Казахский язык
Главная  Полезные материалы → Сказки → Үкі мен қарға

Үкі мен қарға   (монғол ертегісі)

Ертеде құстардың ханы қайтыс болыпты.
Орманда барлық құстар жиналды. Ақылдасу керек, кім хан болады?
Біреулер аққу болсын деді, біреулер тырна болсын деді.

Ал тырна:

– Үкі хан болсын. Үкінің көзі үлкен, түнде жанады, үкі нағыз хан, – деді.

Ал қарға:

– Жоқ, үкінің көзі сары, жүні әдемі емес, даусы жаман, үкі хан болмасын, – деді.

Құстар қарғаны тыңдады. Үкі хан болмады. Содан бері үкі мен қарға жау екен.
Күндіз қарға қарқылдап, үкіге тыным бермейді, ал үкі түнде қарғаға тыным бермейді.




Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Неге құстар орманда жиналды?
2) Тырна не деді?
3) Үкі хан болды ма?
4) Үкі мен қарға неге жау болды?
5) Үкі қашан ұйықтайды?





Источник текста на казахском языке:
«Кім ең күшті». Сост., перевод А.М. Кудайбергеновой, Ж.Р. Уразбековой. Алматы. Раритет, 2004.


 <<  Қасқыр мен жылқы Наверх ↑ Тастан артық тыңайтқыш жоқ  >> 

Казахский язык. Просто о сложном © Татьяна Валяева,  2007–2026

Главная
Цвета текста на сайте
Поиск по сайту
Словарь
Грамматика детям
Существительные
Глаголы
Прилагательные
Числительные
Личные окончания
Послелоги
Местоимения
Тесты
Проверь себя!
Упражнения
Разговорник
Практика
Песни
Сказки
Пословицы
Гостевая книга
kaz-tili@yandex.kz
Автор
Телеграм-канал
WhatsApp-группы