ ол ұялды, сондықтан ол:
Кәне, көрсет тұяғыңды, оқиын, деді.
Қасқыр тұяққа қарады. Сол кезде жылқы тұяғымен қасқырдың басынан теуіп жіберді.
Қасқыр құлап түсті. Сол уақытта жылқы мен құлыншақ қашып кетті.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қасқыр әрқашан қозыларды қайдан ұрлады?
2) Бір күні кімдер оны ұстап алды?
3) Адамдар не істеді?
4) Адамдар қасқырды өлтірді ме?
5) Қасқыр не деп ойлады?
6) Қасқырдың қарны ашты ма?
7) Ол қайда келді?
8) Жайлауда ол нелерді көрді?
9) Қасқыр жылқыға не деді?
10) Қасқыр сауатты болды ма, сауатсыз болды ма?
11) Жылқы не істеді?
12) Қайсысы құлап түсті?
13) Нелер қашып кетті?
Ответьте на вопросы.
1) Откуда волк постоянно ягнят воровал?
2) Однажды кто его поймал?
3) Что сделали люди?
4) Люди волка убили?
5) Что подумал волк?
6) Волк проголодался?
7) Он куда пошёл?
8) Кого он встретил на пастбище?
9) Что сказал волк лошади?
10) Волк был грамотным или безграмотным?
11) Что сделала лошадь?
12) Кто из них упал?
13) Кто убежал?
Скрыть перевод
«Рас», «өтірік» немесе «білмеймін» деп жауап беріңдер.
1) Қасқыр әрқашан қаладан қозыларды ұрлады
2) Жайлауда ол түлкілерді көрді.
3) Қасқыр сауатсыз болды.
4) Жылқы ұзақ жалынды.
5) Құлыншақ нешеде болды?
6) Жылқының түсі қандай болды?